Робин Шарманың кеңестері

Бір жаңалықпен қатты бөліскім келген еді, болмады, бәрі минус қойды ғой, қайта аударуға қызық болмай кетті. Енді жаңалық болмай қалды. Тағы бір сайтта көрген мақала қатты ұнап, сіздер де оқыңыздар деп ойладым. Ол әрине керемет жаңалық емес, көбі оқыған да шығар,өзіме сол автор қатты ұнайды. Айтқандары қарапайым әрі нақты және пайдалы. Ал, мынау қазақша, керемет! Оқып, еске түйіп алайық.
Робин Шарма: “Өмірдің 200 сабағы”
1. Аз ұйықтаңыздар. Бұл өміріңізді одан бетер толық және өнімді етеді. Көпшілік адамдарға 6 сағаттық ұйқы жетеді. 21 күн ішінде бір сағатқа ерте тұруға тырысыңыздар, ақыры бұл әдетке айналады. Есіңізде болсын: ұйқының сағаты емес, сапасы маңызды.
2. Таң ертең бір сағатыңызды жеке бас дамуына бөліңіз. Бүгінгі күніңізді көзге елестетіңіз, шабыттандыратын мәтіндерді, мотивациялық жазбаларды немесе ұлы кітаптарды оқыңыз. Бұл тыныш уақытты барынша тиімді пайдаланып, бүгінгі қарбалас кезеңге дайындалыңыз. Аптасына бір рет күннің шығуын немесе батуын бақылаңыз, таза ауада серуендеңіз.
3. Майда.шүйде емес, маңызды нәрселерге көңіл бөліңіз. Өзіңізден мынаны сұраңыз: «Мен өз уақытымды және қайраттылығымды барынша тиімді пайдаланамын ба?» Уақытты басқару – өмірді басқару, сондықтан өзіңіздің уақытыңыздың тиімсіз жұмсалуына немқұрайлы қарамаңыз.
4. Ойыңызды өмірдің тек жақсы элементтерін жию үшін резеңке бауы атты әдісті қолданыңыз. Білегіңізге резеңке бауын тағып алыңыз. Басыңызға жаман ойлар келгенде, қолыңыздағы резеңкенң тартып қалыңыз. Сіздің миыңыз жаман ойды ауыртпалық ретінде қабылдап, жақын арада ойдың жақсы қоймасы қалыптасады.
5. Әрқашан телефон қоңырауына ерекше ынтамен жауап беріп, сол арқылы қоңырау шалушыға қадір.құрмет білдіре аласыздар. Жақсы телефон мәнері өте маңызды.
6. Күні бойы біздің ойымызды жақсы идеялар мен шабыттар аралайды. Өзіңіздің ойларыңызды жазып қою үшін, әмияныңызға карточкалар және қалам салып қоюды ұмытпаңыздар. Үйге келгенде, осы карточкаларды көрінетін жерге қойып, қарап шығыңыздар. Оливер Уэнделл Холмс айтқандай: «жаңа идеялар кезінде үлкейген адамның ақылы, ешқашан бұрынғы көлеміне оралмайды».
7. Жексенбілік кешті өзіңізге арнаңыз және бұл әдетті қатаң ұстаныңыз. Осы уақытты келер аптаны жоспарлау, күтілетін кездесулерді елестету, осы кездесулерде не мақсатқа жеткіңіз келетінін ойлану, жаңа мәліметтер мен кітаптарды оқу, баяу музыканы тыңдап, тынығу үшін арнаңыз. Бұл уақыт келесі аптада жинақы, мотивацияланған және тиімді болуыңызға көмегін тигізеді.
8. Мына қағиданы есте сақтаңыз: өміріңіздің сапасы – бұл қарым.қатынасыңыздың сапасы. Ол деген достарыңызбен, ең бастысы өзіңізбен қарым.қатынас. Егер сіздер пайдалы нәрселер іздесеңіздер, онда оған жетесіздер. Бұл табиғаттың заңдылығы.
9. Нәтижеге емес, мақсатқа назар аударыңыз. Кез.келген істі ұнағаны, біреуге көмек беретіні үшін істеңіз. Ақша, бедел үшін емес. Олар өздері.ақ келеді.
10. Күнде айнаның алдында 5 минут күліңіздер. Осылай Стив Мартин істейтін. Күлкі мүшеңіздегі көптеген пайдалы элементтерді іске қосады. Сонымен қатар күлкі ағзаға теңгерімділік қалпын қайтарады. Күлкітерапия көптеген дерттерді емдеп, өмірлік проблемалардан құтқарады. Төрт жастағы бала күніне, шамамен, 400 рет күлсе ересек адам 15 рет қана күледі екен.

Ары қарай өте көп, оны zhanaoi.kz/zho/blog/view/130 оқуға болады екен.
Әрі қарай

Бос қалбыр өмір

Айналамда ешкім жоқ. Өлі тыныштық. Сөйлесерге адам табылсашы. Ішімдегіні ақтарып-ақ тастағым келіп отыр. Әттең, тірі жан жоқ жанымда…
Бары бар ғой. Бірақ оларды жоқтай сезініп отырмын. Неге екенін өзім де түсіне алар емеспін. Қаңғырлаған бос қалбырдай күй кешіп отырмын. Біреулер бірдеңе сұрайды, құлықсыз жауап беремін. Ешкіммен тілдесуге ынтам жоқ. Әйтеуір бәрі жай өткінші тірлік сияқты. Бүгінге дейін жайдары сөйлесіп жүрген жандарға неге бұлай қарап қалдым екен? Өзі осылай болады кейде. Құлазу ма екен… Бірақ, нені аңсаймын соншалық? Осы сұраққа жауап таппай маза кетті. Қайғы-мұңсыз бала күнімді ме? Әлде сейілмен өткен студенттік шақтар ма екен сағындырған? Бәлкім, жай ғана ата-анам бәріміз бірге болған күндер болар ойға оралған? Не де болса шешімі қиын сұрақтар.
Қойшы өзі! Бос қалбырдан да дыбыс шығады. Мен де тірлігімді жалғастырайын. Жауабы уақыт өте келе жатар. Не жағдай екенін білетін жан болса айтсын. Тыңдап көрейік…
Әрі қарай

Жұлдызшалар

***
Ауылға бардым. Қой қораның қиын ойдық. Қидың арасынан өлген бозторғайдың денесі шықты. Қойдың үстіне жұмыртқалағысы келген болар сірә…
***
«Еңкейгенге еңкей, әкеңнен қалған құл емес,
Шалқайғанға шалқай, ол патшаның ұлы емес» деген мақал өтірік-ау деймін. Біреуге еңкейіп ізет көрсетсең, ол саған еңкеймек түгілі айналып кетіп, артыңнан бір тебеді. Басқасын істемегенге тәубе айтып кете барасың…
***
Үйіңнен қою тамақ жеген кейбір жігіттердің, былай шыға соңыңнан сұйық сөз айтатынына үйрене бастадым.
***
… Тауға да биік шығарсың
Жауыңды жеңіп тынарсың
Ағайын сенбей тұрғанда
Досыңның көзін ұғарсы...-алып -қосарым жоқ екен.
***
«Осы маған не жетпейді?» деп көп ойланатынмын. Жақында соның жауабын таптым. Маған ақша жетпейді екен. Бірақ, ол кімге жеткен дейсің?! Байлықтың түбіне жетем дегенше, ол сенің түбіңе жететіні де ақиқат.

«Осы неге басқа елдерде қайдағы жоқ қайыршылардың өзі лотереядан Джек пот ұтып жатады?-деп ойладым ұтыссыз „Казлотомды“ қоқысқа тастап жатып…
Әрі қарай

Экзотикалық тағамдар

Бүгін аздап экзотикалық тағамдарға шолу жасап қайтқам, соның аз бөлігін сіздермен бөліссем дегем. Қарап отырсақ біреулер үшін экзотика, біреулер үшін ұлттық тағам екен.


1. Балют(балут)- қайнатып пісірген үйрек эмбрионы (эмбрион-жұмыртқада енді дамып келе жатқан балапан). Филиппиндік ер адамдар балютті күнделікті аста жеуге тырысады, өйткені еркектік әлеуетті күшейтеді екен.


Әрі қарай

БОДИ кисеңші....

Қыздар оны БОДИ деп атайды. Бұл баяғы малаларымыздың кәдімгі комбинациясының жинақы, заманауи түрі. Ең рақаты — ішіңе жел қарыспайды, белің, бүйрегің тоңбайды. Сосын кейбір қыздардың еңкейсе, тоңқайса көрінетін құйрық сызықтары байқалмайды. Жып-жылы, ыңғайлы. Оның үстіңгі жағы кәдімгі кофта сияқты түрлері де бары белгілі. Қысқа нағыз керек киім. Общым, мақтауы жетті, ал сіз боди киесіз бе?

Әрі қарай

Шукшиннің әлемі


Жақында қолыма Шукшиннің әңгімелер жинағы түскен болатын (Село тұрғындары деп аталады, аударма ғой) «Деревнядан» басталыпты. Қазақшаға әдемі аударылған. Осы біздің мектепте Чтение деген сабақты оқығанымыздың арқасы шығар, орыс халқының шығармаларын өзіміздің төл туындымыз сияқты қабылдайтынымыз. Қалай ойлайсыздар? Әлде кеңестік дәуірді бәріміз бірге бастан кешкендіктен бе екен? Әйтеуір, орыстардың оқ бойы озық шығармалары осы В.Шукшиннен кездеседі. Қазіргі жаңа орыс жазушылары дәл бұлай қабылдай алмайды екем. Орысты насихаттап отырғаным жоқ, бәлкім мектеп кезінде ағылшын, француз жазушыларын да оқытқан болса, дәл осылай қабылдар ма едік… Америка жазушыларын да… Қазір оқып жүрміз кейбірін. Олардың (мәселен Теодор Драйзер, Джек Лондон) бәрінің өткен ғасырдағы шығармаларындағы кейіпкерлердің тағдыры біздің қазіргі кешіп жүрген өмірімізге қатты ұқсайды. Ғаламтордан іздеп көріп едім Шукшиннің қазақшаға аударылған шығармаларын (кітабын), тапқаным менің оқып жүрген кітабым болып шықты. Сіздерге де қызықты деп ойлаймын. Шукшинді орыстың жазушысы деп қабылдағым келмейді, ол әлемдік деңгейдегі классик… Мойындауға тиіспіз!

Әрі қарай

Бұл не қылған батпан құйрық?

МӘ, АҚША...!ОЛ үшін темір тұлпардың рөлін тартып міну күні кеше арман еді. Бес жыл мемлекеттік қызметте жүріп орындалмаған арман бір жарым жылда орындалды. Бүгін ОЛ досына алғыс айтады. Өйткені, соның шақыртуымен «КЮНЕТке» кіріп, желілік маркетингпен айналысады. Бұрыңғы алатын жалақысы – 37 мың теңге болған. Әрі тартып, бері тартып, әйтеуір күнделікті нанына жеткізетін. Ал бүгін, ОЛ айына 32 мың АҚШ долларын қалтаға басады. Кеше жаман жидемен жүрген ОЛ бүгін қымбат киім киеді. Тіпті, жетім балалар мен мүгедектерге де көмек қолын созып жүр. Бұл желілік маркетингтің бір жарым жылда жеткізген – жетістігі. «Бүгін жиырма жетіге келген ОЛ отызында ойраңдап жүреді-ау», деп біз де іштен ойлап, сырттан қызыға қарап қалдық. Бұл не қылған батпан құйрық?
Әрі қарай

Қара теңіз халық биі

youtu.be/VkK7C4MKqI0

Бұл түрік халық биі, бидің аты әр жерде әртүрлі айтылады: колбасты, хорон, хоптек, фароз кесмесі. Фароз балықшыларының балық аулау маусымы біткен соң билейтін хоптек биі деген деректер кездеседі. Бұл би ХХ ғасырдың 30 жылдарында пайда болған және 70 жылдары Еркан Оджаклының 'Колбасты түркісінен' кейін атағы жайыла бастаған. Бұл би Түркиенің Қаратеңізінде: Трабзон, Самсун, Орду, Фароз, Диірмендере, Арафильбойы, Бозтепе аймақтарында кең таралған. Қазіргі уақытта түрік жастарының арасында кеңінен танымал. Ешқандай хип-хоптың қажеті жоқ көңілді, жылдам қозғалысты би түрі.

youtu.be/9C8OnTJrZSQ
Әрі қарай