Қанды ішкен WiFI

Үйде екі компутр бар, біреуі ноутбук, сол ноутбукты интернетке WiFI арқылы қосамын деп, біраз жүйкемді жұқарттым. Ақылы қызмет көрсететін сисадминдерге збандасам кемінде 2 мың, ВайФай боса 2500 теңге деп шалқаяды, оларға бергенше одан да өзім-ақ істеп аламын деп үш-төрт күн бас қатырып отырдам. Бір қиыны, инетке вайфай арқылы ноутбукты қоссам, IDTV өледі, оны қоссам, қарапайым интернет құлайды, ал Вайфай инетті көрмей қалады. Солай салым суға кетіп жүргенде (жарнама деп қабылдамаңыздар, маған көп көмегі тиді)мына сайтқа кезіктім:
tplink.kz/
Қалай интернетті, IDTV-ді, WiFI-ді қосу керек екені тиянақты, түсінікті жазылған. Айтқанының бәрін орындап, инетке WiFI арқылы шықтым-ау, содан соң телевизорды қоссам, IDTV істеп тұр, ал постты ескі кампутрыммен (ноут емес) жазып отырмын.
Бөлісу:

11 пікір

meirzhan
Қайсысының интернет жылдамдығы басым? менде де дәл солай. Ескінікі тезірек.
Ottegin
Әлі анықтаған жоқпын. Ескі системникті ауылдағы туыстардың жүгірмектеріне апарып берем деген ой бар, ноутбук қана қалады, бірақ сол құрғырға үйрене алмай жүрмін, клавасында қазақ әрпі жоқ, тым нәзік секілді
meirzhan
тым нәзік және тым кішкентай экран  үңіліп отырған бір-түрлі
Ottegin
Ал оған жай монитор қосуға болады ғой? Идея!..
meirzhan
иә, клавиатураны да қосуға болады  идея
araika
хехе, мен сол идеяны іске асырушымын, бірақ тасымалдау қиынырақ
balzaminka
дауыспен де басқаруға болады. Сондай-ақ, клаваны дисплейге шығаруға болады, сөйтіп жазып жүрмін, алдында латиницамен біраз елді шаршаттым ғой, жетер деген ойға келдім . Лаптоптың ОЖ-сі ағылшынша, қазақшада дауыспен басқару қалай екен деген сұрақ бар
araika
білмейді екенмін, менің жеке IT маманым бар сол көмектеседі
meirzhan
үй жағдайында жүзеге асырмаса, өзіңмен бірге алып жүру қиын әрине. Сумкаға да сыймайды. Алақандай ғана клавиатура болмаса
araika
менің де айтқаным үй жағдайында ғой, бөлмеден бөлмеге жүргеннің өзінде 2 рет қатынауға тура келеді(+ зарядка бар)