Медициналық тексерістен уақытылы өтіп аурудың алдын алыңыз

Әр медициналық мекемеде скринингтен уақыты өту жайлы стендте ақпараттар берілген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы бұйрығына сәйкес жасы 18-ге толмаған балалар профилактикалық мақсатта медициналық тексерістен үнемі өтіп тұруы тиіс, деп хабарлады Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


2 жылда бір рет артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қант диабетін ерте анықтау үшін,  осы ауру түрлерімен диспансерлік есепте тұрмаса ерлер мен әйелдер 40-70 жас аралығында тексеріледі.


40-70 жас аралығында ерлер мен әйелдер көз қысымның өсуінен болатын көз ауруларының бір түрі – глаукоманыерте анықтау үшін окулистке 2 жылда бір рет тексерілуі тиіс .


40-70 жас аралығында әйелдерге сүт безі обырын ерте анықтау мақсатында гинекологқа 2 жылда бір рет қаралуы ұсынылады.


Әйелдер 30-70 жас аралығында жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін 4 жылда бір рет тексерілуі тиіс.


50-70 жас аралығында ерлер мен әйелдер колоректальды обырды ерте анықтау үшін 2 жылда бір рет тексеріледі.


Астана ақылды қалалардың Дүниежүзілік ЭКСПО конгресіне қатысты

Әкімдік өкілдері Мадрид пен Барселона мэрлерімен екі жақты кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Астана әкімдігінің делегациясы ақылды қалалардың Бүкіләлемдік ЭКСПО конгресіне қатысып, Испаниядағы UNWTO (Дүниежүзілік туристік ұйым) басшылығымен кездесті. 


 «Іссапар шеңберінде Мадрид және Барселона мэрлерімен, Барселонаның денсаулық сақтау басқармасы және жедел жәрдем станциясымен кездесулер өткізілді. Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Барселона мэрімен денсаулық сақтау, білім, туризм және сандық трансформация саласында тәжірибе алмасу бойынша бірқатар келісім-шарт жасалды», — делінген Астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.


Бұдан бөлек, тараптар Мадрид мэрімен де спорт, денсаулық сақтау, туризм, қалдықтарды жою және көлік саласында әріптестік бойынша келісімдерге қол қойды.


Қалалық туризм бойынша UNWTO саммитін Астанада сапалы өткізу мақсатында UNWTO бас хатшысының орынбасары Мануэль Батлер мырзамен кездесу өткізілді.


2018 жылы қыркүйекте Астана делегациясы Сеулде өткен VII Жаһандық қалалық туризм бойынша UNWTO саммитіне қатысқан болатын. Онда VIII Жаһандық қалалық туризм бойынша UNWTO-ның келесі саммиті Астанада өткізілетіні мәлім болған еді.


Астанадағы саммит UNWTO кестесіне сәйкес 2019 жылдың 7-11 қарашасында өтеді деп жоспарланған.

Желтоқсан айындағы мерекелерде қайда баруға болады

Ботаникалық бақта,  Кемал Ататүрік саябағында және Есіл өзенінің жағалауында елорда тұрғындары мен қонақтары бұғы жеккен шанамен жүре алады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Желтоқсан айы мерекеге толы ай. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, Елорданың көшкен күні және Тәуелсіздік күні бірқатар мәдени-бұқаралық іс-шаралармен атап өтілмек, олар барлық жастағы астаналықтарды қуантады.


1 желтоқсанда Энергия Холы концерт залында қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен Тұңғыш Президент күніне арналған «Жаңа дәуір — жарқын Болашақ!» атты мерекелік кеш өтеді.


Елорданың көшкен күніне орайластырылып «Астана» концерт залында келушілердің назарына «Астана Арманы» мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылады.


Астана әкімдігінің алдындағы алаңда Тәуелсіздік күні құрметіне – 16 желтоқсан күні елорданың жетекші шығармашылық ұжымдары және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.


Тәуелсіздік күні қарсаңында 15 желтоқсанда «Алғашқы қар» іс-шарасымен ресми түрде шаңғы тебу маусымы ашылады.


«Қыста мұз айдындары мен мұз қалашықтары елордалықтардың  ең сүйікті демалыс орындарына айналады.  Осы жылы мұз қалашықтары қаланың үш аумағында ашылады: «Хан Шатыр» СОО маңында, Астана әкімдігі алдында және Ботаникалық бақ аумағында. Әр демалыс сайын онда жәрмеңкелер, концерттер, театрландырылған қойылымдар және отбасылық-спорттық «Көңілді қыс» форматындағы «көңілді старт» ойындары өткізіледі», деп мәлімдеді алдағы мерекелерге арналған брифингте мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.


Коньки тебуді және шанамен сырғанауды ұнататындар үшін Астанада 11 негізгі сырғанақ және ақ қалашық ұйымдастырылады:  Ботаникалық бақ, «Хан Шатыр» СОО,  Астана әкімдігі алдындағы алаңда, Кемал Ататүрік атындағы, «Жетісу», «Жерұйық» саябақтарында, ЭКСПО аумағында,  «Алатау» СК жанында, Есіл және Ақбұлақ өзенінің жағалауы, Бейбітшілік және Келісім арайы ауданында.


Қала маңындағы тұрғын үй массивтерінің және елорданың шет аймақтарында тұратын азаматтарға қысқы ойын-сауық қол жетімді болады. Мұз айдындары мен сырғанақ алаңдары Үркер, Көктал-1, Кирпичный, Өндіріс тұрғын үй алабы аумағында,  №10 емхана ауданында, «Жағалау» ТК аумағында және Н. Тілендиев көшесінде орналасқан «Рахмет» СҮ аумағында ұйымдастырылады.


Қала түйткілдерінің рейтингісі – елорданы жүйелі жақсарту және дамыту негізі

Бүгін Астана әкімдігінде қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жұмыс істеген 11 айда тұрғындардан келіп түскен өтінімдердің негізінде құрылған «Қаланың жүйелі түйткілдерінің рейтингі» жобасының нәтижелері шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


iKomek орталығы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қаланың жүйелі түйткілдерінің панелі елорда тұрғындарының барлық өтінімдерінің базасы болып табылатын BIG DATA-ның көмегімен құрылады.


Талдамалық үлгіге өтініштер мен жағдаяттар қайталуының, өтініштегі мәселенің резонанстығы мен күрделілігінің өлшемшарттары негіз болады. Қаланың жүйелі түйткілдері рейтингісінің панелі елордадағы түйткілді мәселелердің актуалды жағдайын көрсетіп, автоматты түрде жаңарады.


iKomek бірыңғай байланыс орталығы 2018 жылдың қаңтарында құрылып, коммуналдық қызметтер мен қалалық басқармалардың барлық байланыс орталықтарын 1-0-9 қысқа нөміріне біріктірді. Астаналықтар байланыс орталығының тиімділігіне көз жеткізіп, елорда тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша өз өтініштерін, ұсыныстары мен шағымдарын тәулік бойы жолдау арқылы аталмыш сервисті белсенді түрде пайдалануда.


Қаланың жүйелі түйткілдері рейтингісінің панелі Қалалық даму акселераторы зерттейтін қаланың жүйелі түйткілдері туралы дереккөздердің бірі болып табылады.


Әкімдік аясында құрылған Астана қаласының Қалалық даму акселераторы – бұл түрлі саладағы қаланың жүйелі түйткілдерін шешуге, сонымен қатар қысқа уақыт ішінде (100 күнге дейін) қала дамуының стратегиялық KPIs-ке қол жеткізуге арналған бірнеше аклерациялық штабтар. Қалалық даму акселераторы әдіснамасы мәселелерді қысқа мерзім ішінде (100 күн) және минималды бюджетпен немесе тіпті онсыз шешудің үздік тәжірибесі негізінде қалыптасты.


Әрбір штаб – сарапшылардан (әкімдік, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ғалымдар, кәсіпкерлер мен басқа да мүдделі тұлғалар) тұратын жұмыс тобы. Жұмыс тобы жобаны идеядан бастап, түбегейлі іске асырылғанша және жоспарланған әсерге қол жеткізілгенше жетелейтін болады.


Әрбір тұрғын жүйелі түйткілдер шешімін бастама етіп көтеріп, iKomek орталығына келесі тәсілдер арқылы жүгініп, елорданы жақсарта алады:


 


 


  • Әлеуметтік желілерде жарияланымдарды #astana109 хештегімен белгілеңіздер

 


  • Елордалық әкімдік сайтындағы www.astana.gov.kz жеке кабинетте өтініш қалдырыңыздар

 


  • 109 нөміріне тегін қоңырау шалыңыздар

 


Әрқайсыңыздың пікіріңіз маңызды!

Шағын және орта бизнеске көмек беретін мемлекеттік бағдарламала

Кәсіпкерлер елдің әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуде маңызды роль ойнайды: жаңа жұмыс орнын құрады, білікті кадрлар дайындаумен айналысады. Қазіргі таңда елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамтыудың 2017-2021 арналған бағдарламасы» және «Бизнестің жол картасы – 2020» — мемлекеттік бағдарламалары сәтті түрде жүзеге асырылуда. Аталған бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерге өз ісін дамыту міндеті бойынша іске асырудың бірдей шарты жасалуда, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.


Астана Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының кәсіпкерлерді дамыту бөлімінің басшысы Еркін Ескендіров Астанада бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерге арналған қандай мемлекеттік қолдау шаралары барын хабарлады.


Осындай кәсіпкерлерді қолдайтын бағдарламаның бірі — «Бизнестің жол картасы – 2020».


«Бағдарлама ШОБ-ты қолдауға бағытталған, яғни экономика секторындағы өзінің қызметін іске асырады. Аталған бағдарлама бойынша 2,5 миллиард теңге сомасындағы ең көп заем беріледі. Бағдарлама екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылады. Бүгінде пайыздық мөлшерлемесі -14 %, оның 8,4 % — кәсіпкер төлейді, 5,6 % — «Даму» қоры атынан әкімдік төлейді. Бағдарлама шеңберінде бірнеше бағыт бар – ол субсидияланған пайыздық мөлшерлеме. Кепілдендірілген, инфрақұрылымы мен өтемақысыз негізде инновациялық бизнес-идеяға берілетін гранттар», — деп хабарлады Е. Ескендіров.


Кепілдендіру барысында кәсіпкердің кепілі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қоры 50 %-дан 85 % дейін кепіл бола алады. Ол көмек шағын және орта кәсіпкерліктің жобасына жетпей тұрған инфрақұрылымды жүргізуде көмектесуімен түйінделеді.    


Сонымен қатар астаналық әкімдік «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бірлесіп 2015 жылдан бері ШОБ дамыту және қосымша қолдау көрсету шеңберінде, астананың экономикасының өсуіне дем беруде кәсіпкерлікті қолдайтын аймақтық бағдарламалар іске асырылуда. Ол экономика секторының негізгі тізіміне енбеген бизнестерге бағытталған – сауда, қызмет көрсету және басқасы. Әрбір бағдарламаның өз шарты бар.


Сондай бағдарламаның бірі – Астананың аймақтық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру. Аталған бағдарлама шеңберіндегі сыйақының пайыздық мөлшерлемесі -  8,5 % кем емес. Бір кәсіпкерге арналған заемның ең көп мөлшерлемесі – 100 млн теңгеге дейін. Аталған бағдарламаға франшиза құқығына ие болғысы келетін кәсіпкерлер де қатыса алады.


Сондай-ақ «Astana — ZhasStarT» жастар кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы бар, бұл 29 жасқа дейінгі бастауыш жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Мұнда сыйақының пайыздық мөлшерлемесі 8,5 % кем емес. Кәсіпкер ала алатын заемның шекті мөлшерлемесі – 20 млн теңгеге дейін.


«Startup» бағдарламасы бастауыш кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Айта кетерлігі, мұнда сала бағыты бойынша шектеулер жоқ, сонымен қоса Қор бағдарламасы шеңберінде жартылай несиемен кепілдендіру қарастырылған. Несиенің пайыздық мөлшері 7,9 % кем емес. Бір кәсіпкерге берілетін заемның максималды сомасы 50 млн теңгеге дейін.


«Astana Service» бағдарламасы шеңберіндегі пайыздық сыйақы мөлшері 8,5 % кем емес. Бір кәсіпкерге берілетін заемның максималды сомасы 150 млн теңгеге дейін. Заемды екінші деңгейлі банктен рәсімдеу барысында, несиелеу бойынша оң шешім алу мақсатында мемлекеттің кепіл болуы ұсынылады, яғни мемлекет өзінің қатысуы арқылы несиенің сомасына қарай 50% кепіл болады. 


«Astana Retail» бағдарламасы да басталды. Мұның пайыздық сыйақы мөлшері 8,5 % кем емес. Бір кәсіпкерге берілетін заемның максималды сомасы 200 млн теңгеге дейін. Бағдарлама ритейл компаниялар мен өнімдерді жеткізушілерді жеңілдікпен несиелеуді ұсынады, яғни бағаның өсіп кетуін болдырмайды. Аталған бағдарламаны іске асыру үшін 1:1 («Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (1 млрд теңге) және жергілікті бюджеттен (1 млрд теңге) бөлінеді.    


Жұмыспен тұрақты қамтамасыз ету үшін Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 арналған бағдарламасы іске асырылуда, ол оқытудан өткен және бастауыш кәсіпкерлерге арналған, халықты шағын несиелендіруге бағытталған.  Астана қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен екінші бағыт іске асырылуда – жаппай кәсіпкерлікті дамыту, ол оқытудан өткен және бастауыш кәсіпкерлерге арналған, халықты шағын несиелеуге бағытталған, мұнда бағдарламаның бір қатысушысын қаржыландыру лимиті 8 айлық есептік көрсеткішті құрайды. 


Басқарманың мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар-қазанында 9555 ШОБ субъектісі тіркелген. Оның ішінде  заңды тұлға – 6024, жеке кәсіпкерлер – 3437, шаруа қожалықтары – 94. 1 қараша 2018 жылдан бастап қолданыстағы ШОБ субъектілері 119 052 бірлікті құрайды және бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда саны  24,4% көбейген.


Астананың медицина қызметкерлері аймақтағы әріптестерімен тәжірибе бөлісті

Тәжірибе алмасу мақсатында елорда стационаларында Түркістан облысының медбикелер делегациясы болып қайтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Қонақтар үшін аурухана қызметі мен қала емханаларына енгізіліп жатқан TRIAGE-жүйесінің таныстырылымы өткізілді, деп мәлімдеді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында. № 1 қалалық ауруханада келушілерге диагноз қоюға және пациентті емді белгілеуге мүмкіндік беретін Chek-up орталығының жұмысы көрсетілді.

Ол, сондай-ақ, тексеру мен диагностикаға кететін уақытты да үнемдеуге көмектеседі. Ал № 2 қалалық көпбейінді ауруханада олар амбулаториялық қызметтің, аурухананың қабылдау-диагностикалық бөлімінің жұмысымен, пациенттерді ағындар бойынша (қызыл, сары, жасыл дәліздер) сұрыптау жүйесімен танысты. Медициналық көмекті босанатындар мен босанғандар қызмет көрсететін медбикелердің жұмысына ғана емес, ауруханадағы перзентхана блогының босандыру бөлімінде жұмыс істейтін медбикелердің қызметіне ерекше көңіл бөлінді.

Астана ТМД-дағы ең үздік іскерлік және оқиғалы туризм қаласы болып танылды

15 қарашада Мәскеуде халықаралық және ресейлік авиакомпаниялардың, әуежайлар, қонақ үй бизнесі, өнеркәсіптік құрылымдар, банктер, корпорациялар, топ-менеджмент және ірі халықаралық компаниялардың басшыларын біріктірген жыл сайынғы Business Traveler Russia & CIS Awards 2018 сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты «Астана Конвеншн бюро» ЖШС сілтеме жасап.


Дауыс беру қорытындысы бойынша, Астана екі номинацияға лайық деп танылды. Олар – «Жылдың үздік бизнес-дестинациясы» және «Ресей мен ТМД-дағы іскерлік және оқиғалы туризмнің үздік қаласы».


Business Traveller Awards жүлдесі жыл сайын іскерлік туризм саласындағы көрнекті жетістіктер мен инновациялар үшін тарту етіледі. Оны іскер саяхатшыларға арналған жетекші журнал Business Traveler баспасы табыстайды.


Business Traveller Awards өзінің объективтілігі арқасында беделді марапат болып есептеледі. Себебі жеңімпаздарды қазылар немесе сарапшылар комитеті емес, оқырмандар дауыс беру арқылы анықтайды.  


Журналдың жазылушылары мен оқырмандары ең ірі MICE-агенттіктер, қауымдастықтар, корпорациялар және іскерлік және туристік туризм нарығының басқа да қатысушылары, сондай-ақ іскер адамдар, жетекші халықаралық және ресейлік бизнес мектептерінің бітірушілері, ірі ресейлік және халықаралық компаниялардың басшылары, банктер, мемлекеттік корпорациялар және жеке саяхатшылар.


Сыйлық номинанттарының арасында танымал халықаралық брендтер, сондай-ақ Ресей, ТМД және ТМД елдерінің аймақтық компаниялары, қонақ үйлер, авиакомпаниялар және басқалар ұсынылды.


Астанада ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумы өтіп жатыр

Жиынға қатысушылар полиэтникалық қоғамның даму стратегияларын талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


«Полиэтникалық қоғам және заманауи мемлекет: даму стратегиялары» халықаралық форумы Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен Орталық-Азия аймақтарына қатысты этникааралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп ұйымдастырды.


Кездесу шеңберінде ғалымдар мен сарапшылар жаһандану кезіндегі заманауи қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін талқылады.  


 «Бұл – бүгінгі таңда өте өзекті әрі маңызды тақырып. Біздің кездесуіміздің тікелей міндеті жаңа идеялар табу және полиэтникалық қоғамды интеграциялау болмақ. Осы тұрғыда Қазақстан «Көпүлгідегі бірлік» қағидасын сәтті түрде жүзеге асырған жарқын мысал», — деді Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің меңгеруші хатшысы Леонид Прокопенко.


Форум шеңберінде Қазақстандағы Өзбекстан жылының өту қорытындысы шығарылды. Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылы өтетінін атап өтті.


 «Бүгін біз 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізуге байланысты үлкен бағдарлама дайындап жатырмыз. Жуық арада шараларды хабарлайтын боламыз. Тағы да айта кетер жайт, осы аталған форумда пікірлер мен ұсыныстар болашақта барлық Орталық-Азия аймақтарын көркейтуге және оның қауіпсіздігін қатайтуға арналған жобаларды әзірлегуе мүмкіндік береді», — деп атап өтті С. Ниязходжаев.


Форумның панельді сессиясы келесі тақырыптар бойынша өтеді: «Полиэтникалық қоғамды дамытудың ұлттық үлгісі: Қазақстандағы Өзбекстан жылы»; «Астанаға 20 жыл: Еуразия жүрегінде» және «Әлеуметтік сәтті даму – полиэтникалық қоғамның консолидациялық негізі».


Елордада заңсыз орнатылған жарнамалық маңдайшалар жөнделді

Елордада заңсыз орнатылған жарнама маңдайшаларын жөндеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Заңсыз орнатылған сауда баннерлері, билбордтар мен маңдайшалар қалыпқа келтіріліп жатыр. Өткен аптада Байқоңыр ауданының Ақжол, А. Иманов, А. Сембинов және Ш. Уәлиханов көшелерінде орнатылған 4 нысанға демонтаж жасалды. Сарыарқа ауданы аумағында жыл басынан 318 заңсыз жарнамалық нысан жөнделді.

«Сарыарқа ауданының аумағында орналасқан баннер, билборд пен маңдайшалар әрдайым заң шеңберінде орнатылмайды. Олар аймақтың көрінісін бұзып қана қоймай, кейде жүргізушілерге кедергі келтіреді. Күшті жел соққанда, маңдайшалар адамдар мен ғимараттарға қауіп төндіруі мүмкін. Заңды бұзушыларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-ші бабына сәйкес әкімшілік хаттама тағайындалады», – деді әкімдікте.

«БЖЗҚ» АҚ Астана қаласының филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өткізіледі

Қор бұл шараны екі жылдан бері дәстүрлі түрде әр тоқсан сайын ұйымдастырып келеді. Бұл жолы ол әдеттегіден ерекше болмақ – алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен қатар мектеп оқушылары мен студенттер арнайы шақырылып отыр. Бізге филиал директоры Шарипов М. әңгімелеп бергендей, Қор халықтың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға үлкен мән береді. Оның айтуынша, бұл шараға жас ұрпақтың тартылуы кездейсоқ емес. Таяу болашақта жоғары сынып оқушылары мен студенттер жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса бастайды, ал олардың зейнетақылары қазіргі заманғы зейнеткерлер қамтылатын мемлекеттік бюджеттен емес, өздерінің аударған зейнетақы жинақтарына тікелей байланысты болады. Ашық есік күні барысында Қор қызметкерлері оқушылар мен студенттерді зейнетақы жүйесінің негіздерімен таныстырып, олардың арасында викторина ұйымдастырмақ. Ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.


 Сонымен қатар шараға келушілер Қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығын біле алады. Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бірі. БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсілдері мен қызметтердің сапасын жетілдіруді уақыт талабына сай дамытуға ұмтылады. Бүгінде Қор қызметтері еліміздің барлық тұрғындарына дерлік қолжетімді. Еліміздің аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары, көшпелі қызмет жұмыс істейді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мобильді агенттер қызмет көрсетеді.


2018 жылдың көктемінде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кеңселер іске қосылды. Келесі жылы көліктегі кеңселер еліміздің тағы 12 аймағында енгізілмек. Үстіміздегі жылдың 9 айында 18 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 580 мың адам тартылды. 30 мыңға жуық адам әрбір тоқсан сайын барлық филиалдарда ұйымдастырылатын Ашық есік күндеріне қатысты.


— «БЖЗҚ қызметтерінің 80 пайызы қазір қашықтықтан электрондық түрде қолжетімді. Соның арқасында кеңсеге келіп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесіне бейімделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшыларға уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді»,- дейді филиал директоры.


Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша www.enpf.kz ресми сайты арқылы Қор төрайымының блогына сауал жолдауға немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне хабарласуға болады (Қазақстан бойынша барлық ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін). Биыл БЖЗҚ танымал мессенджер Telegram арқылы өз ботын іске қосты. Бұл сервистің көмегімен тұрғындар өз жинақтары туралы шағын үзінді-көшірме алып, жеке кабинетінің құпиясөзін қалпына келтіріп, өзекті жаңалықтармен, қордың ағымдағы көрсеткіштерімен танысып, Қордың ең жақын бөлімшесінің мекенжайын білулеріне болады. Аталмыш ботты пайдалану үшін іздеу жолына «enpfbot» деп жазу керек.


Қор өкілдерінің айтуынша, электрондық тәсілмен міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есептеу жөніндегі жеке зейнетақы шотын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама алуға, деректемелерді немесе ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердің шамалас мөлшерін есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы да бар.


— «Зейнетақы мәселелері еліміздің барлық тұрғындарын толғандырады. Алайда барлық азаматтардың біздің бөлімшелерге келуге қолдары тие бермейді. Сондықтан біз салымшылар мен алушылармен байланыс жасаудың барлық мүмкіндіктерін қолдануға тырысамыз», -дейді қор қызметкерлері.