"Немересі Қасымның"

Білмеймін қай күн, бәлкім ол оның есінде?!
Жұмыстан қайтқан, әдеткі күннің кешінде…
Онысын қойщ, айтқым бір келген бұл емес,
Әйтеуір… жаз мезгілі екені есімде…

Ғалам бұл тордың өрнегін кім өрмеген?!
Ұзақтан-ұзақ, сөз есіп жоқ қой көрмеген!
Бұл қыздың талай көрсем де небір суретін…
Қимылдап тұрған бейнесін ешбір көрмегем…

Білерім сол – бұралып ол билейді…
Майысып шіркін, нанды да сұмдық илейді…
Намысы болса, анау бір таудан жоғары,
Қылжақбас мінез ерлерді ешбір сүймейді…

Әженің сөзін екі етпей сөзсіз тыңдайды,
Шаруа бар десе, қолдары шіркін, тынбайды…
«Қазақша қорын» су алып мейлі кетсе де,
Жеткізед ойын, болмаса тіпті, «ым»дайды…

Шаруаның барлық түріне сіз бір ептісіз,
Талайды жаулап, өзіңе тәнті еттіңіз…
Білмеймін сізді… себебі әлі көрмегем…
Білерім біреу – мінезі жақсы, тектісіз!

Досыңды таны, ұрпағы болып асылдың!
Мінезін таны… досыңдай болған қасыңның!..
Айтпақшы менің манадан бері айтқаным,
Венера – аты… немересі Қасымның! (VKM)
Бөлісу:

12 пікір

qisyq
Ойхой, @VKM, енді сенде арман бар ма…
VKM
@qisyq, спс, арман жоқ…
Beytanis
Күліп алайыншы, ренжімеңдер. Венера біледі себебін.
TOTY
Бізге де айтсаңдаршы...өздерің ғана күлмей...Beytanis@
Beytanis
Бұл өмір — пародиялы қойылымға ұқсап кетеді кейде. Бар болғаны сол.
VKM
мен білмей отырмын себебін)
Beytanis
«Немересі Қасымның». Жақсылап… мұқият… зер салып 3 мәрте оқы. Ойлан.
a63a1
Маликасы Қасымның
VKM
@Asspan, көөөөп рахмет.Бірінші рет не жазарымды білмей қалдым.
sigma
Эмоцияға смайл бар
TOTY
Действительно, мынадай өлең арнаған @VKM- да арман жоқ! Жақсы өлең!
Erkekyz
Білерім сол – бұралып ол билейді…
Осы жеріне келгенде Венера емес па деп ойладым, сөйтсем шынымен ВКМ екен ғой. Өлең тамаша!