Керекинфо жаңартылады!

Бүгін Астана уақытымен түнгі 01-00ден кейін сайтта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сайт біраз уақыт (шамамен 2 сағат) жабық болады. Сабыр сақтап күте тұруларыңызды сұраймын. Алдын ала рахмет.
Бөлісу:

209 пікір

Nurgisa
Саған да алтын ала рақмет, монтер жігіт!
blackbeard
Bizden ne komek?
Nurgisa
Меніңше бұл жерде бізден көмек шамалы сияқты деп ойламайсың ба, @blackbeard?  Дегенмен, талпынысың қуантады!!!  
blackbeard
soni oylap hoiam ohta-tiektie Ui akteu, fundament huiu syahte jumestarha da joh emespez degenim ghoi
asaubota
әзірше мүмкін болса пост және пікір аз жазылса немесе жазылмаса жақсы болады. ал сурет және автар мүлдем жүктелмесін.
sigma
әзірше мүмкін болса пост және пікір аз жазылса немесе жазылмаса жақсы болады. ал сурет және автар мүлдем жүктелмесін.
Өзің түнімен ұйықтамай, миың нетіліп (кішкене нәрсе дегенмен, біразға барып қалатынын сезіп отырм) оның үстіне таңертең басқа жұмыстар шығып (үй шаруасы, түз шаруасы)«ләбиаз» болып жатырғанда -Сендердің мына постым нетіпті, сүгіреті бүйтіпті,"- деген арыздарыңның қажеті жоқ дегеніңнің бұйрық райдағы мәдениетті түрі екен.

Ертең малагентің біраз адамдар үшін қолжетімсіз болары анық, күш көп болсын!
asaubota
рахмет, мені түсінетініңді білем  Гаста да сөйдейді ғо, екеуің бірдейсіңдер деп )

обшым қазірден бастап апдейт жасайын деп жатырмын. шамалыдан кейін сайт істемей қалса ренжімеңдер. жаңа версиясын бірге тест жасаймын десеңдер пажалыста. бірге болыңдар.
asaubota
енді тексеріп көру керек қалай істеп тұрғанын
yerbol89
@asaubota Жаңа версиясы Опера-д ашпай жатыр! ТМД және мен үшін ең қымбат браузер Опера болғандықтан сол жағын қарастырып жіберсеңіз! LiveStreet 0.5 нұсқасына жаңа дизандар шығады ма екен, әлде жаңа дизайн сыздыртып көресіз ба?
asaubota
Операны білмедім. мүлдем ашылмай тұр ма сайт?

әзірше тек осы өздері берген шаблон тұрады, кейін басқасын сатып алатын шығармын.
yerbol89
Аха мүлдем ашылмай тұр. Осы движок жаңартылған сайттарды қарап шықтым, басқалары ашып тұр. КерекИнфодан жауап жоқ Операда!
asaubota
Opera серверінде ns әлі жаңармаған шығар. менде сотка арқылы ашылып тұр миниоперада
yerbol89
Лайвстритте Smarty 3.0.8, TinyMCE 4.3, MooTools 1.2.5 және Жкуери жаңартылған екен! Мүмкін менде Операда біраз Поагиндер орнатылған, мүмкін солармен конфлик болып жатқан шығар! Рахмет ағасы бір жолын табармын, тапсам хабар берермін!
sigma
смайлдар жоқкен
asaubota
біраз плагиндер әзірше қосылмай тұр. жәйлап қосамын ғой уақыт өте келе.
asaubota
боқтамай тұра тұрыңдар, сайттағы кемшіліктер түзетіледі әлі. мына версия жаңа болғандықтан әлі толық дайын болмай жатыр. сабыр сақтап күте тұрыңдар, бәрі жақсы болады.
edige
Керек логосына да көз үйренген еді
edige
Қатені жөндеу мүмкіндігі мен онлайндарды көрі болып қалар жақында
konvict
Мәәә, мен кешке дейін кіре алмай қойдым((((((((. Жаңа фейбуктан оқып келдім )))))))))
konvict
Үш даблюсіз кірмейді екен
sammita
әдемі.
1. Кімдер бағалағаны көрінбей тұрады.
2. Жаңа пікір бұрынғыдай өте қатты ерекшеленіп тұрмайды екен (түсі қанық болып).?
Aizhantabyn
LIKE!
минимализм)) тым майда сияқты шрифты, а так бәрі ұнады. КӨз үйреніп кетеді ғой.
Jacqabaies_Chirac
«тормознутый» ма қалай, тек менде ғана солай ма нақтың
VKM
Кім отырғанын көргім келеді.Мүмкін маған кейбір адамдардың отырғаны керек шығар))))
Ал былай,ұнады!
meirzhan
Кімнің онлайнда отырғанын мына жерден біле аласың.
Gastarbaiter
Кірген шыққаныңды жасыратын функция бар ма?
a63a1
тым құпия болып кетпедіме? Көп нәрсе көрінбей қалыптығой
Nurgisa
боқтамай тұра тұрыңдар, сайттағы кемшіліктер түзетіледі әлі. мына версия жаңа болғандықтан әлі толық дайын болмай жатыр. сабыр сақтап күте тұрыңдар, бәрі жақсы болады. 
sigma
Қатты теппеңдер, Админ байланыс аясынан тыс жерде, кейбір функциялар жасамай тұрса бір айналып келіңіз, сонда да істемей тұрса тағы бір айналып келіңіз.
Уақыт керек просты, күту керек.
Arhun
керемет ұнады… Жаңа ағымның иісі сезіледі Енді жақсы бір логотип жетіспей тұр… Жаңаның аты — жаңа…
patick
Бұрынғысын қайтарыңдааааар )
omarbirat
Шынымен бұрынғысына көз әбден үйреніп қалып еді.
madlen
uzaaaaak gruzitsya :(
asaubota
енді жақсарған сияқты ма?
madlen
аха, енді жақсы.
Onlasyn
Бірнші рет ашып тұрғасын солай болады, кейін оңай болады:)
asaubota
жоқ, сондай болды. қазір жақсы ашылып тұр.
asaubota
шамалы шыдай тұрыңдар, бұл версияға да жаңа шаблондар қосылады. бұрынғысына қарағанда мұның артықшылықтары көп болады.
meirzhan
О-о, кереинфо!
Көзді үйрету керек екен.))
omarbirat
Түске дейін пікір жазу мұң еді, біраз жылдамдық қосылыпты.
asaubota
түстен кейін мен интернетке кірдім де мынаның кэш функциясын ағытып тастадым, жылдамдық жынды болып кетті кэшынссс
Nurgisa
Жылдамдық, шынымен, өзіңді Оңтүстік Кореяда отырғандай сезіндіреді екен.
Nurgisa
«Пікірді түзету» функциясы жоқ екен әлі.
omarbirat
Youtube-тен видеоларды қысқа сілтемемен қосу істемейді ғой деймін.
asaubota
ондайлардың барлығы қосымша плагиндер арқылы жасалынады. ал ол плагиндер мына жаңа версия үшін әлі жаңартылмаған. сондықтан күте тұрамыз әзірше. өзім жазатындай менде білім жоқ ондай, жұрттың апдейттарын күтеміз.
Onlasyn
Осы әдемі көрінеді.
Бұрынғысы ескіріп кетіп еді:)
asaubota
егер жақсы шаблон шығып жатса өзгеруі мүмкін әлі :)
omarbirat
Бағалаудың анонимді болғаны бір шетінен дұрыс па деймін. Енді ешкім ешкімге «Маған минус қойдың» деп ренжімейтін болады :)
meirzhan
Иә, тек іштей сезетін болатын шығар. :)
omarbirat
Есесіне жаңадан келгендер қойылған минустарды көріп, үркіп қашпайтын болады.
Nurgisa
Кеше бір кинода болды осыған ұқсас жағдай. «Менің атым Қожа» еді фильмнің ныспы. Анау, Қожаны бүкіл класс болып «жазалайтын» эпизоды бар ғой. Сонда жалпы дауысқа шығармас бұрын Жантас түрегеліп "Қожа кластан шықсын, әйтпесе одан қорқатындар бар" дейтін жері бар-ды :) :) :)
a63a1
көріп отқан жақсы сияқты меніңше
нді ешкім ешкімге «Маған минус қойдың» деп ренжімейтін болады :)
бұлай болса бір түрлі қызықсыз болатын тәріздіғой
omarbirat
Қойылған минус үшін өзара қырқысатын алаң болғаннан жақсы бәрібір. Флуд азырақ. Ойлары бір жерден шықпағаны үшін айтыса берсе мейлі ғой :)
Қаншалықты жемісін беретінін көреміз енді. Менікі «осылай болатын шығар» деген долбар ғана
meirzhan
«Кім минус қойған?((( қайсың?»-деулері мүмкін бірақ. :)
sammita
сіздің үнемі бірінші әрі плус қоятыныңызды білеміс бәрібір:)
Dzhuli
www.kconnect.kz сайтына ұқсап кетті…
asaubota
жоқ, оларда басқа шаблон тұр. біздікі ресми шығарушынікімен бірдей: livestreet.ru/
qisyq
Мұның алдындағы дизайнды ұнататындар бәріміз бірігіп «подпольный» қозғалыс құрайық.
Nurgisa
«Маймылдардан» кейінгі синдром бе екен, «подпольныйлыққа» әуестік… :)
qisyq
Мүмкін, әбден мүмкін. Әні Патик та менімен келісіп отыр)))
asaubota
барлық шаблондар және плагиндер мына жаңа версияға сәйкес келмейді. шыдаңдар, дұрысталады әлі бәрі.
a63a1
Ареке, әлгі неғой айтпағым, бір сөткеде сайтқа кірген адам санының рейтингін көзімізге көрінетіндейғылып қойса қалай болар екен?
konvict
Кеше ғана әреңдеп жатып керектің бұрынғы логосын блогыма қойып едім. Тағы өзгерту керек па енді. Қазіргі лого қандай?
meirzhan
Поштаға ескерту хатының негізгі бөлігі орысша жазылып келеді екен.
serjan
Кімнің онлайнда отырғаны көрініп тұрғаны жөн ғой.
urimtal
Керекинфо жаңарып өзгеріп қалыпты. Қолыңа гүл шықсын, Аршат!
Gulistan
Асхат, сәлем! Соңғы уақытта бәрінің қолына гүл шығарып жүрсің ғой
urimtal
Ойбууу, сізге айтпаппын ғой. Бірақ сіздің алақаныңыз гүл емес — гүлзар ғой!
Gulistan
 Рахмет! Ол сонда не мағына береді?
urimtal
Бізде қолың дерт көрмесін дегенді еститінмін. "Қолыңа гүл шықсын!" дегенді Қытайда тұратын ұйғырлардан естіп отырмын. Мағынасы: «Он саусағыңнан өнер тамған ісмер екенсің. Әрбір ісің берекелі болсын!» дегенге саяды.
asaubota
жаңадан ашылған портал «Жақсы» ма жаман ба, бұлай жарнамаланбауы керек еді КерекИнфода. сол постты өшірдім. бізге лайық емес пост.
Gastarbaiter
Осымен тоқтап қалмасын. ПРоектің табыс әкелсін. Қолданушылар көбейсін.
madlen
Саны емес, сапасы болсын!
Gastarbaiter
Сапа саннан іріктеледі
madlen
Солай деп ойлайсың ба? Онда тезірек іріктелсін!
Gastarbaiter
Олимпиядаларда Қытай жыртып жатқанына қарағанда…
Gastarbaiter
Өзің за периметр қалып қоям деп қорықпайсың ба?)))))
madlen
Жоқ
madlen
Настроениең жақсы болғанына қуаныштымын. Супермегаактив программаң қосылды ма қайта? Кітаптың жайы не боватыр?
Gastarbaiter
Адресстерды кутвотырм)
madlen
тек сол ғана қалды ма не?
мааааама, жақында жіберем!!!
Gastarbaiter
Рахмет, адресстер кітапқа кірмейд. Жай өзіме керек.
madlen
Кітапқа кірмейді??? Эххх…
Gastarbaiter
Жарнама бопкетейн деп тұр.
Jacqabaies_Chirac
Көтін боқ))))))))))
)))))))))))))))))))))))) бир кулогым чандық бокете жаздад нақ лібәд
ЗЫ. ііі кхм кхм, көргенсіз қыз балаға солай айтуға болма екен
asaubota
рахмет тілегіңе. менің алдыңғы каментым Жақсы.кз порталы туралы еді
Gastarbaiter
сол пікірге жауап боп кетткалған ғо.
madlen
Облом Гастаға!
Gastarbaiter
Ой бір қышуың қанып, жасап қалдың ау ә?)))))
Пікір тақырыпқа жазылған еді негізі.
madlen
Все, ақталмашы, бәрібір облом саған!
Gastarbaiter
Ашуын -ай, жарайд облом бола салайын. Чем бы дитя не тешилось))
Gastarbaiter
«Көтін боқ» дегенім үшін енді өмір бойы кешірмейтін шығарсың)))
madlen
Жоқ, конечно! Ойнаватырм ғой
Gastarbaiter
Былай бәрі жақсы ғой я?
Gastarbaiter
ОК- деген жақсы дегенді білдіре ме?
Nurgisa
Иә, бір жерің сия ))))
madlen
Точно! Сондай сөздер қалай естеріңізде жүреді?! ))
Gastarbaiter
Вешірлерде медляк боп жатқанда, технично свет жағып кететін әдетің жоқ па еді?)))
Nurgisa
@a63alмен шатастырып алған сияқтысың ))))
a63a1
@a63a«1» мен де))) «1» мен «L» — ны шатыстырып алған сияқтысың
madlen
енді олл коррект қой! не боп кетті өзі?
Gastarbaiter
Білмеймі, бірдеңе тысыр ете қалған сияқты
sammita
кім бағалағаны көрінбей тұрған соң ба, "+" пен "-" қойылмайтын бопты постарда
Nurgisa
«Плюс қойғанымды көрмесе, қойып нем бар»   
sammita
солай шығар Негізі де, кімнің көңілінен шықты, кімге ұнады/ұнамады, келіседі осымен т.б. білу үшін қажет еді.
omarbirat
Есесіне әркім минус қоя ма, плюс қоя ма, өзі біледі. Кім не қойыпты деп қарау қажет болмай қалды
sammita
сіздің не қоятыныңыз бесенден белгілі (осы не сөз.
omarbirat
Енді минустар қоюды бастасам ба деп отырмын, бәрібір ешкім көріп отырған жоқ

Бесенеден белгілі деген жай ұйқас шығар.
a63a1
«бетенеден» белгілі немесе «бетенеден» анық деп айтылад, бұрыннан, ертеден, баяғыдан деген сөзді білдіреді
omarbirat
«Бетенеден» дегенді бірінші рет көруім, шыны керек. Оқыған жерлерімнің бәрінде «бесенеден» деп жазылушы еді.
a63a1
Жүре берсең көре бересің
Zilola
пешене емес пе екен
sammita
бесенеден белгілі.
a63a1
Керекинфо жаңартылады!
saken
баяғыдан бар сөз ғой. Атам заманнан белгілі деген сияқты емес пе. 5 енеден бері белгілі деген шығар )))
asaubota
міне сондықтан кім не қойғанын білмей осылай бағалағанымыз дұрыс сияқты.
omarbirat
Пікірді түзету мүмкіндігі қосылғанша "алдын ала қарау" деген түймені қолданып үйренетін болдық
sammita
аха)) еще мұқият қатесіз жазуға тырысып жатырмыз
saken
бұрынғысына үйреніп кетіп едім.
meirzhan
енді "+1 қойдым" деген комменттер мағынаға ие болады.
AKA
Бағалауды алып тастаса да жақсы, егер қатты қажет болып жатса жазбаның иесіне авторға ғана көрінетіндей болса…
meirzhan
Бағалауды алып тастаса рейтинг болмай қалады. Кейбір қолданушылар үшін рейтинг қызық қой.
AKA
Иә, ондай да бар екен ғой… Онда авторға ғана бағалаулар көрініп тұрса болатын шығар. Тақырыптың алдындағы «жүрек» әдемііі екен  Жақсара түссін, күтейік…
Gastarbaiter
Асау, іздеу функциясы қашан қосылады?
asaubota
қосылды іздеу функциясы. тойыс плагинді жаңартты жасаушылар, мен де бірден осында әкелдім. бұрынғысына қарағанда жақсы сияқты.
Gamk
Бәсеу дейім нақ. «Бірдеңе бүлдірген» екенсің ғой ) Жаңа дизайны ұнады.
meirzhan
Енді байқадың ба?
KILYZAMAN
Болды, осы жерден л(І)ебәб, нАҚ, БҰТАҚ, мұтақ, ощщым сияқты арамтамақ(пайда болып қолданысымен ақ тілді шұбарлататаын) ұлты белгісіз «нексіз туған»(түсік) терминдерді қойып КЕРЕКИНФОМЫЗДЫ КЕРЕКМӘЛІМЕТКЕ(доменге деген шағым деп ойласаңдар ҚАТЕ) көшелік… ҰСЫНЫС осы! Ұрсысуға да ауыз екі қазақы сөздер мен шмышымалар жетіп артылады. Асау ботамыздың да Ақылды бота бола бастағанын сезінуге тырыссаңдаршы :-(
qisyq
Ағасы, айтқан ұсынысыңызды жүзеге асырмас бұрын бірінші тесттен өткізіп, демо-версиясын өру керек сияқты. Мәселен, бәріміз бір күн
л(І)ебәб, нАҚ, БҰТАҚ, мұтақ, ощщым сияқты арамтамақ(пайда болып қолданысымен ақ тілді шұбарлататаын) ұлты белгісіз «нексіз туған»(түсік) терминдерді
айтпай сөйлесіп көрейік. Қарашұбар ел «Ох, лібә, мынау жақсы екен, бұдан былай осылай болсыншы» десе, арындаған, дамылдаған, сауылдаған, сарылдаған, орағытқан, жыр ағытқан, сырығп өткен, желіп жеткен сөздерді ғана қаласа, онда «басқа салдық — біз көндік». Ал, егер Сіз бен менің «Пах, пах, пах, пайымыңыз пайым-ақ екен, шіркін, сірә, бұрынғыдан сөз қалған ба, (ауыздың дәмін алып, тамсанып қойып), мына қымыз көрім екен, қысқа байлағаның емес пе, қарағым, Қалдықыз-@zilola, тағы бірін құйып жіберші» дегенімізді, жағалай отырған жұрт түсінбей, аңтарыла бетімізге қараса, сосын, менің оң тіземді ала отырған @konvict етегімді тартқылап «аға, аға, аға деймін, не дегендеріңіз» деп мұрнын бір тартып қойса, «көң тартып қалпымызға түсерміз».
KILYZAMAN
Керек! Әрине Керек! Жас қидан гөрі көңтартқан қидың елге де, жерге де берері көп(де деген бөлек жазылама осы?)
qisyq
Ия, бұл жердегі «деңіз» шылау, бөлек жазылады. Оны тексерудің оңай жолы: де немесе да (немесе те немесе та) қосымшасын алып тастап оқыңыз. Егер сөйлем мағынасы бұзылмаса, онда бөлек жазылатын деп бір түйіп қойыңыз. Ал егер сөйлем сиқы қашып, шілдің боғындай қиындай тоз-тозы шықса «е, мынау жалғау екен ғой» деңіз де қойыңыз.
sammita
)))) пікіріміз бөтен сөзбен былғанбай, жұп-жұмыр, тегіс келсін айналасы))
Nurgisa
«Де», ма, мелер бөлек жазылуы тиіс.
qisyq
Барлық кезде емес. «Барма». «Сенде бар ғой ол диск, әкеш» десең, мысалы, бірге.
Nurgisa
«Барлық кезде емес.» әрине, @qisyq. Тек, @KILYZAMAN жазған пікірге жауап ретінде жазғанымды ескер  «елге де, жерге де берері көп» деген сегменттегі «делер» бөлек жазылуы тиіс.
@sammita сауатты керекинфолық.
sammita
о кісіні түзеу пайдасыз ба деп қалдым
жазылуы тиіс
жазылуға (келуге, баруға, айтуға) тиіс.
KILYZAMAN
Бір ғасыр өмір сүрер болсам да, екі ғасырлық топастығымды ескеруден жалықпаспын. РАХМЕТ бауырларым ;-)
Сұрарымыз көп болсын! Бөлісеріміз одан арсын :-)
qisyq
Көң тартқан қи елге қайдам, жерге тым жақсы. Топырақты құнарландырып, мападай жасайды. Аздап майдалап жіберіп, шелекпен тасып әкеліп, болашақ жайқалған көкөніс, бау-бақшаның орнына себеле, артынан, жерді бір аударып шығып, сосын, ол жерге аялап отырып дән-дақыл егіп, жемісін көріп… пай-пай…
KILYZAMAN
Көңім тұрғанда көмір іздемеген қазағым(елім) ше?
qisyq
Қазақ көмірді біліп тұрып іздемеді дейсіз бе? Егер мұндай тәрбиемен өссе Аппақ Байжанов тапқан көмірін «тфү, сайтан, көңім артық сенен» дер еді. Қазақтың тапқырлығында шек жоқ, әрине, көңнің табиғи қалдық қалдырмайтыны, тыбы қасиеттері жетерлік, алайда, бір факторды екінші факторға зиян келтіру арқылы әспеттеу дұрыс па?
KILYZAMAN
Қисеке мейлі сенікі дұрыс болсын. Қисаймайық, сөзбұйдаға салына берсек әрбір сөздің құйрығын тазалап(шұқылап) әлек боламыз. Менің мақсатым мүлде басқа :-(.
qisyq
Жо-жоқ, менікі дұрыс, сенікі дұрыс деген жоқ қой, әншейін сөздің сірәғасы болған соң айтамыздағы… Еее, жалған-ай…
KILYZAMAN
Олай болса, Аппақ Байжанов ағамыздың ашқан жаңалығына жасалған кеңқолтықтылықтың(сөз бұйдаға салмайық) зияны мен пайдасын теңшеп көру керек. Неге осы күнге шейін арамызда көң жағатындар бар деп ойланбасқа шара жоқ :-( Барымтаның да қарымтасы болмаушы ма еді?
Gulistan
Асаулық та керек!
KILYZAMAN
Асаубота, Асау қуұлындардан ғана Тұлпарлар мен ҚараНарлар шығады :-)
VKM
Аршат аға, онлайн отырғандар бұрынғыдай шығып тұрсыншы, а?
asaubota
мүмкін оқымаған шығарсың, бірақ қайта қайта жаздым. плагиндердің жаңаруын күтеміз деп. өзім әдейі шығармай отырған жоқпын. күтудемін мен де.
Nurgisa
әлі жас қой, әлі-ақ түзеліп кетеді.
VKM
хехе,қайдан біліп қойдыңыз?
Nurgisa
Мынадан:


Дүзеліп кетеді әлі, дүзге келген жоқ қой, қанша дегенмен.
VKM
Ну, Нұрғиса ағааааай
VKM
сорри, виновата, молодая, исправлюсь)
konvict
Кім қалай ойлайтынын қайдам, маған үстіндегі хидердің қара түсті болғаны біртүрлі көңілсіздік әкелетіндей көрінеді. Бұрында ақ болғанда көңіл-күйдің керемет екенін білдіретіндей еді.
meirzhan
қара түске деген көзқарасыңды өзгерт бро
saken
мен ән қоса алмай отырмын. Кивиге жүктеген әнімнің кодтарын салсам шықпайды.
asaubota
жаңа дизайнның қате, кем тұстарын жазып отырыңдар. Бөлме функциясын алып тастадым. серверге босқа жүк болып тұр.
a63a1
Ыңғайлы болып қалыпты, Үйге уборка жасалынғандай болып сезініп отырмын
meirzhan
Бірақ шаршау жоқ
manshukn
Маған ұнады. Ашық түсті.
asaubota
жаңа пікірі бар жерлерде алдына + қойылмайды екен. түзету керек.

соц.сетьтерге бөлісу кнопкалары қалай істеп тұр екен. тексергендер бар ма?
manshukn
істеп тұр екен.
sammita
бөтен үйге кіріп кеткенде боп отырмын. Әдемііі, ұнады.
Gastarbaiter
Дизайында нелер өзгерді, және сайт функционалына нелер қосылды деген сұрақ мазалайды.
Түзетуді 5 -минут ғана қосылып тұратын қылуға бола ма?
Бір сайтта көргенмін, түзету функциясы пікірден соң тек 5-минут қосылып тұрады. Сосын түзете алмайсың.
Яғни бұл жіберген грамматикалық қате, не бір сөздерді ұмытып кетсең, жөндеуге мүмкіндік береді. Сөйте тұра, адамның бұрын жазған сөздерін түбегейлі өзгертіп, диалог тізбегін наққа жіберуіне жол бермейді.
5-минут.
Әйтпесе, реально комменттер саны екі есе көбейіп жатыр, тек сол жіберілген қате үшін. Оқу қиындайд.
asaubota
функционалдан еш жаңалық жоқ. сол бұрынғыдай. керісінше азаю бар. мысалы Бөлмені алып тастадым және кім онлайн екенін көрсететін де қосылмауы мүмкін.

бүгін сайтқа кіруші саны көп, серверге көп жүк түсіп жатыр жеке ВПС серверге шығыңдар деп хостер қорқытып жатыр, сайт сол үшін жабалып қалды қайта-қайта. сондықтан барынша жүкті азайтқым келіп жатыр.

камент түзету плагині мына жаңа версияға әлі (пока) келмей жатыр. міндетті түрде болады және уақыт шектеуімен.
Gastarbaiter
Қолданушылар мен кірушілер көбейгенде, нагрузканы азайтуды функционал есебінен емес, белгілі бір шектеулер мен ережелер қою есебінен де болады.
Мәселен, әр адам бір күнде тек белгілі бір санына ғана минус/плюс қоя алатын болса, адамдар минус плюстарын оңды солды шашпай, ойланып, нағыз лайықтыға қояды.
Сосын, ерікті модераторлар сайласаң. Ұқсас тақырыптарды өшіру, қауымдастықтарды реттеумен айналысатын. Ашық, жанжалдарды алдымен сыпайы аылға шақырумен, одан кейін банхаммермен жазалайтын.

Меніңше ешкім қарсы болмайтын сияқты, тіпті флудерлердің өздері де іштей соны қалайд.
asaubota
нагрузканы азайтуды функционал есебінен емес, белгілі бір шектеулер мен ережелер қою есебінен де болады.

оған байланысты емес.

минус пен плюс қоюға шектеу қоятын шығармын. мысалы рейтингі 10-нан асқандар ғана баға қоя алатын сияқты қылып. оған жету үшін жаңа қолданушы біраз еңбек етуі керек, жақсы пост, пікірлер жазып дегендей. а то қазір кез келген ақымақ қайта-қайта тіркеліп плюс/минус қойып жүруі мүмкін.
a63a1
Жазбалар бағаланбайды
a63a1
ааа үстінде екен)))
kafarik
базар жоқ, жiгiттер! еңбектерiң зор! рахмет осындай керемет блог ашқандарыңа. бiрақ, адамдар жиылып ой бөлiсетiн жерге satibaldi сияқты малдар кiрiп кетпес үшiн, оларды блоктау қажет деп ойлайм
asaubota
рахмет. сендерге де сәттілік, менің мына ескертуіме де назар аударарсың www.kerekinfo.kz/blog/narrator/5512.html#comment114772

Сатыбалды негізінде ешкімді мазақ қылып отырған жоқ. просто оның сын айту формасы басқаша. уақыт өте үйреніп кетесің
Zilola
Сатыбалды кетсе, осы сайттың кем дегенде 70% оқырманы мен жазарманы ілесе кететін шығар. Сондықтан абайлап сөйлеңіз
KILYZAMAN
Енді былай ғой… Мысалы, асқасзандағы асты қортуға Бактерия керек(қаншама талшықтар мен құрттардың біз жеген бесбармақты қоыртуға ат салсыатынын білесіңбе? ) Ал ұйықтап қалған сананы ояту үшін не Керек?..
19852407
уютно жайлы болып қапты, күшті!
KILYZAMAN
АЛҒА, КЕРЕКМӘЛІМЕТ- Былшиып жатқан тас жерге сіңіп кетеді… Ал сен қозғалып қой — бұлақтардың(су) көзін көбейт.
asaubota
үйден ноутбуктан кіріп отырмын. жаңа дизайн шынымен әдемі болып тұр екен. бірінші рет өзіме ұнап тұр
a63a1
пусть говорятта Күндей таза көңілің қардай аппақ парақтан, ең алғашқы махаббат басталады партада деп Нұржан залды шулатып жіберді) ҚАйда жазарымды білмедім, бөлме жоқұ болғасын
sammita
Nurgisa
Иә, сонда барып, жерге жаза бергенің абзал, Абзал.
sammita
түзету функциясы керек айтпақшы.
urimtal
дизайн жақсы тәрізді. Тек ана бір түрлі-түсті жуаның логосын неге салып қойдың? Бұрынғы керектің логосы тәуір еді ғой.
serjan
Бәрі тамаша, логода да мін жоқ.
Zilola
Жарнама кімнің идеясы болса да тамаша шығыпты!
Әсіресе сауна мен қажетхана жайлы прикольно
KILYZAMAN
Дымға түсінбейтіндерге ымдаудың жаң әдістемесі дерсің :-)
asaubota
Онлайн қосылды. енді бұрынғыдай көріп отырамыз кімдер отырғанын :)
KILYZAMAN
АЛҒА, КЕРЕКМӘЛІМЕТ- Былшиып жатқан тас жерге сіңіп кетеді… Ал сен қозғалып қой — бұлақтардың(су) көзін көбейт.
VKM
Алминге респект! Онлайн отырғандарды көріп отырған жақсы екен. Сәлемеееетсіздер ме :))))
omarbirat
Смайлдар шықпайтын болыпты.
asaubota
смайликтер болады. олар мына қазіргі нұсқаға адаптация жасау болмай тұр. солардың кесірінен екен онлайнның шықпай жүргені, сосын кеше оларды ағытып тастап онлайнды қостым.
Nurgisa
Мұндайда ықықылайтындар мен муахахахалайтындардың дәурені озады :)
asaubota
өкінішке орай бүгін 1,5 сағаттай сайт істемей қалды. серверге көп жүк түсіп жатыр деп хостер сайтымызды уақытша жауып тастаған еді. сондықтан онлайн қолданушыларды алып тастауға мәжбүр болдым. кешірерсіңдер, түсіністікпен қарауларыңды сұраймын.
asaubota
сайтта тағы да өзгеріс болады. жаңартылады, жаңа версияға өтеміз. қазіргіге қарағанда жаңа, қызық функциялар болады. қазіргі бар кей функциялар мысалы онлайндағылар сияқты кейін қосылады. қысқасы өзгерістерге дайын болыңыздар. бүгін түнде көшетін шығармыз, адам аз кезде.
aza
Ого, жақсы екен… Жаңа киім алғандай сезім ғой… Ал, күтеміз)))
mercedes
Іске сәт! Асыға күтеміз
meirzhan
Керекинфо үйіміз сияқты ғой. Жаңалық, өзгерістерге елеңдейміз.
mercedes
Оппана қызық-қызық екен мына жаңасы. Бұған да үйренерміз
[URL=http://smayliki.ru/smilie-1033753575.html][IMG]http://s17.rimg.info/339309b6b081d8a119dc5031dfcabbaa.gif[/IMG][/URL]