Торғай қанатты тұлпар
Ол кезде баламыз. Қырсақ бірінші класқа барған шағымыз болар.Атаққұмар емес ат құмар болатын жастамыз. Үлкендерден «жүйрік жылқының қанаты болады екен» дегенді жиі еститінмін. Көз алдыма ұшқан кезде қанаты күнді жабатын пырақтар елестеуші еді.Неге екенін білмеймін сол қанатты жүйріктерді тек ақ боз ат ретінде елестететінмін. Бір күні үйге келген құда баламыз мені өз үйлеріне алып кетпек болды. Ауылдың ішінде болса да бөтен үйге барғым келмеді. Бірақ "Үйде қанаты бар атымыз бар" дегеніне қызығып үлкендердің рұқсатымен соңынан ердім. «Сен үйде отыра тұр, мен шамалыдан соң келемін» деп алдыма дойбының тастарын шашып кетіп қалды(әлі күнге неге дойбының тастарын шашып кеткенін түсінбеймін, неге асық емес дегендей).Бір уақытта «Жүр мен саған қанаты бар атты көрсетемін» деп мені қора жаққа қарай бастай жөнелді.Анандай жерде арқасын жаман ер жауыр қылған бір ат тұр екен. Өзіміздің үйдегі аттар бұдан әдемірек болған соң ба көңілім су сепкендей басылды.Әрі қанаты да көзге көрінбей тұр.Қанатын жинаған тауықтардың өзінің қанаттарын тез көруге болады емес пе? Құда балам«Кел, жақында, міне қанаты мына жағында» деп мені аттың оң жағына қарай шығарды.Аттың қабырға тұсында расында да кішкене қанат тұр еді.Құда балам сенімдірек болу үшін әлгіні жазып көрсетіп жатыр.Торғайдың қанатының көлеміндей ғана қанат. «Неге екінші жағында қанат жоқ?» «Ана жолы киік қуғанмын. Ұшып келе жатып бұрып үлгере алмай қалдым, столбыға соғылып содан сынып қалды» деп қояды анау да.
Кейіннен білдік қой аттың қанаты дегенннің не екенін. Сөйтсек ол артық қабырға екен.
Кейіннен білдік қой аттың қанаты дегенннің не екенін. Сөйтсек ол артық қабырға екен.
Бақшамызды қорғайды
…
Әр жағы қалай еді?