Жарияланымдар

Мен де бір қазақ, ұлыңмын!

Қытайдағы шетелдік студенттердің бір-бірімен өзара араласуы және көптеген жағдайда түсінісіп кетуі тез де, ал керісінше осы елде қанша ұзақ жүргендіктеріне қарамастан, солардың басым бөлігінің қытайлықтармен соншалықты сіңісіп кетуі қиын. Және бір байқағаным – бәріміз бір қазақтың баласы болсақ та, Қазақстанның қазағы мен Қытай қазақтарының тіл табысуы да көп орындала бермейтін құбылыс. Бейне бір екі ел арасындағы шекара біздің сана-сезімдеріміз бен ой-түсінігіміздің де арасын бөліп тұрғандай… Неліктен бұлай?! Жақсы, мұның себебін бірі – орыс тілділер де, екіншісі – таза қазақ тілділер деп түсіндірейік. Ал қазақ тілінде таза сөйлейміз деген біз сияқты қазақтармен де неге қоян-қолтық араласа алмайды? (Немесе араласа алмаймыз?) Осы және қытай-қазақ қарым-қатынасы төңірегіндегі басқа да сауалдармен Жұмабекпен кездестім.
Әрі қарай

"Немересі Қасымның"

Білмеймін қай күн, бәлкім ол оның есінде?!
Жұмыстан қайтқан, әдеткі күннің кешінде…
Онысын қойщ, айтқым бір келген бұл емес,
Әйтеуір… жаз мезгілі екені есімде…
Әрі қарай

Едіге "әкеме"

«Жастайымнан» мені өсірді мәпелеп,
Қайда барса ердім, қалмай, әкелеп!
«Керекшілер» құрылған бір сол жылы,
Едігені айтушы едім "әке" деп!
Әрі қарай

Сіз қалай ойлайсыз?

Әдетте адамның мінез-құлқының дербес қалыптасуына оның шыққан тегі мен алған тәрбесі көп ықпал етеді.

“ беймәлім бейне”


Ал жергілікті, әрі ұлттық менталитет ортаға, қоғамдық санаға біршама тәуелді болса керек. Адамдармен араласа жүріп оның сөзі мен іс-әрекеті не болмаса әлденеге деген көзқарасын байқау арқылы оның қай өңірдің азаматы екенін білуге де болады. Ал сол екі өңірдің адамдарының кейде «бастары бір қазанға симай» қалып жататыны да рас. Сіз мұның себебін қалай түсіндіретін едіңіз? Бұл олардың арасындағы қарама-қайшы түсініктен бе, әлде оның қандайда бір себептері бар ма?
Әрі қарай

"Ұрланған жыр..."

Қажымұқан Абзалов
Қажымұқан Абзалов, айтыскер ақын


Сіздерге «Аламан» ұшырған тағы бір талантты таныстырғым келіп отыр. Қажымұқан Абзалов ОҚО, Бәйдібек ауданы, Шаянның тумасы. «Аламанның» табалдырығын он тоғыз жасында аттады. Айтысқа таланттыларды іздеп жүргенімде Қажымұқанды білетін бір адамдардан естіп хабарға шақыртқан болатынмын. Айтса айтқандай-ақ мінезі жайдары, ашық-жарқын жігіт екен. Жас та болса өзіндік айтар ойы, өзіне ғана тән ақындық болмысы бар жас айтыскерді көпшілік танып үлгермесе де, айтыстың айналасында жүрген біздер мұндай өренді танып, білгенімізге расымен де қатты қуандық. Кейін сөз өнерінің сахнасында талай сындардан өтіп, өз тыңдармдарының ықыласына бөленді.
Әрі қарай

"Сұраусыз қалдық па?"

Сайлаушы өз таңдауын жасап жатыр
Сайлаушы өз таңдауын жасап жатыр


Құдайдың қалауы, халықтың таңдауымен президентіміз қызметіне қайта сайланды. Сайлауға тақау қалған уақытта осындағы біраз қазақ елшіліктен ескерту келер деп күткен болатынбыз. Бейжіңнен хабар келмеген соң, өзім сайлауға екі күн қалған күні қай саулау учаскесінде тіркелгенімді білмек болып Орталық сайлау комиссиясының поштасына дерек алуға сұрау салып хат жолдадым. Оксанадан бірден «Деректерді алуға сұрау салуда тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, туған күніңізді, жеке куәлігіңіздің нөмірін немесе жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) көрсетуіңіз қажет» деген жауап келді. Мұнда тек паспортпен жүреміз… Ал жеке куәлігім өзіммен болмаған соң, қайта байланысудың мәні болмады… Бірақ, осында (Қытайда) халықтың жеке куәлігіне біздегідей тегі, әкесі және өзінің атын шұбыртып жазбаса да миллиардтаған жұрттың аттарын шатыстырып жатқаны туралы естімеппін. Сан бойынша Қытайдың бір қаласының тұрғынына шақ келмейтін біздің елде әйтеуір мәселе көп… Тегім мен әкемнің аты және есімі менікімен бірдей Қазақстанда тағы бір азамат бар дегенге өз басым сенбеймін. Жақсы бар делік, алайда ол адаммен туған жылымыз, айымыз, тіпті туған күніміз де бірдей болуы… қойшы, жақсы… Айтпағым, сол куәліктің нөмірінсіз де менің қайда тіркелгенімді табу қиындық туғызбаса керек еді… “ Оксаналар” тізімімен іздеуге құлықсыз да болған шығар…
Әрі қарай

Біләл: “Ұзақ жыл ел басқарғандардың түбінде жақсылық әкелмейтінін өмірдің өзі дәлелдеп келеді…”


Йемендіктер ереуілде


«Египет революциясымен» басталған Араб елдеріндегі түрлі толқулар Ливиядағы қанды қақтығыспен жалғасып, одан Йеменді де шарлағанына талай болды. Билікпен егескен халық ереуілге шығып, талай адам сол толқулардың құрбанына айналды. Айналып жатыр да… Ашыққан халықтың құрбандық жолын таңдаудан басқа шарасы жоқ. Ашынған жұрт өзінің билікке деген наразылығын қан төгіс арқылы көрсетіп жатыр. Төзімі таусылғандар кеудесін оққа төсеуден еш қаймығар емес. Бұл олардың ақырғы амалы, соңғы үміті.
Әрі қарай

"Сағындым сені"...

Менмұндалаған биік таулардың төскейінде туғандықтан ба, даланың сұлу табиғаты мені әлі күнге дейін өзіне
Менің ауылым (2009 жыл. жаз айы)
Менің ауылым (2009 жыл. жаз айы)


елітіп әкетеді де тұрады, шіркін. Маңайына жақындаған сайын тылсым дүние тынысымды ашып, көкірегімді керемет бір сезімге толтырып жібереді… Ондайда табиғат ананың құшағында қала бергің, қала бергің келеді ғой, тәйірі… Мейлі қыстың қақаған аязында барсам да, туған жердің топырағы қашан да мені ыстық ықыласымен құшағын жая қарсы алады. Алла мен ата-анамнан кейін, мені мейіріміне бөлеген де осы – туған жерім!
Әрі қарай

Қызықтан қалып қойдық

Қытайда вордпресске біраз шектеу жасалған сияқты. Бұрын оқып тұратын талай блогтарды аша алмай қалдық… Бүгін ашып тұрған бет, ертесі ашпай қалады. Аршат та себебін білмейді… Сөйтіп Құрылтайға қатысудың талап-ережелері жайында ақпарат ала алмай қалдым. Болмаса барып қатысып қайтудың амалын қарастыруға болатын ба еді. Асхатпен бір хабарласқанымда алдын ала өтініш қалдыру керектігін айтты, ал мен одан кешігіп қалыппын…
Не де болса бірқатар ақпарат құралдары мен кейбір азаматтардың блогтарынан құрылтайдың жақсы деңгейде өткенін естіп қуанып жатырмын. Қазақ тілінің туын көтеріп, ақпарат кеңістігіне тамшыдай болсын үлес қосып жатқандарыңызға ризашылығымды білдіремін! Істеріңіз жемісті болсын! Алла қаласа талай жиындарда жолығармыз!
Әрі қарай