Kерек өсек

Керекинфоның керектігіне кәміл сендірген Қисық аға бізге керек пост жазып келуге тапсырма берді. Егер жазбасақ, жаза жаман: сабаққа кірмейтінімізді, ай-жүзін көрмейтінімізді ескертті. Жалмауызға да жан керек емес пе, бұны құптаған біз, кешеден бері керекинфоны кезіп жүрміз. Содан керекинфо туралы біраз қауесетті құлағым шалып қалды. «Керекинфошылар пост жазғанда құсып жазады екен, егер мен жазсам троллдер қуып жүріп комментпен атады екен деп. Қиын, қиын. Егер біреудің ызасына тисең виртуалды өмірден ерте кететініңді де есіме салды. Бұрын тіпті, жазбаңды жабылып ұрып кетеді екен. Тұла бойымның түршігіп отырғанын көрген группаластарым, қазір ол ардагерлердің көзі құрыған, олардан тек текті төрт тролл қалған деді. Ашуларына тисең, атыңды ұмыттырып, кектендірсең көзіңді таппай қаласың дегенді тағы қосты. Содан Керекинфоға көзімді сығырайтып қарап жүргем, кіргенімді біреулер байқап қойса, бастарын шайқап қойса, шаруамды шайқалтып жіберер деп…
Қасқырдың апанына келіп, бөрінің бөлтірігімен ойнап тұрмын-ау дим.))
Керекинфоға кіргеніме қуаныштымын.
Бүгінгі шымылдықтың ашылуна арналған постқа аса мән бермеңіздер!
Әрі қарай