Ойды тек біздер өлеңмен өріп тастайық
Өлеңнің көркі шашбауын таққан сөз емес…
Астарын ойдың оқитын біздің көз емес…
Адамның жанын жаншитын «түйін» болмаса,
Әдемі сөзден «сөз сарай» салу бос елес!
Дуалы ауыз ақыны елдің емеспіз.
Сын айтса жұрттар сен сөктің бізді демеспіз.
Ал қане қазақ, сөзіңді сайлап мұнда кел!
Себебі Қазақ, өлеңнен кенде емессіз!
Ғафу ет халық, көбіңді сөзге қоспасам,
Қаласаң егер бәріңмен мен де достасам.
Жауабын беріп, ойымды қосып тұрармын…
Жұмысым бітіп, сәтін бір күтіп… бос болсам.
Өлеңін оқып тұрамын кейде Қисықтың,
Қасында оның біздікі қыңыр, қисық тым…
Демекші қисық, түзу бір жолда жүрсек те,
Сеземін өзім көптеген іске «қисықпын»…
Қателік кетер деп мүлдем біздер саспайық,
Ойды тек біздер өлеңмен өріп тастайық
Ал олай болса өлеңді жалға, жанып кет…
Көп созбай қане, айтысты достар, бастайық!
Астарын ойдың оқитын біздің көз емес…
Адамның жанын жаншитын «түйін» болмаса,
Әдемі сөзден «сөз сарай» салу бос елес!
Дуалы ауыз ақыны елдің емеспіз.
Сын айтса жұрттар сен сөктің бізді демеспіз.
Ал қане қазақ, сөзіңді сайлап мұнда кел!
Себебі Қазақ, өлеңнен кенде емессіз!
Ғафу ет халық, көбіңді сөзге қоспасам,
Қаласаң егер бәріңмен мен де достасам.
Жауабын беріп, ойымды қосып тұрармын…
Жұмысым бітіп, сәтін бір күтіп… бос болсам.
Өлеңін оқып тұрамын кейде Қисықтың,
Қасында оның біздікі қыңыр, қисық тым…
Демекші қисық, түзу бір жолда жүрсек те,
Сеземін өзім көптеген іске «қисықпын»…
Қателік кетер деп мүлдем біздер саспайық,
Ойды тек біздер өлеңмен өріп тастайық
Ал олай болса өлеңді жалға, жанып кет…
Көп созбай қане, айтысты достар, бастайық!
Тағы бір айтыс тақырып,
пристойноболады деп сенемін)))Кетпенмен-клава айтыстың кенін қаздыңыз.
Тиянақты ойға тоқталмай кеткен ақынның,
Ақиқат сол, арты өрт те, алды мұз.
Етуден кенде емеспіз ғой… етейік.
Еткенде не ғой… әдемі жырға жетейік.
Тілі мен жағы сүйеніш болған, ағайын,
Тағы да бір айтысты бастап кетейік.
Көшейік бірден әдептілікке, сыпайға,
Онымыз болар оң баға келген ұпайға.
Ақындар бүгін айтысты бастап отыр ғой
@Asspan ақын оқып жүрген Қытайда.
Маңызды емес деңгейі кедей-байыңның,
Мәлім маған күй-сипаты жайыңның.
Керекші, маған жауабыңды жаза кет.
Әу деуге мен әрқашанда дайынмын.
Демалыс орным, тау менен бөктер, бел елді…
Жетінші айда жол тартпақ елге ойым бар,
Менімен кімдер «Көлсай» қарай ереді?
Жатып қайту керек еді жағасында.
Ес білгелі естігенім осы көл-ді,
Нағашыларым мекен еткен сағасында.
Сол жаққа барып қайту жоспарда бар.
Бұл ойды ниетін қосқан ұғар.
«Көлсай, Көлсай» деп жүргендер қайдасыңдар,
Аспанның бастамасын қостаңдар, ал!
Осылай айтсам, жыртылып елдер күлер ме???
Бәрін айта бірін, @Abilakim,
Шақырамын өзіңді мен дуэльге.
Әлде мені сен тұрсың ба байқамай?
Ақынсымақ боп тұрмыз ғой алдыңда,
Әлде мені шеттеттің бе, бұ қалай?
Сөзім осы, оған, Аспан, сенім ет.
Айтыспайын дегем жоқ, өзіңді,
Керектегі қыздарға қалдырғым келіп ед…
Зор шықты мына жақта @qisyq деген
Дуэлге шақырам деп тисіпті екен
Шегірткеден қорыққан егін екпес
Бір сойқанды сезеді түйсік деген
Ақындар, ашуға емес, сабырға бар.
Кезек-кезек айтысайық, Әбіл, Аспан,
Мен жалғызбын, сендер көп те — жабылмаңдар
Әбіләкім, шақырғам айтыс үшін,
Айтыстағы сөз талас, тартыс үшін.
Мені таста, сен оданда қыздарға бар,
Соларға көрсетсеңші тартыс күшін.
Айтысыңдар қандырып жырға құмар
Піссіміллә деп бастап сөз айтайын
Клавамды басайын қылып тұмар!
Арқадан мен, арқалана қосылайын
Өршітейін айтыс-отқа құйып майын
Өлеңдерің төгілсін нұр суындай!
Лық толтырып Керектің жыра сайын
Өлеңнен маржан тердің бе,
Клава-тұмар деп таяқ
Ахиден жегің келді ме?
Жүректе Аллам, аузымда бар шүкірім
Дінім ислам атам Қазақ біле білсе,
Қасиетін түсінген ол үкінің
Ал онда сөздерді мен сұрыптайын,
Қайымдап көргін кәні, осы жолды,
Мойныңа жіп лақтырып, құрықтайын!
Айда жанбас бір тәулік ұқсақ жайды
шідері мен тұсауды тақсаңдағы
Сірә тұлпар оңайлықпен ұстатпайды
Бар байлық бұл ғаламда жер астында…
Айтпақшы қашып қайда құтылмақсың?
Тұлпарлар батыр қазақ — ер астында…
Қазақ мінсе несі айып? мін, тақымда
Өзге батыр мінбесе игі еді
Сондай менің бауырлық арманымда
Сұрау салам өзіңмен ақылдаса…
Ал қане шешіміңе тәнті еткін,
Нес істер ең біреуде егер ақың қалса?!
Қасиетін түсінем үзім нанның
Біреуге жайып есемді берсем дағы
Қайырын берсін әр атқан нұрлы таңның
Бұл фәниде ел ақысын жегендер көп
Қамсыз бастық, депутат жүр көйлегі көк
Елін қанар жауыздар жүрген кезде
Аспан бауыр сол жайлы жырыңды төк
Байыбына бәлкім сен бара алмадың?!
Біз сөйлейміз… ақиқат Аллаға аян!
Артық сөйлеп күнәға қала алмадым…
Айтайық жасы адамның жақсылығын.
Бұл жалған іздегенге жақсы ғылым!
Адал бол, арамнан қаш, ілім ізде…
Жалғаннан алар осы жақсылығың!
Олардың көп болғаны саны ғана…
Иесі бұл айтыстың біреу ғана…
Айтыстың егесі кім, таны бала!
Қарағанды Жезқазған тең арасында
Сарысудың суын кешіп өскен бойлап
Жаңаарқаның мен бір тентек баласымын))
Ақын қыз табылар ма шешен ойға
Қыз бен жігіт айтысы қызықтырақ
Қалжыңменен бастайтын кесел ойға
Шамасына қарай ел сайысады.
Әбіләкім, қарайсың қалай қарай,
Шақырсақ @AKY менен @alisha -ны.
Сен жазғанда жүректе туар көктем
Ана жолғы сөзім үшін кешір мені
Сірә қатты болды-ау маған өкпең
Шабыңдар, шығарыңдар жыр шырайын.
Бір шаруаның қайтпай тұр басы, құрғыр,
Деген ем мен де өлеңмен қамшылайын.