Көзге тышатын шыбын
Бізден екі жас үлкендігі бар ауылдасым бала кезінде «көзің неге қисық?»деп сұрағанымызда «көзіме шыбын тышып кеткенде насыбайды көп тамызтып жіберген» деп түсіндіретін. Рас-өтірігін кім білсін.Бірақ әлгінің марқұм әкесінің екі көзі екі жаққа қарап тұратын.
Әйтеуір біздің Жаңаарқа көлемінде «Көзіме шыбын тышып кетті» десе ешкім таңқала қоймайды.
Әрі қарай
Әйтеуір біздің Жаңаарқа көлемінде «Көзіме шыбын тышып кетті» десе ешкім таңқала қоймайды.

Бұл біздің ауылдағы үй. Өзіміз «Ақорда» дейміз, себебі атамыз бен әжеміз осы үйде тұрады.
Ауылдағы іні қарындастарым. Сары көйлектегі менің ұлым Ринат.
«Адамның күні адаммен, жануарлардың күні мал дәрігерімен» деген қағиданы қос қолдап ұстап алып, мал дәрігерінен сұхбат алуды жөн санадым. Көп іздеп әуре болғаным да жоқ. Көптен бері ойымда жүрген бір адам бар еді…
Менің өзім де бизнестің бұл түріне басында кіргендер табысқа кенеліп алғандар, қалғандары елес қуып жүргендер дейтіндер қатарынанмын. Бірақ, Балқаштағы апам (әпкем) 2013-ші жылдың ақпан айында Орифлейм дейтін біреуіне кірген екен. Қандай жанкештілікпен еңбектенгенін мен білмеймін. Дегенмен, ана жолы қаламызға сапарлатып келгенде тура осы желілік маркетинг арқылы қанша табыс тауып отырғанына көзім жетті. Айына мың доллардан артық табыс кіргіземін дейді. Әскердегі шендер секілді бұл кісілерде де өзіндік дәрежелер бар еен. Апам-директормын дейді.