Үйлену. Қазіргі кездегі ұлдар мен қыздардың кеш тұрмыс құруы.

Кешіріңіздер!!
!

Қазіргі кездегі ұлдар мен қыздардың кеш тұрмыс құруы және оның себептері.

деген тақырыпта маған коллективтің ішінде, яғни «Айтуға оңай» деген бағдарлама секілді бір бағдарлама өткіз деп жатыр.Соған директорға дейін келемін деп қызығушылық танытып жатыр еді.Сіздерден өтініш маған бұл бағдарламаны қалай өткізген жақсырақ немесе қосымша ақпарат, нинтернеттен сайт аттары немесе әдемі — әдемі сценарийлар болып жатса айтып, бір сілтемелер т.б. жөн көрсете отырсаңыздар. Әйтеуір керекинфодағы азаматар мен азаматшалардың ойы менің ойымнан артық болмаса кем емес дегенім ғой
РАХМЕТ!!!
Қоғамдағы кәрі кыздардың көбеюі
Қоғамдағы кәрі кыздардың көбеюі

кейде алып қашудың пайдалары бар -ау?
1
Осындай көрністерге қарағанда Көз қуанады.
2

Бөлісу:

16 пікір

Beisek
екеуміздің ойымыз егіз екен. мен сол тақырыпты кеңінен қозғайын деп дайындалып жатырмын. әрине бірінші проблема — баспана
nurkanibek
иә әрине негізгі себептерінің бірі олда
temir1986
1. Болашаққа деген сенімсіздік. 2. Тәрбиеден. 3 Оқыған қыздардың көбейіп кетуі.
torgai
Есеп заман болған сияқты. Қатын алма қайын ал деген түсінік мықтап бекінді ғой қазір.
Abilakim
Сен өзі "Үлкенсің бе?"
nurkanibek
кім мен бе? бір адамның жасына келдім.))) 25 — темін
neoaskar
Азаматтық неке, бірін-бірі үй жалдап тұрып, қызық көру, зинаның көбеюі, есеппен үйлену, менсінбеушілік, байлыққа қызығу (байлыққа қызықпаймын деген қыздарыкі 80 пайыз өтірік), бірін-бірі лақтырып кету, қыздық белгінің болмауы, үйленгенге дейін болып қою, көп қой көп, осының барлығы проблема, үй болуға жеңіл қарау,
torgai
Жауапкершіліктен қашатындар көбейіп барады. Немесе, мен сияқты анаған жетіп алайын, мынаны бүйтіп алайын деп жүргендер. Туған апам сияқты інімді жетілдірейін, жұмысымда өсейін деп 30-н асқанша жүргендер қаншама…
neoaskar
Дұрыс айтасың, кейде үйдің үлкендері менен кейінгілер жетілсін деп жүріп қалады да, сол бойы қалып қоятындар да бар. адам өмірге келгеннен кейін ертерек үйлену керек екен, үйленген күннің ертеңіне бірден түсіндім ғой, үйлену қызық екенін
torgai
30-н асып үйленген бір жігіт: "Үйленген тема екен! Баяғыдан неге айтпай жүрсіңдер?!" деп достарына ренжіпті ғой
aza
Бір жігіттің Үйлену туралы пікірі: "Әй, со құрғұрдың түні болмаса, күндізі оңып тұрған жоқ-ау...)))"
a63a1
Түнінің өзіде енді… жас келе жас иіс аңсау дегендей ғҰойӘ?
TOTY
Қазақта "Қыз мұраты-кету" деген мақал бар ғой. Меніңше, қыз бала «тұрмыс құру» туралы ерте бастан ойлап, мақсат қоя білу керек. Бір шаңырақтың түтінін түтететін жауаптылықты жас кезінен сезініп, іштей дайын болуы тиіс. Мен өз басым сұрақ қойған елге осылай жауап қатамын.
Кейде, тәрбиеге де байланысты. Мысалы, көп отбасында осы тақырыптағы әңгімелер ана мен қызы арасында өрби бермейді. Бала анасына қашанда бала болып көрінеді деген сияқты.
Ал қазіргі жастарды, жарайды, ата-анасы барын шашып, үйлендіреді. "Үйлену оңай-үй болу қиын.." демекші, оларда әуелі баспана жоқ, қайда қарасаң пәтер жалдап жүрген жас отбасылар. Одан балалы-шағалы болады. «Жас отбасыларға» қатысты тұрғын үй бағдарламаларына біршама жеңілдіктер қарастырылса, яғни мемлекет тарапынан аз да болса қолдау көрсетілсе жағдай жақсара түсері хақ.
Tyulpan
шрифт әдейі үлкен алынған ба? ))
ruben
Бізде онша кеш үйленбейді ғой. Ондай үрдіс байқай қоймадым. Керісінше, қыздар кеш тұрмысқа шығады қайта. Оны да қыздардың жігіттерден саны көп болуымен түсіндіруге болады. Қалғаны — әлемдегідей құбылыс. Заманнан не озған, не қалып қойған емеспіз. Басқа себебін көре алмаудамын: бәлендей консерватив халық емес едік