«Жас ұлан» республикалық мектебінің 15 жылдық мерейтойы

«Жас ұлан» республикалық мектебі – біздің еліміздің бірегей оқу орны.
Он бес жыл ішінде мектепте көптеген жақсы дәстүрлер қалыптасты. Мектеп түлектері біздің әскеріміздің офицерлік корпусын толтырып және өзінің еліне лайықты қызмет етеді.
«Жас ұлан» республикалық мектебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 наурыздағы №309 «генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі мемлекеттік мекемесін құру мәселесі» қаулысымен мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытуға және күшейтілген дене шынықтыру даярлығына арналған жалпы орта оқу орны ретінде құрылды.

1999 жылы 4 қарашада Ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің ашылу рәсімі болды.

Мектепке еңбегі мен өмірі жас Отан қорғаушыларға үлгі болатын Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Егеменді Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов аты берілді.

2011 жылғы 8 желтоқсанда ел президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің жаңа ғимаратын салтанатты ашылу рәсімі болды.

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше