Хат, хабар, қуаныш, реніш...

Кеше көзімнің астынын түскен кірпігімді алып тұрып бала кездегі осы оқиға есіме түсіп кетті. Сіздерде қайдам бізде( мүмкін біздің үйде ғана болар, әпкемнің ойлап таппайтыны жоқтын) түскен кірпікті басқа адам саусақпен алып, кірпік иесінің жұдырығының сыртына (кентус, саусақтың буындарының үстіне)осы сөздерді айтып кезекпен басады. Қуаныш сөзіне түссе жақын арада қуаныш, ренішке түссе реніш болады деп сендіретін.
Әрі қарай

Қуаныштымын!

Сәлем, жазғыштар!Ғаламтор бетіне жазба жазу көптен бері ойымда жүр еді. Санада жүрген сан ойды біреумен бөліскен де ғажап қой! Осындай ортаға тап болғаныма қуаныштымын!
Әрі қарай

Адамның түрі бір-біріне ұқсайды деген рас екен-ау! ;)

Күнделікті әдетке басып өзім кіретін сайттарды аралап отырған едім. Маліметтер.орг сайтына қонаққа келіп аралап отқан жайым бар. Кенет Санжар Сұлтанов атты мақалаға көзім түсті. Оқи келе шет елде жүрген, Қазақстандық жас режисер екенін білдім. Толық білгім келіп суретіне тап болдым. Оо-ппп-аааааа! Мынау бауырым тура құйып қойған өзіміздің Қара Сақал емес па деп күліп отырмын.)) Байқап қараңыздаршы шынымен де, адамға адам ұқсайты деген осы екен ғой.
Ұқсастық
Әрі қарай

Тюльпан

Блог - qisyq: Тюльпан

— Прінс әфрікандық па?
— Американский, ата.
— Мақұл, мақұл, мақұл… ТҮЛПӘӘН!

Фильмнен


“Тюльпан” фильмі – үйге “Адасқандардың” артынан келген кино. Сол баяғы екі жыл бұрын елдің емешегі езіліп көріп алған, ал мен көре алмай қалған, жұрттың аузында жүрген отандық фильмдердің бірі. Қарадым. Ой қорыттым. Енді Сіздерге арнап ревью жазып отырмын (Алда, айналайын-ай деп көзіңізді бір шылап аласыз осы жерде).
Әрі қарай

TrojanDownloader:Win32/Bredolab

Бұл вирус сіздің компьютеріңізге жалған antivirus програм бойынша отырып шабуылға ұшыраған компьютердің құпия сөзін ұрдайды.

Бұл Trojan програм/бағдарламасы/ UPS, Western union, Facebook-тен келген хаттар тәрізді келбетін өзгертіп (Төменгі суреттен көріңіз) “Facebook Password reset confirmation”, “UPS invoice”,” Western Union transfer is available for withdraw” деген сияқты тақырыптармен келеді.

Әрі қарай

Қыздар неге сондай?

Осы жерде жиналып отырған бәріміз мектеп қабырғасын көрген болармыз))Сол мектептік жылдарда көптеген қызықты оқиғалар болып жататыны бар. Кейін кластастар кездескенде еске алып отыруға жақсы соның бәрі. Қыз-ұлымыз жиналатын осындай кездерде қыздар неге өткенді еске алмайды?
Мектепте жүргендегі тәртіпсіздіктер мен шамалы бұзақылықты неге ұстаздарға жеткізуге құмар?
Сабақ үстінде жел шығарып алып «Кім осырды ?» деп не үшін өтірік сұрайды?
Қыздар неге сондайсыңдар?
Әрі қарай

Google Earth кереметтері

Бұрын Дәруішөлген сайтында болған бір материалмен бөлісе кетейін. Бояннн деп сөкпеңдер, онсыз да Боянндар блогында тұр.

Жұма күнгі бояннндар: Google Earth кереметтері
Хорватиядағы Галесняк аралы.
maps.google.com/maps?t=h&hl=en&ie=UTF8&ll=43.978535,15.383542&spn=0.011349,0.020106&z=16
Әрі қарай

Оралмандар оңбағандар!!!


Дархан Бейсенбекұлының "Қызылбастылар еліндегі қазақтар" деген мақаласын оқып отырып, осы сөз есіме түсті. Бұл сөзді алғаш естігенде төбе шашым тік тұрып еді. Ойпырымай, қай оралман не бүлдіріпті деп?! Жалпы қазақ баласы оралман деген сөзбен таысқалы биыл тура 20 жыл болмақ. Мүмкін қателесетін де боламын. Өйткені мен әлі тумай тұрған кезде, сонау 68 жылдары ғой деймін шекара ашылып, Қытайдан біраз қазақ келген еді. Бірақ, оларды сонда оралман деп атағанына күмәнім бар. Кім біледі? Атаса, атаған шығар. Сатқын, қашқын, предатель!.. Естімегені жоқ қой… Қалай десе де, болары болып бояуы сіңіп кетті. Тарих тамырын тереңірек зерттегендер, кімнің, қалай, не үшін шет асқанын біледі. Оларда сөзім жоқ. Құранда айтылған «білгендер мен білмегендер тең ба?» деген аят есіме келеді осындайда. Жалпы, оралмандар туралы бүгінде көп айтылады. біреу жақтаса, біреу даттайды. Сондай бір пікір майданы мына жерде.
Әрі қарай