"Сұраусыз қалдық па?"

Сайлаушы өз таңдауын жасап жатыр
Сайлаушы өз таңдауын жасап жатыр


Құдайдың қалауы, халықтың таңдауымен президентіміз қызметіне қайта сайланды. Сайлауға тақау қалған уақытта осындағы біраз қазақ елшіліктен ескерту келер деп күткен болатынбыз. Бейжіңнен хабар келмеген соң, өзім сайлауға екі күн қалған күні қай саулау учаскесінде тіркелгенімді білмек болып Орталық сайлау комиссиясының поштасына дерек алуға сұрау салып хат жолдадым. Оксанадан бірден «Деректерді алуға сұрау салуда тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, туған күніңізді, жеке куәлігіңіздің нөмірін немесе жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) көрсетуіңіз қажет» деген жауап келді. Мұнда тек паспортпен жүреміз… Ал жеке куәлігім өзіммен болмаған соң, қайта байланысудың мәні болмады… Бірақ, осында (Қытайда) халықтың жеке куәлігіне біздегідей тегі, әкесі және өзінің атын шұбыртып жазбаса да миллиардтаған жұрттың аттарын шатыстырып жатқаны туралы естімеппін. Сан бойынша Қытайдың бір қаласының тұрғынына шақ келмейтін біздің елде әйтеуір мәселе көп… Тегім мен әкемнің аты және есімі менікімен бірдей Қазақстанда тағы бір азамат бар дегенге өз басым сенбеймін. Жақсы бар делік, алайда ол адаммен туған жылымыз, айымыз, тіпті туған күніміз де бірдей болуы… қойшы, жақсы… Айтпағым, сол куәліктің нөмірінсіз де менің қайда тіркелгенімді табу қиындық туғызбаса керек еді… “ Оксаналар” тізімімен іздеуге құлықсыз да болған шығар…
Паспортымызда біз Қазақстанның қорғауында болатынымыз туралы жазылған. Мен Қытайға келгелі екі жылға таяп қалды. Егер Елшілікте тіркеуде болған болсақ, басқасын былай қойғанда бізге тым болмаса сайлау сияқты үлкен науқандарға байланысты ескерту хабарламалары жететін бе еді?! Сонысына қарағанда Қазақстан мен сияқты қазақтардың қайда жүргенінен хабарсыз, тіпті Қытайда қанша қазақ жұмыс жасап, нешесі оқуда жүргені туралы мәліметтен құр алақан болса керек. Әйтпесе оқуға кетер алдында басқасын айтпағанда, мекен-жайымыз мен байланыс телефондарымызды жазып бірнеше бет қағаз толтырған болатынбыз. Іздеу-сұрауымыздың түрі мынау болса, оның бәрі не үшін керек болды екен?!
Жақында осындағы бір университетте ресейлік бір студент қыз көп қабатты үйдің балконынан құлап мерт болды. Сонда арада күн өтпей Ресейдің Елшілігінен келген арнайы адамдар оқиғаның ізіне түсіп, өз азаматына бейқам емес екендіктерін ісімен байқатып жатты… Құдай оның бетін әрі қылсын, егер біз (осындағы Қазақстандықтар) сондай бір жағдайға ұшырасақ сұрауы жоқ бейшараның күйін кешеміз бе деп алаңдаймын… Жапониядағы жан түршігерлік жағдай орын алған күні біз үшін еліміз емес, айдаладағы қаймана Қытайдың өзі ұялы телефонымызға ескерту-хабарламаларын жіберіп, біз үшін азғантай болса да алаңдаушылық танытты… Бұл да бізді ойға батырады…
Айта берсең, шыға береді… «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» демекші, бәрі сол “ сұрауымыз жоқ па” дегеннен шығады… Негізі менің жазғым келгені сол сайлау туралы болатын. Дәл сол үші күні Қытайда бір мереке болып, бізге екі-үш күнге демалыс берді. Мен Қытайдың оңтүстігіндегі Хаңжоу қаласына жолдастарыма қыдырып бардым. Сөйтсем, мен ғана емес, ондағылар да сайлау туралы ошарсыз отыр екен. Кейін Нұрсұлтан ағамыздың жеңіске жеткенін естідік. Егер сайлауға біз сияқты шашыраған қазақтар қатысқан болсақ бәлкім сайлау нәтижесі басқаша болып өзгерер ме еді, деп ойладық та қойдық…
P.S. Мемлекет үшін халықтың маңыздылығы қашан да жоғары. Қазақстан басқа елдердегідей бізге (бұрынғыдан да артық) көңіл бөлсе екен. Өз азаматы алдындағы негізгі жауапкершіліктерді толықтай орындаса екен… Мұны іздеусіз қалғандықтан айтып отырған жоқпын… Менің өз іздеушілерім бар… Бірақ мемлекетімнің алдында мен қашан да өз елімнің азаматымын… Тәуелсіздігіміз тұрақты болсын!
笔者, asspankz@gmail.com

Мақала сілтемесі: http://ertai.dosym.kz/?p=2708
Бөлісу:

1 пікір

Khan
Мына жазуың ұнап тұрған жоқ. Туған елде тұрып жатқан бізді де ешкім іздеп келген жоқ. Ренжіген жоқпын, себебі, дауыс бердің не бермедің не сол тоқсан бес пайызын алады алғысы келген адам. Дауыс беретін де адам жоқ қой. Былайша айтқанда, іштей игнор жасадым сайлауды. Айтайын дегенім, сен шетелде болған соң ғана еленбей қалған жоқсың. Просто, билік үшін сенің (менің) сайлауға бармағанымыз тиімді.

Бізді (шетелдегі қазақстандықтарды) жоқтап жатқан ешкім жоқ десең қателесесің. Әрбір шетелге шыққан қазақстандықтың үстінен шағын досье жиналады: отырған тұрған, ішкен, жеген деген сияқты. Өзің айтқандай, жаман айтпай жақсы жоқ, бірдемеге ұшырасаң жоқтайтын адам табылады, қорықпа.

P.S. Сенбесең, көп қабатты үйден секіріп көр. Ойнап айтам :-)