Бейсенбі Керекинфода "Археология" күні

Әр бейсенбі сайын бұрын жазылып кеткен тақырыптарды шолып шығып, пікір жазып Тікелей эфирге шығарайық. Қазір 5000-ға жақын мақала жазылды. Жаңа қолданушылар олардың көбісін көрмей қалулары мүмкін. Сондықтан осындай шара ұсынамын.
P.S әрине бұл әрекетті басқа күндер де істеуге болады. Тек бейсенбі күндері көп адам қатысса екен деймін.



Жаңарған версиямызда жаңа функциялар бар: Белсенділік және Лента.
Керекинфоның хостингіне көмек ретінде ақша жиналатыны туралы өткенде айтқан едік. Негізінде бір қаладағы қолданушылар бірігіп, жинап банк арқылы салып жібергендері дұрыс. Ал, ондай мүмкіндігі жоқтар терминал арқылы салса болады. @sigma комиссиясы көп екенін айтты. Бірақ, бұл ең тиімді жол сияқты. Мысалы SMS арқылы жинағаннан әлдеқайда арзанға шығады. Өзім кеше салып, сосын оны Webmoney-ге айналдырып көрдім.


