Топас, сауатсыз, ұры журналистерге арнадым!

Бес башпай бірдей емес,
Журналистердің барлығы ұры емес.

Байқасам, Керекинфодағы сурет, мақала, әңгіме, қысқасы, ұрланбаған нәрсе қалмапты. Ұры журналистер осы мақаланы оқып отырғанына сенімдімін. Бірақ мұны ұрламайды олар.
Журналист болып, қолына қаламыңның атасына нәлетін ұстап, көп қаламақы мен газеттің көп данасын өткізуден дәмелі арамтамақтар мен сауаты жоқ, басындағы ми қыртыстары терең емес адамдар «Браузерге қуат берсін!» деп қойып Интернет сайттарға жорыққа шығады. Бұрын Уордпрестегі блогтар ашылып тұрғанда оңай олжаға кенеле кететін ұры журиктер енді күз келгенде жейтін шөп таппай маңырап қалатын малдарша Керекинфо мен басқа да «тірі» сайттарға тарпа бас салды. Аш малдың көзіне түскен шөпті жей беретіні сияқты ұры журналистер де көзге түскен дүниені копипасттап алады… Болды, ұяты бар ұрыларға жетер осы сөз де.
Әрі қарай

Ақсақ қой

«Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деген жақсы сөз бар ғой халқымызда.Әйтеуір маңырайтынын жанымызға медет. сол қой тәрізде мен де түстен кейін емес, кешке қарай намаздыгер мен намазшамның ортасында маңырайын деп отырмын.
Алматы мен Астананың киносүйерлері баяғыда көріп, пікірлерін, жазбаларын арнаған «алып қашу операциясын» кеше ғана көрдім өз басым. Керемет алып бара жатқан ештеңесі жоқ. Сол баяғы сөйлеу мәнерлері мен ойнау мәнерлерінің жұтаңдығы анық байқалады. Киноляп дегеннің болып тұратыны белгілі. Бұл кинодағы киноляп қыздың нағашы ағасы Джимми рөліндегі бойдақты сомдайтын Беріктің қолындағы неке сақинасы. Кино бойы біресе саусағынан байқалып қалса, бірде алып тастағандары байқалады. Кей эпизодтары «25 теңгені» еске салатындай.Қаракөз, Тұрсынбектер жақсы-ақ ойнап жүр. Сырым продюссері өзі болған соң басты рөлді сомдаған болар. Дегенмен актерлік шеберлігі аз екені көзге ұрып тұр. Солай.
Әрі қарай

Махаббат диалогы

Махаббат диологы
— Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
— Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
— Бұлдырасам сағымдай не етер едің?
— Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?
Мұқағали Мақатаевтың махаббат диалогы… Өздеріннің сөздерінді жазсаныздар керекшілер?
Әрі қарай

Астанада Халықаралық КВН күніне арналған арнайы жоба өтті

Кеше Жастар сарайында Халықаралық КВН күніне арналған арнайы жоба өтті. Aldeken екеуіміз барып келдік. Алдекенге рахмет, ВИП билет алып қойыпты. Жюрилердің артында, 2-қатарда отырдық.

Жарысқа жас командалар қатысты, сондықтан ба Алдекен алдын ала ескертті қызық ойын болмайтын сияқты деп. Бірақ, маған ойын ұнады. Әр команданың қызық жерлері болды еске алатын.
Әрі қарай

Бақытымызды өз шаңырағымыздан іздейік

Бір күні Қожанасыр көшенің қақ ортасында әр тұсқа бір қарап, шарқ ұрып сандалып, ары-бері ұзақ жүреді. Қожекеңді көргендер:
– Қожеке, не болып қалды? – деп жөн сұрайды. Сөйтсе Қожанасыр:
– Бір нәрсемді жоғалтып алып едім, соны іздеп жүрмін, – дейді көзін жерден алмастан. Жиналған жұрт Қожекеңді сыйлағандарынан жоғын табуға көмектеспек болып, бірге іздесе бастайды. Олар да ары-бері жүріп, айналадағы жердің бәрін көзбен сүзіп, шолып шығады. Жоғалған нәрсенің табыларынан күдер үзгенде бірі:
Әрі қарай

Samsung Galaxy SII видео өңдеуі

  • kazjur


Астанадағы «Мінбер» тренингіндегі бір сәт қой.

Samsung Galaxy SII телефоны қолыма тигеніне біраз болса да ішінде видео өңдейтін бағдарламасы барын таяуда білдім.
Әрі қарай

Өрілген шаштар

  • TOP
Интернеттен өрілген шаштардың фотоларын қарап, жатақханадағы қыздардың шаштарын өрген болатынмын. Шаш өру де бір өнер. Алдағы уақытта тағы өрген шаштардың фотоларын іліп отырамын. Қыздар қауымы сіздер де өз тәжірибелеріңізбен бөліссеңіздер болады. Ары қарай суреттер сөйлесін :)
Әрі қарай