Екі данышпан

Есте жоқ ықылым заманда бір патшалықта екі данышпан өмір сүріпті деседі. Екеуін де "ғұлама" деп мойындағандарымен халық ақыл сұрауға бір данышпанға екіншісінен қарағанда көбірек баратын болса керек. Бұл әрине екінші данышпанға ұнамапты(осы жерде оның данышпан екеніне күмән туды).Бірінші данышпанға деген пасық ойын көпшіліктің көзінше жүзеге асырмақ болады. Аңдып жүріп, базар аралап жүрген сәтінде жолығып: «Уа, данышпан! Сені халық менен ақылды деп жүр ғой.соны тексерейін деп едім.Менің уысымда көбелек бар.Ақылды болсаң айта қойшы, көбелек тірі ме,әлде өлі ме?». Арам ойы«Егер тірі десе сығып өлтіре саламын,өлі десе алақанымды ашып қалғанда көбелек ұшып шығады, бұның абыройы айрандай төгілмей ме?» деп тұрған еді.Сол кезде данышпан «Бәрі өз қолыңда» деген екен.

Суреттегі данышпанның мысалға қатысы жоқ. Ол мына жақтан келді.
Әрі қарай

Торғай қанатты тұлпар

Ол кезде баламыз. Қырсақ бірінші класқа барған шағымыз болар.Атаққұмар емес ат құмар болатын жастамыз. Үлкендерден «жүйрік жылқының қанаты болады екен» дегенді жиі еститінмін. Көз алдыма ұшқан кезде қанаты күнді жабатын пырақтар елестеуші еді.Неге екенін білмеймін сол қанатты жүйріктерді тек ақ боз ат ретінде елестететінмін. Бір күні үйге келген құда баламыз мені өз үйлеріне алып кетпек болды. Ауылдың ішінде болса да бөтен үйге барғым келмеді. Бірақ "Үйде қанаты бар атымыз бар" дегеніне қызығып үлкендердің рұқсатымен соңынан ердім.
Әрі қарай

Қартаймайтын Киану

Негізі бұл жайлы шетелдік басылымдар осыдан 3-4 жыл бұрын қозғаған екен. Киану Ривздің әр жылдардағы фотоларын қарап, оған тіпті «ажалсыз адам», "өлген соң қайта тіріліп отыратын жан" деген теңеулерді бағыттаған екен фениксіңдісс…
Әрі қарай

Ат құлағында ойнау

Екінші не үшінші класс бітірген жылғы жаз. Жайлаудамыз.Асау аттарға міне алмасам да үйдегі бір-екі аттың жалын тартып мінетін дәрежеге жеткен ем. Бізден 10-15 шақырым жердегі жайлаудағы құда балалар келе қалды. Қанжығаларында киік. Жолай иттері алған екен, бізге бұйырған сыңайлы. Содан кешкілік құда балалар өз жайлауларына қайтпақ болды. Менен 4-5 жас үлкен кіші құда бала біраз жерге дейін еріп баруымды өтінді. Үйдің іші егіс алқабына дейін еріп баруға рұқсат еткен соң «Шалқасқа» атанып кеткен күрең қасқа атқа мініп алдым. Құда балалардың жарысайық деген ұсынысын қабыл алып, солардан қалмай құйғытып келемін. Менімен қатарласа шауып келе жатқан кіші құда бала «Сен аттың құлағында ойнау білесің бе?» деп сұрады. Мен «Жоқ, сен ше ?» деп сұрағына жауап беріп, әрі өзіне сауал тастадым. Шауып келе жатып қолын аттың құлағына созып саусағының ұшын бір құлағына тигізген құда балам «Міне, аттың құлағында ойнау деген осы» демесі бар ма?
Әрі қарай

Сен неге үйленбейсің?

Біздің ауылда жасы біразға келсе де үйленбей жүрген бір жігіт бар. Содан бір құрдасы:
-Әй, осы сен неге үйленбейсің? Бір жеріңде кінәрәт бар ма?-деп сұрапты.Сонда әлгі жігіт:
-Үйлену дегенің намаз оқу емес қой.Бүгін оқып, ертең тастай салатын-деп ананың дінді ойыншық қылғанын тілге тиек етіпті.
Әрі қарай

Тегін ғибрат

Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында аяз күшейіп тұр дәл қазір. Осы аяздар есіме бір ғибратты әңгімені түсіріп тұрғаны.
Бір торғай қатты аяз күні әрі қарай ұшуға шамасы келмей жерге(қарға) құлап түсіпті. Қардың ызғарына аяз қосылғанда оның өмірін әрі қарай жалғастыруы еш мүмкін емес еді. Сол маңайдан өтіп бара жатқан бір сиыр торғайдың дәл үстіне жапалатып кетіпті. Ыстық жапаның әсерінен торғайдың денесіне жылу тарап, өмірі сәл де болсын ұзарыпты. Бірақ, торғайдың дегені емес Алланың дегені болады емес пе? Сиыр өткен жерден мысыққа неге өтпеске?! Өтіп бара жатқан мысық жапа арасында отырған торғайды көріп, оны шығарып алыпты. Шығарғанда қайбір жаны ашыды дейсіз, жеп қойыпты сосын.
Бұдан туар қорытынды: Сені боққа тастап кеткеннің бәрі жау емес, боқтан шығарып алғанның бәрі дос емес.
Сурет мына жақтан алынды
Әрі қарай

Ұқсастық (двойниктер)

Ғаламторды ақтарып отырып небір қызықты оқиғалар мен жүрек шайлытар жазбалар мен суреттерді көруге болады.
Әпкем бір сурет жіберіпті поштама.Суретке қарап тұрып өзімнің қарындасымды көрдім. Бірақ, бұл оның «двойнигі». Өздеріңіз салыстыра отырыңыздар. Өкінішке орай менде қарындасымның той көйлегімен түскен суреті жоқ екен.
Ал, сіздер өздеріңізге немесе жақындарыңызға 100 болмаса да 90 пайыз ұқсайтын жандарды білесіздер ме?
Әрі қарай

Лифчикті сиыр

Биылғы қатты аяздардың беті қайтатын түрі жоқ. «Түкірсең түкірігің жерге түспейтін аяз» деген осы шығар.Бұл аяздар тек бізде ғана емес Якутскіде де жалғасуда десем күлкілі болып кетер.Себебі, біздегі -30-35 градус(Целсия) оларға қауіпті емес. Бірақта, биылғы аяздар ол жақта -47, тіпті кей жерлерінде -55 ке дейін барыпты деседі.Жылы үйде отырып алып,«малға обал болатын болды» деп етті шетінен жеп отыра беретін қазекемдер бұндай аяздарда не істейтінін білмеймін.
Әрі қарай

Ұсталып қалу

Бұл жазбам өзімнің оңбай ұсталып қалғаным жайлы. Күйеуі вахтаға кеткен әйелдің күйеуіне ұсталып қалған болар деп ойласаңыздар қателесесіздер. Біреудің хатын оқып отырып та ұсталғаным жоқ.Сонымен…
Мектептегі кез. Сегіз оқымасақта жеті оқимыз шамасы. Сабақ беріп тұрған завучіміз (күйеуге шықпаған қатал кісі):
-Балалар, сендер шуламай отыра тұрыңдар, мен қазір келемін" деп шығып кетті. Осыны күтіп тұрғандай мен партаның үстіне атып шығып:«Білесіңдер ме ол қайда кетті.Осырып келуге кетті» деп кластастарымды күлдіріп тұрғанмын.ана мұғаліміміз шынымен есіктің сыртында осырып тұрған болуы керек, есікті жұлқи ашып кіріп келді де, жағымнан тартып-тартып жіберді…
Әрі қарай