Алтын ордам - Балқашым!
Өзімнің туып өскен жерім, қасиетті мекенім Балқаш қаласы жайлы ой-өрбітейін деп отырмын. Қарағанды облысынан 380 км шақырымда орналасқан. Ең алғаш 1931 жылы Прибалхашстрой кенті ретінде қаланған. Кейін 1937 жылдан бастап Балқаш қаласы деген статусқа өзгертілді.
Балқаш қаласы несімен ерекшеленеді? Әрине, ең алдымен көз алдымызға мөлдір-таза көлі елестейді.
Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі, оңтүстік-шығысында орналасқан. Аумағы жағынан Каспий, Арал теңіздерінен кейін үшінші орында. Орташа тереңдігі 5,8 метр, ең терең жері 26 м. Батыс бөлігіне Іле, шығыс бөлігіне Қаратал, Ақсу өзендері құяды. Жаз айында еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті Ресейден, Қытайдан туристер келіп демалады. Қаламыз мұнысымен ғана шектелмейді.
Оңтүстік-шығысында 60 км жерде Әулиетау деп аталатын тау желісі бар. Бірақ қала тұрғындары «Бектау ата» деп атайды. Оның жанында Ұраңқай деген шоқы бар. Таудың шыңы 1000 метрге дейін жетеді, ал ұзындығы 4000 га, оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан.
Бектау ата тауының күн батыс жағында "Әулие" деп саналатын үңгір бар. Үңгірдің жалпы ұзындығы 45-48 метрге дейін жетеді. Суы мөлдір, таза, өте салқын және түбі лай болып келеді. Кезінде Бектау ата үңгіріне ауру адамдар, бала көтере алмайтын әйелдер басына түнеп, құрбан шалып, Құдайдан тілеген тілектерінің орындалуын сұрайтын қасиетті орын болған. Ал, қазіргі уақытта бұл жан-жақтан келетін туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат әлемінің ерекше бір туындысы болып қалыптасты. Және де мұнда балалар демалатын жазғы лагерлер жұмыс істейді.
Сонымен қатар, шаһарымызда «Балқаш кен-металлургия» комбинаты бар. Мұнда алтын, күміс, платина және т.б. түсті металдар шығарылады. 1997 жылдан бастап "Қазақмыс" корпорациясының құрамына кірді. Аймақтан мыс кенін шығаратын 4 кеніш жұмыс істейді. Олар: Қоңырат, Саяқ-1,2,3. Бұлардан басты пайдалы компонент — мыс, молибден, алтын өндіреді.Қаламызда 20 шақты білім ордасы, денсаулық сақтау орталығы, кітапханалар, мұражайлар және де жастарымыз бос уақыттарын тиімді пайдалануға арналған "Өнер мектебі", «Спорт кешені», «Оқушылар сарайы», бассейндер бар.
Ал, орталық алаңында Ағыбай батыр ескерткіші орналасқан, сонымен қатар Мұхтар Мағауин атындағы мәдениет сарайы бар. Қаламызды қай жағынан алып қарасаң да мақтауға тұрарлық. Бірақ, ең басты деп саналатын киелі жерлері туралы жаздым. Оқып отырғанның өзінде көз алдыңызға бейнесі елестейтіні хақ. Қаламыз жылдан-жылға дамып, өсіп-өркендеп жатыр. Еліміздің үлкен бір алып қаласына айналатына сенемін.



Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді. Бүгін сағат 18:00-де «Тілеп» қобыз сарайында Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасы өтеді.




1928 жылы Ф.И.Голощекин бастаған «Кіші Қазан» реформасының салдарынан Республикадағы мал басы саны 45 миллионнан 4,5 миллионға азайып кетті. «Асыра сілтеу болмасын! Аша тұяқ қалмасын!» ұранын бетке ұстаған шолақ белсенділер қазақ шаруаларының қолындағы малдың бәрін етке өткізген болатын. Оларды орталыққа тасымалдайтын көлік болмағандықтан, үйілген етті өртеп отырған. Бұл біріншіден адамдардың ашығуына алып келсе, екіншіден, мал басы санының азаюуына соқтырды. 1928-1932 жылдары Қазақстанда адам мен мал ресурстары адам сенгісіз дәрежеде азайып кеткен. Оның орнын толтыруға ұзақ жылдар қажет болды. Тек соғыстан кейінгі жылымық дәуірінде ғана республика бойынша мал шаруашылығында өсім байқалған болатын. Бірақ, ол ұзаққа бармады. 1954 жылы «Тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылды. Оны да шолақ белсенділер көтеріп әкетіп, мал шауашылығына пайдаланылып келген шабындық және жайылымдық жерлерді жыртып, егін салды. Көптеген агрономдардың қарсы болған пікірлері ескерілмеді. Нәтижесінде мал азығына қажетті жер ресурсының болмауынан бұл сала кенжелеп қалды.
Расында бұл бағдарлама дер кезінде қабылданған болатын. Сонау тың игеру басталған жылдары дүрмекке ілесіп, егін салумен айналысып кеткен совхоздар біртіндеп мал шаруашылығына қайта бет бұра бастады. Неге? Себебі агроном мырзалардың болжағаны келіп, бей-берекет жыртылған жерлер бір-екі жылдан соң түсім беруді қойды.
«Ел тілегі — елу миллион» ұраны шын мәнінде шопандар арасында бәскененің басты нысанына айналды. Жақсы нәтиже көрсетіп, төлді көп алғандары мақтау мен мадақтаудың астында қалған. Кейбір кісілерге «Социалистік еңбек ері» атақтары беріледі. Бұдан бөлек озат шопандар үнемі түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталып отыратын. Төл алуда жақсы нәтиже көрсеткені үшін менің атам екі рет мәшине алған.
Мал шаруашылығы қазақ халқының ежелден маманданған саласы болатын әрі жеріміз де қой өсіруге оңтайлы еді. Алайда жобаның жетпей жатып желкесі үзілді. Одақтың шаңырағы шайқалып, Горбочевтің басынан бақ таяған соң нұсқаумен жүріп үйренген софхоздар әрі қарай не істерін білмей дағдарысқа түсті. «Бармақ түгіл бас қайғы» болған тұса, оларға нұсқау беріп жөн сілтеген жан болмады. Совхоз мүлкін әркім өз ыңғайына қарай талан-таражыға салған. Пысықай шопандардың бір бөлігі малдың бәрін басып қалып, өз алдына жеке шаруашылық құрып алады. Ал енді бір бөлігі үкіметтің қаржыландыруынсыз қалған совхоз қажеттілігін өтеу (жанар-жағар май, техника бөлшектері, айлық) мақсатында арзан бағаға сатылымға қойылады. Бұдан аман қалғанын кезінде комсомолдық жолдамамен қойға қуылған жастар араққа айырбастап құртады. Сол малды өсіріп-өнідірген шопандардың кеудесінде салдыраған темір мен қолдарында жарамсыз алғыс хаттан өңге дым қалмаған. Бұған наразы болған қариялар біраз жерге шапқылап, малды аман алып қалуды сұрап басшылыққа жалбарынады. Бірақ, олардың сөзін елеп-ескерген жан болмаған. Айтар ақылын тыңдар құлақ таппай сабылған ақсақалдардың жайы күйі туралы "Қой мен гүл" әңгімесінен оқысаңыз болады. Біздің ауылдағы қариялардың да күйініші сол, миллионға жетеміз деп жиған малдың ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетуі.







