Баяғы бірінші сәуірлер...

Баяғыда бала кезімде осы бірінші сәуірді жаңа жылдан да асыға күтетінмін. Үйдегілерді, өзіммен бірге ойнайтын көрші балаларды алдауға асығатынмын. Қатырып алдадым ба, алдамадым ба ол жағы есімде жоқ. Тек, сол кездерде күннің жылы болатындығы. Біздің Қарағанды өңірінде көктемнің кешіректеу шығуы заңдылық дей тұрғанмен сол кездерде дәл осындай көшеде қар жатып немесе балаққа батпақ жабысып жататын кездер сирек секілдітін.
Биыл қоян жылы ғой.Қазақтар ежелден мешін жылы мен қоян жылынан сақтанатын болған. Үлкендер «көк қоян» деп отыратын. Ежелден келе жатқан ырым бойынша 14-ші наурыз күні таңертеңгілің қарға қойған құмалағыңыз түс ауа, кешкілі қар түбіне кетіп қалса көктем ерте шығады деп болжалған екен.
Ауылдағы бір ағамыз" Қарға құмалақ түгілі мен батқан жоқпыын, қыс ұзақ болады" деп жүр еді. Сол сөзшындыққа айналды ма деймін…
Әрі қарай

"Қыз көру"

Егер сіз 31-ші наурыз бен 1-ші сәуір аралығында Қарағанды шаһарында бола қалсаңыз «ASIA» сауда орталығына соға салыңыз. Бұл жерде осы күндер аралығында "Қыз көру" атты көрме өтеді. Негізінен бұл көрменің пайдасы жақын арада қандай да бір той, мерекені атап өтейін деп жатқан қарағандылықтарға таңдау мүмкіндігін беретіндігі байқалады. Себебі, бұл көрмеде тойға қажетті барлық қызмет түрлері топтастырылады.Атап айтсақ, кондитерлік өнімдермен айналысатындар, шаш, сұлулық салондарының өкілдері, фото-видео қызметтері, зергерлік бұйымдармен айналысатындар өз қызметтерін ұсынады.

"Қыз көру"-қазақ халқының салттарының бірі.Бұрындары ата-бабаларымыз атастырылу арқылы отбасын құрғанымен, кейбір ықпалды адамның балалары, сал-серілікпен айналысатын бірен саран жігіттер өзіне қалыңдық таңдап, ауылдарды аралайтын болған.Міне, осы салтты "Қыз көру" деп атаған.

Көрме жайлы мәліметтің түпнұсқасы
Әрі қарай

Титан

Қазір кейбір ауылдарда жағдай қаладағыдай екені мәлім. Суық су мен ыстық суы кранна ағып тұрған ауылдар бар. Бірақ кей қалаларда ыстық судың қыс мезгілінде ғана болып, жылуды ағытар кезде қоса ағытылатыны және бар. Қарағандының бір шетінде жатқан Майқұдықтың кей жерлерінде жағдай солай.Менің үйімде сондай үйлердің қатарынан. Бірақ, бұл жағдайдың да шешімі бар. Ел арасында «Титан» атанып кеткен су ысытқыш құрылғылардың түр-түрін қажетіңізге қарай таңдай аласыз қазіргі уақытта.
Әрі қарай

Чемпион әнші

18-ші наурыздан бастап «Хабар» арнасынан эстрада әншілері, актерлер өзара жұдырықтасатын (бокстасатын) «Чемпион» бағдарламасы көрсетіле бастады(халық таниды-ау дегендер, танымайтындар да бар).Әрине, блогқұрылтайда шапқылап жүрген Сіздерден «бұны көрдіңіздер ме, тамашаладыңыздар ма?» деп сұрауымның өзі ерсі. Блогқұрылтайға бара алмай қалған менің өзім көрмедім бұл жобаны.Тек «Ютуб» арқылы бір-екі кездесуді тамашалағанымды мойындаймын.
Ресейлік жұлдыздар жұдырықтасқан «Король ринга» бағдарламасының біздік нұсқасы.Шоудың басы-қасында жүрген өзіміздің Владимир Рерих жездеміз.Дегенмен, кім чемпион атанып, жол талғамайтын көліктің иесі атанар екен? Жұлдыздар арасында бокспен тұрақты түрде айналысамын деп сұхбат беріп жүретін жігіттер де бар бұл сайыста. Еркін Мәулен бір сұхбатында«Студент кезімде бұзық болдым, күнде қызыл қанның ортасында жүрдім, кісі өлтірмесекте өлімші қылып сабаған кездер болды» деген сынды сұхбат беріп еді бір бағдарламада. Мынау қазір жыртатын шығар деп отыр ем,өзі жыртылып қалды. Кімнен екенін ұмытып қалдым.
Алдағы уақытта осы шоуды тамашалай қалсаңыздар осы жерде талқылай отырсақ деген ой ғой менікі.
Кейін жүргізушілер жеңімпаз әншіні сахнаға «Сахнада өздеріңіздің сүйікті әнші, сазгер, бокстан чемпион ұлдарыңыз Пәленшеев Түгенше» деп шақыратын шығар.

Жездейдің суреті алынған жер.
Әрі қарай

Қоштасу

Кірпігіңнен аққан тамшылар
Иығыма менің тамады
Маған мүмкін өкпең бар шығар
Бұза алмаған қорған-қамалды

Кінәлап өт мейлі сен мені
Өткен күндер енді келмейді
Мекен етіп жүрек түкпірін
Сағыныш боп кеуде кернейді

Төбемізден тұрды Ай қарап
Бұлар енді қайтер екен деп
Үнсіз ғана Терек шайқалад
Мұның бәрі өтер-кетер деп
Әрі қарай

Шалдардың бәсі

Бала кезімде атамның атының артына мінгесіп тарауық намазына баратынмын. Соғысты көрген үлкендердің бір шетін көріп қалдым соның арқасында. Бірақ бұл жазбаның соғыс көрген шалдарға қатысы жоқ. Менің атам 1936-шы жылғы. соғыс кезінде өгізбен жер жыртқан, тас диірмен тартқан бала.Нағыз балалығын ұрлатқан буын өкілі…
Әрі қарай

Мен ойнайтын (ойнаған) ойындар

Біздің буын қуыспақ, тығылыспақ, соқыр теке, асық ойындарының түр-түрін ойнап өскен буын. Дала түгілі үйдің ішін қопарып ойнайтынбыз.Мүмкін, сол кездерде әр отбасыда кемінде 4-5 бала болатындықтан ба екен? Қазіргі ауылдағы балалардың бұл ойындарды ойнауы некен-саяқ. Қаланың 1-2 бөлмелі пәтерінде отырған балалардың халі тіпті мүшкіл ойын тарапынан қарастырар болсақ. Бізден кейінгі буын «Денди»,«Сега» сынды ойын құрылғыларымен сусындап өсті. Дегенмен айтпағым бұл емес.
Сонымен, сіздің компьютеріңіздегі сүйікті ойындарыңыз?
Мысалы, менде бірінші орында PES(футбол). Қолым боста бұл ойынды ойнаудан жалыға қоймаймын.Әсіресе жанымдағы адамды ұтып отырғанда.Құдай біледі кейін бұл ойынды балаларыммен бірге ойнайтын да шығармын.
Call of Duty сынды ойындарды да жақсы көремін. Бірақ, соңына жеткізген соң өшіріп тастаймын.Қайтадан ойнағым келмейді.
ГТА, Контрстрайк деген ойындарды меңгере алмаппын.Ойнағым да келмейді. Стратегиялық ойындарға миым жетсе шыдамым жетпейді немесе керісінше.
Ал, сіздер егер компьютерлік ойынды ойнайтын болсаңыздар қандай ойындарды ойнайсыздар?
Әрі қарай

Спартак. Кек.

Киноға рецензия жазып көрмеген ем.Бұны рецензия деп қабылдамаңыздар.
Сонымен, көз алдымызға көне Римдегі гладиаторлар шайқасын, Юпитердің бұтағын әкелетін «Спартак» сериалының жалғасы «Кек» деп аталады. 10 сериядан тұратын бұл бөлімнің алғашқы 6 сериясын тамашаладым.
Әрі қарай

Әйелден әдемі...

Әлемде әйелден әдемі бір нәрсе бар, ол-сөз! Қызыл сөзбен қала салып тастауға болады ғой.Бірақ, ең әдемі сөздердің көбі әйелге байланысты айтылады, мейлі ол қыз болсын, немесе АНА болсын, бәрібір әйел."Әуелі сөз жаратылды" деседі, сол сөздің әйел жаратылмай тұрып осыншалықты әдемі болғанына өзбасым сене алмаймын.

Әйелдердің сұлулығын сұлу сөзбен жеткізе білген, сендіре білген бірер үзіндіні ұсына кетсем. Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасында қолға түскен қалмақтың қызының сұлулығын былай суреттейді:
Әрі қарай

Шайтанның ақылы

Шайтанды шайтан деп қарағанымызбен олар да өз балаларына ақыл айтып, қамқорлық көрсетеді екен. Әке шайтан баласына ақыл айтып отыр дейді.
-Балам, мынау- от.Отқа түспе(шайтан оттан жаралған деп жатады ғой, неге қорқатындарын түсінбедім), күйіп өлесің.
-Мынау биік құзға да шықпа. Құлап өлесің.
Осындай ақылдарын айтып отырып бір адамды көрсетіп,
-Балам, анау қазақ. Оған да тақалма.Бір нәрсені бүлдірсе саған жаба салады-деген екен.
Расында да бізде «Шайтан азғырды» деген тіркес бар ғой
Әрі қарай