Жайлауым

Шешетін көңіл байлауын
Жайлауым, ай-хой жайлауым
Шыңғырған құлын желіде
Кете алмай үзіп байлауын.

Өзім мінген тайынан
Алааяқ менің құнаным
Тұр ма екен қазір ат болып
Қайшылап қос құлағын

Бұлдыраған сағымдай
Кішкене жота тауым-ай
Көзіме биік көрінер
Жоңғар Алатауындай

Көзінен шыққан бұлақтың
Тастайтын мені, мас қылып
Суыңнан қашан ішемін
Сайдағы салқын Тасқұдық

Көл жоқ деп мұнда налыман
Тәуба қып өзен барына
Сайдағы салқын Қарасу
Мен үшін Сырдария

Көк майса кілем шабындық
Үстіне ақ боз үй тігіп
Сәукелесін үкілеп,
Түсірcе, шіркін, қалыңдық

Көріппе едің досым-ау
Самалдың шөппен ойнауын
Сағындым қараторғайдың
Таң бозынан сайрауын

Асыр салып беліңде
Келеді менің ойнағым
Қызығың сенің таусылмас
Сағындырған Жайлауым
Ай-хой менің Жайлауым
Әрі қарай

Соңғы қоңырау

Соңғы қоңырау жақындап келеді. Мектеп бітірушілердің көңілі алай-дүлей шығар)))
Біз мектеп бітіретін жылдары түлектер ұстаздарына бір шумақ өлең арнап, гүл шоқтарын сыйлаушы еді. Қазір ондай бар ма екен өзі? Ойымда қалған шумақтар топтамасын жазып отырмын, бәлкім биылғы түлектер керегіне жаратар ;))

Мағрипа апайға
Тауысушы ек барлық борды, сан өшіріп тақтаны.
Шығарғанда қиын есеп, қалушы едік мақтанып.
Пифагор мен Геронды үйретем деп ізденген,
Мағрипадай ұстазға үлкен алғыс біздерден!
Әрі қарай

Осы неге хиджап киетін қыздар бірін - бірі сестра деп атайды?

Нысананың өткен санын инеттен алып қарадым кеше. Хиджап жайында да айтылған екен біраз. Байқағаным хиджап киетін қыздар бірін — бірі "сестра" деп атайды екен. Неге?
Бірі тіптен егер хиджапқа тиым салса қазақ елін тастап кетуге бармын деп жылап тұр… Неге? Неге дінге бас ұрған адамдардың көбіне өзінің «ана тілі», «отаны», "қандастары" маңызды емес. Кейбірі айтады «дінде ұлт жоқ» — деп. Неге? Ертең бірдеңе болса ойланбай дін үшін деп өз ұлтына қарсы шығатын секілді.
нысананы мына жерден қарай аласыз.
Әрі қарай

Анандай анимация

сат мырза тағы пост аты интрига дейтін шығар :)
Анандай дегенде, жаман ойлап қалмаңыз, саяси мультиктер жайлы… Саясат қызық емес десем де, инеттен оқып отыратыным бар кейде :)
ОРТ1 каналынан біраз болды тұлғаға мультиктер жасап көрсетіп жүр.
http://www.youtube.com/watch?v=HH36JaKsN8g&feature=related
мындай сұрақтар туындайды, белгілі тұлғалар(Ресейде)өздерін көреді ме екен? :)

ПС: жақында Қарақат пен Қыдырәлінің мульт түріндегі клипын ташамашаладық.
Әрі қарай

Мұңды қыз оның ұрпағы

Мұңды қыз дейді мұңды қыз,
Бәріміз қыздар мұңдымыз.
Мұңды қыз – дейді домбыра,
Жетім қыз мәңгі мұңды қыз.
«Мұңды қыз» деген күй атты,
Қос әшек мұңды шығады.
Жүрекке қайғы құяды,
Намыстын отын жағады.
әшек бедеу қағады,
Қыз неге шіркін күлмейді?!
Қыз не деп мұңын шағады,
Күлуді неге білмейді?!
Мұңды қыз дейді сүйініп,
Қыз неге мұңды сүйеді?
О, күштім, кімге шүйіліп,
Кеткене қабақ түйеді.
Мұңды қыз дейді мұңды қыз,
Қыз жасы селдей ағылған.
Атауға оны мұңды қыз,
Тағдырға сорлы не қылған?
Кінәсіз жапа шексе ол,
Кімде екен оның обалы?
Отырып қалған ексе ме ол?
Күй бітіп кетті, о, пәлі!
Шабдарбай Хатжанұлы
Әрі қарай

Уикиликс. Бозымбаев туралы баллада

Баллада деген бас-аяғыңды балауызша балқытып, ерніңе салып ерітуші еді… Бұл “ баллада” мақтау емес. Даттау. Ғайбатты таратуға “ соучастник” болып кетпейін десем, бұл материалдың танауына тотияын салғандай тұстары көп сияқты. Сонымен, авторы – Қырсық Қисық (біздің Қисыққа 368 атадан асып қосылады деген дерек табылмады). Бүркеншек есім. Блогымды сайтқа
Әрі қарай