Топас, сауатсыз, ұры журналистерге арнадым!
Бес башпай бірдей емес,
Журналистердің барлығы ұры емес.
Байқасам, Керекинфодағы сурет, мақала, әңгіме, қысқасы, ұрланбаған нәрсе қалмапты. Ұры журналистер осы мақаланы оқып отырғанына сенімдімін. Бірақ мұны ұрламайды олар.
Журналист болып, қолына қаламыңның атасына нәлетін ұстап, көп қаламақы мен газеттің көп данасын өткізуден дәмелі арамтамақтар мен сауаты жоқ, басындағы ми қыртыстары терең емес адамдар «Браузерге қуат берсін!» деп қойып Интернет сайттарға жорыққа шығады. Бұрын Уордпрестегі блогтар ашылып тұрғанда оңай олжаға кенеле кететін ұры журиктер енді күз келгенде жейтін шөп таппай маңырап қалатын малдарша Керекинфо мен басқа да «тірі» сайттарға тарпа бас салды. Аш малдың көзіне түскен шөпті жей беретіні сияқты ұры журналистер де көзге түскен дүниені копипасттап алады… Болды, ұяты бар ұрыларға жетер осы сөз де.
Қазақ журналистерінің көбісін (бәрін емес!) түсінбеймін. Төрт жыл, одан кейінгі бірнеше жыл бойына ай қарап жүрген бе? Кейбір топас журналистер Associeted Press (AP) агенттігінің фотосын алып, газеттерінің меншікті тілшісі түсірген сурет ретінде газеттерінің басты бетіне былш еткізіп баса салады. Суреттің немесе мақаланың бір бұрышына AP деген екі әріп те жазылмайды. Сонда олар универде оқығанда "Фотоматериалдың қайдан алынғандығын көрсету керек!" деп үйретпей ме атақ пен даңққа тойған профессорлар мен академик, доцент, доктор деген ығайлар мен сығайлар?
Кейбір журналистерге осы әңгімені айтсаң, «Суретін қойған мен емес. Оны редакторлар таңдап алған» дейді. Ондайда «О, жетіскен екен ол редакторларың» дегеннен басқа сөз табылмайды. Мейлі, ол редактор болсын, немесе техникалық маман (дизайнер, копмьютерде теруші) болсын,… қалай десек те, газет шығарып жатқан редакцияны басқарып отырған журналистер айналасындағыларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін үйретуге міндетті ғой. Егер олай ете алмай ма, қойсын ұрлықпен күн көруді.
Журналистердің барлығы ұры емес.
Байқасам, Керекинфодағы сурет, мақала, әңгіме, қысқасы, ұрланбаған нәрсе қалмапты. Ұры журналистер осы мақаланы оқып отырғанына сенімдімін. Бірақ мұны ұрламайды олар.
Журналист болып, қолына қалам
Қазақ журналистерінің көбісін (бәрін емес!) түсінбеймін. Төрт жыл, одан кейінгі бірнеше жыл бойына ай қарап жүрген бе? Кейбір топас журналистер Associeted Press (AP) агенттігінің фотосын алып, газеттерінің меншікті тілшісі түсірген сурет ретінде газеттерінің басты бетіне былш еткізіп баса салады. Суреттің немесе мақаланың бір бұрышына AP деген екі әріп те жазылмайды. Сонда олар универде оқығанда "Фотоматериалдың қайдан алынғандығын көрсету керек!" деп үйретпей ме атақ пен даңққа тойған профессорлар мен академик, доцент, доктор деген ығайлар мен сығайлар?
Кейбір журналистерге осы әңгімені айтсаң, «Суретін қойған мен емес. Оны редакторлар таңдап алған» дейді. Ондайда «О, жетіскен екен ол редакторларың» дегеннен басқа сөз табылмайды. Мейлі, ол редактор болсын, немесе техникалық маман (дизайнер, копмьютерде теруші) болсын,… қалай десек те, газет шығарып жатқан редакцияны басқарып отырған журналистер айналасындағыларға ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін үйретуге міндетті ғой. Егер олай ете алмай ма, қойсын ұрлықпен күн көруді.
Тарихта қалады-ау осы жұбым
Кенеттен мындай ойға шомып кеттім
ҚиСа деген қалыптасса жаңа ұғым!
Цианобактерия: қазақша баламасы — бекер дүниені Сатыпалдың, енді құтыла алмассың ;-)
Бұл «керек» өн бойына сыр жиған-ды.
Барын, бағын әспеттей алмаса егер,
Үрім менен бұтағы құриды арғы
Ауызбірлік төресі сыйластықтың,
Ол барда көргенсіздік сырғиды, әлгі.
Бәрін айт та, екеуін айт, біздің дуэт — ҚиСаң не, барып тұрған ҚылиБалды :)
ҚиСа көркі — алысу.
Аю көркі — бал ішу,
Қилекеңдікі — ???
Сөз бермесе ары қарап жатып алам.
Нұреке, жырың ірі, тілің дауыл,
Өлеңіңнің балынан татып алам.
Арқа тұтар бауырым деп жүргенде,
Алып па еді шөп орап, қатып ағам,
ҚылиБалды нұсқаңа айтарым бар,
Біздің дуэт, басқа емес, СатыЗаман!:))
Силап бетке боқ емес, айран жағып
Ұзағынан болсе екен! Қалмайық біз,
ЫбЫліз-ге айналып қайран қалып
Айналу мен айланудың айырмасын
Ұқпайтұығын әліде қайран халық…
жалпы журналисттердің бәрі ұры емес дейсіз де, мұғалімдер қауымына түгел топырақ шашып отырсыз, осы мұғалімдердің барлығы ығай мен сығай болса сол ұрламайтын журиктер ұрламау керектігін кімнен үйренді, сіздерге өз құқықтарыңызды қорғауды кім үйретті? бес саусақ бірдей емес деп айтып отырсыз, сол айтылым осы жерде де орынды секілді.
Интернетте жүргендер қандай да бір өзгеріске жылдам бейімделеді. Бір рет қате жіерсе, екінші рет қате жібермейтіндер өте көп. Ал журналистикада бұл жағдай керсінше. Сондықтан да қазақ журналистикасы мешел күйде.
Блогшылар журналистер сияқты кеңестік заманнан ештеңені мұраға алмаған.