Астаналық 58 мың зейнеткерге әлеуметтік көмек көрсетіледі

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, Қарттар күніне орай, елорданың 58 мың зейнеткеріне жергілікті бюджет есебінен 5 мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек көрсетіледі.
Ардагерлер ұйымының белсенділері Ұлы Отан соғысы қаһармандары мен зейнеткерлердің үйін араласа, Алматы ауданының әкімдігі ауданға қарасты 150 зейнеткерге арнап қайырымдылық ас береді. Ал, Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде 270 егде жастағыларға шипажайлық-курорттық емделу қызметі көрсетіледі. Сондай-ақ, шағын орталықтарда бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырылып, Жастар сарайында елорданың ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлеріне арналған мерекелік концерт өткізіледі.












Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекджи еліміздегі «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Ақтау теңіз портын жаңарту жобасына қызығушылық білдірді. Бұған дейін Түркия Қазақстанға 1,8 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция құйған еді. Ал біздің елдің қаржылай салымы 970 млн долларға жетіпті. Бұл туралы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аясында өткен экономика министрлерінің бесінші кездесуінде мәлім болды. Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі: — Түркі кеңесі инвестициялар, кәсіпкерлік, көлік пен туризм сияқты экономиканың әр салаларында табысты еңбек етеді. Елдер арасындағы тұрақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін басты тұғырнама болып отыр. Айта кетейік, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Ол құрамына енген. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан Республикасы және Түркия сынды тілі мен мәдениеті ұқсас елдер үшін тиімді экономикалық әріптестікті нығайтатын платформаға айналып отыр.



Елорда әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарының тіршілігін қамтамасыз ету мен ыңғайлы өмір сүру мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Сонымен қатар, үнемі бақылауды қажет ететін кейбір сұрақтар бар, солардың бірі — тұрғын үй құрылысы саласы.