Қазақ сайт редакторлары Астанада бас қосты
Виртуалды әлемнің әміршілері Астанада бас қосты. Әлемдік тордың қазақы контентін қалыптастырып жатқан бұл аудитория бұрын да талай кездескен. Бұл жолғы шараға билік көңіл бөлді, шараны өткізуге «Нұр Отан» ХДП бастамашы болды. Әр кездесудің бір себебі бар, бұл жолы қазақтілді сайттардың бас редакторлары, яғни мамандар тілімен айтқанда «админдері» кездесті.
Талқыға түсер тақырып та, айтылар әңгіме де ауқымды. Ұйымдастырушылар осыны ықшамдап үш мәселенің маңына топтастырған. Қазақы неттің сапасы, қазақтілді контент және латын әліпбиінің жайы. Сапа демекші, 3 жыл бұрын қазақша сайтқа айына 5 мың адам кірсе,, ол аса мықты саналатын.
Қазір бұл сан күлкі туғызады, қазақы ғаламторда күніне 10-15 мың адам кіретін сайттар бар. Ербол Серікбай осындай сайттың қожайыны. «Қазақтілді сайттың қолданушылары 1000 нан аспайды» деген пікірге түзету енгізген мықты маман.
Ербол Серікбай, «Сұрақ-Жауап» сайтының жетекшісі:
40 мың қолданушымыз бар, 106 мың жауап бар және 17 мың қолданушымызбен мақтана аламыз.
Ал қазақы контент мәселесі – Тимур Бектұрдың тақырыбы. Қазақы нет қолданушысының таным аясын кеңейтуде тынымсыз тер төгіп жүрген ол өз күшімен онлайн журнал шығарады. Аты да ерекше, «АйТи тірлік». Тимур: «әр қолданушы өзін тек қазақы неттің оқырманы емес, контент толықтырушысы екенін ұмытпауы тиіс», — дейді.
Тимур Бектұр, «IT Tirlik» онлайн журналының бас редакторы:
Қаласын-қаламасын комп алып, инетке кірген адам – контент жасаушы. Кейбіреулер мәселе көтереді: «қазнетте неге анау жоқ, неге мынау жоқ» деп, бұл орынсыз. Интернетте бастық жоқ, қызметкер жоқ, әркім өзі жасауы керек.
«Латын әліпбиіне көшу – қажеттілік! Алайда асықпау керек, қазаққа ғана тән қ, ұ, ң деген әріптерді жоғалып алмау маңызды. Бұл – «Керекинфо» сайтының бас редакторы, белгілі айти маман Аршат Оразовтың пікірі. Аршат Елбасының 2025 жылға дейін латынға көшу керек деген бастамасы осымен ұштасып жатқанын тілге тиек етті.
Аршат Оразов, «Kereknews.kz» сайтының бас редакторы:
Ортақ түркі әліпбиіне жақындатқым келді, қазіргі түрік әліпбиі негізінде жасадым, ерекше дыбыстарымыз жоғалып кетпеуін қадағаладым, ортақ негізгі әліпби жасалса, соған көшірем сайтымды.
Ғаламтор атүсті шолып шыққанға жат әлем секілді. Әркім әлі жеткенше шұқылап көреді, керегін алады. Бірақ ғаламтордың бергенінен беретіні көп екеніне, оның тілін тапқан қазақ баласының көзі жетті. Ендігі мақсат – мұндай ресурсты жалпы халықтық игілікке айналдыру.
Алмас АЛТАЙ
«Астана» арнасы
тиын істеу үшін не айтпайсың құрсын
Жігіттер жарап тұр. Өткен желтоқсан айында орта есеппен КІНДЕЛІКТІ 16000ға жуық келушілер кіріп, сайт беттерін 45500дей рет парақтаған. Бұл дегенің үлкен жетістік қой.
Тек тілшіден бе, сайт админінен бе аздаған қателер кеткен екен — дұрысында 40000 сұрақ, 17000 ТІРКЕЛГЕН қолданушы болуы керек.
www.kaztrk.kz/kaz/news/apta-kz/Kazak_sajttarinin_damu_bagiti.html#go