Қайырлы күн!
Ақпанның ақ таңынан асыға оянған, ағайын, армысыз!
Әрі қарай
Апыр-топыр… адам түсінбейді. Алдымен референдум деп “ реңіміз” кіріп қалып еді, қаңтардың 31-інен бері алдын ала сайлау деп алаөкпе болып жатырмыз.Сайлау болатыны белгілі болған сағатта оппозиция қатарындағы ойлы азаматтың бірі өкінішін білдірді. “ Референдуму нет” деген жазу басылған 10 мың дана күнтізбе мен төсбелгілер дымға жарамай қалатын болды деп жыларман болды. “ Енді басқа жазу жазса болмай ма?” десем, болмайды екен…
Қазақ тілінде блог жүргізуге деген қызығушылық бәсеңдер емес. Қаңтар айында wordpress.com-ның қазақша нұсқасында 18 жаңа блог тіркелгенін байқадым. Бәрі бірдей жаңарып, қызықты жазбаларға толысып тұр деуге келмес. Әйткенмен, өз ойларын көпшілікпен бөлісуге бел буған жандардың күн санап артып келе жатқаны қуантады. Суреттегі кісіні де танитын боларсыз. Қаңтар айында ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов те kk.wordpress.com тұғырнамасынан блог тіркеді.
Ол кездің «Балдырғандары» (белесепет) бала түгілі 70 келілік жігіттерді де көтеретін. Артқы тепкішекке көрші баланы тұрғызтып алып айдап келе жатқанмын. рөлге ие бола алмай қалдым ба, жоқ әлде алдыңғы дөңгелек бірдеңеге тірелді ме есімде жоқ.Есімде қалғаны қатты құлағанымыз.Құлағанда да жаман құладық.менің басым тасқа тиіп жарылды.Қан бұрқырап ағып жатыр шекемнен.Жарты бетімнің терісі сыдырылып қалған. Бақырып үйге қарай жүгірдім.Алдымнан тәтем шықты.Ата-әженің қолындағы немере болғандықтан анамызды тәте дейтінмін.сол жанталасып орап берді. Кешке әжем келді бір жақтан.Дәлізде басым ораулы отырған мені көріп «не болды?» деп сұрады. Тәтем «мен ғой көсеумен (пешті шұқылайтын істік темір)ұрып басын жарған»деп менен бұрын айтып қалды.Сол кездегі әжемнің ашуланғаны сонша, сол көсеумен ананың өзінің басын жара жаздады.Қайта тәтем,«Ойнап айтам, белсебеттен құлады» деп үлгерді.
"Қазақфильм" киностудиясы таратқан ақпаратқа сенсек, жұмыстық атауы бізге "Қара майор" деген атпен белгілі «Возвращение в, А» фильмнің монтажы 3D форматқа ауыстырылып жатыр. Қазақпарат бұл жайында былай дейді: Фильмді түсірушілердің айтуынша, оны 3D форматта шығару туралы ұсынысты кинопрокатшылар жасаған. Олар жаңа форматта түсірілген фильмнің көрермендердің көңілінен шығатынына сенімді.
Қазір кинокартина 3D форматқа ауыстырылуда, бұл наурыз айында аяқталып қалады. «А-ға оралу» фильмін қазақстандық кинематографтың серпінді жобасы деп айтуға болады, дейді мамандар.

