Аяқдопшылардың қызық лақаптары

Тони Адамс (Tony Adams)– Есек

Арсеналдың аңыз капитаны, жасаған қателерінің «арқасында» бұл лақапты арқалауға мәжбүр болды.

Роберто Баджо (RobertoBaggio)– Алтын ат құйрығы

Италия футболының жұлдызына бұл лақап ат құйрығы секілді шаштары үшін таңылды.

Әрі қарай

"Қасап ет, қой жан дертінде"


Сәуір айының екінші жартысы футболсүйерлер үшін мейрам болғалы тұр. Ертең басталып, апта айналмай қайталанатын Эль-Классиколар аяқдопқұмарларға өздері күткен ләззатты сыйлай алады деген үміттеміз. Тура 19 сағаттан кейін басталатын Испания Примъер Лигасындағы каталондық команда мен король командасының арасындағы текетірес төрт дербидің ішіндегі ең жеңілі деуге болады. Әрине, Барса үшін. Жеңсе, әрине, керемет. Бірақ жеңбесе жоғалтқан үш ұпайдың есесін мұнан кейінгі ойналатын матчтардағы қарсыластарынан шыңғыртып тұрып қайтарып алады. Жеңсе Реалмен арадағы ұпай айырмашылығы 11-ге шығады. Әлбетте, осыған дейін, ұмытпасам үш сезоннан бері жеңе алмай келе жатқан Реал Барсадан бар қарымтасын қайтаруға тырысатыны анық, әсіресе соңғы 5-0дің. Оның үстіне Ноу Камп емес, сондықтан блоуграналардың біраз терлейтіні шүбә туғызбайды. Дегенмен, жаман ырым шақырып қайтеміз, үш ұпай және каталондық клубтың еншісінде қалады деген үміттеміз. Ал келесі сәрсенбі күні ойналатын матчтың салмағы бұдан ауырлау. Жеңіс екі командаға да ауадай қажет. Ал одан кейінгі Чемпиондар лигасы жартылай финалы матчтарының маңызы айтпаса да түсінікті.
Қысқасы, ертеңгі матчты түріктің "Қасап ет, қой жан дертінде" деген мақалымен сипаттауға болатындай. Барса деңгейі шамалас қарсаласын бір тізерлетіп, арадағы ұпай айырмашылығын арттыруды көздесе, Реал кеткен есесін қайтаруды, сондай-ақ ұпай айырмасын азайтуды көздейді.
Әрі қарай

Сағына беремін (Алмас Кішкенбаев)


Өңім бе едің, түсім бе едің,
Айтшы маған, сен, шыныңды?
Қалай ғана түсінбедің,
Саған айтқан сырымды?
Үнсіз ғана ішудемін,
Сағыныш деген шырынды,
Қол жеткізбес құсым менің,
Пәк жаның кімге жылынды?
Әрі қарай

20 ЖЫЛДЫҚ ҚАРСАҢЫНДА 20 ДЕПУТАТ ЕРЛЕДІ



Осы күнге дейін депутаттардың атына айтылатын неше түрлі жайсыз сөздерден бас көтере алмаушы едік. Бұл жолы халық қалаулылары халықтың қалауын, яғни ұлттық, мемлекеттік мәселелерді өздерінен жоғары қоя білетіндері баршылық екенін дәлелдеді. Бүгін 13 сәуір күні Мәжілістің жалпы отырысында депутат Шалатай Мырзахметов бастаған 20 депутат «тәуелсіздігім тағдырым» деп өткен Мұстафа Шоқайға шет мемлекеттер құрлы құрмет көрсете алмай жатқандығымыз туралы депутаттық сауал оқып, санада бір-ақ төңкеріс жасап жіберді. Кезінде оның атын атаудың өзіне тыйым салынып, аты үрей тудырған заманның толқыны болғанына қарамастан, бойларында әлі кеңестік қорқыныштың уыты тарқамаған депутаттарымыздың бұл жолғы батырлығына түрегеп тұрып сол соғуға болады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында тәуелсіздік жолында құрбан болғандарға құрмет көрсетіліп, санада бетбұрыс болып жатса неге бәрекелді демеске.
Әрі қарай

Терезесi тең ынтымақтастықты жақтаймыз, ал экспансияға жол бермеймiз!

Қазақстан азаматтық қоғамының
ҚР Президентiне ашық хаты


Бiз, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар – саяси партиялар, қоғамдық және үкiметтiк емес ұйымдар, интеллигенция және сарапшылар қауымдастығының өкiлдерi –Қазақстан мен Қытай арасындағы тең құқықты және көпқырлы әрiптестiк қарым-қатынасты елiмiздiң гүлденуi кепiлiнiң бiрi ретiнде қарастырамыз. Алайда екi елдiң нақты экономикалық қарым-қатынасына алдын ала жасалған талдау көңiлiмiзге күдiк ұялатты, ерекше алаңдаушылық туғызды.
Әртүрлi мәлiметке сүйенсек, соңғы жылдары Қазақстандағы газоконденсант пен мұнайдың жылдық өндiрiсiнiң үштен бiрi қытайлық компанияларға тиесiлi екен. Осының өзi елiмiздiң стратегиялық мүддесi мен ұлттық қауiпсiздiгiне төнген қатер туралы айтуымызға толық негiз болады.
Әрі қарай