Блогкэмп-2011. 5 тиыным


Өрімтал блогкэмп форматын түсіндіріп, бірқатар мәселелерді көтерді (мысалы, тіркелмеген қатысушылар туралы). Басқалар өз ұсыныстарын айтып жатты. Мен тек тыңдауды білдім)).
Бұл блогкэмп дегенің, қандай қиын нәрсе деп ойладым)) Қатаң ереже қояйын десең, еркін шараға шектеу қойғандай боласың, ал бетімен жіберуге тағы болмайды)) Былай тартсаң, арба сынады, былай тартсаң, өгіз өледінің кебі.
Әйтсе де блогкэмп ережесін Дабайға ілу туралы шешім қабылданды. Сонымен қоса, блоккэмпте модератор керек пе деген сұрақ туындап, сауалнама жүргізілетін болды.
Айтпақшы, Нұрғисаның волейболдан жарыс өткізу туралы ұсынысы маған ұнады.
Аяғында ақырын ғана Өрімталға барып, ерікті көмекшілер тізіміне жазылдым.
Ұмытып барады екем, презентация тақырыбы жөніндегі тәуір идеясы үшін Өрімталға рахмет айтқым келеді.
Еріктілердің көп бола бергені жақсы :)
Әрбіріміз, Асхат айтқандай, түрліше сипатта және бағытта көмек көрсете берейік.
Ручка, қағаз, маркер әкелудің өзі де, былай қарағанда кішігірім логистика болғанымен, бұл да маңызды мәселе, мысалы.
Түйілетін басты ой: ешкім қонақ ретінде келмеуі керек, бәрі қатынасушы, бірдей дәреже және амплуада үлес қосуы абзал.
Айтпақшы, Асхатты мен сияқты қателікке бой алдырып, "ұйымдастырушы" деуден сақтаныңыздар! "Үйлестіруші" сөзі дәлірек келетін сияқты.
Ұрымтал Өрімтал бауырыма кешегі басқосуы үшін ізгі ықыласымды білдіргім келеді.
жақсы отырыс болды, блогкэмптың не екенін түсінгендей болдық :)
Кеше шынымен біраз жаңа кісілердің дидарын көрдік, басым бөлігімен жаңадан қауыштық.