Түнгі вай-фай((
Кеше жұмыстан ертерек зытып кетіп, юзби модем сатып алдым. Әлгі жылдамдығы 512 мегабит/с деп жарнамаланып жүрген «Диджимакстың» өзінен алып ем. Үйге бара сала жерден жеті қоян тапқандай орнатып, байқап көрісімен, қуанышым су сепкендей басылды. Мегабит тұрмақ, килобиттің де иісі шығар емес. Ең тез ашылатын керекинфома әрең кірдім. Не ғо, екі апта байқап көрем, жылдамдық жақсармаса, қайтаруға болады екен.
Әрі қарай


Әріптесіміз баласының бесік тойына шақырған. Межелі уақытында сыйлыққа алған бесік-арба, әдемі костюм және шай сервизімізбен арқаланып кафеге бардық. Бір қызығы, сәбиге 40 күн толып қойғанына қарамастан, олар бұл тойды "қалжа" деп атап жүр. Білуімше, "қалжа" деген жас босанған әйелге әл жинауы үшін мал сойып, сорпасын ішкізу сияқты еді.
Жаман әдетіме басып, кешігіп бардым (жұмыстан кештеу шығып қалғам). Әрі кетсе 5-6 адам болатын шығар десем, ұзын үстелді қоршай 20 шақты адам отыр екен, кәдімгідей ыңғайсызданып қалдым. Араларында Қазақтелеком өкілдері мен депутат ағай да бар екен)) Анау – Нұрғиса, мынау — Өркен, қарама-қарсы – Ерлан Оспан. Бұлар «танитын» адамдарым) Кейін Аршат келіп қосылды. Қалғандарын мүлдем шырамытпадым. Артынан олардың жорналшылар екенін түсіндім.