Мен басқарған бір тойдан үзінді

Блог - ErzhanKhamitov: Мен басқарған бір тойдан үзінді
Негізгі мамандығым «есеп және аудит» болғанымен жүрегім өнер деп соғады. Басты армандарымның бірі өнер адамдарының ортасында жүру еді. Аллаға шүкір орындалды. Оған себеп болған қазақтың тойы. Оқушы деген атты жамылғаннан бастап өлең жаттап, әртүрлі деңгейдегі сайыстарға барынша қалмай қатысып жүрдім. Кейін студент болып жүріп асабалықты қолға алдым. Содан бері 4 жыл уақыт өтіпті. Қазіргі тойлар бұрынғы тойлардан өзгерек. Бұрын асабаны ортадан сайлап шығарса, қазір, асабаға үлкен талғаммен қарайды. Сондықтан болар, тойдың тізгінін бермес бұрын алдыңғы жүргізген тойларыңа қарап алады. Тіпті, не киетініңе дейін сұрайды) 4 жыл бойы жасамаған бейне роликті биыл жасатуға мәжбүрледі) Ол да дұрыс шығар. Сіздер де қарап, жарнамалай отырыңыздар) Осыған дейінгі басқарған тойларымның өтімді деген жерлерін қиып-қиып 10 минуттық немесе одан да көп қылып жасауға болушы еді. Бірақ, көп уақытты қажет етеді екен. Сондықтан, басқарған 1 тойдан 2-3 минуттық ролик жасауға тырыстым. Көріп бағасын беріңіздер!
Бейне роликке сілтеме: Мен басқарған бір тойдан үзінді

Әрі қарай

«Темір жол» ойыншығы. "Транспорттық ойын" ойнауға үйрету

«Темір жол» ойыншығы баламның қолына тиіп:
-Папа мынау не? -дегенде, жан-жағыма қарап жауапттан жалтартар жай таппай өмірден түйгенімді түйсігімде әрі-бері сапырып темір жолға қатысты «не бар-ау?», деп қарап шықтым. Іздегенім табылмады. Бағыма қарай қойын қалтада жүрген смартфон есіме түсіп соны қолданып жібердім, сұрақ жауабы оңай табылды. Қалтасына сұрақтың жауабын жасырған оқушыдай:
-Вагондар түрі әр түрлі болады. Мынауда вагонның бір түрі, атауы хоппер. Үсті ашық ұнтақ затты тасымалдауға арналған. Мұндай вагондар көмір тасымалдау үшін ыңғайлы. Ұсатылған тас көмір вагонның үстігі тұсынан тиеледі. Тиелген көмір вагонның астыңғы жағындағы люк ашылғанда төмен төгіліп вагонды босатады. Тиелген көмір осылайша вагон астынан түсірледі.
Сұрақ жауабын тапқанға асыққанымда бір білгенім бар.
Үйдің төрінде «темір жол» ойыншығы пайда болмағанда «хоппер» вагон атауын біліппін бе? Өмірімде бір-екі рет теміржол арқылы жүк тасымалдауды ауызша сипаттау қажет болған. Сонда ойдағыны ауызша жеткізгенге қиналғанмын. Іздеген сөз ауызға түспей «анау-мынау»-дей бере кеңістікті есіген қол вагон кескінін салып ойымды әзер жеткізгенім есте қалыпты. Көбінде оқушы балалар мұндай кезде:
-Біліп тұрмын бірақ айталмаймын, -дейді. Ех, қайдан айтсын! Егер сөз қорында қажет сөз табылмаса. Түйсігі болса көз алдындағы әрекетті түсінуге жетіп-ақ тұр! Жеткізгенге сөз жоқ.
Ойыншықты қарастыруға оралайық.
Бала поъезді жүргізуге асығып вагон дөңгелектерін рельске дұрыс орналастырмай локомотивті іске қосып жібергенде поъезді құраған тіркеме қозғалысқа келіп тіркемедегі вагондары бірінен соң бірі жолдан шығып ауып төңкерілді.
Блог - bake: «Темір жол» ойыншығы. Транспорттық ойын ойнауға үйрету
Мұндай кішігірім жазмыш оқиға орын алмау үшін шағын «Вагонға дөңгелектері қалай бекіген екен?» атты зертеу жұмысын баламен жүргізген жөн-ақ.
Зерттеу жұмысы басы оның атауынан шығып-ақ тұр. Ол үшін хоппер немесе басқа бір вагонды қолға алып оның астындағы төрт жұп құраған сегіз дөңгелек қалайша вагонға бекігеніне көңіл аудартсақ болғаны.
Бала вагонды қалай рельс үстіне дұрыс орнатуға болатынын түсініп алған соң «темір жол» ойыншығымен ойынды әрі қарай жалғастырады.
Блог - bake: «Темір жол» ойыншығы. Транспорттық ойын ойнауға үйрету
Осының бәрін жаза отырып келесі ой қорттым:
1) «Темір жол» ойыншығымен ойнаудың қызығы вагон дөңгелектерін «рельс» үстіне орналастырғаннан-ақ басталады.
2) Ойын барысында балаға поъезд құраған вагондардың атауымен және қолданыс мақсатымен таныстырған жөн.
Локомотив. Моторлы вагон. Мотор түріне қарай локомотив атауы әр түрлі келеді:
-электр моторлы;
-жылу қозғалтқышты (суретте ТЭ33А локомотиві).
Локомотив өзіне тіркелген вагондарды сүйреп қозғалтады.
Цистерна немесе танк. Сұйық затты тасымалдауға арналған вагон түрі.
Платформа. Жан-жағы ашық жауын-шашынан қорғалмаған вагон. Онымен ұнтақталған пайдалы қазба, контейнер, ауыл шаруашылық техникасын тасымалданады.

* Біздің үйдегі «темір жол» ойыншығының поъезі жүретін жолы 16 пластмассалық бөліктен жиналады. Яғни, шеңбер 16 секторға бөлінген, сол секторлардан поъездің жолы түзеледі.
**Екі дөңгелек бір білікке орнатылғанын білдіріп «жұп түзеп тұр» дедім.

P.S.: «Темір жол» ойыны т с. с. жаңа ойынды бастағанда үлкенің біреуі балаға бас-көз болса онда кейіннірек өздігінен қызықты, танымды ойындарды ұйымдастыратына сенімдімін.
Сурет www.railways.kz/ru/node/3200 бетінен алынған.
Әрі қарай

Рио. Дейін және кейін.

Сәлеметсіз бе! Мойындаңызшы, биылғы жаз керемет өтті ғой! Кереметтілігі футбол фанаттары үшін Еуропа чемпионатында, ал жалпы спорт сүйер елге жазғы олимпиада ойындарында болды. Небір пікірталас тудырып, әлеуметтік желілерді, күллі ғаламторды жайлады. Шынында да, бір сәт негативтен ажырадық. Осындай додалар өсіп келе жатқан буынға зор мотивация боларына сенемін! (Әрине, әділ түрде өтсе...) Себебі, қатарластарымның аузынан бірнеше рет «болашақта баламды спортқа берем» дегенді естіп қалдым.
Еліміздің жүлдегерлерін (сәл кешіксем де) құттықтап қояйын деп едім!
Рио олимпиадасы туралы көп қарап шықтым. Қызықты ақпараттар мен фактілер де жазылыпты. Ағылшын сайттарын ақтарып отырып, португалдықтардың арасына түсіп кеттім. Сөйтіп, бір қызық нәрсені көзім шалды. Көзім шалды да, бөлісіп қояйыншы дедім…
Олимпиада ойындары үшін Рио де Жанейрода бұрыннан бар 18 кешен қолданылыпты (жөндеуден өткен). Ал арнайы «Рио-2016»-ға деп жаңадан, үнемі пайдалану үшін – 9, уақытша – 8 объект салынған екен. Бұл дегенің қыруар қаржы ғой! Өзіңіз қарап көріңізші.
1) Алғашқы суреттерде Олимпиада саябағының нобайлары. Бұл аумақта автотұрақтар, қонақтарға арналған террасалар салынған.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
2) Кариока ареналары: 1, 2, 3
I. Сыйымдылығы: 16 000
Қызмет түрі: баскетбол, паралимпиадалық ойындар (баскетбол, регби)
II. Сыйымдылығы: 10 000
Қызмет түрі: дзюдо, күрес
III. Сыйымдылығы: 10 000
Қызмет түрі: семсерлесу, таэквондо, паралимпиадалық дюздо
Осы саябақ пен ареналарды салу үшін $1 млрд. 678 мың жұмсалған.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
3. Теннис орталығы
Жалпы сыйымдылығы: 19,750
Орталық корт: 10000
1-корт: 5000
2-корт: 3000
Қосалқы: 250
Қызмет түрлері: теннис, футбол, паралимпиадалық теннис
Құны: $164 800 000
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
4. Болашақ аренасы – Олипиада ойындары үшін қолданылатын уақытша спорт кешені.
Сыйымдылығы: 12 000
Қызмет түрі: гандбол және голбол
Құны: $121 100 000
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
5. «Деодоро» стадионы
Сыйымдылығы: 15 000
Қызмет түрі: регби-7 және қазіргі бессайыс
Құны: $647 100 000
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.
Блог - mazhitova: Рио. Дейін және кейін.

(Түпнұсқасы: infograficos.estadao.com.br/public/e/focasrio2016/hoje-e-amanha.html)
Енді сұрақ. Қалай ойлайсыз, қанат қаққан сайын қатая ма? Әлде ұшу үшін әл жинап алу керек пе?
Әрі қарай

Менің жолым ондайлардан тым бөлек...

Табандылық таныта отырып қана жетістікке жетесің, ал қайсарлығыңды көрсетсең, тымбастан әрекетіңді тоқтатпай алға жылжи беретін болсаң, онда мідетті түрде көздеген мақсатыңа жетесің.
Блог - sembievruslan: Менің жолым ондайлардан тым бөлек...
Ешкім өмірге жолы болғысыз адам болып келмейді, керек десеңіз қан құрамында да сәтсіздіктер мен жеңілістер талшықтары кездеспейді. Демек, барлығы да өз қолмызда екендігіне көз жеткізуге болады.
Болмашы нәрсеге жылайтын, өз қиыншылығын біреуден көретін, қисынсыз сөздерін естіп, өз миын улап, айналасын жағымсыз аурасымен жұқтырып отыратындардан қауіптенуіміз керек. Менің жолым ондайлардан тым бөлек.

Өмір — өз марапатын жолдың басында емес, аяғына жеткенде ғана табыстайды. Өз мақсатыңа жету үшін қанша жол жүретініңді білмейсің, сәтсіздік сені қай аялдамада тосатыныңды да сезбейсің, өмір болғасын кей кездері сәтсіз аялдамаларға толы болып кеткендей көрінеді, шаршайсың, қиналасың, азабын көресін, бірақ күндердің күнінде келесі қиылыс міндетті түрде бір жетістік күтіп тұратындығына сенімділікпен қарауымыз керек.

Келесі қиылыстық қашан кездесетіні білмейсің, бірақ та қандай да жағдай болмасын өз қадамыңды жаса, егерде ол қадамың еш маңызсыз, нәтижесіз болса келесі қадамыңды жаса, одан түк шықпаса келесі қадамды бас, нәтижесін көрмейінше қадамыңды тоқтатпа. Мақсатыңа жету — қиыршық тастан үй салумен тең, сол мақсатқа жету үшін қиыршық тастан жәй ғана үй салу емес хан сарайын салудың жолын ізде.

Жетістікке жетмін десең жеңілістен қаймықпа, сонда ғана көздегеніңе жетесін. Әдетте мынандай сөздерді қолданбауға тырысу керек: бұл пайдалы емес, мүмкін емес, сәтсіздікке ұшыраймын, сенімсізбін, қабілетті емеспін, шегінемі бұлай тек өзіне сенімсіздер ғана айтады.

Егерде осылардың бірімен кездесіп қалатын болсаң, мен құр қол қарап отырмаймын, жұмыс жасаймын, еңбек етемін, кедергілер кездессе оған қарамай аттап өтемін, себебі менің көздегенім биікте, шөл даладан бір күні жасыл аймаққа жететіндігіме көзім жетеді, — деп өзіндік жігерлендіру процессін жүргізіп отырған абзал.
Менің естіген әрбір «ЖОҚ» деген жауап мені «ИӘ» деген сөзге жетелейді, әрбір зұлымдыққа күлімдеп тұруға даярмын. Жетістікке жету үшін табандылығымды дамытып, біліктілігімді арттыра түсемін. Өткен күнді ұмытамын, мейлі ол жаман болсын, болмаса жақсы болсын.

Ал, келесі жаңа күнімді керемет сезіммен қарсы аламын, себебі бұл күн менің өмірімде ең тамаша күндердің бірі болады деген сеніммен қараймын. Мен бір керемет жетістіңтің заңдылығын білемін, табандылықтың арқасында үлкен жетістік пен жеңіске қол жеткізуге болады.
Мен қайтпаймын соңына дейін жеткіземін!!!
Әрі қарай

Ғашықтар диалогы

Блог - InabatKussainova: Ғашықтар диалогы

Ж: Сүйем сені, жоқпын бірақ қасыңда
Бір көргеннен ғашық болдым расында
Жоқ болса да, тәнім менің жоқ болсын
Болар бірақ жүрек сенің қасыңда

Қ: Сүйем сені, сүймей қайда барамын?
Алыстасың, бірақ шыдап бағамын
Көрер күнді күнде аңсап мен жаным
Махабаттың мәңгі отына жанамын

Ж: Шын сүйемін, мені жаным ұмытпа
Атыңды айтам алған әрбір тыныста
Жүрек әрбір соққан кезде сен дейді
Сені еске алғанда ол өлмейді

Қ: Сүйем жаным, сүйемін ғой тек сені
Бірақ жаным саған біраз өкпелі
Ұмытар деп қалай ғана ойладың
Сонау сонау ұмытылмас кештерді

Ж: Күн санаймын, бірақ уақыт өтпейді
Айдай жүзің көз алдымнан кетпеді
Дүниеде қыздар көп қой, бірақ та
Жаным саған ешбірі де жетпеді

Қ: Мына күндер өтпеді ғой, кетпеді
Сағынамын бір өзіңді, тек сені
Жолықса да қанша жігіт өзіме
Саған, жаным ешбірі де жетпеді
Әрі қарай

КІРІСПЕ

Заман ағымына сай ақпараттың оперативтілілігі көз ілестірер емес. Секунд сайын ғаламтор бетінде қаншама миллиондап жаңа ақпарат пайда болып, неше мың пікір жазылады, фотолар мен видеолар легін бақылып отырудың өзі уақытқа бағынбай тұр. «Айшылық алыс жерлерден жылдап хабар алғызған» заман болып тұр. Осындай кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Сананы оятып, нәрсені ақ пен қара деп айыра алу, өзіндік пікір қалыптастыру біздің, жастардың мойнындағы парыз, жауапкершілік деп түсінемін. Сол себепті, білегімді түріп қойып, ноутбүкті ашып жіберіп, өз ой-пікірімді тасада қалдырмай, жеке блог жазуды бастап отырмын. Негізі көптен бері Фейзбүкте де, осында да, белсенді қолданушылар мен танымал блогерлердің жазбаларын бақылап жүрмін. Алуға болатындай дүниелер байқадым. Ол кісілер де едәуір еңбек пен ізденістің арқасында көп оқырманның назарын аударып отыр-ау деп ойладым. Иә, қай кезде де алдыңда арқа сүйер ағаң болғаны жақсы ғой. Блог әлемінде үйренерім көп екеніне сенімдімін. Тек дұрыс жол көрсетіп, қателескен болсам «бетіме басып» отырыңыздар) Сын қабылдай білемін. (Кеулімжай Әйгерім апайымнан алған ескертулерім сабақ болғанын айта кету керек шығар).

Өзіме сәттілік тілеймін! Сәлем, КЕРЕКИНФО!

Әрі қарай

"Жастар" жазғы фестивалі өтті

Блог - jaidarman: Жастар жазғы фестивалі өтті

9-12 тамыз күндері Астанада ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ «Жастар» жазғы фестивалін ұйымдастырды. Төрт күнге созылған шарада, еліміздің барлық аймағынан жиналған 73 жайдарман топтары түрлі ойындар өткізіп, семинар-тренингтерге қатысты.

Жазғы фестиваль аясында "Қазақстан КВН Одағы" РЖҚБ Президенті Есен Елеукен жайдарманшыларға семинар өткізді. Семинарда қазіргі мемлекеттік жастар саясатындағы жайдарманның рөлі туралы және алдағы осы бағыттағы жоспарлар, сонымен қатар жайдарманшылардың өзін қалай ұстау керектігі туралы айтылды.

Фестивальдің екінші күнінде Астанада тұңғыш рет «Жайдарман Импровиз-шоу» өтті. Танымал жайдарманшылардан арасында әзілді суырып салу мен ұшқыр ой көрсете алудан сайыстырды. 16 жайдарманшы төрт төрттен бөлініп, командалық түрде өнер көрсеткен шоу өз деңгейінде өтті деуге толық негіз бар.

Сайыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші командаларға бір ситуациялық оқиға беріп, табан астында қиыннан қиыстыру керек болса, екінші кезеңде әр топтан бір-бір адамнан шығарып, бір жағдайды сомдап шығуға тапсырма берілді.
Жайдарман сахнасында тәжірибе жинап, талай сыннан өткен жайдарманшылар саспай, жоғары деңгейде өнер көрсете білді. Алайда шоу алғаш рет өтіп жатқандықтан, жеңімпаз анықталмады.
Алдағы уақытты тұрақты жалғастырып отыру жоспарда бар.

Фестивальдің үшінші күні Қазақстан КВН Одағы" мен Қазақ күресі федерациясы ұйымдастырып отырған жайдарманшылар арасында тұңғыш рет республикалық «Жайдарман барысы» өткен болатын.
Фестивальге келгендер арасынан іріктеліп алынған 16 жайдарманшы өзара күш сынасты. Сайыс өте тартысты өтті. Бастапқы кездесулер минутқа жетпей аяқталып жатса, кейінгі кездесулерде жеңімпаз соңғы секундтарда аяқталып жатты.
Сонымен екі сағатқа созылған «Жайдарман барысында» үшінші орынды қорғалжындық Саян Шәріпов, екінші орынды алматылық «Байланыс жігіттері» ойыншысы Дархан Сұлтанбай иеленді.

Бас жүлдені Арқалықтың «Спортфак» командасының ойыншысы Нұрқадір Әбдіқадір жеңіп алып, «Жайдарман барысы» атанды.

Шараға арнайы қонақ ретінде шақырылған "Қазақстан барысы-2014" атанған Мұхит Тұрсынов «Жайдарман барысының» беліне осы сайысқа арнайы жасалған белбеуді өз қолымен тақты.

Жалпы «Жайдарман барысы» республикалық деңгейде екінші рет өтіп отыр. Бұл жоба жастар арасында салауатты өмірді, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында қолға алынған еді. Алдағы уақытта Қазақ күресі федерациясымен бірлесе отырып, «Жастар» жазғы фестивалінде дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.

«Жастар» жазғы фестивалінің соңғы күнінде Халықаралық Жастар күніне орай гала-концерт өтті. Бұл кештің бұрынғыдан өзгешелігі – арнайы кубок ойнатылған болатын. Үздік деп табылған үш команда – «Қорғалжын құрамасы» (ІІІ орын) – 200 мың теңге, оралдық «Грант» (ІІ орын) – 300 мың теңге, маңғыстаулық топ «Боранқұл» (Бас жүлде) — 400 мың теңге сертификатын жеңіп алды.

Сонымен қатар, гала-концертте Жайдарманның жартылай финалына берер жалғыз жолдаманы астаналық «ЕҰУ құрамасы» иеленді.

Блог - jaidarman: Жастар жазғы фестивалі өтті
Блог - jaidarman: Жастар жазғы фестивалі өтті
Блог - jaidarman: Жастар жазғы фестивалі өтті
Блог - jaidarman: Жастар жазғы фестивалі өтті
Блог - jaidarman: Жастар жазғы фестивалі өтті
Әрі қарай

Үш тілде оқыту қалай жүзеге асады?

Білім және ғылым: Үш тілде оқыту қалай жүзеге асады?

Үш тілде оқыту биылғы жылы, тіпті 2017, 2018 жылы да емес, тек қана 2019 жылдан басталады және тек қана 10-11 сыныптарда жүргізіледі. Алдағы үш жылда кадрларды даярлау жоспарлары іске асырылады.

Инварианттық бөліктегі пәндерді оқыту тілі мынадай болып анықталды:

— қазақ тілінде оқытатын мектептердің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарында 2019 жылдан бастап барлық пәндер қазақ тілінде, тек қана физика, химия, биология, информатика – ағылшын тілінде, дүние жүзі тарихы, орыс тілі мен әдебиеті – орыс тілінде жүргізілмек. Вариативтік компонентті оқыту тілі – мектептің өз еркінде болады. 2019 жылға дейін мектептер жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту тілі ретінде ағылшын тілін таңдауға құқылы.

— орыс тілінде оқытатын мектептердің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарында 2019 жылдан бастап, барлық пәндер – орыс тілінде, тек қана физика, химия, биология, информатика – ағылышын тілінде, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті – қазақ тілінде жүргізіледі. Вариативтік компонентті оқыту тілін таңдау мектептің өз еркінде болады. 2019 жылға дейін мектептер жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту тілі ретінде қазақ және ағылшын тілдерін таңдауға құқылы.

2019 жылға дейін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуға өз еркімен көшкен мектептер үшін Министрлік қорытынды аттестаттауды пәндер бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дайындайды.

2017 жылы көктемде 9-11 сыныптарға арналған үш тілдегі емтихан материалдары әр мектепке жеткізілетін болады. Мектеп бітіруші қорытынды аттестаттау кезінде тілді таңдауға құқылы болады.

Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлек қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша міндетті емтихан тапсыратын болады.

bilimnews.kz
Әрі қарай

Астанада қайырымдылық білім беру форумы өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада қайырымдылық білім беру форумы өтеді
Астанаға алғашқы рет аңызға айналған Канаданың және Ресейдің спикерлері, және ұлттық желі жұлдыздар келеді.

2016 жылдың 14 тамызында Астанада қазақстандық және шетелдік спикерлер қатысатын жеке даму үшін білім беру форумы өтеді. Бұл қайырымдылық форум балалар үйіндегі балалардың әлеуметтік бейімдеуіне, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетуге, оларға тең мүмкіндіктер беруге және олардың қоғамға интеграциялануын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоба бастамашысы — француз қайырымдылық бірлестігі “StopLazy” (Жалқаулыққа күрес). Бұл бірлестігінің негізін қалаушылар — Қазақстан Республикасының азаматы Вадим Костерев пен қазақстандық қоғамдық қорлар «Best for kids», «Үнсіз әлем».

Форум Астана қаласындағы түрлі санаттағы адамдарды біріктіруге және балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін баға жетпес үлес қосып, әр қатысушыға тең мүмкіндік беруге бағытталған. Қатысушылардың балалар үйінде тәрбиеленуші балаларға қайырымдылық көмек көрсетуіне мүмкіндік бар.

Гил Петерсил (Канада), Филипп Богачёв (Ресей), Мерей Мұстафина, Болат Башеев және басқа бизнес-жаттықтырушылар Динара Сәтжанмен бірге өз дәрістерін беруге жиналады.

“Бұл форум арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға, соның ішінде есту мүмкіндігі шектеулі жандарға есік ашқымыз келеді, себебі әлеуметтік теңдік принципі біздің ұйымның негізінде жатыр." дейді — StopLazy Ассоциациясының Вадим негізін қалаушы Вадим Костерев. Форумда сурдоаудармашылар және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау үшін арнайы қызметкерлер болады.

Форумға қатысушылар жеке даму тақырыбы бойынша Ресей және Канаданың үздік спикерлері мен сарапшыларымен кездеседі.

Форум туралы ақпарат алу үшін www.stoplazyforum.com сайтына кіріңіз.

БАҚ аккредиттациясы: partners@stoplazyforum.com
Телефон анықтамалары: +7 701 553 75 70
Әрі қарай

Керек-Ринг 07/08/2016

07 тамызда өткен ойында өткен турда 2-орын алған "Әйел бақыты" командасы 7 ұпаймен 1-орын алды. Бақсы командасы 6 ұпаймен 2-орында қалды. Тартысты өткен ойында Фортуна, Brainstorm және Шымкенттен онлайн қатысқан Тәтті шәй командасы 5 ұпаймен 3-орын алды.

2-тур сұрақтары by asaubota

1. Жазғы Олимпиада бағдарламасынан шығып қалған бір спорт түрі АҚШтан басқа жақтарда кеңінен танымал емес. Ал, Қысқы ойындардағы бір спорт түрі бойынша АҚШ мықтылар қатарында. Бұл екі спорт түрін анаграмма ретінде жазыңыз. Яғни, тек әріптердің орындарын ауыстырып.

2. Жергілікті әкімдіктің Шаңырақты ұсынуларына қарамастан Тәңіршілік белгісін символ қылған мына суреттегі байқаудың атын атаңыз.
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 07/08/2016

3. 1965 жылы Германияда пайда болған танымал бұл бренд арқылы әлемнің 100-ден астам елінде адамдар бір біріне ризашылықтарын білдіреді. Ал, қазақтарда бұл бренд өнімі алғыстан бөлек, сыйлық түрі сипатында да. Көлеміне қарай алғыс дәрежесін де шамалауға болатын бұл брендті атаңыз.

4. Әлеуметтік плакаттардың бірінде қабырғаға ілінген 4 портрет бейнеленген. Портреттердің үшеуінің жоғарғы бұрыштарында қара жолақ бар, ал 4-ші портретте қара жолақ ортада тұр. Әлеуметтік плакат нені жарнамалайды?

5. Байланыстың бұл түрін кезінде ағайынды жігіттер өзара қауіпсіз байланыс үшін ойлап тапқан екен. Ал қазір Жер бетінде 100 млн көп адам осылай байланысады. Иран және Қытайдың кей аймақтары бұл санаққа кірмейді әлбетте.

6. Танымал автомобиль маркасының логотипінің шығу тарихы туралы компания тарихында эмблеманың бір қонақүй бөлмесіндегі түсқағаздағы суреттен алынғаны туралы жазылады. Алайда, екінші бір нұсқа ретінде компания басшысының өз қолымен салған сурет нұсқаларынан көбелек-галстук бейнесі таңдалғаны да айтылады. Қай автомобиль маркасының логосы көбелек-галстукқа ұқсайды?

7. 1987 жылы Бирмада 35 және 75 кьяттық (кьят — Бирма валютасы) банкноттар айналымға ене бастады. Кейін ел басшысы У Не Вин айналымнан 25, 35, 75 кьяттық банконттарды алғызып тастады да, оның орнына 45 және 90 кьяттық банкноттарды енгізді. Өйткені бұл сандар 9-ға бөлінеді екен. Экономикалық жағдайдың нашарлауы және түрлі реформалардан жалыққан халық жиі бас көтере бастады. Кейін тарихта “8888 көтерілісі” деген атпен қалған үлкен көтеріліс болды. Бұл оқиға неліктен 8888 деп аталды?

8. Google компаниясы қызметкерлеріне логотиптеріндегідей түрлі-түсті презервативтер таратады. Презервативтердің сыртындағы жазуды ағылшынша білмесеңіз қазақша немесе орысша баламасын жазып көріңіз.

9. Гондурас — 26, Ирландия — 77, Кувейт — 0, Түркия — 103, Қазақстан — 104, Ресей — 282, АҚШ — 554. Картада ненің саны көрсетілген?
Интеллектуалдық ойындар: Керек-Ринг 07/08/2016

2-тур сұрақтары by MERmukhanov

1. Cәтпаев астероиды жөнінде білесіздер. Одан бөлек, Қазақстанға қатысты тағы кемі 8 жұлдыз бар. Негізгі белдеудің астероидтарының бірі, 1906 жылы 4 наурызда Макс Вольф ашқан, # 590 астероид шартты түрде қазақ әйел адамның атына берілген. Танымал қазақ сайттарының бірін еске түсіре отырып, ол астероидты атаңыз.

2. Кельн карнавалы кезінде әйелдер көшеде пышақ, қайшы іспеттес өткір құралдармен жүріп, еркектердің ИКСтеріне шабуыл жасайды.
Қазіргі шетелдік облыс басшыларының бірі ИКСті мақсатқа сай пайдаланбағандығымен есте қалды.
Хорват азаматы ТомИслав ЗвонАрич түсін өзгертетін ИКС ойлап тапты. Жалпы, көп тілде ол сөз «Хорват» сөзінен шыққан деседі.
Иксті атаңыз.

3. Қазақтарың жер дүниенің шығуы мен түрлі атауларға байланысты өз аңыздары бар деп жазады «Экспресс К». Бір әзіл аңызды оқиық. Баяғыда бір замандарда жер дүние екі баһадүрдің тең бөлінісінде болыпты. Олардың әрқайсысы бұл әлемнің жеке дара қожайыны болғысы келіпті. Ақыры екеуі қатаң айқаста кездесіпті, сөйтіп, қартайып өлгенше алысыпты. :) Содан бері олар шайқасқан орын да екі қаһарманның құрметіне аталып кетіпті.
Ал бүкіл әлем ол жерді қалай атайды?

4. Махаббат, дем, Рим, билік, дөңгелек, сезім, арна,…

5. Фаина Раневскаяның цитатасын спорт түрімен толықтырыңыз.
Лесби, мазохизм, садизм — бұл шектен шығып бұзылғандық емес. Шектен шығып бұрмалаушылық тек екеу ғана: мұздағы балет және……

6. Швециядағы Стурш, Якутиядағы Лыбынкыр көлі, Қытайдағы Ханас көлі, аустарлиядағы Вайторен, Чилидегі Ақ көл, Қазақстандағы Көккөл, Канададағы Манилого көлі. Бұлардың қатарында тұруы тиіс ең танымалын атап көріңіз.

7. Қызық жұмбақты шешіңіз.
Дөңгелек болсам – қаттымын,
Төрт бұрыш болсам – бүктелем.
Мені жасаған – айтпайды,
Мені білмейтін – қабылдайды,
Ал білетін – жолатпайды.

8. Әлемде көп адамдар олимпиада медальдарын және естелік белгілерін жинайды. Алайда коллекционерлер үшін, айталық, ХІІ Олимпиада ойындарының медалдары ерекше құндылыққа ие. Неліктен?

9. Тарихта халықтардың қандай да бір ашылған жаңалықтар мен өнертабыстарды өздеріне теліп, дауласу фактілері жиі кездеседі.
Ал енді Тейлор деген кісінің ойлап тауып, Томпсон деген кісінің арқасында әйгілі болған, екі держава бірі-біріне телитін «ойын-сауық» өнертабысын атаңыз.
Әрі қарай