"Сағындым сені"...
Менмұндалаған биік таулардың төскейінде туғандықтан ба, даланың сұлу табиғаты мені әлі күнге дейін өзіне
Менің ауылым (2009 жыл. жаз айы)
елітіп әкетеді де тұрады, шіркін. Маңайына жақындаған сайын тылсым дүние тынысымды ашып, көкірегімді керемет бір сезімге толтырып жібереді… Ондайда табиғат ананың құшағында қала бергің, қала бергің келеді ғой, тәйірі… Мейлі қыстың қақаған аязында барсам да, туған жердің топырағы қашан да мені ыстық ықыласымен құшағын жая қарсы алады. Алла мен ата-анамнан кейін, мені мейіріміне бөлеген де осы – туған жерім!
Сол табиғаттың төсінде талайлармен «достастым». Дала тіршілігі, түз жануары десе, құлағым елеңдеп тұратын еді. Бұл жолы мен зеңгір көктің қыранымен таныстым…
алты жылдан кейінгі кездесу
Өмірімнің он бесінші жазы. «Ерлан құмай ұсап алыпты» деген көше балаларының тың жағалығы мені еркіме қалдырмады. Екі өкпемді қолыма алып жүгіріп бардым… Алдына торғайдың өлексесі тасталған, әппақ мамыққа оранып бір үлкен құс жатыр. Таудан бүгін ғана ұстап алып келіпті. Асық ойнаудың атамандары… Олардан не сұрауға болады?! Қалай болса солай… Қысқасы оған жанашырлықпен қарамағаны көрініп тұр. Әлгі құсқа сәл жақындасам өзінің қауқарсыз екеніне қарамастан маған өзінше айбат шегіп қояды… Ебін тауып әлгіні үйге әкелдім. Салмағы жап-жақсы ауыр екен, үйге жеткенше кәдімгідей ентігіп қалдым. Әкем көре салып оның бүркіт екенін айтты. Қуанышымда шек жоқ… Сарыауыз балапанды ұясына апарып салудың ретін таппадық… Ал ол мен үшін тіптен жақсы сылтау болды. Оны асырайтын болдым…
Бүркіт асырау маған оңайға түспеді. Оның күнделікті тамағын табудың өзі бір адамның күшін қажет ететін. Ағам жаз бойы суырға қақпан құрып жүріп, ал қыстай көрші Нұртастың тазылары аулаған түлкінің етін беріп тамағын тоқтайтынбыз. Расы керек, кейде ет таппағанда жодастармен тышқан аулап кететінбіз…
Білмеймін неге, мен оны «Бөку» деп атап кеттім. Ол да маған әбден үйір болды. Мамық жүндері түсіп, қайратты қанаттары шыға бастады. Әкем ол үшін ағаштан жасалған, іші жарық, жайлы қораны босатып берді. Әзірге ұша алмаса да қораның әр бұрышынан ағаш керіп, оның жаттығатын бөлмесін алдын-ала даярлап қойдық. Осындай менің қолымнан келмейтін шаруаларға көмектеспесе, әкемнің оған қарайтын уақыты да жоқ болатын. Қанша дегенімен жабайы емес пе, алғаш айбат көрсететін еді, үш уақыт жейтін азығын мен даярлап беретін болғандықтан алғашында көзіне біршама үйренісіп, кейін мені асыға күтетін болып кетті. Керемет бауыр басып қалдық…
Ол екі айлығында денесін еркін көтеріп орнынан тұратын болды. Тәй-тәйлап басқанда бір аяғын сілтеп тастайтынын байқадым. Есейгенше аяғын шалыс басатынын қоймады. Шамасы, ұясынан алғанда бір аяғанан ғана созып ұстағандықтан, сол аяғы біраз зақым алған көрінеді. Біраз аянышты көрінетін еді.
Бөкуім есейіп келеді. Ал менің де, әкемнің де оны қалай баптау керек екендігі жайынан көп хабарымыз жоқ. Маған аулдағы көп істің мән-жайына қанық, қолынан келмейтін шаруасы жоқ Құдайберген атаны іздеуге тура келді. Құдайберген қарияға барып немен айналысып жүргенімді айтып бердім… Ризалығын білдіріп, маған ақыл-кеңестерімен қоса, бүркіт баптау туралы бір кітап берді…
Бүркіт әлемінен біраз сауат аштым. Менің серігіме айналған Бөкуімді тереңірек танып, жалпы құсбегілік жайында тәжірибе жинақтай түстім: Тұмсығы сүйір болса да қыран құстың су ішетінін, олардың да тәттіге әуес болатынын, тіпті суға түсіп шомылатыны сияқты маған беймәлім көптеген сырларын байқадым… Енді ол ұшуға дайындалу қажет. Қанша кең болғанымен қора оның ұшып серуендейтін алаңы емес екенін іштей білемін. Бірақ ұшуға әбден дайын болғанша сонда ұстауға тура келді. Мен оның қанатын қатайтуға кірістім… Әкем маған теріден былғары қолғап пен басына томағасын тігіп берді. Мен оны қолыма «па-па» (кітапта бүркітті солай шақыратыны жазылған) деп шақырып, келген соң ет беріп үйреттім. Үшкір, әрі қатты тегеуріндерімен білегімді қысып ұстағанда алғашында қорқатынмын… Өткір көздерімен тесіле қарағанда зәре-құтыңды қашырады. Бірақ кейін ол от көздерден де жылулық сезіле бастады… Біраз есейген соң өзіне, әрі маған аса сақ бола бастады… Кез келген адамның ауласына кіргенін қаламайтын…
(Кітапта жазылғандай) оны енді алғаш түлкінің терісінің үстіне, одан кейін бас терісіндегі көзінің ойығына етті тығындап тамақтандыратын болдым… Себебі, бүркіт аңға шабуыл жасағанда алдымен бір аяғымен артқы жағынан ұстап, ол қайырылып тістей бергенде келесі айқасқан үшкір тырнақтарын қадап ауызын бүреді екен…
Ол аптасына бір мәрте суға түсетін. Бүркіттің суға шомылғаны қызық екен. Шомылған сайын ішімді басып күлетінмін. Қимыл-қозғалысы өте тұрпайы. Басқа құстардай емес, өзі қара күштің құсы емес пе. Түсіндірудің өзі қиын… Ммм… Майк Тайсон сияқты бір мықтының балет биін билеп жатқан сәтін елестетіңізші… Бөкудің шомылғаны да дәл сондай күлкілі еді… Бөку деген атқа да әбден үйреніп алды. «Бөку, қане аузыңды аш» десем, қанша айтсам сонша рет ерінбей қайталап аузын аша беретін…
Келесі жаз. Бөкуді шырғаға тартуға (жаттықтыруға) дайындап, аңға салуға жарата бастадым. (Кітапта көрсеткендей) алдымен әбден семіртіп, ет жинаттым. Одан кейін етті суға салып қою арқылы сөлін (калориясын) шығарып беріп жүрдім. Енді оған денесін қатайтып, күш жинау керек… Түйенің жүнін қантқа батырып жұтқыздым. Сәлден соң оны сыртқа қайтып шығарып тастайды… Бұл тәсіл арқылы оның іші тазаланады екен. Түспей қалған қанаттарын түбінен қырқып, қауырсынына бидайдың дәнін тығындап қойдым. Бұл оның түспеген қанаттарын сыздатып, түлетеді. (Егер бұлай қанаттарын түгендеп, қолдан түлетпесе, аңға шыққанда оның жарға соғылып мерт болуына себеп болады немесе өзін басқаруда үлкен кедергілерге ұшыратады. Бүркіт жарысында кейбір қырандардың аңға қарай шүйлігіп барып кері ұшып кетуінің бірден-бір себебі осындайдан болуы әбден мүмкін.) Үйдің ауласына шығарып, қанатын қақтырып жаттықтыра бастадым… Қанатын жайса шамамен екі метрдей ұзын болатын… Бүркіт бәріне де дайын!
Томағалы қыран, батыр бүркітім үшін бүгін үлкен сын. Тамақтанбағанына бүгін үшінші күн. Қыстың көзі қырауда тау бөктеріне бет алдық. Оны алғаш рет көкке ұшыратын болдық. Қалай болары мүлдем белгісіз… Қатты қобалжудамын… Соңғы, әрі маңызды жаттығу… Ұзын (100м) жіпе түлкінің терісін байлап, оның көзінің ойығына етті тығындап ағам оны атпен сүйреп шапқылайтын болды. (Осы тәсілден кейін бүркіттер аңға шабуыл жасағанда бірден басынан алады) Ал мен таудың биік бөктерінде тұрып томағасын сыпыруым керек… Ал қане, басталды! Томаға сыпырылды… Ол бірден көзін «түлкіге» тікті де ұша жөнелді. Аттың бар шабысына салып ағам кетіп барады… Құлдилап барып жемтігін бас салды… Біздің қуанышта шек жоқ… Бөку сыннан сүрінбеді. Кейін талай-талай түлкілерді осылайша қанжығаға байлап қайтатын болдық…
Бұл жазбаны жазып отырып, сол кездегі әрбір сәт өз кезегінен жаңылмай көз алдыма келіп отырды… Бөкумен болған керемет күндерге қанша бет арнасам да жетпестей сезіледі… Екеуміз керемет дос боп кеттік. Оның көзіне қарап талай сырын ұғатын едім… Ал ол болса менің әрбір қимылымды жатқа білетін… Одан біраз ұзаққа кетсем дауыстап іздейтін еді… Қылықтарына, ерлігіне тәнті болғанда құшағыма алып, ұзақ қысатынмын. Менің оны асыраудағы бір ғана мақсатым – дала қыранын жетімсіретпей, обалына қалмай баптау еді. Құдайберген ата да “Қыран құсты көрбала жасаған жақсылық емес” деп ескерткен болатын…
Мектеп бітіріп, қалаға оқуға кететін уақыт таяп қалды. Санамды «мен кетсем Бөкуім не болмақ?!» деген бір ғана шешімі табылмаған сұрақ мазалайтын. Күндердің күнінде одан қол үзіп қалатынымды ойыма да алғым келмейтін. Бір күні “ Нұра” ауылынан келдім, есімім Сейітжан” болады деп үйге бір кісі келді. Кейін білгенімдей ол кісі Қазақстанға танымал атақты құсбегі екен. Менің бүркіт асырап отырғанымды естіп, «құда түсіп» келген екен. Сейтжан аға Бөкуімді көргендегі таңданысын жасырмады. Ол кісінің айтуынша, ұяда жалғыз өскен қыран (қыз) бүркіт екен… Амал нешік?! Басқа ешбір шарам болмаған соң, Бөкуді ол кісіге аманаттауға тура келді. Бөтен қолға отырып, қайтып кері оралмайтын сапарға кетіп бара жатқанын сезгендей маған қарайлап «шаңқылдап» кете барды… Мен болсам …. қала бердім…
Оқудың шырмауында жүріп Бөкуді ұмытуға шақ қалдым. Айрылысқанымызға алты жыл толған соң оны іздеп Нұра ауылына бардым… «Бөку??!!» Ол маған жалт қарады… Мен оны құшағыма алып ұзақ отырдым… «Түріңнен айналайын, Бөкуім! Бұл мен ғой, Ертай… Таныдың ба?! Не маған өкпелісің бе?! Қоя ғой енді… Сенің орның жүрегімнің ең түбінде… Мәңгі санамдасың!!!… Тұмсығын мұрныма тақап, көзімізді түйістіріп ұзақ тұрдық… Көздері «маған тіл бітсе ғой…» дегендей сыңай білдірткендей… Түрі жүдеу. Біраз қартайып қалғаны көрініп тұр…
— Оу, мынасы несі?
— Бүркітің республикалық жарыста қасқыр алып бас жүлделі болған. Сол арпалыста тегеурінінен айрылды….
Жағдайды білген соң жүрегім қуаныш пен қайғының ортасында қалды. Бір жағынан оның бұл ерлігіне қатты қуансам, екінші жағынан оның теңеурінінен айрылғаны жүрегіме оқ болып қадалды… Енді ол үлкен майданға қатыса алмайтын болды…
Бұл кездесудің де аяқталуына аз қалды… Оны тастағым келмейді… «Бөкуім! Сені қатты жақсы көремін! Бірақ маған кету керек… Екеуміз алыста жүрсек те жүрегіміз жақын ғой, білесің…» Көзім үзілгенше ол маған мен оған қарайлап кете бардық…
Осы кездесуден кейін тағы төрт жылдай уақыт өтті. Мен енді оны іздеп бармаймын… Оның жағдайын білу үшін Сейітжан ағаға да хабарласпаймын… Әрі ол кісі де маған хабарласпаса екен деп үміттенемін… Себебі ол мен үшін ол әлі бар… Әлі де түрлі майданда ерлік көрсетіп жүр… Мен Бөкуімнің қашан да топ жарып шығатынына еш уақытта күмәнданбағанмын! Күмәнданбаймын да! Бөку бірақ сен мені кешірші… Мен сенімен екеуміз бірге өткізген сол күндерге қайта оралғым келеді… Сенің шомылған сәтіңді көріп сені “ мазақтағым” келеді… Менің «аузыңды ашшы» деген бір ауыз сөзімді тыңдап, жалықпай орындай беретін кезіңді сағындым… Сені қолыма қондырып аң аулап, саяхатшылық жасағым келеді… Әрі екеуміз соңғы рет тұмсығымызды түйістіргендей қырағы көзіңді көргім келеді… Бұрынғыдай сені тағы да құшағыма басып, қатты қысқым келеді… Сағындым сені… Бөку!…
笔者, asspankz@gmail.com
Мақала сілтемесі: http://ertai.dosym.kz/?p=2684

Пікір жоқ әзірше