Тағы бір досымды жоғалтқым келмейді

Тағы бір досымды жоғалтқым келмейді. Одан айырылып, жабырқаған сәттерде мұңымды бөлісетін адам табылмай қала ма деп қорқам. Мұндай жағдай бұған дейін болған… Мәселе мынада. менің ер бала жолдастарым көп. Қыздармен бөліскенше сол сырларымды ер баламен бөліскенім әлдеқайда жақсы. Өз ойым, олар ешқашан сенің арқаңа түкірмейді, әрдайым қысылған, қиналған сәтте жаныңнан табылады. Бірақ сол достарымның уақыт өте келе маған деген достық адал сезімдері махаббаттың сезіміне айналуына қапа болам. Сөйтіп олар менің досым емес, маған ғашық адамға айналады… Біртіндеп арамызды суытамын да жоғалып кетемін, себебі олардың сезіміне солай жауап бере алмаймын.
Айтайын дегенім, осы бойжеткен қыз бала мен жігіттің арасындағы достық сезімді қалайша сақтап қалуға болады? сіздердің пікірлеріңіз бен кеңестеріңізді күтем. Себебі тағы бір досымды жоғалтқым келмейді…
Әрі қарай

Журфак бітірмеген журналистер

Жақында тәп-тәуір жазатын бір ағам: "Қазақтың үш жүзге бөлінгені өз алдына, енді журналистер журфак бітірген және бітірмеген болып бөлініп жатыр деп" — ренжіп отыр. Сіз білетін журфак бітірмеген қандай журналистер бар? Және олардың қандай айырмашылығы бар, сонда?
Әрі қарай

Көзі соқыр оралман

Көзі соқыр оралман
2005 жылы Өзбекстан Республикасынан ата жұрты Қазақстан Республикасына оралған ұлты қазақ Яссаков Динмамет Раджапұлы күні бүгінгі дейін яғни 2012 жылдың өзінде Қ.Р азаматтығын ала алмай жүр. Оған себеп жергілікті органдардың сауатсыздығы деп сенімді түрде айта аламын.
Азаматтықты ала алмаған себептері:
(Түсінікті әрі көңіл аударарлық болуы үшін осылай бөліп жаздым)
• Ең әуелі Өзбекстан елінен Қ.Р-нің Қостанай облысының Жетіқара ауданына көшіп барған. Ол жерден жергілікті тіркеуде болмадың деп одан қалды көлемді ақша талап етіп азаматтыққа деген өтініштерін қабылдамай қойыпты. (сіра заң білмейтінін біліп осылай істесе керек)
• Жетіқарадан Оңтүсік Қазақстан аумағы Шу елдімекеніне көшіп барған Яссаков Д.Р мырза әлдекімдерге ақша беріп 70-тен асқан анасына азаматтық алып беріп өзіне ала алмай қалған. (Әжеге мемлекеттен берілетін квотада берілмеген ) Ағаның азаматтық ала алмауына себеп Шу қаласындағы көші-қон полициясы Жетіқарадан «Азаматтық алмаған туралы» анықтама алып келуін талап етіп тағы басқада сылтаулармен азаматтық бермей қойған. Негізгі себеп ол кісінің тілінің күрмеліп (сақау) сөйлейтіні себеп болған.
• 2007 жыл Яссаков Д.Р мырза Ақмола облысы Астрахан ауданына келіп әлде бір таныстарынан өтініп жергілікті жерге тіркеуге тұрып сол жердің көші-қон полициясына Қ.Р азаматтығын алу туралы өтінішін жазады. Ол жерден де Қостанай облысынан, Оңтүстік өңірден де азаматтық алмаған туралы анықтама алу туралы талап қойады.( Осы жердің қызметкерлері құжаттарға қажет деп өзі темір теріп ақша тауып жүрген адамнан төрт мың теңге алып алған.) Динмамет мырза аталмыш жерлерге баруға қаражаты жоқ екенін айтып түсіндіреді. Ал жергілікті көші-қон полициясы аталмыш жерлерден анықтаманы өздері әне-міне деп анықтағанша екі жыл жыл өтіп кетеді. Осы кезде Яссаков Д.Р мырза Петровка ауылында «ТОО Гранит» қожалығында қарауыл болып жұмыс атқарды
• Ал 2009 Яссаков Д.Р мырзаның Ө.Р алған поспартының мерзімі бітеді. Ендігі таңда көші-қон полициясы осыны желеу етіп азаматтықты бермей отыр..
• 2010 жылы Яссаков мырзаның екі көзі бірдей көрмей қалуына байланысты жұмыстан босатылады.
• Ал азаматтық туралы ісі сол қалпы хабарсыз қалады. Яссаковтың өзінің құжатының мәселесімен жүруге денсаулығы жарамаған соң жетпістен асқан анасы аудан әкімінің орынбасарына жолығып мән-жәйді түсіндіреді. Орынбасар мырза уәде беріп, әжені арқасынан қағып шығарып салған күйі әлі күнге дейін үнсіз. Ал қартайған әженің қайтып барарлық қауқарыда жоқ.
Міне, елін аңсап, «Ата жұртым» деп келген бауырымыз, осылай азаматтығын ала алмай ақыры көруден қалған көзіне ота жасатуы үшін 40 мың теңге таба алмай үйінде қайғыдан қан жұтып отыр.Айтпақшы, үйді әжей өзі ақша жиып, үй емес, лашық сатып алған.
Осы істі не ауыл әкімі немесе көші-қон полициясы болсын, басқада мемлекеттік мекемелердің істей алмай отырғанына өз басым таңмын. Енді ол кісінің жағдайы не болады,қайда барып күнелтеді ?Әлде қайта Өзбекстан Республикасына кетуі керекпе? Бұған жауап беретін бір тұлға бар ма?
Ағаның өзге туыстары бар. Бірақ анасы екеуін ешкім керек етпей тастап кеткен. Енді бізде ол кісілерді қараусыз қалдыра салайық па? Маған ауылдың әкімі «Қайтесің туыстары керек етпеген адамдарға сенің неменеге басың аурады» дейді. Мен әкімнің бұл сөзінен қарадай ұялдым. Мен осы елдің жергілікті азаматы болсамда ешкімді «оралмансың» деп шектеткен емеспін. Керсінше елімдеп келген қазақтарым үшін жанымды беруге әзірмін.

Бұдан өзге Көкшетау қаласының орталық ауруханасының берген «мүгедектігін растау» жайындағы қағазы бар. Әрі жедел тұрде ота жасату мәселесі бойыншада құжаттар бар.
Әрі қарай

Динара Адам: "Пайдаң тимесе, зияның тимесін"

– Динара, бұған дейін бірде-бір басылымға немесе телеарнаға сұхбат беріп көрмепсіз. Мұның сыры, себебі неде?
– Сөзіңіздің жаны бар. Телеөндіріс саласындағы көп жылдық тәжірибемде бар болғаны екінші рет сұхбат беріп отырмын. Бұған дейін көпшілікпен жүздесуге дайындығыма күмәнді едім. Тарыдай дүниені іске асырып, тау-тау әңгіме қылу – мен үшін жат қылық. «Арық айтып, семіз шыққан» жөн деп санаймын. Ал дәл қазіргі уақытта мен және менің компаниямның атқарған қызмет арқасында айтар әңгімем де, бөлісер сырым да, жеткізер ойым да бар. Ел алдында еш ұялмай есеп бере аламын.
– Телевизия саласына келуіңіз неден басталды? Ірі компания ашуға дейінгі еңбек жолыңыз жөнінде айтып берсеңіз…
– Телевизия – бала күнгі арманым. 1997 жылы Алматы Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірісімен осы салаға келдім. «Қазақстан» арнасындағы «Шапағат» деп аталатын таңғы бағдарламаға іс-тәжірибеден өтуші ретінде қабылдандым. Өз таңдауыма ғашық болғаным сондай, міндеттелген жұмыстың ірілі-ұсақтығына қарамай, жанымды сала атқарған екенмін. Махаббатымды өршіте түскен, құштарлығымды арттыра түскен телевизиядағы алғашқы ұстаздарым Тыныс Шындәулетұлы Өтебаев ағамыз бен Гүлнар Бораш апайымыз болатын. Олардың маған жасаған қамқорлығы үшін айтар алғысым шексіз.
Сапарым тар да, тайғақ та болды. Қай кезде де жолдан аудырмаған кәсібіме деген ынтық сезім деп білемін. «На шпильке», «Секретики», «Super Star» думанының екі маусымы, «Вторжение», «Тойбастар» сияқты жобалардан басталған соқпағым – үлкен болашағымның бастауы. 2006 – 2007 жылдар аралығында «ХитТВ» арнасының тізгінін қолға алдым. Мен жұмысқа кіріскен шақта ол арна жар шетінде тұрды деп айтсам артық болмас. Қазақстан шоу-бизнесі тұтастай қарсы тұрып, арнаны мойындамай, соның кесірінен отандық өнім өз көрерменін таба алмай тұралап қалған еді. Компания президенті Қуат Домбай екеуміз сәтті жүргізген ребрендинг жұмысының арқасында арна екі аяғын тең басты. Көрермені артты. Шоу-бизнес өкілдері назар аударды. «ХитТВ» отандық музыкалық өндірістің орталығына айналды. Әлі күнге дейін сол дәстүр жалғасын тауып, арна өзіміздің дүниені насихаттаушы болып келеді.
Одан кейінгі тірлігім өзімнің компанияммен ұштасты. 2008 жылы отандық телеөндіріс айдынына жеке шықтық. Содан бері үлкен-үлкен жобаларды дайындап, көрерменге ұсынып жатырмыз.
– Динара Адам дегенде көз алдымызға бірден «ADAM Media Group» келеді. Компанияның тарихы қандай және неге «Адам» деп аталады?
– Адам – менің ұлымның тегі. Оның атасы – қазақтың танымал жазушысы Адам Мекебаев. Балам өзінің шыққан тегі мен түбін мақтан етсін деген оймен компанияны осылай атаған болатынмын.
«ADAM Media Group» – бүгінгі таңда сапалы телеөнім жасап отырған бірегей орталық. Біздің қоржынымызда халықтық деп танылған «Екі жұлдыз» думанының 4 маусымы, «Қазақтың 100 әні» думаны, «Инновационный форсаж», «Елім менің» патриоттық интеллектуалдық думаны, «Әнжұмбақ» телеойыны, «Саған сенемін» отбасылық думаны, балаларға арналған бірнеше бағдарламалар, соңғы бес жылдағы жаңа жылдық думандар және т.б. концерттік бағдарламалар түсірілімі бар деп ауыз толтырып айта аламын.
«ADAM Media Group» – ең сапалы мамандар мен техника, көп жылдық тәжірибе. Қазіргі шығармашылық және техникалық құрамды жылдар бойы, бір-бірден, су астынан маржан тергендей жинадым. Мен үшін әрқайсының құны алтыннан артық. Олардың білімі, дарыны мен таланты, жұмысына деген адалдығы теңдесі жоқ байлық. Барлығын дерлік басқа компаниялар екі есе артық қаржымен қызықтырып өздеріне тартпақ та болды. Алайда менің кіршіксіз сенімім мен махаббатымды бір де бірі сатып кеткен жоқ. Сол сенімнің арқасында біз ештеңеге алаңдамай, таза шығармашылықпен айналысып, әр күнімізді жасампаздықпен өткіземіз.
– Биылғы телемаусымда компанияңыз бір емес, бірнеше жобаның тұсауын кесті. Соларға тоқтала кетсеңіз.
– Ең әуелі «Елім менің» интеллектуалдық думаны туралы айтайын. Мен үшін бұл жобаның орны тым ерекше. Осы жоба арқылы біз өз Отанымызға, халқымызға деген махаббатты жеткізуге тырыстық. Біздің қоғамда жалған отансүйгіштікті жамылып сөйлейтіндер көп. Соның арқасында күнін көріп, нанын тауып жейтіндер жетіп артылады. Халық елжандылық дегенді мінберлерден айтылып, жиындарда талқыланатын пафос түрінде ғана қабылдап жүр. Бұл үрдістің соңы – құрдым. Ал «Елім менің» думаны арқылы халық өзінің шын қаһармандарын танып, ерліктерін жыр қылып, жеңістерін мақтан ете алады. Мақсатымыз еш бояма, көпірмесіз нағыз елжандылыққа үндеу еді, көздегенімізге жеттік. Думанды дайындау барысында шығармашылық топтың ақтармаған энциклопедиясы, кеңеспеген ғалымы, қопармаған мұрағаты қалмаған шығар. Тарих, этнография, ғылым, өндіріс, саясат, спорт, өнер және т.б. салалар бойынша кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, халыққа ұсынды. Осы күні думан халықтың үлкен қолдауына ие болды. Алғыстарын айтып, баталарын беріп қоңырау шалған, хаттар жазған зиялы қауым өкілдері, ризашылықтарын білдіріп жатқан жанкүйерлер бар. Жақында ғана сонау Моңғолия жерінен көрермендер хабарласып, думанға қатысуға өз ниеттерін білдірді. Бұның барлығы бағдарлама жасаушылар үшін үлкен көрсеткіш. Екінші үлкен жобамыз – «Әнжұмбақ». Бұл телеойын да үлкен дайындық жұмысының арқасында жарық көрді. «Қазақтың 100 әні» думанын жасау кезінде шығармашылық топ қазақ әні туралы көп мәлімет жинаған болатын. Бізде өте үлкен ән және құнды мәліметтер қоры дайын тұрды. Барлығын «Әнжұмбаққа» барынша пайдаландық. Соның өзінде біраз қиындықтар кездесіп бақты. Әсіресе ән мәтіні тығырыққа тіреді. Көрермен тек тыңдап қана қоймай, ойыншылармен қосылып орындап, әннің ең дұрыс мәтінімен таныс болсын деген ниетпен караоке пайдаландық. Ал іс жүзінде әннің дұрыс мәтінін орындаушылар да, авторлар да шала білетін болып шықты. Не дегенмен барлық қиындықтарды жеңе білдік және көрерменге тың жоба ұсындық. Қазақтың халық әндерінен бастап, бүгінгі күннің үздік әндерін үлкен сүзгіден өткізіп, теңдессіз еңбек жасалды. Бұл жоба да зиялы қауымнан жоғары бағаға ие болды деп мақтанып айта аламын. Мұхтар Шаханов ағамыз думанның жүргізушісі Жұбаныш Жексенұлымен бір кездесуінде «Сен жүргізіп жүрген хабар қатты ұнады. Сапалы да мәнді. Сен де қатардағы әншілердей емес, ойлы әнші екенсің. Ойынның әсіресе үшінші айналымы сәтті шыққан» деп баға берген екен. Тапсырыс беруші «Қазақстан» Ұлттық арнасы да өз тарапынан көп көмек көрсетті. Осы орайда «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Мәди Манатбек мырзаның еңбегін атап өткім келеді. Екі жобаны да сол кісінің тікелей қатысуымен, кеңестерімен іске асырдық десем артық емес. Ауыз толтыра айтатын үшінші жоба – «Астана» арнасына дайындалған «Саған сенемін. Мой лучший» думаны. Телеарна басшысы Ләззат Мұратқызы Танысбай қашанғы көрегендігімен көрермен тамырын дөп басты. Ләззат Мұратқызының жетекшілігімен жасалған көп дүние шынымен халықтық деп танылды ғой. Сондықтан «Саған сенемін. Мой лучший!» думаны – Қазақстан телеөндірісінде өзіндік орын алған жоба. Қазақ халқы үшін қашан да отбасы орны ерекше болған. Ерлі-зайыптының татулығы тұтас елдің бірлігі саналған. Сондықтан мақсатымыз отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлгілі жұптарды көрсету болатын. Мақсат орындалды, сенім ақталды. Қиын да қызықты тапсырмалар орындау арқылы азаматтар сенім артуға болатын нағыз ер екендерін дәлелдесе, сыңарлары қай сында да ерлерінің қолдаушысы болатындығын көрсетті.
– Қазір телеарналардың барлығы аутсорсингке жүгінеді. Бағдарламаны өздері шығармайды, продюсерлік орталықтардан дайын өнімді сатып алады. Бұл тенденция қашан, қалай қалыптасты? Аутсорсингтің болашағы қандай?
– Аутсорсинг – әлемдік тәжірибе. Барлық мемлекеттердің телевизиясы осылай дамуда. Бұл тәжірибе бәсекелестікті дамытып, сапаны өсірді. Тың мүмкіндіктер ашты. Сондықтан аутсорсингтің болашағы зор деп толық сеніммен айта аламын. Алайда дәл қазіргі уақытта шынымен сапалы дүние жасап жатқан аутсорсингтер саусақпен санарлық. Көп компаниялар бір камерамен жүріп жұмыс жасайды. Бұл өсу емес, өкіндіретін жайт. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам» деген хадисінде. Сондықтан қай салада қызмет атқарсақ та елге пайда әкелуді ойлауымыз керек. Бір камера, бір редактормен жүріп қалтаға салған көп қаржы халқыма жасалған қиянат деп ойласа абзал.
– Жекеменшік компаниялар шетелдік дайын өнімнің лицензиясын сатып алып, қазақшалап бізге ұсынады. Содан болар қазақ телеарналары «көшірме орталығына» айналды. Дайын өнімнің өңін айналдырып, қазаққа ұсыну – ұлттық құндылығымыздың жоғалуына сеп болмай ма? Шетелдік өнім көрген көрермен санасы қазақтікін емес, жаттан қабылдайды ғой. «Дайын асқа тік қасық болғанша» неге өзімізге ғана тән төл өнім шығармасқа?
– Біріншіден, франшиза қолдану да – әлемдік тәжірибе. Ең жақын көршіміздің өзін алайық. Ресей телевизиясының мүмкіндігі бізден екі есе артық. Алайда олардың өз өнімі деп саналатын үш қана жоба бар: КВН, «Что? Где? Когда?» және «Дом – 2». Ал біздің телевизия даму сатысында. Сондықтан «көшірме орталығы» деп дабыл қағуға болмас. Осы жолдан адаспасақ «Қазақстанда жасалған» айдарымен талай жоба жасаймыз. Тек уақыт керек. Екіншіден, кез келген франшиза – пішін, технология ғана. Үтір, нүктесімен көшіріп алмауға тырысу керек. Телеөнімнің борышы – халыққа қызмет етпек. Әрбір микроатомы туған елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдауы қажет. Біздің компания жасаған кез келген өнімді мысалға алыңыз. Барлығы ел тарихын танытуға, Отан үшін жұмыс жасап жатқан адамдардың еңбегін жария етуге, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған. Өйткені біздің компанияның басты ұраны Әйтеке бидің сөзі: «Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін, Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, Батыр болып найзаң тимесе, Жұрттан алабөтен үйің күйсін!». Үшіншіден, бізде барлығы телеөнім жасауды үйретуге құмар. Басылым беттерінде кірпіш құю, машина құрастыру жайында мақалалар неге жарияланбайды? Ол тірлік қиын кәсіп деп саналады. Ал телеөнім жасау жеңіл деп кім айтты? Бұл да кірпіш құю сияқты өз заңдылықтары мен тәсілдері бар өндіріс. Бұл да әркімнің қолынан келе бермейтін шаруа. Бұл да машина құрастыру сияқты маңызды жұмыс.
– Осыдан шамамен бір-екі жыл бұрын қазақстандық телеарналардан қазақтілді бағдарлама іздеп дал болатынбыз. Құдайға шүкір, бүгінде көш түзелді. Қазақтілді бағдарламалар саны артты. Әйтсе де көрермен әлі де ресейлік өнімді көруге құштар. Сіздіңше, қазақ телеарналарын өзге өнімнен, өзге тілден арылту үшін не істеу керек?
– Бұл сауал мені де қатты алаңдатады. Жұбаныш – біз қадам санап өсіп келеміз. Сеніңіз, жақын болашақта қазақстандық көрермен тек өз өнімін тамашалайтын болады. Ал біз өз көрерменіміз үшін еңбек етуді бір сәтке де тоқтатпау керекпіз. Сонда ғана қазақстандық телевизия әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті бола алады. Ол үшін жоғарыда айтылған франшиза мәселесін сауатты қолдануымыз керек. Жанры, аудиториясы қандай болса да, ең бастысы телевизия заңдарына толықтай жауап беріп, ұлттық мүддені қорғай алатын, қай қырынан қарастырсаң да төрт аяғын тең басқан дүниелер тудыру қазақстандық өнімнің беделін көтереді.
– Бірнеше жобалардың жетекшісісіз ғой. Сіз үшін продюсер ретінде, бағдарламаның жетістігі неде?
– Жобаның діттеген мақсатқа жеткен, жетпегенін тек қана рейтинг көрсетпейді. Бағдарламаның нағыз халықтық болғанын халық қана байқата алады. Осы уақытқа дейін жасаған барлық жобаларым көрермен жадында жақсы сақтаулы екеніне күмәнім жоқ. Елге не қажет екенін елден сұрау керек. Мен қарапайым халықты тыңдаймын. Жақында Түркістанға жолым түсті. Қала арасында алып жүрген жүргізуші «Елім менің» думаны туралы аузының суы құрып айтып, «келесі сандарында қолдануыңызға болады» деп қызықты әңгімелер айтып берді. Жоғарыда айттым, Моңғолиядан хабарласып, қызығушылық танытуда. Бізге жетіп жатқан көрермен хаты қанша десеңізші. Мұндай мысалдарды тізе берсең, жетіп артылады.
– Талай жыл отандық телеарналарда қызмет еттіңіз. Қазір бір компанияға жетекшісіз. Маман ретінде бүгінгі қазақ телевизиясына не жетіспейтінін айтыңызшы. Дәл қазіргі тұста қазақ көрерменіне қандай бағдарлама қажет?
– Біздің телевизияда жанр тапшылығы қатты байқалады. Әлем тәжірибесінен 2-3 пайыз ғана пайдаланып отырмыз. Арналарда ойын-сауықтық жанр көптеп кездеседі. Ал сапалы документалды фильм, интеллектуалдық ойын, әлеуметтік ток-шоу, спорттық хабарлар дамымаған. Соқа тимеген тың жердей болып жатыр.
Дәл осы мәселе отандық шоу бизнестің де кемшілігі деп айтар едім. Бізде жанр тапшы. Кілең қайта өңдеу мен сырттан көшіріп алушылар. Әлемде мыңдаған жанр бар. Ал қазақ тыңдарманы қырық жылда қадірі азайған дүниелер мен шетелдің шүлдірін тыңдауға мәжбүр. Өнерпаздарымызда мүмкіндік бар, парызын түсінуге түйсік жетпейді. Кезінде «Дос-Мұқасан» жасаған үлкен ерлікті қазақстандық әншілер әскері жасай алмай отыр. Өйткені ізденбейді, талпынбайды. Өткеннің не істеп кеткенін білмесең, айналамыз не істеп жатқанын көрмесең, жаңа дүние тудыра алар ма екенсің?
– «ADAM Media Group» компаниясы негізінен ойын-сауықтық форматтағы бағдарламалар шығарады. Болашақта байыпты, салмақты хабарлар шығару ойда жоқ па?
– Мен «Елім менің» думанын тек ойын-сауықтық демес едім. Ол – бар болмысымен салмақты жоба. Берері мол, көрсетері көп дүние. Ал біз сияқты аутсорсинг компаниялар түгел дерлік телеарна берген тапсырысты орындайды. Телеарна қаржы бөліп: «мынадай салмақты дүние жасаңдар» деп тапсырма берсе болғаны. Біз кез келген жанрды алып шыға алатын деңгейдеміз.
– Кезінде сіздің жобаңыз ретінде шығып, халықаралық дейгейде танылған әнші Қайрат Түнтеков соңғы кездері сахнадан көрінбейді. «Қайрат екеуіңіздің араларыңызда келісім-шарт бұзылды. Енді ол сахнаны мүлдем қойып кетті» деген сыбыстар да естіледі…
– Қайратпен продюсерлік жұмысымды тоқтаттым. Бір жыл бұрын Қайраттың өз еркі бойынша арамыздағы келісім-шарт күшін жойған болатын. Шын жүректен жақсы көріп, талантын сыйлайтын болғандықтан еркіндікке жібердім. Таңдауы сол болса, мен кедергі болғым келмеді. Мен үшін өмірімнің жазылмай қалған бір парағына айналды. Болашақта бір жерді жарып шығатынына күмәнім жоқ. Қайталанбас өнерпаз. Ол менің оған деген достық ниетімді біледі. Кез келген уақытта қол ұшын сұрай алады.
Қайраттан кейін басқа да жобаларды қолға алып көрдім. Алайда бірінің дайындығы, бірінің шеберлігі жетіңкіремеді. Біреулері өз таланттарына мені сендіре алмады, енді біреулеріне менің сенімім жетпеді. Сондықтан жұмыс істеуден бас тартуға тура келді.
Осы жылдың шілде айында тағы бір талантты өнерпазға кездейсоқ тап болдым. Караокеде ән салып тұрған жас жігіттің ерекше тембрі, дауыс бояуы, ән салу мәнері ұнады. Сөйлесе келе, оның музыкалық білімі бар, танымы терең екеніне көзім жетті. Қолға алып, көмектесіп көремін деген шешім қабылданды. Жарты жыл болды, жұмыс істеп жатырмыз. Жақында үлкен сахнаға шығарып, жұмысымыздың нәтижесін көрмек ой бар.
– Оқырманға қызықты болар, туылған жер, отбасыңыз, хоббиіңіз жайында айта кетсеңіз…
– Динара Абайқызы Адам. Солтүстік Қазақстан облысы Афанасьевка ауылында дүниеге келгенмін. Ұлым бар. 9 жаста. Менің хоббиім – бала күнімнен сүйіп, таңдаған мамандығым.
Әрі қарай

Алыстап кеткен арманым.

Қатар өскен бәйшешектей құлпырып,
Жүруші едік зор бақытқа ұмтылып.
Сол күндердің естелігі ретінде,
Жатыр міне жүрегіме жыр тұнып.

Ұмыта алмай алаулаған сезімді,
Жүрген кезде серік етіп төзімді,
«Қолыма алып суретіңмен сырласам»,-
Дегеніңде ет жүрегім езілді.

Алыстасың, оған көңіл сенбейді,
Өткен күндер қайта айналып келмейді.
Таңшолпаным, сені ойлап сағынғанда,
Тұла бойды бір сағыныш тербейді.

Үмітімді жалғай берем арманға,
Арман жоқ қой орындалмас жалғанда.
Хордың қызы су құйса да қолыма,
Бұл өмірде саған жетер жан барма?..


Марат Нигметжанов
Әрі қарай

www.elanrna.com ga kelingzder.

salem,

www.elarna.com ga kelingzder.
kunine ortasha 500 den astam habar oshar makala oleng shegrama, bar kundi duniyeler joldanip oteradi, jalpi 6 aydan beri bunda 70,000 nan artik makalar engizilgen, bir jiylda 150,000 makala joldanip oteradi… tarata slaingzdar, rahmet.
Әрі қарай

Хэтроу қаласындағы шағын оқиға

«Иногда даже простая ракушка может вдохновить меня на создание новой концепции...» © Белгісіз атақты дизайнер

Темекі түтінінен буалдыр тартып, әбден ысталып қалған Хэтроу қаласының бір белгісіздеу келген шағын кафесінде саясат, Қызықстан мемлекетінің тағдыры мен болашағы және Қызықстанды басқарып отырған Елкәлласы деген атаққа ие еркектің ұстанып отырған бағыты мен бағдарының дұрыс-бұрыстығы жөнінде кесек-кесек ойлар айтылып, түйдек-түйдек дәлелдер келтіріліп жатқан шағы еді. Шаштараздың берекетін алып, басын олай –бұлай қисайтып қиылғанымен онысы былай халыққа көп байқала бермейтин прическасы бар төрт бас, сегіз қол және қызара жанған төрт шылым шоғы олай бұлай қозғалып, күңгірт кафенің ішіне жан бітіріп тұрғандай. Шылым шоқтарының траекториясына қарап жігіттердің әжептәуір қызып қалғаны байқалады. Бірақ осында әп-әсем отырыстың аяқ астынан кинодағыдай шытырман оқиғаға айналып кетерін кім білген…
Төрттік отырған столдың жанында аяқ астынан бір бейтаныс жігіт пайда болды да әй-шай жоқ бос тұрған орындаққа жайғасты. Төрт бас жаймендеп бейтаныс жанға сосын бір біріне бұрылды, әрқайсысының жүзінде «сен танитын ба едің» деген сұрақ жазылып тұрды.
-Танымайсыңдар нақ, хуйнақ болып келдім араларыңа – деді бейтаныс жігіт. Қараңғы болғандықтан бет-жүзі дұрыс көрінбеді, бірақ сақал-мұрты өсіңкіреп кеткені байқалып тұрды.
Төрттіктің арасындағы Нұрлан өзін әжептәуір көзі ашық көкірегі ояу азамат ретінде санайтын, қоғам проблемаларына құлақ тігіп, өзі сынды замандастары ойларына түскендерін жазып қоятын Терекинфо сияқты сайттарды тіміскілеп жүретін жігіт еді. Бейтаныстың сөзін естігенде осындай сөздерді бір жерден естіген сияқты әсерде қалды. Бірақ көп оқыған жан ғой, «кезекті дежа-вю болар» деп шешті ішінен. Қалған үшеу бөтен адамды аса жақтырмаса да қонақжайлық танытуға мәжбүр болды. «Кел-кел бырат отыр, танысып қояйық» деп қолын ұсынған Талғатқа (өзара Тәлян) бейтаныс жан бақырайып бір қарады да атын айтпастан қолын ұстата салды. Қасына жетіп келген даяшыға «Екі Хербес!» деп тапсырыс жасады. Түк түсінбей қалған даяшыға «екі Дербес» деп түсіндірді Нұрлан, неге екені белгісіз бір ішкі түйсігі осы бейтаныс жанды баяғыдан танитындай сөздерін түсіне бастады. Даяшы екі бөтелке сыра мен кружаны әкеліп столға тоқ еткізіп қойып жөнеле бергені сол еді, «Хуйып бермейсің бе не нақ?» деп бақ етті бейтаныс. Хэтроу қаласының осы кафесінде сервис және клиенттің көңілін табу деген ұғым мүлде жоқ болатын, кәдуілгі Техастағы салундардай дөрекі-жабайылау дәстүр қалыптасқан еді.Соны білмейтініне қарап қонақ Алмұртты немесе Басқала қаласынан келіп отыр-ау деп жорамал жасады жергілікті жігіттер. Бірақ Хэтроу тұрғындары соған қарамастан ерекше қонақжайлылығымен ерекшеленетін, сондықтан қонақтын сырасын қасында отырған Жасик құйып берді.
-Өлуін өліп болып жерлене алмау деген сұмдық екен әнасс, осындай сұмдықты Шива Шива болғалы да көрмеген шығар, енді жүріс мынау – деп бейтаныс жанның мұрнының астынан міңгірлеп бастаған сөзінің аяғы музыка мен у –шудан естілмей қалды. Сыраны сылқытып іше бастады.
-Шегіп алған – деп сыбыр етті Тәлян Жасикке.
-Отвечаю, с приветом — деді Жасик.
-Зомби сияқты ма бірдеңе – деп күңк етті компьютер ойындарын көп ойнайтын айтишник Ержан.
-Тастарыңды қатырмаңдар шешесс, туғалы бері шегіп келе жатырм, жынды болсам бүкіл Д.мемлекеті ғылым академиясының академигі қылып сайламас еді рухани тірі кезімде, оның бәрі сендер үшін хертегі… – деген бейтаныстың көтеріңкі дауыспен басталған сөзі тағы да міңгірге ұласып кетті.
Нұрлан тап осы кезде кинодағыдай жайды бастан кешірді: көз алдынан Терекинфодағы жазбалар шұбалып өте бастады.
Өз-өзіне келгенде өзінің «Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуді сұраймын» деп шіркеудегі әулие әкейдей бірқалыпты-қатты дауыспен айтып отырғанын аңғарды.
-Танып қойдың ғо нақ, тасың жасайды екен әнасс, ия өлдім ал, енді Шива нәсіп еткен жолмен шала-шарпы өртеніп ағып кетейін десем мына құрыған Қызықстандарыңда Ганг өзені де ақпайды екен – сыра әсер етті ме, рухани қайтыс болған тән қорс-қорс етіп жылай бастады. –Тірісінде бас түйістіріп шай іше алмаған Раджамен өлгенімде бір өзенде қалқып жүруді де жазбады ғой бұл піьяншік құдай…
-Ганг болмағанмен Қайық өзені бар бізде, жыл сайын ондаған адамдар кетіп өліп жатыр, шүкір, ешкім қайтып келген жоқ – деп шамданып қалды Жасик.
-Онда көмейік әнасс, оның не айқайы бар – деп бастама көтерді Тәлян. Сыраның буымен балқып отырған саналарында қысқа ғұмырда жақсылық жасап тұру керектігі жөнінде ой жылт еткен болуы керек, бәрі Тәлянды бірауыздан қолдады.
-Күрек жоқ қой – деді Ержан. –Далада уже қыс, жер қатып қалған болар еще.
-Біздің үйден аламыз как раз төрт күрек бар – деді Жасик.
-Жерлеп болғасын моламның төрт құлағының бір жағына алтыбұрышты жұлдыз, бір жағына крест, бір жағына ай мен жұлдыз енді бір жағына алты қолы мен екі бұтағы бар Құдай мүсінін қойыңдар — деп өсиет жасады Тән.
Жер бетінің барлық дінін бір бойына сидырған Тән рухани тірі кезінде қандай жан болды екен деп тамсанып қалды жігіттер.
Сәлден соң қаздай тізілген бес сұлба қараң-құраң етіп тұманға сіңіп бара жатты…
Әрі қарай

«Айбарлы жолбарыс» Жұмабек Тұрсынды атажұрты күтеді

jumabek
kaynar: ult.kz/article/view?id=808
sports.kz/blogs/blogger/orazov/post/kurz-judyiryiq-jumabek
www.on.kz/u40124/blogpost/35781/
www.on.kz/u40124/blogpost/35781/
vidiolar:
www.youtube.com/watch?v=HbukW3oelNA
www.youtube.com/watch?v=YiLtIVZP5qU
www.elarna.com
ult.kz/article/view?id=808

«Айбарлы жолбарыс» Жұмабек Тұрсынды атажұрты күтеді

Қытай елі «Айбарлы жолбарыс» атаған Жұмабек ережесіз төбелестен 25 рет ақтық шайқасқа қатысып, бәрінде жеңіске жеткен,-деп жазады qamshy.kz. Ол тек Қытай «мықтыларын» ғана емес Тайланд, Оңтүстік Африка, Ресей елдерінің де спорт шеберлерін тізе бүктірген.

Ол туралы қытай журналистері былай деп жазады: «Ол дене бітімі кішкене болғанымен, нағыз күштің иесі. Көп кездесулерде өзінен әлдеқайда денелі қарсыластарын тізе бүктірген. Жұмабек қазақтың баяғы батырларындай сайыс алаңына шыққанда көкжал қасқырды елестетеді. Ол бокс пен күрес техникасын жетік меңгерген, сондай-ақ тек қара күштің ғана емес керемет шеберліктің де иесі».
Ел ағаларына құлаққағыс: Жеңіс төрінде жебесін тартып, «Қара жорғасын» тайпалтып жүрген Жұмабектің атажұртқа оралуына жұмыс жасауға тиіспіз. Егесі жоқ ер емес, елі бар.

Жұмабек Тұрсын, 1986 жылы Іле қазақ автономиялы облысы, Күнес ауданында туылған. Бойы: 1,72 м. Салмағы: 60 кг.

— Жекпе-жектің шебері Жұмабек "Қара жорғаны" да билейді

Жекпе-жектің шебері Жұмабек "Қара жорғаны" да билейді Жақында Қытайдан тағы бір қазақ жігітінің үлкен спортта жүлде алып жүргенін естідік. Қытайдың солтүстігінде орналасқан Іле Қазақ Автономиялы облысының Күнес ауданында 1986 жылы дүниеге келген Жұмабек Тұрсынұлы деген қандасымыз бұл күнде ережесіз жекпе-жектен алдына жан салар емес, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жұмабектің бойы – 1,72 см, салмағы – 60 келі. Ол қазір бүкіл қытай еліне «Айбарлы жолбарыс» атағымен танылып үлгерді. Жұмабек ережесіз жекпе-жектен бүгінге дейін 25 рет ақтық шайқасқа шығып, бәрінде жеңіске жеткен. Тек Қытай «мықтыларын» емес, Таиланд, Оңтүстік Африка, Ресей елдерінің де спорт шеберлерін тізе бүктірген. Ол туралы қытай журналистері былай деп жазыпты: «Жұмабек дене бітімі кішкене болғанымен, нағыз қара күштің иесі. Көп кездесулерде өзінен әлдеқайда денелі қарсыластарын тізе бүктіреді. Жұмабек қазақтың баяғы батырларындай, жекпе-жек алаңына шыққанда көкжал қасқырды елестетеді. Ол сондай-ақ, бокс пен күрес техникасын жетік меңгерген. Сонымен бірге, қара күштің ғана емес, керемет шеберліктің де иесі».

Жұмабек Тұрсынұлы туралы ақпаратты естігеннен кейін, ғаламтордан төбелесіп жатқан бейнероликтерін іздеп тауып, қарап шықтық. Шынымен қытайлар айтса айтқандай, нағыз батыр екен. Қарсыластарын жайратып тас-тап, жеңіс төрінде қазақтың «Қара жорға» биін билегенде еріксіз разы боласың.

Бір жарым миллиард қытайдан бүгінде бір Жұмабекті жеңетін ешкім табылмапты. Міне, нағыз батыр деп осыны айт. Ол Қытайдағы Legend FC чемпиондық атағын да жеңіп алыпты. Бұл атақ кез келген адамға бұйыра бермейді екен. Қазір RUFF чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жүр (чемпионат ішіндегі рекорды – қатарынан 5 жеңіс!). Тіпті, келесі жылы өтетін Super Fight 2013 жарысына жолдама алып қойған екен. Ел ағалары осындай бауырларымызды елге оралуына титтей болса да, өз көмектерін тигізсе дегіміз келеді.

Мәлімет көзі: Күнсұлтан ОТАРБАЙ
tonykok.kz

— Жұдырықпен жаһанды мойындатқан Жұмабек

rss Baq Kz 16 ноября
Baq Kz

АСТАНА. 16 қараша. BAQ.KZ – Қытай елі «Айбарлы жолбарыс» атаған Жұмабек Тұрсын ережесіз төбелестен 25 рет ақтық шайқасқа қатысып, бәрінде жеңіске жеткен. Тек Қытай «мықтыларын» ғана емес Тайланд, Оңтүстік Африка, Ресей елдерінің де спорт шеберлерін тізе бүктірген.

Жұмабек Тұрсын, 1986 жылы Іле қазақ автономиялы облысы, Күнес ауданында туылған. Бойы: 1,72 м. Салмағы: 60 кг.
Ол туралы Қытай журналистері былай деп жазады: « Ол дене бітімі кішкене болғанымен, нағыз күштің иесі. Көп кездесулерде өзінен әлдеқайда денелі қарсыластарын тізе бүктірген. Жұмабек қазақтың баяғы батырларындай сайыс алаңына шыққанда көкжал қасқырды елестетеді екен. Ол бокс пен күрес техникасын жетік меңгерген, сондай-ақ тек қара күштің ғана емес керемет шеберліктің де иесі».

Сержан Сымайыл, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің студенті, Жұмабек Тұрсынның сыныптасы:

Жұмабек екеуіміз Күнес ауданына қарасты Октябрь елді мекеніндегі «Жаңарсын» мектебінде бірге оқыдық. Ол кішкентайынан спортқа бейім болды. Дегенмен сабақ үлгерімі де жақсы болатын. Сыныптастармен де берекесі өте жақсы еді. Қазақша күреспен айналысып, дене шынықтыру пәнінің үздігі болып жүрсе де, ешкімге әлімжеттік жасағанын көрмеппін. Кейін 2000-2002 жылдар аралығында Күнес аудандық № 5 орта мектебінде білімін жалғастырды. Сол кезде мектептің дене шынықтыру пәнінің ұстазы Тілеужанның көзіне түсіп, жүйелі тәрбиеленді. Мектепаралық жарыстардан үнемі жүлделі орын алатын. Ең бастысы – оның ұлтжандылығы өте басым еді. Өзі Ішкі Қытайда жүргенімен, отбасы әлі де Күнесте тұрады. Екі інісі бар. Астанаға келгеннен кейін, бір жолы хабарласқанымда, «Қазақстанға келмейсің бе» деп сұрағам. «Шақырса барамыз ғой» деп жауап беріп еді…
Әрі қарай