Мммысық

Неге екенін білмеймін, бірақ мысық деген үй жануарын суқаным сүймейді. Ол маған бәлендей бір жамандық та жасаған жоқ, асымды тартып та алмады, тіпті жексұрын тырнағымен де тырнап алған емес. Ит пен мысық қатар тұрса, итті таңдайтын едім деп әлемге жар салудан жалыққан емеспін. Иттің несі артық десеңізші?! Білмеймін. Үлкендер: «Мысыққа ұқсап беті-қолын жумай тамақ ішіп отырғанын қарашы» дегендеріне қарағанда кішкентайымнан оны нас деп қабылдап алғанмын. Оның үстіне ауылымызда бір мысық болатын. Ол түнде барлығы ұйықтап жатқанда жай көзімді ашып беймезгіл ояна қалсам, маған қарап отыратын. Және де әкем бір күні қалада подъезден «сиям мысығын» деген бір мысықты қыстың бір суық күні ерте келгенін қайтейін. Мазам тіпті қашты. Қорыққанымнан айнала қашатынмын. Маңына жуымаудың амалын іздейтінмін. Үйде ата-анам жоқта оны туалетке қамап қоятынмын.
Блог - ArayKenzhina: Мммысық
Мүмкін бұл менің қорқынышым да шығар. Иә, фобия. Әлде… Рас, білмейді екем. Жақпайды бітті!
Мысықты жақсы көрмеген не жақтырмаған адамның енесімен жақсы болуы екі талай дегенге бола оны жақсы көріп кете алмайды екенмін. Дегенмен, алдымнан ақ не қара, қоңыр не ала мысық жүгіріп, жолымды кесіп өтсе, артынан жүгіріп, алдынан өтіп, ішімнен: «Жолым саған, бақытым маған» деп айта береді екенмін.
Әрі қарай

"Дыбыссыз режим" көрермендерге жол тартты

Kaztube.kz бейнепорталында жаңа жоба! Жаңа жоба — өте көңілді, өте қызықты, «Дыбыссыз режим» деп аталатын реалити шоу. Берілген тапсырмаларды дауыс шығармай орындау талап етілетін бұл реалити шоуға әнші, актер, жайдарманшы, блогер, журналист, тележурналист, өнер жұлдызы сияқты танымал тұлғалардан тұратын командалар қатысады.
Ойын шарты бойынша берілген қиын да қызықты тапсырмаларды дауыс шығармай орындап шығу қажет. Сонда жоба жүргізушісі ұсынатын 100 мың теңге жүлдені ұтады. Ал, егер тапсырманы қиынсынып, жиіркеніп не тағы да басқа себептермен орындаудан бас тартса, әр бас тартқан тапсырма үшін 10 мың теңге қысқарып отырады. Ойынның басты талабы — кітапхананың ішінде артық дыбыс шығармай, басқа даоқырмандарға кедергі келтірмей жеңіске жету.

Қазнетте жаңа пайда болған бұл реалити-шоу аптасы екі рет, сейсенбі және жұма күндері шығады.

«Дыбыссыз режимнің» алғашқы шығарылымына жайдарманшылар командасы қатысып, берілген барлық тапсырманы бұлжытпай орындап, 100 мың теңге ұтып алды.

Әрі қарай

Ремейк. «Сұр квадрат» немесе әкімнің айтқаны екі етілмейді

Бұл оқиға 21 ғасырдың басында орын алды. Күз кезі. Екі жүз түтіні бар қазақтың ауылы. Ауылдың көркі екі қабатты қызыл кірпіштен салынған мектеп.
Арқасына оқулыққа толы төрт бұрыш портфелін іліп алған бастауыш класс оқушысы мектеп қоршауындағы темір қақпаны ашып ішіне енді. Мекетептің бірінші қабатындағы рекреациясында жүр. Оң жағында үш қатар үлкен терезелер, сол жағында бастауыш кластар оқитын оқу бөлмелерінің есіктері. Дәл алдындағы қарама-қарсы қабырғада қыл қаламмен салынған қазақ ауылының құс биіктігінен көрінген көрінісі.
Оқушы бала портфелінен әліппесін алды. Әліппенің бірінші бетіндегі суретке қайта-қайта қарап ондағы суретті алдында тұрған қабырғадан іздеді.
Оқушының қабырғада салынған суреттен іздеген фрагменті ені және биіктігі тең, яғни бір метрдей «сұр түсті квадрат»-пен алмастырылғанын түсініп «сұр түсті квадратқа» қайта-қайта қарай берді. Неліктен оның сүйіп қызықтап қарайтын сурет фрагментін ұсқынсыз «сұр түсті квадратқа» айналдырды?
Осыдан бір күн бұрын. Мектепте түскі ауысым кезі. Осы мезетте мектепте тек кезекші қызметші қалатын. Әдетте кезекші қызметші ретінде еден жуатын әйелдердің бірі тағайындалатын. Сағат 13-20. Мектеп табылдырығын жергілікті әкім аттады. Оны мектепте кезекшілігін атқарған еден жуатын әйел қарсы алды. Әкімге оның дәрежесіне сай емес қызметші қарсы алғаны ұнамай қабағы түйіліп түрі өзгере берді.
-Әкімді! Кім десеңші! Әкімді! Қазір көрсетемін! Кім емес мынаған (көз алдына сұқ саусағымен еден жуатын әйелдің маңдайына нұқып тұрғанын елестетті) қарсы алдыртты!, -деп іштей өз-өзін өртеп тіл қатты.
-Директор орнында жоқ дейсіз, онда сіз мектепті аралатып көрсетіңіз!, -деді де мектеп ғимаратымен танысуға кірісті.
Еден жуатын әйел амалсыздан мектепті аралауға кірісіп кеткен әкім артынан еріп отырды.
Әкім мектептің бірінші қабатын аралай бастады. Турасынан бастауыш кластар орналасқан мектептің бөлігіне дәліз бойымен жүріп өтіп оқу бөлмелерінің алдындағы рекреацияға бір ақ шықты. Бір-екі қадам басқан соң бір орнында үндемей тұрып қалды.
Онсыз да бұзылып тұрған бет келбеті су тиіп кеткенде балжыраған саздай езілді.
Дәл алдында! Бүкіл қабырғада! Жаман қазақ ауылының үстінде! Құс бүркіт! Мемлекеттік символы ұшып барады және оның үстінде бастауыш класс оқушысы отырып алған! Оқушыны қалайша мемлекеттік символ үстіне отырғызып қойған! Әкім суретке қарап:
-Неткен саяси сауатсыздық! Мемлекеттік символды қабырғаға салып қойыпты! Жай ғана емес! Үстіне бала отырғызыпты! Сөндіріндер мынаны! Осы арада бұйырамын!, -деп көзі қанталап еден жуушы әйел үстіне түңіле түсті. Ондайды естуге дайын емес әйел қатты састы.
-Қалааа… ааайш… аа жоямын, -деп әкім бұйрығын түсінбей жауап берді. Әкім болса шіреніп жіберіп, құлақ шекеден сұқ саусағымен шұқып еден жуушы әйелге «мыиң жұмыс істемейді» деген ишара көрсетті. Сосын сұқ саусағын көкке көтеріп міне ақыл айтайын дегендей еден жуушы әйелге төне түсіп:
-Қазір сыр тауып әкеліп менің көзімше мына сауатсыздықты сырлап тастайсың!, -деп бұйыра сөйледі.
Еден жуушы әйел жалма-жан жан-жағына қарап мектептің қоршауының темір қақапасын сырлауға дайындап қойған сырдың барын есіне түсірді. Бес минуттан соң сақ әкімнің басқарумен, оны бұйрығын орындаған адамның жеңіл қолымен суреттің саяси сауатсыз фрагменті, яғни «бүркіт үстіндегі бала» сұр квадратпен алмастырылды.
Сағат 13-40. Әкім мектеп босағасынан шықты. Көңілі көтеріңкі. Міне бір әңгіме табылып сөзсіз оның пайдасына шешілді. Ауылдың әкімі барын білсін! Әкім әрқашан жұмыста. Мына мектептегі мұғалімдер нағыз саяси сауатсыздар! Егер мұғалімдер саяси сауатсыз болса онда олардың саяси сауатты болғанға білімдері жетпейді. Бір-бірінен қисынын, жалғасын тауып шыққан ойлар. Әкім өзінің локиқалық ой қорыту жағынан өзгелерден биік тұрғанын сезінді. Ішінен тағы бір мәрте қайталады:
-Сауатсыздар балаларды оқытпақшы болған! Көрсетемін бұларды!
Жаңа оқу жылы басталмаған шақта, яғни басталуына бір ай қалғанда мектеп директоры бастауыш кластың рекреациясының қабырғасын суретпен безендіруді ойластырады. Сол себепті таныс бейнелеу өнерінің профессорымен ақылдасып рекреация қабырғасына салынатын суретті ойластырып оның эскизін жасайды. Эскиздегі суретті қабырғаға салу үшін профессор үш күн еңбектенеді.
Суреттің негізгі фрагментін профессор әліппенің сыртындағы суреттен көшірді («бүркіт үстінде оқушы баланы»). Негізгі сурет фрагментін ауылдың пейзажымен толықтырды.
Негізгі фрагменттің символикалық мағынасы туралы бір сөйлем: оқушы бүркіт үстіне мініп алып білім қуып, ғылым шыңына бағыт алғанын білдіртеді.
Әңгімемнің соңында:
-Саяси сауатты әкім суреттің символикалық мағынасын қалайша түсінбеді? -деп өз-өзіме сұрақ қоямын.
Әрі қарай

ҚазақТың тарихы

Қалайсыңдар ей жандарым? Көп болды сендерге арнап Клаваны сипаламағалы ;-) Сендер ғой дес бермей(лайым солай болғай); есейіп, ержетіп дегендей. Өзім болсам; өмірімнің жалғастарының қай жағынан шыға келсем жағады екенмін деген сасық ой, іс-әркеттің ауласында дегендей… Біраз нәрсенің басын өздеріңмен шалғаным бар, сол баяғы қияли қалпым. Біразы іске асты, біразы міз бақпай тұр. Көп әріпті қайтейін теріп, клаваны сипап отырғаныма себеп нәрсе мына жерде ҚазақТың тарихы :-) Жолымбетке қатты разы болып жүрмін… Бөліскім келіп кетті. Біраз қырттым. Енді кеттім. Тузик қайда? Сәлем айтыңдар, ендігі төбет болған болар :-)
Әрі қарай

Жанар Доғалова Turkvizyon байқауының гранд-финалында

Жақында ғана елімізде өткен іріктеуден халық пен қазылар алқасының жоғары ұпайына ие болып, жеңіске жеткен Жанар Доғалова Қазан қаласына аттанды.

Татарстанның Қазан қаласында өтетін Turkvizyon 2014 байқауында 25 елден келген әншілер бақ сынайды. Кеше ғана ашылу салтанаты өткен бұл бақаудың жартылай финалын Жанар Доғалова ашты.
Жанар өзіміздегі іріктеуде орындаған Ізін көрем әнін дүбірлі додада орындады.

Қазандағы байқауға Жанарды қолдаушы командамен бірге Қазақстан телеарнасының тілшісі Еркін Шәкір де бірге аттанды. Еркін арнайы көрермендер үшін видеолар ұсынуда

Жанар 21 қараша күні гранд-финалға шығады. Жеңіске жетсін деп тілейік! Еліміздің көк байрағы Қазанда желбірегенін тілейік!

Блог - kaztube: Жанар Доғалова Turkvizyon байқауының гранд-финалында

21 қараша күні сағат 22:00 Хабар арнасынан Turkvizyon байқауындағы Жанардың өнерін тамашалап, қолдау көрсетейік!
Әрі қарай

«Жас ұлан» республикалық мектебінің 15 жылдық мерейтойы

«Жас ұлан» республикалық мектебі – біздің еліміздің бірегей оқу орны.
Он бес жыл ішінде мектепте көптеген жақсы дәстүрлер қалыптасты. Мектеп түлектері біздің әскеріміздің офицерлік корпусын толтырып және өзінің еліне лайықты қызмет етеді.
«Жас ұлан» республикалық мектебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 наурыздағы №309 «генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі мемлекеттік мекемесін құру мәселесі» қаулысымен мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытуға және күшейтілген дене шынықтыру даярлығына арналған жалпы орта оқу орны ретінде құрылды.

1999 жылы 4 қарашада Ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің ашылу рәсімі болды.

Мектепке еңбегі мен өмірі жас Отан қорғаушыларға үлгі болатын Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Егеменді Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов аты берілді.

2011 жылғы 8 желтоқсанда ел президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің жаңа ғимаратын салтанатты ашылу рәсімі болды.

Әрі қарай

Тұрсынбек Қабатов, Әзіл әлемі (жаңа нұсқа)

Тұрсынбек Қабатовтың әзілдері күнделікті өмірден алынған соң ба, халықтың бәрінің басынан өтіп жатқан жағдайды дөп басады. Әсіресе, Инстаграм туралы айтқаны әбден күлдірді. Тұрсынбек Қабатовтың командасына да, өзіне де шығармашылық өрлеу тілейміз!

Кеше ғана телеарнадан көрсеткен Әзіл әлемінің әзілдерін көре алмай қалған болсаңыз, біздің порталда толық нұсқасы бар. Көріңіздер, күліңіздер :)
Әрі қарай