ҚИА: «Интернетте қазақ тілін дамыту жолдары» - тақырыбында дөңгелек үстел өткізбек

13 шілде 2011 жылы Алматыда (Байтұрсынов көшесі 113, Сатпаев көшесінің қиылысында «Интеротель Астана» қонақ үйі, Құрылтай залы) ЗТБ "Қазақстан Интернет Ассоциациясы" Kcell қолдауымен: «Интернетте қазақ тілін дамыту жолдары» -тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.



Талқылау барысында: әйгілі сайт басқару жүйелерін (CMS) аудару, қазақ тілді жас вебмастерлерге және программистерге жәрдемақылар құрастыру.

Қоғамдық бірлестіктер лидерлері, әйгілі интернет-ресурстардың өкілдері, байланыс операторлары және де ҚР парламентінің мәжіліс депутаттары дөңгелек үстел жұмысына қатысуда.
Әрі қарай

жаңа мемлекет

бүгін бізідң планетамызда тағы бір мемлекет пайда болады. Аты Оңтүстік Судан, астанасы Джуба қаласы. Мемлекет Судан мемлекетінен бөлініп шағып жатыр. Суданның оңтүстігінде христиандар тұрады. солтүстігінде мұсылмандар. Солтүстік Суданның президенті Омар аль-Башир жаңа көрші мемлекеттің тәуелсіздігін қабылдап отыр.


ОС туы
Әрі қарай

Google Plus-қа шақырамын



Google-дың жақында ашылған әлеуметтік желісі Google plus-қа шақыру алдым. Қолданып жатырмын. Әзірше тіркелу жоқ, тек шақыру арқылы ғана кіре алады қолданушылар.

Кімдерге шақыру жіберейін? Бірге қолданып, бірге үйренейік.
Әрі қарай

Туалеттің долы сақшысы немесе негативке қарсы не етер едің

Досым екеуміз базардан қайтып келе жатып әжетханаға кіріп шықтық. Мен екеумізге де ақшасын бердім. Ол соңынан шыққанда, әжетхана сыртындағы әйел «Ақша төлеген жоқсың сен!» деп айқайлай бастады. Әңгімеге мен араласып, «Апай, ол кісіге мен төледім ғой» дедім. «Жоқ, төлеген жоқсың!»-деді. «Жарайды, міне ала қойыңыз» -деп досыма тиын бердім. Досым «Подавитесь» -деді де алдындағы тостаққа лақтыра салды. «Э, сен өйтіп маған үйтіп міндетсіме, тышуды білесіңдер —ақша төлегің келмейді, көп сөйлемей сі**л бар ары е* твою мать!» -дейді әлгі әйел.
Әрі қарай

Іздедім сені...



(Көңілдің кейбір кездері)

Іздедім сені қиялымдағы белгісіз жан… (немесе қиялымдағы идеалды жанға арнаймын)
Іздедім сені,
Орманды ағаш бақтардан.
Ақ қанат арман,
Аққулар ұшқан жақтардан.
Қиялымдағы жанды әйтеуір бір көрермін деп,
Күніне бір рет жыр дәптерді ақтарғам.
Әрі қарай

Ортаға бір қыз кірсе...

Коллектив кілең еркектер ғой бізде. Соңғы кезде көп боқтайтын болып кеткем. Кен орнында авария бола қалса, әмпай-жампайға уақыт жоқ, сөздік ашып, синоним, евфемизм, ұйқас қарап отыратын жай да жоқ, бірден нақ-перенақтан жібересің.
Бірен саран «горничныйлар» мен столовыйдың тәтешкілері болмаса, әйелдер аз. Кейде бір нәзік жынысты жұпар иісті қыз топырлап отырған жігіттер арасына кіре қалса, бүкіл атмосфера өзгеріп шыға келед. Сұлу болса, тіпті күлкілі жағдайлар болады.
Содан ғой айтатыны, «женщина на борту к беде» деп. Мәселе, әйелдерде емес, мәселе кейбір жігіттерде. Тек боқтығын тыйып, тақырыпты өзгертсе мейлі ғой. Бірақ кейде басының орнына тасы жұмыс істеп, бүкіл жұмысты артқа тартып, қаншама адамға қауіп төндіруі мүмкін.
Тым жақсы әңгіме айтып отырып, емін-еркін, сондай табиғи болып отырып, ортаға қыз кіре қалғанда, бірден өзгеріп, сыланып-сипаланып, аяқ астынан тыйылып, иманды-инабатты, әлгі қыздың көзінше тек жақсы жағын көрсетіп, мәмөңке, жағымпаз боп, құбыла кететін, сасқалақтап не істеп, не қойғанын ұмытып дір-дір етіп кететін жігеттерге қарап, түсінбеймін. Сырттарынан жасырын камерамен түсіріп алса ғой, ортада қыз пайда болғанға дейінгі, және кейінгі әрекеттерін, сөйтіп өздеріне көрсетсе ғой, қаншалықты клоун болып отырғанын. Бәлкім, азайтар ма еді.

«Инстинкт» деген жақсы ғой, бірақ жауапты кездерде саналы салқындық таныта алсақ ғой.
Әрі қарай

Әбіләкімнің Астанаға жорығы

Бүгін Алла қаласа түстен кейін Астана қайдасың мына жақтасың деп Астанаға қарай тартып отырамын. «Мінберге» тізлмеген ем, жәй барып шо пашом көріп қайтайын деген ой ғой. Әрі Астаналық блогерлермен жүздесіп, кәукілдесіп қайтпақ ниет бар.«427-ні еске алу кешін» ұйымдастырмақ ниет бар)))) Жексенбіге дейін «жестоко» демалмақпыз…
Әрі қарай

Бір қате әріптің кесірі

Мән бермеппін басында. Комплимент мадағым ұятқа айналды… Кейін байқасам "Ауретің әдемі екен" деп жазыппын…
«С» әріпін жазам деп «А» кетіп қалғанын… у-ф-ф-ф-ф-ф-ф-ф....«Извращенец» деп қалды енді. Естімеген қарғыстар…
Әрі қарай

Фото жұмбақ



Темірден жасалған киіз үй көрінісі.

Бұл киіз үй Астананың қай жерінде орын тепкен?

жауабы.

Мәскеу көшесі. Қазақстан телерадио кешені мен Астана телеарнасының ортасында орналасқан кішігірім саябақ.
Әрі қарай