Көк шаңғы мен көк шана

Коньки туралы жазба балалық шағыма саяхатқа тағы бір жіберіп алды мені. Әйтеуір бір туған күніме аудан орталығында жұмыс істейтін әкемнің інісі шаңғы алып кеп берді.Әлі есімде, бас жағында аққаланың суреті бар болатын. Кішкене ғана шаңғы.Кішкене таяқшалары бар. Сол шаңғыны 7-ші класқа дейін тепкен болармын. Теледидардан көргенімді істемек болып, төбешіктің орта тұсына фанерді бір шетін көтеріңкіреп қойып қоятынмын. Әлгінің бетін қар басқанда кәдімгідей секіріп қызықтаушы едім. Көрші Ербол атты бала екеуміз тауға да шығатынбыз шаңғыларымызды сүйретіп.Талтаңдап шығып, жүйіткіп түсуші едік.Шаңғымен жүгіру, анау-мынау жүрістерін меңгеру дегенді ешкім үйретпепті, солай білмей кеттік қой.
көк шанам болып еді. Жаны берік өзінің.Үстіне екі «фләк» қойып алып су да тасимын. Таудан да сырғанаймыз. Ақыры бір күні бұты талтайып кетті.Сырғанасаң бір жағына қарай қисая беруші еді.
Суретке сілтеме
Әрі қарай

Еске түскен мультфилм

Баяғыда шамалы болса да қазақша мультфилмдерді беріп тұрушы еді көк жәшіктен. Есімде мына бір мультфилім қалып қойыпты. Бір шалдың неше ұлы болатынын білмедім. Әйтеуір бір ұлына ашуланған шал басың ауған жаққа кет деп етігін лақтыра ма әлде қолын сілтей ме әйтеуір сондай бірдеңе болады. Содан Бекболат атты әлгі кейіпкер әкесі нұсқаған жаққа тартып отырады. Жолай түрлі оқиғаларға кезігуші еді.сондай қызығушылықпен көрілетін мультик еді дә. Соны тауып алып ауылдағы іні-қарындастарыма көрсетсем деп едім…
Әрі қарай

Толған ай мен жарты қызыл крест

Мен түсті сирек көретін адамдардың қатарынан едім. Мына түсім қызық енді былай… Түсімде бір ұйым құрыппын және сол ұйымның басшысы екенмін. Ұйым қайырымдылық шараларымен айналысатын секілді.Нақты білмейм,әйтеуір эмблемамызда толған ай мен жарты қызыл кресттің суреті бар екен. Жиналысты бастай бере оянып кеттім. Ұйымның мақсаты не, не үшін жиналыс жасап жатқанымызды білмейц оянып кеттім.
Әрі қарай

Хан,сурет һәм суретші

Баяғы бір заманда Қарахан атты хан болыпты. ағын ғана мемлекетті басқарып отырсада өз маңайындағы басқа елдерді шошытып, ара-тұра шабуылдар жасап ықтырып алады екен. күндердің күнінде бір патшаның қызы Қараханнан өз суретін беріп жіберуді өтініпті. Хан өз еліндегі суретші атаулының бәрін жинапты. Қарахан оң жақ қолы кеміс, бетінде ақтаңдақ дақтары бар жәнеде ақсақ адам екен(соғысып жүріп жаралады ма,әлде туайы солай ма білмеймін.Әйтеуір екінші топтағы мүгедек болған ғой). Кімде-кім суретін өзі ойлағандай салып берер болса соған ат басындай алтын беретінін жариялапты. Суретші біткен ханның суретін салуға кірісіпті. Жарқыратып, асқақтатып, айбынын асырып, кемдігін жасырып салған суретшілерді де, өз кейіпі қалай болса суретке де солай салған суретшілерді де жазалапты.Бірін асыпты, енді бірін ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіртіпті. Ханың ауласы қан сасыпты. Не керек елде суретші қалмады-ау деген шақта «Мен салып беремін» деп он үш-он төрт жасар түбіт мұрт бозбала келіпті. Мұны естіген ел-жұрт "Өледі-ау байғұс бала"-дан басқа түк айтпапты. Содан бала суретін салуға кірісіпті. Бір сағат салды ма, бір күн салдыма,әлде бір апта ма нақты дерек жоқ (анығы ешқандай фотошоп пайдаланбағаны). «Суретіңіз дайын, хан ием!». Қарахан бала салған суретті қолына алып, бір бозарып, бір қызарып қарапты. Арғымаққа мінген ханның қыстың көзі қырауда аңға шыққаны бейнеленіпті. Оң қолының кемісін садақ тартып тұрғанымен білдірмей жіберіпті. Кемсітті деуге де келмес. Бетіндегі ақтаңдақтарды жапалақтап жауған қармен жасырыпты (қар бетке жабысады ғой енді). Атта отырғандықтан сол аяғының қысқалығы да білінбей кетіпті. еш әсірелеу де, кемсіту де жоқ. сөйтіп Қарахан өнерлі өренге ат басындай алтынын беріп шығарып салыпты. Қызын бермепті. Соған қарағанда үйленбей жүріп қалған ханға ұқсайды.

ПыСЫ: Аңыздың желісі ақын Жұматай Жақыпбаевтың «Хан суреті» атты өлеңінен алынды. Өлеңнің сөңында бұл аңызды оқысаң, басқаларға айта жүр делінген екен. Ақынның басқа өлеңдерін оқып жүргеніммен, мына өлеңін оқымаппын.
Әрі қарай

Пойыздың шопыршысы...

Барлық қазақ ауылдарының үстінен темір жол өтпейтіні белгілі. Бірақта көп аудандарда темір жолдардың бары рас. Біздің Қарағанды облысының кей аудандарында темір жол жоқ.Сол себепті ауылдардың балалары пойызға әскерге кетіп бара жатып бірінші рет мініп жатады(Разъездердің баладары мектепке пойызбен баратынын айтпай-ақ қояйын). Мектептен кейін оқуға түскендері «общий» вагондар арқылы пойыздың не екенін біліп алады. Не оқуға түспеген, не басқа жаққа пойызбен қыдырып бармаған бір ағамыз (1975-ші жылғы) өзін әскерге шығарып сап тұрған жігіттерге :«Жігіттер, пойыздың шопыршысы қай жерінде отырады, жолда дәрет қысса...» десе керек…
Әрі қарай

Халық жауларының ұрпақтары...

Ертең сонау қуғын-сүргін жылдарының құрбандарын еске алу күндері. Бұл жылдардың жұрттың жүрегіне салған жарасы жайлы айтқанымызбен салмағын сезіне алмаспыз. Менің әкемнің әкесі (атам) Халық жауының баласы. Әлі күнге есіне алып айтып отырады. Бала
Әрі қарай

Кім кезекші???

Мектепте кезекші деген ұғым болушы еді. Кім кезекші болса, сол тақтаны сүртіп кластың тазалығын сақтайтын болуы керек. Ол ұғым ұлдар арасында сақтала бермейді. 11 жыл оқығанда білгенім осы. Кезекшілікті тек қыздар атқаратын еді біздің класта. Жұмағали деген жуас мұғалім болатын. сол кісіі жынды қыла беруші едік. «Жұмалағи» деп дыбыстаушы едік, тақтаға бірдеңе жазып тұрған кезінде.
Алтыншы не жетінші кластағы кезіміз. Сол кісіге қатты қиянат жасадық. Балалық-ай, десеңізші… Тақта сүртуге арналған судың банкісіне кластағы он ұл кіші дәретке отырдық. Мұғаліміміз келді, тақта шимай-шимай.
-Кім кезекші?
Біз үнсізбіз,қыздарда да үн жоқ. Кім сүрте қойсын андағымен… Ақыры өзі сүртпек болды. Трәпкені алып, сулап сүртуге кірісті. Сәлден соң артына бұрылып,
-кезекші, тақтаны сүртпесең де суды ауыстырмайсың ба? Сасып кетіпті-дегені…
Ауылға барған кезімде ол кісіге сәлем беруге әлі ұяламын…
Әрі қарай

Біз оқыған оқулық

Қазіргі оқушылардың қандай оқулықтар оқып жүргенінен хабарым жоқ. Біз кезінде Чапай болып Щорс болып ойнаған соңғы ұрпақ шығармыз бәлкім. Біздің «Ана тілі» кітабымызда Тоқаш Бокин, Ғани Мұратбаев, Әліби Жангелдин сынды қаһармандар жайлы әңгімелер болушы еді. Қазіргі оқушылар бұл кісілер жайлы біле ме екен?Әлде бұл кісілер оқулық тұрмақ тарихтан ысырылып тасталды ма екен? Мүмкін мен шатасып отырмын ба,үйлеріңізде мектепте оқитын оқушы балалар болса оқулықтарында бар ма екен қарай салыңыздаршы.
Әрі қарай

Патриоттық ән

ІБзде патриоттық әндер жетіспейді деп жатамыз көбіне. Әскердегі сарбаздарымыздың "Қызыл гүлім-айды" сапта орындап жүргендері де жалған емес." Алтын күн аспаны"-латушы еді, оны да Әнұран қылып жібердік. Төмендегі әнге пікір жаза отырыңыздар!
Досымжан Таңатаров пен «Аламан» тобы

Әрі қарай