Kерек өсек
Керекинфоның керектігіне кәміл сендірген Қисық аға бізге керек пост жазып келуге тапсырма берді. Егер жазбасақ, жаза жаман: сабаққа кірмейтінімізді, ай-жүзін көрмейтінімізді ескертті. Жалмауызға да жан керек емес пе, бұны құптаған біз, кешеден бері керекинфоны кезіп жүрміз. Содан керекинфо туралы біраз қауесетті құлағым шалып қалды. «Керекинфошылар пост жазғанда құсып жазады екен, егер мен жазсам троллдер қуып жүріп комментпен атады екен деп. Қиын, қиын. Егер біреудің ызасына тисең виртуалды өмірден ерте кететініңді де есіме салды. Бұрын тіпті, жазбаңды жабылып ұрып кетеді екен. Тұла бойымның түршігіп отырғанын көрген группаластарым, қазір ол ардагерлердің көзі құрыған, олардан тек текті төрт тролл қалған деді. Ашуларына тисең, атыңды ұмыттырып, кектендірсең көзіңді таппай қаласың дегенді тағы қосты. Содан Керекинфоға көзімді сығырайтып қарап жүргем, кіргенімді біреулер байқап қойса, бастарын шайқап қойса, шаруамды шайқалтып жіберер деп…
Қасқырдың апанына келіп, бөрінің бөлтірігімен ойнап тұрмын-ау дим.))
Керекинфоға кіргеніме қуаныштымын.
Бүгінгі шымылдықтың ашылуна арналған постқа аса мән бермеңіздер!
Қасқырдың апанына келіп, бөрінің бөлтірігімен ойнап тұрмын-ау дим.))
Керекинфоға кіргеніме қуаныштымын.
Бүгінгі шымылдықтың ашылуна арналған постқа аса мән бермеңіздер!
осыған да шүкiр. орныбасылмайтын адам болмайды. қай сайт өшсе де керек өшпесiн. себебi ол бiзге керек.
сол, 2012-нің аяғынан бастап суып кетті. күрес сылбыр жүруде ))
сондықтан сіз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға тап болдыңыз-ау осы ))
түзету фуекциясын көре алмай тұрмынЖә, екі бетің алмадай, өзің бір жүзі жылы қыз екенсің, қарап отырмай ойыңыздың бағытын сынай отырайық, бір кішкентай пойыз теміржолмен жүйткіп келе жатады, пойызда бір-біріне ғашық, сүйкімді қыз бен сұлу жігіт ғана отырады. КЕНЕТТЕН! БАсты жолдың бойында бір вагон тас көрінеді. Ал екінші жолда бір мас алқаш қисалаңдап кетіп бара жатады. Енді сұрақ. Бағыттаушы пойызды екінші жолға бұрып, мас ішкішті құрбандыққа шалуға адамгершілік құқы бар ма? (иә, немесе жоқ деп жауап беріңіз, неге екенін түсіндіру міндет емес
«Біз, Мансұр екеуіміз — қазақпыз!»бәріміз қазақпыз. бөтен жерде отырған жоқсыз: Қазақстан, қазақ жастары, қазақ сайты, қазақша әңгіме-дүкен құру… сыпайылық танытқаныңыз жақсы, әрине, одан да келіңіз, қосыла отырыңыз. қандай өнеріңіз бар? ән? би? күй? ))