Жарияланымдар

TOTY
Нұрбергеннің жазбасын оқып, өзімнің көктемдерім, өткен өмір туралы кітап жазғым келіп кетті…
TOTY
Түсініктемелерім жарияланбапты суретке қоса тіркеген))))

1) Алғашқы футболка
2) Тіркеуде таратылған дүниелер…
3) «Азаттықтан» естелік…
4) Мақпалдың (Шайхистамова) Дубайдан әкелген базарлығы І Құрылтайда. Екіншісі, Айконадан естелік. ІІ Құрылтайда таратқан.
5)Кітапханамызды толықтырған жинақ
6) Естеріңізде болар… бұл фоторама алғашқы құрылтайдан
7) Астанада өткен құрылтайдағы бейдж. Сырты қолды болып кетіпті…
8) Абайдың қара сөздері.
Соңғы түзету:
TOTY
Сигманың жазбасы әсерлі шығыпты. Мен алғаш рет ғаламторға аяқ басқан кезде материал жолдаған сайтым Арулар.кз еді. Аршат админ, ұмытпасам Лола редактор болатын.
TOTY
"Қайдасың Гауһар?". Мына тізімді көріп, мектеп қабырғасында оқығаным енді есіме түсті.Қайталап оқу керек екен. Ауылдан көшерде былтыр талай кітапты сыймайды деп тастап кеттік. Ата-анамыздың жиған кітаптары еді.
TOTY
Атақ құтты болсын, Ләзтай  Өкінішке орай, биыл құрылтайға қатысу бақыты бұйырмай кетті… сарқыт әкелген де адам болмады, Астанаға келгелі біртүрлі ғұмыр кешіп жатырмын..
TOTY
Иә, Ерекеңнің жазбасынан кейін,өткен екі блогқұрылтайдағы көп қаракөздердің қайсын елестетсем болады деп…
TOTY
Нағыз блогшының стилі! Жазбаңды түн жарымында оқып...«көзге жас келді...»!
Шындығында, блог жазу адамды жан-жақтылыққа икемдейді. Блогтың арқасында достарың да көбейеді. Қазақ блогосферасының іргесінің жылдан-жылға беки түсуіне де, биылғы өткелі отырған үшінші басқосу дәлел!
TOTY
Маған да ұнады… ертемен жұмысқа келгенде, мынау суреттер біртүрлі көңілімді марқайтып тастады…
TOTY
Батырдың «стилін» түскі үзілістен келіп оқып, ас тарқаттық
TOTY
Қазақта "Қыз мұраты-кету" деген мақал бар ғой. Меніңше, қыз бала «тұрмыс құру» туралы ерте бастан ойлап, мақсат қоя білу керек. Бір шаңырақтың түтінін түтететін жауаптылықты жас кезінен сезініп, іштей дайын болуы тиіс. Мен өз басым сұрақ қойған елге осылай жауап қатамын.
Кейде, тәрбиеге де байланысты. Мысалы, көп отбасында осы тақырыптағы әңгімелер ана мен қызы арасында өрби бермейді. Бала анасына қашанда бала болып көрінеді деген сияқты.
Ал қазіргі жастарды, жарайды, ата-анасы барын шашып, үйлендіреді. "Үйлену оңай-үй болу қиын.." демекші, оларда әуелі баспана жоқ, қайда қарасаң пәтер жалдап жүрген жас отбасылар. Одан балалы-шағалы болады. «Жас отбасыларға» қатысты тұрғын үй бағдарламаларына біршама жеңілдіктер қарастырылса, яғни мемлекет тарапынан аз да болса қолдау көрсетілсе жағдай жақсара түсері хақ.
TOTY
Мен 2006 жылдың күзінде ең алғаш телеарнаға ауысып келгенде интернетке қол жетті. Алғаш есігін ашқан қазақ сайттары Massagan.com, Arular.kz сайттары, қазақ тіліндегі санаулы блогтар еді.
TOTY
Ләззат,әсерлі жазыпсың. Нәзік апайдың «Еларнаға» келіп, сұхбат беріп отырғанында «Ақын ғой...» деген екі сөзге күйеуіме деген құрметті сыйдырып келемін" деп еді.
TOTY
Дәл қазір мен үшін арман «Астана-Софиевка» көк тайғақ тас жолымен күнделікті жұмыс пен үй арасына аман-есен жету… болды…
TOTY
Бұйыртса, көре жатармыз. Бару жоспарда бар негізі.
TOTY
Қисықтың қатал ұстаз екенін білмеппіз)) Қош келдің!
TOTY
Мен Астанаға келгелі "өмірден артта қалып жүрмін...", бұл жиынның өтіп жатқанын кеш естідім.