Сусындау...

Басқа-басқа өзімнің «Сусын» деп есептейтін сусындарымның ішінде қатып қалып, басқасын жиып қойып, талғап жүріп ішетін сусыным жоқ екен. Әйтеуір спиртті ішімдік болмаса болды. Сусынның қадірін алыс жолға шыққанда білесің. Шіліңгір шілдеде, болмаса тамылжыған тамызда қаларалық автобусқа сусынсыз міну өз-өзіңді азапты өлімге қиюмен тең дүниенің бірі. Бұндайда мөлшерсіз көп сусынды да ала алмайсың. Көліктің келесі тоқтайтын нүктесіне дейін жететін сусын алып алып, соны ептеп ұртап отыруды әдетте айналдырғанмын. Менің қалааралық автобусқа сирек те болса мініп тұрған кездерде баратын екі нүктем бар. Бірі Балқаш, екіншісі Жаңаарқа. Біріншісі Қарғанадыдан 400 шақырымдай жерде, екіншісі 200 шақырым мұғдарында. Жолға шығарда әрбір ұсақ-үйекке мән беріп, «Ананы ұмытқан жоқсың ба, салып қойдың ба ?» деп келіншегін мазалай беретін жанның бірімін. Жолдан бір күн бұрын ұйықтай алмаймын. Жолда ұйықтағанды ұнатамын. Бейтаныс жерге бара жатпаған соң жолды басқаша қалай қысқартасың?!
Құлағыма «Емпүшімнің» құлақтығын тағып алып ойға шомамын. Иә, иә, жаңылыс оқыған жоқсыздар. Музыка тыңдай отырып ойға шомамын. Қаланың кранынан тамған суды ішіп отырып, жайлаудағы Тасбұлақтың суын армандайтын мен, алыс жолдарға арнайы музыкалар жазып аламын…
… Саржайлауым менің,
Жан жайлауым менің,
Ән – жайлауым менің.
Беу-беу, Сарыарқа!
Аққу аңсап қонған
Ақ маңдай көлдер.
Сал самалы саумалдай болған
Мақпалдай белдер.
Бал бұлағы есіліп аққан-оу, Сарыарқа,
Арғымағы көсіліп шапқан-оу,
Аңыз дала, Абыз дала,
Қобыз дала, Сарыарқа!
..-Бекболат ағамның орындауындағы Ақселеу атамыздың осыбір әнімен сусындап отырып әрнені ойлап кетемін. Өзімнің балалығым қалған Сарыарқаның бір пұшпағы Жаңаарқаның Қарасу жайлауында өткен балалығым көз алдымнан зуылдап өтеді. Расымен де мен осы жайлаудың төсіндегі әр бұлақтың суына сусындап өстім. Суын ұрттасаң миыңды аузыңа түсірер тастай суы бар, таудың етек жағындағы тастардың арасынан ағып жатқан Тасбұлақтың, қанша ұртасаңда шөлің қанбайтын, таңдайыңа сіңіп кете беретін әнебір төскейдегі Төсбұлақтың, болмаса Қарасу бойындағы құдықтағы қара суды сіміріп ішер ме еді… Арғымақпен көсіліп шапқанда тұяқ астында дөңгелеп, артыңда бұлдырап қала беретін белдерге тағы бір мәрте барып, дәл солай көсіліп шапқың келіп кетеді… Бірақ, автобус бір ыршып секірген кезде өзіңнің қалааралық автобуста келе жатқаныңды, қолыңда бұлақтың емес, қайдан құйылып алынғалы белгісіз газсыз сусыныңның бар екені есіңе еріксіз түседі. Ол кезде өзімнің «Блогиадаға» қатысатынымнан хабарым жоқ, сондай-ақ әйтеуір бір турдың тақырыбы «Сусын» болатынынан да бейхабар болсам да бүйірінде «Tassay» деп жазылған сусынымнан бір ұртап қойып, шөлімді бір басып алып, халық әндерінен сусындауды әрі қарай жалғастырып кетемін…
… Айбозым, айхай бозым, даңғыл бозым,
Ел шалғай, жүре алмадым, жалғыз өзім-
деп Біржан шау тартқан кезінде бір егілген екен. Осыбір әнді бала кезімде атамның қара радиосынан сан рет тыңдадым. Мағынасын жете түсіне алмаған едім. Түсінгенім автордың атымен сырласып отырғаны ғана. Менің балалығым өткен жайлауда свет, тоқ деген атымен жоқ. Өзім құралпылас балалар да жоқ. Мен де астыма мінген атыма «Тайбуырылым менің, қазір ауылға шауып барып келе қойсақ ешкім біліп қоймайды ма? Сенің неге ертегідегідей «Астыңғы ернің қыбырламайды, үстіңгі ернің неге жыбырламайды? Кластастарымның не істеп жатқанын бірге көріп келе алар ма едік?» деп өзімше сырымды айтып жүретінмін. Қызық. Қой, әділқазылар сусын туралы жазба емес деп жүрер, осы жерде «Тассайдан» тағы бір мәрте ұрттап алайық. «Тассайдың» жақсы суысын екені рас, бірақ, ішкен сайын кезенем кебе береді ме қызық…
… Бір жағы Алматының Талғар, Түрген
Сыйласып жақсы емес пе бірге жүрген, бүлдірген
Қандай жақсы құрбылармен бір жүрген...
-әнді орындаушы Нартуева Әйгеріммен таныстығым бар. 2009 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы дәстүрлі әндерді орындаушылар конкурсына келген еді. Әрбір әріпін анық айтатын, құлағыңның құрышын қандыра орындайтын әнші. Осындай әншілердің орындауындағы әндерді жалықпай тыңдай беруге болады. Өзі күйеуге тиді ме екен? Әйгерім жайлы ойлағандікі ме, әлде, күннің аптабынан ба, әйтеуір аузымның кеуіп кеткенін аңғардым. Сусыннан тағы бүр ұрттауға тура келді…
«Сусын» тақырыбындағы жазбам сіздердің сусындарыңызды қандырар, қандырмасынан хабарым жоқ. Осы жазбамды Қайрат ағамыздың орындауындағы «Бір келіншек» әнінің орындалуы кезінде аяқтаппын. Ия, қазылар не дер екен, қазылар алқасындағы бір келіншек не дер екен…
Әрі қарай

Жолың болсын, жолаушы

«Ақша» тақырыбындағы тапсырманы естіген кезде елең ете қалғандардың бірімін. Елеңдейтіндей де жөнім бар. Мындағылардың көбінің көзі көрмеген ақшалы жерді бұрынырақта мен көріп кеткен едім. Өз басым ол орынды қаламыздағы мұражайлардан кейінгі көруге татитын орын деп есептеймін. Қарағанды-Алматы тас жолының бойында, өткен-кеткен жолаушыларға ақ жол айтып, амандығын тілеп тұратын «Аманжол» деген кафе бар. Былайғы жұрт «Зеленая крыша кафесі» деп те айта береді. Қаладан 20-25 шақырым жерде орналасқан. Жолаушылар мырзалықтан әлде ырзалықтан сол кафеге ақша тастап кетуге құмар. Ия, есептескен ақшаларынан бөлек, кафенің қабырғасына ақша жабыстырып кету рәсімі бар бұл кафеде. Баяғыда, жол бойындағы ағаштарға "Әулие ағаш" деп шүберек байлайтын еді ғой. Дәл сол секілді. Бірақ, "Әулие кафе" деп емес, естелік ретінде өз елінің ақшасын жабыстырып кететіндер көптеп кездеседі. Біреулер ұсақ-түйек ақшаларының түпнұсқасын жабыстырса, енді біреулері көшірмесін іліп кетеді. Әйтеуір, бұл жерде жер шарының біраз бөлігінің ақшасы бар.
Көп сөйлеп қайтеміз. Суреттерге кезек берейік.
Бір қарағанда «Аманжол» кафесінің алып бара жатқан ештеңесі жоқ.
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Жол бойындағы кафелердің түскі және кешкі мезгілде бос болуы некен-саяқ. Біз де аз-маз күтіп барып бас жағындағы бір орынға жайғастық. Бос тұрған стол біз отырып кеткен стол)))
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Қабырғаға түсқағаздың қажеті шамалы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Ас-ауқаттың есебін теңгемен қабылдаса да қабырғаға жабыстыратын ақша атауына шектеу жоқ. Біреулер ақшаға атын жазып, кім жабыстырып кеткені жайлы мәліметтер қалдырып кетеді екен.
Үнді шайын ішіп жүргенімізбен рупиясына зер салып қарап тұрғаным осы екен.
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Литваға барсаңыз теңгеңізді осындай литтерге ауыстырып алуды ұмытпаңыз
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Нигерияға сапар шегіп, алда-жалда бар қаражатыңыздан айрылып қалсаңыз қапа болмаңыз. Қос алақаныңызды жайып жіберіп «Найра-найра» десеңіз жұртшылық мына қағазды қыстырып кетуі ықтимал. Ол жақта ауқатты адамдар бар шығар өзі, ә?
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Польшада мынандай ақша 1994 жылы жарамды болған екен. Қазір білмеймін.
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Қырғыз ақшасындағы мына апай Күләш Бәйсейітоваға ұқсайды екен.
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Украина ақшасынан "Ұлы Володимирді" көруге болады екен.
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Бір гривень
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Румындықтар айлықты мына қағаздармен санап алады.
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Румындықтар «Лей» ұстаса, түріктер лираны бес жүз мыңдап жұмсайды
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Кафенің кіре берісіне де, тіпті, аркасына да ақша жабыстырып кеткендер баршылық. Кейбір суреттерді «мостикқа» түсіп тұрып түсіруге тура келді.
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Қағаз ақшасы жоқтар өздерінің «бес теңгесін қыстыра кетуді» жөн санаған секілді.
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
«Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтіп күн көрер?» дегендей не қағаз ақшасы жоқ, не тиыны жоқ бейбақтар өз суретін жапсырып кете береді.
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Менің арзанқол фотоапаратыма іліккен басқа да құнды қағаздар
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушыӘбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Ақшасын төлесең дәретхана да тегін
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Жолаушы, көлігіңнің қарны ашып қалмасын. «Аманжолдан» алпыс қадам жерде ақшаға жанар-жағармай сатады екен.
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы

Кафенің қожайынымен көзбе-көз сөйлеспесек те көмекшісімен (администратор) тілдестім. Егесі бұндай шаруамен арнайы айналыспайды екен. Бұрынырақта бір кісі «шәйлық үшін» деп тастап кеткен ақшаны ырымға балап қабырғаға жабыстырып қойған екен. Содан басталған рәсім екен.
P.S. Қабырғаға ақша жабыстырмасақ та 1300 теңгеге екі лағман, екі-екі кеседен шәй, 3-4 тілім нан, 1 пирожный жеп кеттік.

Сіздерге осы жазбаны ұсынған адал жар, өнегелі әке Айсұлтан деген мен боламын)))
Әбіләкімнің  ауылы: Жолың болсын, жолаушы
Әрі қарай

Шапқан аттай зулаған өмір...

«Фотореп дегеніміз бүгін немесе кеше түсірген суреттер топтамасымен репортаж жасау» деген қағида болмағандықтан мына бір дүниемді көрген жандар «Фотореп емес» дей қоймас.
Қазақта «Ат жалын тартып мінгелі» деген жақсы бір сөз тіркесі бар. Өкінішке орай бұл тіркесті көп қолдана бермейді екенбіз. Өмірімнің өсу сатылары бойынша көрсетіп отырған түрім осы.
Көп сөйлеп созбай суреттерді сөйлетіп көрейік (Өзім жоқ суреттердің барлығын өзім түсіргенмін)…
Әрі қарай

Лотерея

Әйелі үйге кешігіңкіреп келіпті. Мойнында жаңа алқа бар.
Күйеуі: Алқаны қайдан алдың?
Әйелі: Лотереядан ұтып алдым.
Күндер өтеді. Әйелі үйге норкыбый тонмен келеді.
Әбіләкімнің  ауылы: ЛотереяКүйеуі: Тонды қайдан алдың?
Әйелі: Лотереядан ұтып алдым.
Осылайша үйде жаңа машина пайда болады. Екі бөлмелі пәтерлері 4 бөлмелі пәтерге ауысады.
Бір күні әйелі екі адамға курортқа жолдама алып келеді. Күйеуі екеуі теңіздің жағасында демалып жатса керек. Әйелі судан, шықпай қояды. Сонда күйеуі:
Болды, шық! Лотереяға суық тигізесің.- деген екен…
Суретке сілтеме
Әрі қарай

Иттің жүні, ешкінің сүті...

Ұмытпасам бұл оқиға 2009-шы жылдың қысының аяғында не көктем мезгілінің бас жағында болды. Әйтеуір үстімізде қалың киімнің бары рас. Отбасылық өмірге ептеп болса да төселіп қалған кезіміз. Ұлымыз Ринаттың алты-жеті айлық кезі. Бір күні баламыздың мазасы қаша бастады. Дәрігерге көрсетіп едік «Қызуы көтеріліп тұр, бірер күнде қайтады» дегендей бірдеңелер айтып шығарып салды. Айтылған бірер күні өткен кезде Ринаттың көзі кіртиіп, еңбегі түсіп кетті. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» деген рас екен. Бала ауырғаннан бергі үшінші күні ауылдан жеңгем келе қалды. Ринатқа қарады да «Мынаған ит тиген» деген диагноз қойып берді.
«Ит тию» деген аурудың барын бала кезімізден білеміз. Баланың тілі итке өз еркімен «Кет» дейтін жасқа жеткенше ауыратын ауруы. Барлық бала ауыра бермейді әрине. Оған түрлі себеп бар. Иттен қаймығу, баланың кәкәсін ит жеп қойса да ауырып қалады деген сенім бар. Ауылдық жерде шешелеріміз «Ит тиген» баланы өлген иттің бас сүйегімен жуындырып, иттің өлексесінің орнына аунатып, ем-дом жасап жататын. Қасқырдың өтін іздестіріп жатқан үлкендерді де көргенбіз. Қалада ондай мүмкіншілік жоқ.
Әбіләкімнің  ауылы: Иттің жүні, ешкінің сүті...Жеңгем, «Маған иттің бір уыс жүнін әкеліп бер. Мен сонымен ұшықтап жіберейін» деді. Есіме бірден түскен адам әлде ит көрші подъездегі сабалақ жүнді иті бар жалбыр шаш орыс болды. Салып ұрып жетіп барып, соның есігін қақтым. Жаман орысшаммен итінің бір уыс жүнін қиып беруін өтіндім. «Не, дружище, не могу. Я с этим другом уже 15 лет живу, не могу» дейд әлгі атаңа нәлет. Ол кезде әскери қызметтемін. Бір басыма жететін орысша-қазақша боқтықтың багажы әжептеуір болып қалған. Боқтап-боқтап шығып кеттім. Иттің жүнін іздеген бірінші күнім осылайша сәтсіздікпен аяқталды.
Әрі қарай

Әнек. Екі жолаушы.

Екі жолаушы жаяулап келе жатса, соңдарынан қолына камаздың рөлін ұстаған біреу қуып жетіпті. Үстінде сұр куртка, басында қара кепка дейді. Ана екеуіне «Келіңдер отырыңдар, жеткізіп тастайын» депті. Ол екеуі «Жындымен жынды болатын жайымыз жоқ» деген ғой.Анау қалтасынан тапанша алып шығып «Отырыңдар нақу.Атып тастайм әйтпесе» депті. содан ана екеуін «отырғызып » алып айдап келе жатыр дейді. ана екеуіне жан керек, анау газды басқан сайын қалып қоймай жүгіреді. Бір уақытта рөлдегі адам тормозды басып, «алдымызда пост ГАИ бар. Менде прва жоқ. Мен мына жақтан айналып өтемін. Сендер былай, жаяу өтіп кетіңдер. Мен сендерді анау қырдың астыннда күтемін» депті.
Әбіләкімнің  ауылы: Әнек. Екі жолаушы.Содан, ана екеуі жындыдан құтылғандарына қуанып МАИ қызметкерлерінің бекетіне кіреді. Кірсе бір МАИ ұйықтап жатыр. «Ойбай, ағатай. Тұрыңыз! Бұл не жатыс. Бізді жаңа бір жынды атып тастай жаздады. Былай қарай кетіп қалды. Бізді анау қырдың астында күтемін деп айтты» деп екеуі шағымданады ғой баяғы. "Үстінде сұр куртка, басында қара кепкасы бар. Қолында рөлі бар адам ба?" деп сұрайды МАИ қызметкері. «Дәл өзі.»
-Біздің оны ұстай алмай жүргенімізге жарты жыл болды. Кеттік, сендер куәгер боласыңдар. Отырыңдар матасекілге " деп әлгі МАИ қолына матасекілдің рөлін ұстап алыпты. «Ойбай, ағатай өзің қуа бер, біз шаршадық» деген аналарға «Сукілер, қазір тұрған орындарыңда атып тастаймын. Мініңдер» деп бұл да тапанша кезепті.
«Біреуің артыма отырыңдар, екіншің люлькаға отырыңдар». Содан екеуін «отырғызып» алып, көрсеткен қырлары жаққа ағызтады сабазың. Арасында «сен люлкада келе жатырсың тізеңді бүгіп жүгір» деп жанындағы адамның басынан дубинкамен ұрғыштап қояды екен.
Екінші жолаушының «Матасекілге мінетінімізді білгенде КАМАЗ бен-ақ кете берер едім ғой» деп жылағанын бірінші жолаушы әлі күнге жыр қылып айтып жүр деседі.

Камаздың рөлін алғыңыз келсе, сілтемесі міне.
Әрі қарай

Үзік-үзік ойлар

***
Денсаулық-зор байлық. Осындай ұран іспеттес, нақыл деуге де келетін мәтелді денсаулық мекемелерінен жиі көремін. Кейде осыған қарап отырып «Зор байлық-денсаулық» деп жазса не болар еді деген сынды ойға шомамын…
***
Бұл денсаулық дегеніңіз адамзатқа Құдайдан берілетін сый секілді. Сый деген әркімге беріле бермейді ғой. Денсаулық та дәл солай. Қанша жерден күтінсең де ауыруға шалдыға беретін кездер болады. Қарапайым ғана мысалдар келтіре кетсем.
Біздің үйдің балалары қыста далаға шыққанда жемпірдің сыртынан свитір қабаттап, қалың пәлтесін киіп, мойнына шарпы орап, киіз ұлтарақ салынған етіктерін аяғына іліп, буынып-түйініп шана тебуге шығады. Көрші үйдің балалары күзгі күртемен, жеңіл – желпі киіммен қалай болса солай шыға салады. Біздің үйдің ең кішкентай баласы астына көрпе төселген, одеялмен қымталған шанада отырады. Көрші үйдің сол шамалас баласы астына сабан төселген боқ шығаратын кәритада жатады. Ертеңіне, тымауратып, суық тиіп, сабаққа бармай қалатын біздің үйдің балалары. Ауырмайсың деп тұмшалай беруге де, өбектей беруге де болмайтын шығар. Бірақ, дәл ана балалар секілді жеңіл –желпі киініп шығып, ауырып қалып жататын да сол баяғы біздің үйдің балалары.
***
Біздің ауылда Тайкен деген азамат болды. Мен ес білгелі жалғызбасты. Тайкеннің отбасысы болған еді деген әңгімені естімеппін және ол жағына бала болған соң ба бас ауыртпаған екенмін. Сол Тайкен тереңдігі 3-4 метр болатын құдықтарды жалғыз өзі бір күнде қазып тастайтын. Біз ол кісіні күші қайта бастаған кезде көргенбіз. Құдықтың түбінде тұрып, дымқыл сазды құдықтың ауызынан ары 4-5 метр жерге лақтыратын жарықтық. «Денсаулығы бар кезде Тәйкендерің бұндай саздарды 10-12 метрге лақтырушы еді. Қартайыпты.» деп үлкендер бас шайқап отырушы еді. Денсаулығы қайтқандағы түрі қылшылдап тұрған жігіттерді жолға қалдырып кететін. Құдайдың сыйы емес деп көріңізші енді…

***
«Ақша болса болды, қалғанын сатып аламыз» деген қалжың-шыны аралас тіркесті жиі естіп қаламын. Бос сөз секілді. Рас, қатты ауырып жүрген, қымбат дәріге, қымбат отаға ақша таба алмай жүрген адамдарға солай болса солай шығар. Бірақ, жағдайлы адамдарға да медицинаның көмектеспей қалатын кездері көп. Менің атамның немере інісі ҰҚК ұзақ жылдар қызмет еткен болатын. Мен білетін шені полковник. Сол кісі зейнеткерлікке шыққан соң өзін-өзі керемет күтті. Оған дейін де күтініп жүрген адам деп естігенмін. Мен ол кісімен қызметінен кетер кезден бастап араласа бастадым. Қарағандыға оқуға келген кезімнен бастап дегенім дұрысырақ болар. Ия, сонымен, ол әкеміз өзін қатты күтетін. Тағамдарды талғап жейтін. Жылына екі-үш мәрте денсаулығын тексертіп отыратын. Шипажайларға бас сұғуды да ұмытпайтын. Өзі менің атамнан бір он жас шамасында кіші. Менің атам қайтыс болғаннан кейін үш айға жетер-жетпес уақытта ол кісі де кетті ғой…
***
Жұрттың күтініп жүрген қатындары бала туатын кезде түрлі аурулары шығып, ем қабылдап барып бала көтеріп жатады. Ақ қар, көк мұзды к*тімен ерітіп қайыр сұрап отыратын анабір халықтың қатындарына таң қаламын. Жылда бала туатын секілді өздері. Емшегінде бір бала, жетегінде жеті, етегінде екі бала. Әлде, ол балалар олардікі емес пе? Әй, сонда да денсаулықтары мықты әлгілердің…
Әрі қарай

Қарбалас

Көктемді түрліше сипаттауға, суреттеуге және жазуға болады. Бұған әрине, біздерге жылулық сыйлайтын осынау мезгілмен қоса келетін түрлі мерекелер мен мейрамдардың да әсері баршылық. Не десек те «Өлмеген құлға келді жаз» дегендей қытымыр қыстан әйтүп-бүйтіп шыққандар көктем мен жаздан бір үміт күтері анық.
Салыстырмалы түрде қарасақ қала көктемі мен дала көктемі мүлде бөлек. «Сәуір болмай тәуір болмас» дегенге салар болсақ біздің Арқаның нағыз көктемі осы сәуірде келеді. Сай-салаға жайқала шыққан қызғалдақтар мен сарғалдақтар сәуірдің орта белінен аса, мамыр айының басында дала көктеміне ерекше бір сән беретіні рас. Көкке ауызы тиген қозы-лақ бір мезгіл енесін ұмытып, асыр салатын мезгіл де осы. Бірақ, бұның бәрі сәуір айында.
Наурыз айы далалықтарға ең қарбалас шақ. «Жуанның жіңішкеретін, жіңішкенің үзілетін» мезгілі. Қора маңына жинаған шөбінің таусылуға таяйтын, әлдеқалай қыс ұзарып кетсе саусағын мұрнына тығып қалу қауіпінің жоғарылайтын кезеңі.
Дегенмен, биылғыдай қар күрт еріген жылдары дала қазақтары қорадағы ірі қараларын, қой-ешкілерін қарайған қырат жаққа бағыттап жібереді. Жілік майы азайып шыққан малдар сай-саладағы іргесі сөгіле қоймаған қарларға үйелеп қалып жататын оқиғалар да кездеседі. Ертеңгілік инедей жылтырап жатқан жылғаның суы, сай-саладан келіп қосылған қар суымен өткел бермес өзенге айналатыны да көктемнің осыбір айына сәйкес келеді екен. Таңертең жайылымға кеткен малдарын кешке өзеннен бері өткізе алмай, ат сауырынан асатын, сең-сең мұздар жүріп жатқан өзеннен бес-алты атты адам сиырларды қақпайлап өткізтудің азабын сөзбен жеткізті мүмкін емес. Оны көзбен көру керек. Екі көлік соғылып қалса, таяққа сүйенген адам тайып құласа қалта телефондарымызды суырып алып, қызық үшін видеоға түсіріп, интернетке салатын біздердің ол жанталасты, қарбаласты видеоға түсіріп тұрғанымыз ауыл адамдарының алдында ұят қылық. Биылғы көктемнің осы қарбаластарының барлығын өзім арқылы тағы бір сезініп шыққаныммен мен сіздерге бұл жазбамдағы қарбаластардың барлығын суретпен немесе видеомен бере алмауымның себебі осы.
Бұл мал шаруашылығымен айналысатын дала қазақтарының көктемгі тірліктерін суреттейтін жазба. Бұдан бөлек ауылдағы ағайындардың көктеммен қоса келетін егін науқанына дайындық секілді басқа да бітпейтін тірліктері бар.
Әрі қарай

Көкпекті (видео)

Наурыздың 30 нан 31іне ауған түні Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Көкпекті елді мекенінде тосын оқиға орын алды. Ауылдан әрірек орналасқан су қоймасы күрт еріген қар суынан деңгейінен аса көтеріліп, 810 үйлі ауылдың 4-5 көшесі түгелдей су астында қалды. Әзірге ертеректе саман кірпіштен салынған 19 үй адам тұруға жарамсыз деп табылып отыр. Аудан әкімінің орынбасарының айтуынша бұл үйлердің иелеріне мемлекет тарапынан шаршы метрі жағынан дәл келетін жаңа үйлер салынады. Үйден бас тартқандарға ақшалай өтемақы төленеді. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының материалдық шығындарын есептейтін комиссия құрылған. Бұл комиссия он күн ішінде тізім жасап, сол тізім бойынша тұрғындар материалдық көмектерге қол жеткізе алады.
Қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың саны 5 адам. Облыс әкімі Бауыржан Түйтеұлы әрбір қаза болған адам үшін туыстары мен жақындары 1 млн. теңгеден алатынын тілге тиек етті.
Әрі қарай

Керекшілердің ой - пікірлері (Мотиваторлар сөйлейді)

Керекке соңғы уақытта тек оқырман ретінде ғана кіріп жүрген сияқтымын. Пост салмағаныма біраз болыпты. Бүгіндікке керекті ақтарып отырып керекшілердің айтқан ой — пікірлерінің көңіліме қонымды болғандарын өзіме түртіп алып отырдым және соның біразын мотиватор ретінде бөлісуді жөн көрдім. Құрметті қолданушылардың, майталман пікіршілердің өздеріңіз байқаған көсем ойыларымен, шешен сөздерімен бөлісе отырыңыздар.

Әбіләкімнің  ауылы: Керекшілердің ой - пікірлері (Мотиваторлар сөйлейді)

Әбіләкімнің  ауылы: Керекшілердің ой - пікірлері (Мотиваторлар сөйлейді)

Әбіләкімнің  ауылы: Керекшілердің ой - пікірлері (Мотиваторлар сөйлейді)

Әбіләкімнің  ауылы: Керекшілердің ой - пікірлері (Мотиваторлар сөйлейді)

Әбіләкімнің  ауылы: Керекшілердің ой - пікірлері (Мотиваторлар сөйлейді)

Әбіләкімнің  ауылы: Керекшілердің ой - пікірлері (Мотиваторлар сөйлейді)

Әбіләкімнің  ауылы: Керекшілердің ой - пікірлері (Мотиваторлар сөйлейді)

Әбіләкімнің  ауылы: Керекшілердің ой - пікірлері (Мотиваторлар сөйлейді)

Әбіләкімнің  ауылы: Керекшілердің ой - пікірлері (Мотиваторлар сөйлейді)

Әбіләкімнің  ауылы: Керекшілердің ой - пікірлері (Мотиваторлар сөйлейді)
Әрі қарай