«Алаш» идеясы – мәңгілік идея.

ХХ ғасыр – алып адамдарды қажет еткен әрі осыған орай өздерінің талғам-танымдары жан-жақты алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман.
Өткен ғасырдың басында «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған» қоғам қайраткерлері қазақ халқының саяси аренасына ағартушылыққа, оқу-ғылымға шақырған, ұлт болашағы үшін аянбай тер төккен білім деңгейі мен рухани парасаты жоғары бостандық жаршылыры – «Алаш» қозғалысын тарих сахнасына алып келді.
«Алаш» қозғалысы – ұлттық-саяси ғана емес, мәдени-философиялық қозғалыс. Олар ғалым ғана емес, ғылымның басында тұрған ой еркіндігімен ерекшеленетін дана тұлғалар болатын. Алашордалықтар не ғылымға, не саясатқа қазық қағып соған өзін байлап қоймады, керісінше екеуін де халқына қызмет етудің жолы деп түсінді. Сондықтан да халық алдында «Алаш» алыптарының абыройы асқақ.
Ұлттық идеяның кемеңгерлікпен түзілуі «Алаш» қозғалысын аспандатты. Дұрыс ұлттық идеяға табан тірген алаш зиялылары мен оқығандары қазақ қоғамы тарихының жаңа белесін ашты. Жинақтаған тәжірибесі, ұйымдық қалыптасуы, интеллектуалдық әлеуеті бойынша Қазан төңкерісіне дейін қазақ жерінде бірде-бір саяси күш немесе ағым «Алашордамен» иық тірестіре алмады.
«Алаштық» елдік рухты байқамау және оны аттап өту – қазақ дүниетанымында ешқашан мүмкін емес! Ұлттық дүниетаным мәселесі «Алаш» танымынан алыстап кете алмайды. «Алаш» идеясы – мәңгілік идея. «Алаш» ұғымы – қазақ танымындағы ең қасиетті ұғым.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше