Чемпион әнші

18-ші наурыздан бастап «Хабар» арнасынан эстрада әншілері, актерлер өзара жұдырықтасатын (бокстасатын) «Чемпион» бағдарламасы көрсетіле бастады(халық таниды-ау дегендер, танымайтындар да бар).Әрине, блогқұрылтайда шапқылап жүрген Сіздерден «бұны көрдіңіздер ме, тамашаладыңыздар ма?» деп сұрауымның өзі ерсі. Блогқұрылтайға бара алмай қалған менің өзім көрмедім бұл жобаны.Тек «Ютуб» арқылы бір-екі кездесуді тамашалағанымды мойындаймын.
Ресейлік жұлдыздар жұдырықтасқан «Король ринга» бағдарламасының біздік нұсқасы.Шоудың басы-қасында жүрген өзіміздің Владимир Рерих жездеміз.Дегенмен, кім чемпион атанып, жол талғамайтын көліктің иесі атанар екен? Жұлдыздар арасында бокспен тұрақты түрде айналысамын деп сұхбат беріп жүретін жігіттер де бар бұл сайыста. Еркін Мәулен бір сұхбатында«Студент кезімде бұзық болдым, күнде қызыл қанның ортасында жүрдім, кісі өлтірмесекте өлімші қылып сабаған кездер болды» деген сынды сұхбат беріп еді бір бағдарламада. Мынау қазір жыртатын шығар деп отыр ем,өзі жыртылып қалды. Кімнен екенін ұмытып қалдым.
Алдағы уақытта осы шоуды тамашалай қалсаңыздар осы жерде талқылай отырсақ деген ой ғой менікі.
Кейін жүргізушілер жеңімпаз әншіні сахнаға «Сахнада өздеріңіздің сүйікті әнші, сазгер, бокстан чемпион ұлдарыңыз Пәленшеев Түгенше» деп шақыратын шығар.

Жездейдің суреті алынған жер.
Бөлісу:

15 пікір

Rafaello
Кеш болса да жетті бізге де

Екі қызылордалық Кішкенбаев пен Достың боксын көргім келеді.
ErNur
Чемпион Орда тобындағы Дастан Оразбеков болдып, джипын әлдеқашан алып алған. Жүйткітіп мініп жүр немесе сатып жібергенде болар ендігі
Abilakim
Екінші атаман кім болды?
ErNur
Оны білмедім, бірақ чемпион Дастан болған
omarbirat
Шет-жағасын естігенім болмаса, көрмедім.
Gulistan
Бейбіт Қорған қатыса ма екен?
asaubota
ол бірден Олимпиадаға қатысайын деп жатыр
aza
Дастан Оразбеков чемпион болады, Арай дуетінің әншісі Рысбек Аташевті финалда жеңіп! Баяғыда болған бокс қой… Көрсеткенде қазір болып жатқандай қылып жарнамалайды)))
Abilakim
біз қарапайым көрермендерміз ғой. Тұманбай Молдағалиев қайтыс болды деп бугін көрсетсе, ертең айтып отырамыз
chimaq
Mende kordim,aiqyn chempion bolsa dep edim...
Abilakim
Пах-пах еткізсе деп ойладыңыз ба?
madickisbig
енді қазақ эстрадасындағы нәзік жандарды бір-бірімен төбелестіру керек, Роза Рымбаева версус Нағима Есқалиева, Баян Есентаева версус Мерверт Балтабай т.с.с.