Билл Гейтс алтын балықты ұстап алса...


Александр Сергеевич Пушкиннің «Балықшы мен балық туралы» ертегісін бәріміз оқып өстік. Сол ертегідегі балықшы кемпіріне алтын балықты ұстап алып, қоя бергенін айтады. Кемпірі жынданып «Еш болмаса бүтін корыто сұрамайсың ба?» деп ұрсады. Сол корытодан бастаған кемпірдің әуселесі кейіннен патша болуға дейін барып, айналадағысын танымай кетеді. Шалқайғаны соншалық, балықтың өзіне әмірімді жүргізем деген кезде, балықтың да төзімі таусылып, бұрынғы сүмірейген кедей қалпына қайтадан әкеліп қояды. О баста кемпірдің корыто сұрағанынан-ақ, оның түк көрмеген надан екендігін аңғарасың. Ал «түк көрмегендер» иен байлыққа қол жеткізсе де, сол баяғы түк көрмеген қасиеті өзгермейтіндігін және басқа да нәрсе айтқысы келген Пушкин атамыздың мысалы мен ақылы әдебиет шедеврінің қатарына кірді.
Енді бір сәт фантазияға ерік беріп көрсек, сол алтын балықты сіз ұстап алсаңыз не сұрар едіңіз? Әрине, өміріңізде неге қол жеткізе алмай жүрсіз, соны дереу сұрап үлгерер едіңіз. Мысалы, үй, көлік, қызмет, бизнес-жоба, шетелге саяхат, жағажай, бағалы бұйымдар, тағысын тағы.
Ал енді осы балықты онсыз да шіріген байлар ұстап алса не сұрар екен? Мәселен, яхтада қыдырып жүрген Билл Гейтс осындай балықты ұстап алса не сұрайды деп ойлайсыз? Ол әрине кедейшіліктен зардап шегіп жүрмегені белгілі. Дереу сенсация жасау үшін прессаны шақырар ма екен әлде ғаламның мен білмейтін құпия сырын ашып бер деп сұрар ма екен? Әлде ешкімге дабыра қылмай алтын балықты Американың құпия зерттеу лабороториясына атып ұра ма екен? Ең қызығы, осы балықты біздің байлар мен шенеуніктер ұстап алса ше? Не сұрар екен?
Сіз «Ал өзің не сұрар едің?» дегіңіз келіп тұр ма?
Мм, мен кәдімгі сол өмір сүруге не қажет, соны сұрайтынымды жасырмаймын. Енді, алтын балық келіп тұрса, бәрін орындап берем деп тұрса, неге сұрамасқа?!
Әрі қарай

Ұнайды немесе ұнамайды

Ұнайды: караокемен ән айтқан; мүлгіген тыныштық; шопинг; поэзия (мәнерлеп оқу); радио(жүргізуші); түрік тәттілері; кофе (3 в 1); кішкене балалардың тәтті ұйқысынан тұрған сәті; сыйлық таңдау барысында жолымның болуы; фотосессия жасау;
Әрі қарай

Қазақ тiлiнде оңай жазу

Қазiргi таңда қазақша жазу оңай жұмыс емес. Себебi, қолданатын пернетақта жүйемiз орыс тiлiне ыңғайландырып жасалған. Қазақ тiлiне тән әрiптердi теру үшiн сандарға арналған түймелердi қолдану керек.
Бiрақ осы мүшкiлдеу жағдайды айналып өтуге болады. Қалай дейсiз ғой. Былай;
1. CrazyKeys
2. Mozilla Firefox + Transliterator 0.7
Алдымен CrazyKeys туралы. Бұл бағдарламаның қазақшаға бейiмдеу қажет. Бiрақ оны iстеу үшiн компьютерден хабардар болу ләзiм.
Немесе осы посттың астына өзiңiздiң е-маилiңiздi қалдырыңыз. Мен өзiм жасаған бейiмдеменi сiзге жолдаймын.

Екiншi тәсiл. Mozilla Firefoxты компьютерiңiзге қондырып, плагиндер арасынан Transliterator дегендi шолу керек. Тапқасын орнату түймесiн басып, оп-оңай түрде шолғышыңызда қазақ әлiппесi пайда болады. Бұл латын әлiппесiн қазақ әлiппесiне алмастыру арқылы орындалады. Негiзi qaztranslit.com сайтынан алынған.
Әрі қарай

Ең көне заңнамалық актке - 5 000 жыл!

Уа, заңгер қауым, денсаулық, бақыт және Өзбекстанның ирригациясы үшін кеше алдырып қойып, бүгін ішуге сылтау таба алмай отырсаңдар, міне сендерге сылтау! Очм бүгін, қазіргідей қаптаған заңнамалық жыныстық акттың орнына — бір-ақ түйір заң шығарған Хаммурапи амигоның алқашқы заңына — тура 5 000 жыл толып отыр! Қуана-хуана назарбтарыңызға сол
Әрі қарай

Балаларға арналған спектакль

Қатысушылер:
Староста Саммита
Тазалық секторы АКҮ
Сыныптағы бұзық бала Асаубота
Жақсы оқитын оқушы Қасым Олжас
Сахнада мектеп көрінісі. Сыныптың іші. Тақта, парталар, улап-шулаған балалар.
Староста Саммита: Балалар, Бальзаминка апай ауырып қалыпты. Еңбек мұғалімі Қилызаман ағай 15 минөтте келеді. соған дейін шуламай отыра тұрайық.
Тазалық секторы АКҮ: Сыныпқа түкірмей отырыңдар, кезекші тақта неге сүртілмеген?
Сыныптағы бұзық бала Асаубота: Давай, қашайық! Кім қашпайды сол ҚАТЫН болады!!!
Сыныптағы ұл балалардың бәрі өре түрегеліп, сөмкелерін алып қашып бара жатады. Класта қыздардың жанында жақсы оқитын Қасым Олжас қана қалып қояды. Шымылдық жабылады.
Әрі қарай

Қанды ішкен WiFI

Үйде екі компутр бар, біреуі ноутбук, сол ноутбукты интернетке WiFI арқылы қосамын деп, біраз жүйкемді жұқарттым.
Әрі қарай

Қолдауы барлардың қабілеттері жоқ па?

ҚазНетте қазақтілді сайттарға көрсетілетін қолдау жоқ деген тіркестің жоққа шығып келе жатқаны қуантады. Қолдау көп болмаса да, жыл өткен сайын қазақ тілді сайттар ашуға түрлі қаржылай қолдаулар жасалып жатыр. Ол қолдаулар түрлі гранттар, тендерлер немесе қорлар мен мекемелердің бөлетін қаржылай көмектері болып табылады. Сондай көмектің арқасында ашылған және қазір жұмыс жасап жатқан «Абай ақпарат» қазақ Интернет кеңістігін дамыту қоры" қарамағындағы Абай.кз, Маса.кз, Ойтөбе.кз, Қазмұнай.кз, «Мемлекеттік тілді қолдау Президенттік қоры» қолдау көрсеткен "ҚҰН" ЖШС-не тиесілі «Экономика-ҚҰН» сайтын, жекелеген Мінбер.кз, Замандас.кз, Балбұлақ.кз, Лит.кз, тағы осылай кете беретін бірнеше сайтты айтуға болады.
Әрі қарай

Қазззақтардың саны - 16 666!!!

«Ибо число @KILYZAMAN — 666». ©Евангелие от Амандық, стих 66:6.

Шала оқыған, әсіресе сан танымайтын қаззақ журиктер — менің сүйікті колекциям. Егер олар өмірде болмаса, ішқұсадан өліп қалар ма едім?

Очм, Монте-Карлоға хуйш келмепсіңдер, ептібайымайдтар!
Әрі қарай

Мүшел жас қауіпті ме?

/
сурет aruna.kz/catalog/books/september_b_les_be/m_shel_zhas/ — осы жерден алынды.
Агентте құрбыммен сөйлесіп отырғанмын. Әңгімеден әңгіме шығып ол маған бір танысының 3 тамыз күні қайтыс болғанын және сол танысының туған күні де 3 тамыз екенін, дәл мүшел жастан шыққан күні екенін айтты. Бұрын мүшел жас қауіпті деп айтса онша сенбейтінмін. Бірақ, өз әкем де 48-ден 49-ға қараған мүшел жасында қайтыс болды. Оның үстіне, әкем жылқы жылы дүниеге келген, как раз қайтыс болған жылы жылқы еді. Негізі, сондай бір ырымшыл емеспін, бірақ мүшел жас шынымен қауіпті болғаны ма сонда?
Әрі қарай