Уайтхиллдық Рэдхордта!

АқТөбелік ҚызылОрдада.

1. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Діни нысандардың бірі
2. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Қобыланды батырға ескерткіш
3. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
4. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Бұрынғы әуе жолағы, халық арасында «взлётка» деген жер, бүгінде «Астана көшесі»
5. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Жалаңтөс Баһадүрге ескерткіш
6. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Набережка
7. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Базарға апарар көпір
8. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
9. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Кристи мен Месси
10. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Вокзал жақ
11. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Базар жаққа оралайық
12. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Арғы жақта көне діни нысандардың бірі
13. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
14. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
15. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
16. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
17. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
18. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Park Hotel
19. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
20. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Зымыран ұшуға дайын
21. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Ким Хаус
22. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
23. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
24. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Турист хотел…
25. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Бұқарбай батырға ескерткіш
26. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
27. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
28. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
29. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
30. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Қателеспесем, театр
31. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
32. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
33. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Теннис орталығы
34. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
35. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
36. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Мұз айдыны
37. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
38. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
39. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
40. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
41. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
42. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
43. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
44. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
45. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
46. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
47. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
48. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
49. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Ұлы Жеңіс саябағы
50. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
51. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
52. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
53. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
54. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
55. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Қазақстандағы тарихи нысан, ең көне вокзал
56. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
57. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Жанқожа батырға ескерткіш
58. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
59. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
60. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
61. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
62. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
63. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
64. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
65. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
66. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
67. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ университеті. Наурыз ортасында түсірілген фото, ФК Қайсар-Ақтөбе матчына Шымкенттен барғанда.
68. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадион
69. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
70. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Автовокзал
71. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Әуежайды жаңғырту қажет. Банкомат пен жүк лента жоқ. Жалпы қалада су, жарық және кәріз жүйесі сынды бірқатар мәселе бар екен.(
72. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
Есесіне қаптамасын жаңартып алдым. Көнеріп баратқан Ноут5-ке чехол көп екен мұнда. Бұл смартфон не көрмеді, өзенге де түсті, жоғалды да, ұрланды да...)
73. Қазақстан өңірлері: Уайтхиллдық Рэдхордта!
А так лав қо қаланы.)

Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым

Футболда нәтиже бапкерге, мықты футболшыларға байланысты деп ойласаңыз — қателесесіз. Өз алаңы, жанкүйерлер қолдауы деген де — бос сөз. Футболда жеңіске жету үшін ең алдымен гол соғылуы керек. Ал голды соғушы күш — ырым. Бүгін осы нәтижелі ырымдарға тоқталмақшымын.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Маған бала боласың ба? Алып кетейін сені…
— Жоооооққққ!!!


ГОЛ ТАРТЫП КЕЛУ
Әдетте жүйкесі жұқа никотинсүйерлерге арналған ырым. Ойын алдындағы, үзілістегі темекі тарту бөлек, гол шақыратын темекі тарту бөлек. Гол кешіккен кезде жасалатын ырым. Әлемдегі голдардың 60-75 минуттарда соғылатындарының біразы осы ырым арқылы салынады және жеңімпаз команданың алғашқы голдары да. Темекі тартылғаннан кейін 1 минут аралығында гол соғылады немесе темекішінің қасиеті мықты болса, темекі тарту кезінде-ақ гол болып жатады. Көп гол соғылатын Германия, Голландия, Түркия сияқты елдерде темекі көп тартылатыны сондықтан.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Салыңдар гол, ептібайымайттар. Алаңда болмасам да, командама көмектесейін...

ГОЛ ТӨГІП КЕЛУ
Темекі ырымы сияқты, тек дәретханаға барып келуінде ғана айырмашылығы. Кейде шынымен қажетсініп, кейде қатты қажет болмаса да барып келу арқылы бірнеше гол соғылып жатыр футбол әлемінде. Кей жанкүйер топтарында арнайы бір адам болады. Басты дәретке барып келуші сол болады. Ол барып келсе, гол міндетті түрде келеді. Көп адамға берілмеуі мүмкін мұндай қасиет. Дегенмен әр фанат істеп көруі міндетті ырым түрі. Дәретханасы трибуналардан алыс орналасқан Қазақстанның бірнеше стадионында бұл ырым жақсы өтеді. 2-таймның 46-47 минуттарындағы голдардың 1 пайызы қақпашы қателігінен соғылады, қалған 99 пайызы дәл осы ырымның арқасында.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Есеп 0:0, әзірше...

МАТЧТЫ ҚАРАМАУ
Командаңның матчына бармау, ТВден қарамау, смартфон арқылы онлайн нәтижесіне үңілмеу — өте мықты ырым! Әлемнің түкпір-түкпірінде ғасырлардан бері келе жатқан, тексерілген ырым. Осылай чемпион болған командалардың бірі — астаналық Астана. Нақтырақ айтар болсам: Астананың Еурокубоктегі ойындарына 20 мыңдай адам келеді. Қазақстан чемпионатындағы ойындарына әр матчқа орташа есеппен 19750 адам келмейді. Осылайша олар 3 жылдан бері ел чемпионы. Түсінікті ғой? Командаң ұтсын десең кейде матч қарама.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Астана футболшылары фанаттарының қолдауына риза...

«ОСЫЛАЙ БІТЕД ЕНДІ» ЫРЫМЫ
85-90 минуттар, әсіресе 90+ қосымша минуттардағы голдар дуалы ауыздардың «Болды енді, осылай бітед, гол болмайд» деген сөздерінің арқасында соғылған голдар. Бірақ кез келген адамға жүрмейтін ырым. Арнайы сондай адамдар болады, солардың аузынан шығуы керек. Бұл адамдар жалпы өмірде жылаңқы, пессимист, негативі көп адамдар. Дегенмен осындай пайдалары да болады. Астана — ХИК матчы кімдердің арқасында алынды деп ойлайсыңдар?

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Неше минут қосты, еу? Болды, бітті ғо...

ФУТБОЛШЫ ДЕМОТИВАЦИЯСЫ
Нақты бір футболшыға негатив энергия (қарғау сілеу, боқтау) жіберу арқылы демотивация арқылы мотивациялау. «Осыны несіне шығарған? Бұл ойнағандай мен де ойнай аламын. Ой, сала алмайд мынау» сияқты пессимист сөйлемдер арқылы нақты бір футболшыны нәтижеге итермелеу ырымы. Хижниченко, Кежман, Кержаков, Нани, Индзаги, Торрес, Тлешев — бұл ырымның жарқын өкілдері.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Бүгін екі гол соғам, Бекболат аға!

Ал мына ырымдар негатив мәнді ырымдар. Яғни, бұларды жасамау рекоменделеді.

СӘТСІЗ АДАММЕН ҚАРАМАУ
Сәтсіз адам санатына онша футбол қарамайтын дос немесе әйел жынысы өкілдері кіреді. Мысалы: жүріп жүрген қыз, туған әйелің, көңілдес. Былайғы кезде ұтып жүрген командаң тап осылармен қараған кезіңде ұтылып қалады. Сондықтан ешкімді ренжітпей, көңілін түсірмей, футболды үйреншікті футболдастарыңмен қараған жөн. Алматыда футболға бару тренд болғалы Қайрат чемпион бола алмай жүр. Ал сұлу қыздары футболға жиі барғыш боп кеткен Ақтөбенің жағдайы өзіңізге мәлім.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— Біздікілер жеңіліп қалды ма, не? Есесіне Инстаграмға бірнеше фото түстік!

ТӨРЕШІ ЫСҚЫРЫҒЫНА ДЕЙІН ҮНДЕМЕУ
«Болды, ұттық!» деп әсте ерте айтуға болмайды. Ойын 90 минут + қосымша 4-5 минут екенін естен шығармайық. Сондықтан соңына дейін үндемей шыдаған дұрыс. Қазақстан құрамасының соңғы минут фиасколарына кімдер кінәлі екенін енді түсініп отырсыңдар ғой? Тіпті біздің комментаторлар да бұл әбестікті қойды.

Блог - Rafaello: Футболда жеңіс әкелетін 7 ырым
— No comments...

Қайдасың, "керек" кешегі?

Тұсы бар ма тауыңның бұлт артпаған!
Тау бүркіті ол,
Далаға бұл тартпаған.
Қайран күндер:
Қиада құйылғанда
Қырдың қызыл түлкісін бұлтартпаған!

Түлкі түгіл,
Түсетін қасқырыңа,
Қасқырыңа- Албасты басқырыңа.
Өткір еді- ау, алмас шеңгелі оның
Қайрап- қайрап алғандай тас қырына!

Қадыр Мырза Әлидің мына бір «Кәрі қыранын» оқимын да, «керекинфоның» бірнеше жыл бұрынғы жайын еске аламын. Түлкіге де, қасқырға да бас салатын еді ғой бұл жақтың сыншылары. Сынайтын да, сындыратын да. Солардың арқасында шығар, адекватты адамдардың көп болуы.

Қысқасы, кейде, жазғаныңның быт-шытың шығаратын баяғы керектіктерді сағынып жүрмін.
Әрі қарай

Бастыққа әдемі жағыну арқылы жұмыста өсудің 4 сыры

Блог - Rafaello: Бастыққа әдемі жағыну арқылы жұмыста өсудің 4 сыры

Жақсы жалақы, жоғары қызмет, аз жұмыс — әлбетте талайдың арманы. Жұмысында кім өскісі келмейді, кім жақсы жалақы алғысы келмейді? Бірақ бұның да өз сырлары, құпиялары бар. Тақырыпты көріп, қызығып жетіп келдің бе? Ендеше мұқият оқы. Бастыққа жағыну деп жұмсартып айтып отырмын. Оның кәдімгі көтке кіру екенін әрине жақсы түсініп отырсың. Бірақ әріптестерің сен туралы ондай жаман ойламауы үшін мына бір кеңестерді есте сақта.

1. Жиналыстарда оған қарсы шыққандай болып көрін
Блог - Rafaello: Бастыққа әдемі жағыну арқылы жұмыста өсудің 4 сыры
Жалпы жиналыс деген шамамен 2 сағатқа созылатын, соңында бәрібір бастықтікі дұрыс болып шығатын бос әңгімелер жиынтығы. Дегенмен аздап қарсы ой айтып көр. Бірақ кейін бастығының айтқандарының бәрін мұқият орында. Бұл бір жағынан мінезің мен шамалы болса да өзіндік ойың бар екенін көрсетеді және адал қызметкер ретінде де бастығыңа ұнай бастайсың.

2. Жұмыстың WhatsApp тобында емес, бастыққа жеке жаз
Блог - Rafaello: Бастыққа әдемі жағыну арқылы жұмыста өсудің 4 сыры
Бітпейтін небір мейрамдар бар, оларға арналған түрлі ватсаптық суреттер, құттықтаулар бар. Жұрт топқа жіберсе жібере берсін, сен олай жалпылай жіберме. Әріптестерің мынауың өзінше екен деп ойласа ойлай берсін. Сен бастыққа бөлек жаз, жеке жаз. Осылайша жеке сөйлесулеріңнің алғашқы кірпіштерін қалыптастыра бер.

3. Бастықтың отбасысымен жақындас
Блог - Rafaello: Бастыққа әдемі жағыну арқылы жұмыста өсудің 4 сыры
Офиске баласын әкелсе, баланы ойнат, кәмпит бер. Анда-санда «Нурикті әкелмей кеттіңіз ғой» деп сұрап қой. Балабақшадан, мектептен алып кету, үйірмеге апару сияқты маңызды іс-шараларға өзің баруға тырыс. Ұмытпа, отбасы мүшелерінің көтіне кіру — бастықтікіне кіруден де өте әсерлі!

4. Тоқылда!
Блог - Rafaello: Бастыққа әдемі жағыну арқылы жұмыста өсудің 4 сыры
Әріптестеріңнің айтқан сөздерін, пікірлерін жеткізіп бар. Бірақ «Пәленше былай деді, Түгенше олай деп жатыр» стиліндегі қарабайыр тоқылдау емес әрине. Бұның да әдебі, әдемілігі бар. Мысалы былай: «Серікбай ағай сіздің ана жоба туралы ойыңызбен келіспейді екен. Бірақ мен оны көндіремін». Осылайша сенің орныңа өсуі мүмкін бір үміткерді жамандай отырып, өзіңнің біліктілігің мен адалдығыңды да көрсетесің.

Жұмысыңда сәттілік, карьералық табыс тілеймін. Бұл жазбаны әріптестеріңмен бөліспе, жеке оқы ;)
Әрі қарай

Мөлдір

Блог - BakytgulSarmek: Мөлдір
Кейіпкердің атын өзгертіп жазсам, әңгімем әдемі шықпауы мүмкін. Сондықтан өзгеріссіз қалдырдым. Өзі туралы жазылған әңгімені Мөлдірдің оқымайтынына да сенімдімін… Себебі өркениеттен тым алыста жүр, мына көркем өмірге жақындауға талпынбайтын да шығар.
Мектеп бітіргенімізге он жыл толуына орай сыныптастар болып ауылда бас қосқанбыз. Ойдағы-қырдағыны түгендей келе Мөлдірге де кезек келді. "Қырда қой бағады. Бес жүз қойы, бір баласы, бір байы бар" деді қылжақбас құрдастардың бірі.
Қарабайыр тірліктен тым алшақтап, қалалық болып кеткенімді сездіргім келіп жасанды кірпіктерімді маңғаздана қағып-қағып: "Қай Мөлдір?" дедім. Менің Мөлдірді ұмытып қалуым ауылдық құрдастардың алдында беделімді, бағамды көтеріп тастардай жорта білмегенсідім.
Білемін ғой Мөлдірді. Малшының қызы. Әке-шешесі ауылға қоныс аударған кезде, тұратын үйлері болмағандықтан біздің сарайды бір қой беріп, уақытша жалдап алған. Басын қозғаса бұйра шаштары серіппедей бір созылып, бір жиналып тұратын қара қыз біздің үйге жүгіріп келіп, мамаларыммен амандасып жатты. «Біздің үйде тұрып жатсыңдар» деген үстемдік ой патшалық құрып, назар аудармауға тырыстым.
Аты Мөлдір екен, туылған кезінде-ақ көзінің әдемілігі, мөлдірлігі байқалып тұрған соң атын солай қойған шығар ойладым ішімнен. Қайқиған кірпігі қолымдағы қуыршақтыкінен де әдемі. Сығыр көздерімнің қиығымен қызғана қарадым.
«Менің қызыммен құрдас екенсіңдер, бірге ойнайсыңдар» деген мамамның сөзін іле-шала: «Көбейту кестесін білесің бе? Тоғызды беске көбейткенде неше болады?» дедім. Бұйра шаштары дір-дір етіп басын шайқады. «Білімі нашарлармен ойнамаймын» дедім де қолым жеткен жердегі қалың кітаптың біреуін ортасынан аша сала дауыстап оқуға кірістім. Жаңа таныс қыздың алдында бір артықшылығымды көрсетуге тырысып жатырмын. Ол маған қызыға қарап тұрды.
Шаруақор екен, таңертең ерте тұрып су тасиды, кілем қағады, жүгіріп келіп біздің үйдің егініндегі арамшөптерді жұлып көмектеседі. Ал мен көлеңкеде жатып алып кітап оқимын.
Қыркүйекте ол мен оқитын сыныпқа барды. Ән сабағында мұрнының үсті тершіп тұрып, ұяла қызарақтап ән айтты. Дауысы керемет, ешкім үндеместен тыңдады. Мұғалім өте сезімтал адам еді, көзі жасаурап Мөлдірдің шашынан сипады. Мөлдір біздің сарайда тұрады, сондықтан ол маған бағынышты, менен асып түсуіне болмайды. «Ағай, оның шашында бит бар, кеше көрдім» деп саңқ етіп, ән әуелеген сынып ішіндегі тыныштықты бұзып жібердім. Ертесіне кешке қарай есік алдындағы сәкіде мамасы Мөлдірдің басынан сірке сығып отырды.
Мөлдір менің меншігімдегі жанды қуыршақ сияқты. Үйге су тасу, бұзау қамау сияқты жеңіл жұмыстарға Мөлдірді жұмсап жіберемін. Қарсылық танытпастан бұйра шаштары н серпіп құлдыраңдап жүгіреді. Сыныпта оның басқа қыздармен ойнағанын көрсем, екі күн сөйлеспеймін.
Арада уақыт өте өздері үй салды да, қоныс тойын жасап көшті. Енді Мөлдірге сөзім жүрмейтінін ойлап іштей көңілім пәс болып қалды. Кешке қарай бұзау айдап келе жатсам, Мөлдір біздің қораның есігін ашып күтіп тұр екен. Бұзаулардың тұсауларын шешуге де көмектесті. «Ертең концертте ән айтамын» деді. «Айтпайсың» дедім көзімді алартып.
Ертеңгі күні әдемілеп өрілген шашына шашылған жылтыр лак күнге шағылысып, ақ туфлиімен желпіне кетіп бара жатқан Мөлдірді көрдім де, концертке бармадым.
Мөлдірлер жазғы демалыста мал бағуға жайлауға кетті. Қыркүйекте мектепке келмеді. Көп кешікпей көрші әйелдің мамама айтып жатқан әңгімесін естіп қалдым: «Дәулетбайдың әйелі қызын ертіп алып аудандағы перзентханада жүр. Жөн сұрасам ештеме айтпады. Санитаркалардан біліп алдым, қызын малшылардың көмекші жігіті зорлаған екен, аяғы ауыр көрінеді. Баланы алдыртпақшы екен». Мамамның көзі алақандай болып маған қарады, мен түсінбеген адамдай кітап оқып отыра бердім. Көз алдымда әріптер тым-тырақай қашып, ойым ойды-қырды қуып жатыр. Ұрлана оқып жүріп, «Мың бір түннің» екі томын тауысқан сұммын ғой, еркек пен әйелдің жақындығы, бала туу дегендерді тым жақсы түсініп тұрмын.
Мөлдірге келген кесапат менің қуанышыма, аздап қорқынышыма айналды. Кекіл тарап, мұрын сүртіп есейіп қалған сыныптастарыма да соңғы жаңалықты таратып үлгердім. Қыздар жағы қорықты, ұлдар болса жұмбақ жымиып таңданысты. Екінші тоқсан басталысымен Мөлдір сабаққа келді. Шашының бұйрасы тарап, әлсіз толқынданып қалғандай, көзі де көптен сүртілмей жылтырынан айырылған айнадай, бұрынғыша мөлдіремейді.
Сыртынан айтылатын сыпсың сөздерден, әр қимылын тергеп қарайтын көздерден шаршап жүргенінде түнде шарбағын баққан ересек жігіттер қосылды. Аудандық байқауға қатыстырамын деп ән сабағының ағайы да қосымша сабаққа шақырып біраз әуреледі.
Мөлдір тоғызыншы сыныпты бітіріп, мектептен шығып кетті.
"Ә, тоғызыншы сыныптан кейін мектептен шығып кеткен Мөлдірді айтасыңдар ма?" дедім құрдастардың әңгімесіне қайтадан ортақтасып. «Күйеуіне екі шөлмек арақ берсең, Мөлдірмен алаңсыз таңға дейін ән айтуға болады екен» деді тілінің уы бар тағы біреуі.
Оның осы уақытқа дейін неше көңілдесі болды екен? Мөлдірмен бақталасуға жетелейтін ескі, таныс ой мені тағы да мазалап қоя берді.
Әрі қарай

Өрік ағашы гүлдегенде

Күн ерте шығатын болыпты. Шақырайып тұрған күннің көзі бетіме түскенінен ұйықтап қалып, сабақтан кеш қалып қойдым ба деп үстімдегі түйе жүннен тігілген жеңіл көрпені бір теуіп орынымнан атып тұрдым. Айтпақшы, осы түйе жүн көрпеден соңғы кездері аяғымның басы шығып тұратынын сезіп жүрмін. Бойым өсіп келе жатса керек. Самаурынның қышқыл түтініне араласқан әбден қайнаған шайдың жағымды иісі шыққан асбөлмеге қарай тұра шаптым. Папа мен мама шай ішіп отыр екен. Күндегіше майкі-трусимен тұр едім, мама ала көзімен қарап:
-Жау қуып келе ма, киінбейсің ба?-деді. Кері бұрылып бара жатып маманың “Осы қыз да ұят жоқ па, тіпті?” деген күңкілін естіп қалдым. Бір күннің ішінде бой жетіп қалмаған шығармын? Бойжетіп қалатындай нешінші клас оқисың дейсіз бе? Алтыншыны аяқтағалы жүрмін. Иә, бірақ, шынымен де алтыншы клас оқитын қыздың әкесінің көзінше майкі-трусимен, шашы жалбырап тұрғаны аздап ыңғайсыздау екен… Мүмкін папаның әлі күнге дейін түбі қатқылдау болып өсетін сақал-мұртымен бетімді ысқылап тұрып иіскеп, еркелететінін де есейе алмай жүрген шығармын. Кеше кластағы бір қыздар сыбырласып хат оқып жүргенін байқағанмын. Жігіттер жазған болуы керек. Маған неге жазбайды деген қызғаныш ойдың жетегіне еріп, апайға айтып қойып, қыздардың масқарасын шығарсам ба деп те ойлап қоямын.
Ұзақ ойланып кетсем керек, маманың “Әй, қыз, болсайшы, сабақтан қаласың!” деген сөзінен селк ете түстім де киініп алдым тездетіп. Шашымды мамаға өргізбей жүрмін, тым қатты етіп өреді. Жүрген сайын бұрым арқама соғылып ыңғайсыз болады, оның үстіне қатты өрілген бұрым қайыстай болып қақшиып онша әдемі емес көрінеді. Кекілімді әдемілегім келіп түкірігіммен жылтыратып бастырып қойдым (папаға айтпасам гель алып бер деп).
Сыртта өрік ағашы гүлдеген екен. Жұп-жұмсақ иісі де жағымды. Папа мотоциклін қыздырды. Бензиннің иісі жаңағы тәтті иісті шайып кетті. Мотоциклге папаның белінен құшақтап отырып алдым. Сұр бешпетіне бетімді тақап, тер сіңген таныс қышқыл иісті құшырлана иіскедім. Көшені көк түтінге бұқтырып мектепке кетіп барамыз. Жел алдан соғып тұр, кекіліме жаққан түкіріктің иісі өзім сезіліп келе жатыр. Бекер жаққан екенмін… Өрілген шашымды “Ешкінің құйрығы” деп күн сайын тартқылап жүрген жетінші кластағы “Н” түкірікпен жылтырағанын сезсе ұят болатын болды. Соңғы кезде сол “Н”-ны көріп қалсам жүрегім дүрсілдеп, денем мұздай болып кетеді. Қорқамын ба одан, әлде… Түсініксіз...
Әрі қарай

"Ой-Зерек" радиобағдарламасының 8 сәуір 2017 эфирінде қойылған сұрақтар

8 сәуірде Қазақ радиосында «Ой-Зерек» интеллектуал ойынының алғашқы эфирі өтті. Brainstorm командасы Мерей Ермұханов және Аршат Оразов дайындаған 11 сұрақтың жетеуіне дұрыс жауап берді. Ойын әр сенбі сағат 21:00-де өтеді.

Интеллектуалдық ойындар: Ой-Зерек радиобағдарламасының 8 сәуір 2017 эфирінде қойылған сұрақтар

Дайындық сұрақ: 1954 жылы КСРО-ның маңызды бір полигон аймағы үшін бастапқыда 4 жер таңдалды. Алайда Марий АССРі орманды-батпақты, Дағыстан таулы, Астрахань облысы Каспий сулы аймағына жақын болғаны үшін жарамады. Бастапқы код атауы Тайга ретінде таңдалған жер кейін қалай аталды?

1. Жазушы Джон Фаулздың кітабының кейіпкерлері Мысырда сапар шегіп жүріп, қайықшыны қайығымен бірге жалдайды. Алайда өзеннің ортасына келгенде қайықшы кенеттен ескектерін жалдаушы туристерге береді. Қайықшының бұл әрекетіне қандай дауыс себепші болған еді?

2. Испандар оларды мысырлықтар дейді, ал француздардың айтуынша олар – чехтар. Олардың бекітілген елтаңбалары болса да негізгі символдары ретінде арба дөңгелегін, ат тағасын және ойын картасын санайды. Олар кімдер?

3. Филип Филиппұлы 1759 жылы санкт-петербургтік алтынды тігін фабрикантының отбасында дүниеге келді. Швед әскери дәрігерінің шөбересі еді. Санкт-Петербургтің Тау училищесінде химия, минералогия, пробирка өнері, металлургия, математика, физика, механика, тау құрылысы, тау сызбаларын жасау, неміс, француз, орыс тілдеріне аударуды оқыды. 27 жасында Орта Азиядағы Филипповка өзенінің руднигін ашты: алтын, күміс, мыс, қорғасын. Филиповка руднигі оның атынан емес, өзен атынан шыққан болса, да, бір жылдан кейін атауы өзгерді. 1838 жылы тау инженері Жол бағдарлары Инженерлер корпусының генерал-майоры шешінде қайтыс болды. Ең ірі соғыс басталған жылға дейін ондаған мың адамды қамтыған оның статустық қалпын көсем ауыстырды, ал жаңа ғасырда Филипп көсемнен атағын қайта тартып алды. Филипптің фамилиясын атаңыз.

4. Turkeytoday сайтында Түркия туралы жазатын бір блогер қыз бірде қонақүй қызметшілерінен сұраған нәрсесінің орнына қышқылдәмді сусын әкелгендерін жазады. Блогер қонақүй қызметшісінен негізінде қандай нәрсені сұраған еді?

5. «Мозилла фаяфокс» браузерін қолданып көрдіңіз бе? «Фаяфокс» браузері жануардың құрметіне аталған, «жалынды түлкі» деп аударылатын бұл атау арқылы тіпті ярлыктық логотипінде кәдімгі түлкі бейнеленген. Шын мәнінде «Отты түлкі» деп басқа жануарды атайды. Ол жануардың, әрине, қу түлкіге қатысы жоқ. Жануар негізінен өсімдікпен қоректенеді, көлемі аса үлкен емес, бірақ оның барлық бізге мәлім тұқымдастары жыртқыштар. Отты түлкі деген қай жануар?

6. Қыз-келіншектерге арналған канадалық бір фитнес-клубтың аты бір сағат түрімен аталады. Логоларында да бұл сағат арқылы сұлу мүсінді бейнелейді? Бұл қандай сағат?

7. Каталониядағы Жауме Альмера атындағы Жерді зерттеу ғылыми институтының қызметкерлері наурыз айында сейсмографтарында жер қабатының қозғалысын, яки шағын жер сілкінісін тіркеді. Бірнеше дүмпудің ішіндегі ең ақырғысы — Рихтер шкаласы бойынша 1 магнитуда болатын сілкініске кінәліні атаңыз.

8. Исландиялық жастар танысқаннан кейін смартфондарынан Ислендинга атты қосымшаны ашып бір біріне тигізеді. Қосымша авторлары «Бір біріңе тиместен бұрын, смартфондарыңды тигізіп алыңдар» дейді. Ислендинга қосымшасының негізгі функциясы қандай?

9. Ақын, жазушы, композитор, суретші, қоғам қайраткері. Өз саласында ең маңызды сыйлықты иемденген алған тұңғыш бейеуропалық. Оның тағы бір айрықшалылығы — өлеңдері екі мемлекеттің әнұрандарының сөзі болып отыр. Бұл суперадам кім?

10. 1725 жылы Екатерина І Петербург қаласының тұрғындарына арнап үлкен қоңырау соғып, өрт қаупін хабарлады.
1860 жылы лондондықтар ақ арыстандарды шомылдыру рәсімін көруге Тауэрге жиналды.
Сұрақ авторы Әнуар Нұрпейісовтің «Мен адамдарды ұлтына қарап бөлмеймін» видеоөлеңін жариялауынан да осы себепті көреді. Оны екі сөзбен атаңыз.

11. Шенбрунн император сарайының бір түкпірінде «Прима ле музика пой ле пароле» қойылып жатты, келесі аймағында «Дир Зигшпиль дир шаушпильдиректор» қойылды. Бірінші туынды үлкен табысқа ие болды, ал зигшпиль жетістікке жете алмай, көрермен қошеметіне ие бола алмады. Әйгілі деректің үлкен ықтималдықпен ойдан құрастырылған жалған аңыз әңгіме екенін ескере отырып, әр туындының авторларын атаңыз.



Әрі қарай

Масқаралау мəдениеті һəм киберзорлық

Блог - Basic: Масқаралау мəдениеті һəм киберзорлық

Мен билегенді ұнатам. Кəдімгідей еш нəрсені ойламай, терлеп-тершіп. Тек музыка, ырғақ жəне сен. Керемет қой. Бірақ, соңғы уақытта билеуге қысылатын болдым. Ертең құтырған қазақ қыздары масқара болды деген видеоконтентке арқау болармын. Бақайларымды ғана жыбырлатып отырамын енді)))
Арасында бірдеңе жазып, сүйкеп тұрушы едім. Қазір… құрсын, жұрт менің не айтпағымды емес, қатемді іздеп отырады.
Меніңше, интернеттің, жаңа медианың,əлеуметтік желілердің дамуы бізді тым идеал етіп жіберді. Біз қателік жасаудан қорқамыз, өз пікірімізді ашық айтудан қорқамыз (тобыр демей-ақ қояйын, ағысқа қарсы келсең біттің), жалпы саналы ойлаудан қалып барамыз.
Nicolaus Mills айтқан «culture of humiliation» (масқаралау мəдениеті) біздің өмірімізге дендеп енді.
Шетелдік ғалымдар бұл мəдениет салдарының нəтижесі ретінде Тайлер Клементиді көп айтады. Қарапайым колледж студенті. 2010 жылы досымен интимді видеосы тарап, жұрттың масқарасына төзе алмай Вашингтон көпірінен құлап суицид жасаған. Ол кезде ол 18 жаста еді.
Һм, синий кит қорқынышты ма, желіде өлімтік іздеп отырған тобыр қорқынышты ма )))
Жақында желіге құқық қорғау органдары мен журналистердің əдемі ұсынуы нəтижесінде астаналық қыздың топлесс суреттерін, тіпті жеке құжаттарының деректерін біліп қалдық. Оған қарғыс жаудырмаған тобыр өкілі жоқ шығар. Оның қателік жасауға құқы жоқ. Ал біздің оны табалауға, қорлауға, масқаралауға құқымыз бар. Бірақ сол құқықты кім бергенін түсінбедім.
В контакте желісінде күнде болмаса да күнара жеке жазбадағы интим суреттер, скриндер "ұят трафигіне" айналып жатады. Тіпті бірнеше секунд аралығында ғана жарияланатын контентке арналған snapchatтың өзінен «масқаралар» лектеп ағылуда. Ал біз оны ашқарақтанып жұтып, құсып ары қарай таратудамыз.
Сіз бен біз олардың орнында болуымыз мүмкін бе? Ертең дəл сізді не мені жұрт масқаралап, рейтинг жинауы мүмкін емес екеніне сенімдісіз бе? Мен — жоқ. Мен де пендемін. Кейде жақын адамыма intimate суреттер жіберуім мүмкін ғой.
Сонда осы уақытқа дейін қасықтап жинаған абыройың адырам қалады. Білесіз бе, адамгершілікті контенттен гөрі осындай «сұмдық» контенттің таралу жылдамдығы да, географиясы да əлдеқайда ауқымдырақ. Сенбесеңіз дəл қазір бөлісіп көріңізші, бір дертке шалдыққан адамға көмек қажет деген сілтемені жəне əлгі жаға ұстатар топтағы кез келген масқараны. Бірінші контент бір күн салбырап екінші күні лента архивінде ғайып болады. Ал масқара,… ооо, масқараңызға бəленбай лайк басылып, шейр жасалып, дəл қазір оңтүстік мейлі солтүстік) жақта жұртты «о тобалатып» жатыр.
Түсінесіз бе, масқаралау мəдениеті бізді адамгершілік, аяушылық, жанашырлық дефицитіне апара жатыр. Басылған əр лайк, жасалған əр шейр сайын…
Француз психологы, əлеуметтанушысы Серж Московичидің «шағын топтың əсер ету теориясы» бойынша бірнеше адамның үйлескен əрекеті қалың тобырға қарсы тұра алуы мүмкін екен. Жұрт жабыла көміп, тас атқылаған бейбаққа жай жылы сөз жазыңызшы. Мүмкін дəл сіздің сөзіңіз оны суицидтен алып қалып, өмірдің бəрі «масқара» сəттерден құралмайтынын, адамзаттың бəрі тобырдан құралмайтынына сендірер.

Блог - Basic: Масқаралау мəдениеті һəм киберзорлық
Әрі қарай

Қазақстан бокс құрамасы көңіліңізден шықтыма?!

Блог - ZakenovDaniyar: Қазақстан бокс құрамасы көңіліңізден шықтыма?!

Міне Риодағы байрақты бәсеке көзді ашып жұмғанша өз мәресіне жетті. Енді ТОКИО-2020 жарысын асыға күтетініміз айдан анық. Ал, сұрағыма жауап берер болсам… Жеке өзімнің көңілімнен шықты… Неге дейсіздер ғой?! Ең алдымен бұл жігіттерге айтар алғысым шексіз, барын салды, өзім бокспен айналысатын болғандықтан, қандай қиын спорт түрі екенін тек рингте бокстатсып қана түсінуге болады. Сырт көзге оңай көрінеді әрине… Бұл жігіттерден маған ұнағаны, барлығы нағыз ерге тән мінез көрсете білді. Алтыннан медаль тағынбасада бұл жігіттер мен үшін нағыз жеңімпаздар. Қазақстанда бокс мықты дамығанын дәлелдеді. Өзімнің жазған соңғы постымда Қазақстан құрамасы бокстан төрт алтын алады деп пайымдаған болатынмын, өкінішке орай олай болмады. Осы олимпиададағы төрешілердің біздің боксшыларымызға жасаған қиянаттарын айтпай-ақ, өздеріңіз не болғанын білесіздер. Ал енді әр боксшымыздың РИО төрінде көрсеткен өнерлеріне жеке-жеке тоқтала кетсем…

49 келі- Біржан Жақыпов (ең тәжірибелі боксшымыз, екі олимпиададан жолын қытайлық Цзоу Шиминь кескен, ол кәсіби боксқа ауысқан болатын. Сол жаңалықты естіген кезде шын қуандым, енді Біржан ағамыз Риодан алтын әкеледі деп нық сеніммен айтқан болатынмын, бірақ амал не? Өзбек боксшысынан екінші айналымда таза жеңілді.

52 келі- Олжас Сәттібаев- бұл боксшымызда екінші айналымда Әзірбайжандық боксшыдан ұтылды «төрешілердің ойынша», ал мен олармен келіспеймін, Олжас ағамыз үш раунд бойы, бірінші нөмір болып істеді, жеңіске жеткісі келетінін көрсетті. Алар асуы алда деп ойлаймын.

56 келі- Қайрат Ералиев- өзінің техникасымен көрермен көзайымы болды десем артық болмас… Тіпті «аңыз адам» Мохамед Алимен салыстырды Қайрат ағамызды. Бірінші айналымда, мықты әзірбайжан боксшысын жеңген болатын, екінші айналымда тағы да өзбек боксшысы алдымызды орап кетті. Бұл жолы да төрешілермен келіспедім 1 мен 2 раундты Қазақстандық боксшы алды деп есептедім.

60 келі- Берік Әбдірахманов- бірінші айналымда америкалық жас боксшыдан жеңіліс тапты…

64 келі- Абылайхан Жүсіпов- (ең жас боксшымыз) өкінішке орай Абылайхан бірінші айналымда Ұлыбританиялық Пэт МакКормактан жеңіліс тапты, бұл жігіт бар өнерін көрсете алмады, жас қой қанша дегенмен, 19 жасында олимпиадаға қатысудың өзі үлкен жетістік. Абылайханның әр кезде жеңіске жетіп жүргеніне көз үйреніп қалғандықтан ба, шамалы өз-өзіме сене алмай тұрдым… Токиода өтетін олимпиадаға барын салатынына күмәнім жоқ. Өте еңбекқор боксшы.

69 келі- Данияр Елеусінов- Қазақстанның салмағы екенін тағы бір дәлелдеп, көптен күткен алтынды алып барша қазақ жұртшылығын қуантты. Бұл боксшымыздың өнеріне бар әлем болып таң қалды. Тіпті кәсіби рингте бірде-бір жеңіліс таппаған Флойд Мейвезердің өзі Данияр ағамызға тәнті болды.

75 келі- Жәнібек Әлімханұлы- не күтсемде осы боксшымыздан күткен едім, бірінші кездесуінде қалай бокстасты… Тамаша өнер көрсетті. Әлемнің мықты газеттеріне шықты, тек ширек финалда Ақтөбенің тумасы Әзірбайжандық Камран есімді боксшыдан жеңіліс тапты. Бұл жолы да АИБА төрешілерінің салғырттығынан… Өте өкінішті әрине…

81 келі- Әділбек Ниязымбетов- өте жақсы өнер көрсетті, алтынға татитын күміс медаль сыйлады еліне. Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды. Тек финалда кубалық Хулио Сезар Ла Крузға есе жіберді. Ер кезегі үшке дейін демекші Токиода бағың жансын деп тілейміз (әрине ол үшін ел ішілік жарыстарды ұту керек).

91 келі- Василий Левит- осы РИО олимпиадасындағы ең әділетсіз шешім деп ойлаймын… Финалға дейін барлық қарсыласын соққының астына алып, айқын жеңіп келген болатын, финалда да дәл солай бокстасты… Ресейлік боксшы Алексей Тищенко рингтің бесінші бұрышын іздеп кетті десем артық айтқаным емес, көзімізді бақырайтып тұрып бірінші орынды сыйға тартты. ВАСИЛИЙ- сен біз үшін жеңімпазсың…

+91 келі- Иван Дычко- Жартылай финалда Джозеф Джойстан жеңіліс тапты. Бұл боксшыныда алтын алады деп ойлап едім, бірақ олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атанды. Рақмет саған ВАНЯ!

Жеңісті күндеріміз көп болсын! Жаса Қазақстан!
Әрі қарай