Ұлттық банктің Астанаға көшуі кейінге шегеріледі

Астана жаңалықтары: Ұлттық банктің Астанаға көшуі кейінге шегеріледі

Астанаға инвестмент-банкинг көшеді, ал банктік ритейл, сақтандыру компанияларының ритейлдері қазіргі қаржы секторында қалады, себебі Алматының аумағында 2-3 млн адам тұрады. Бұл туралы баспасөз мәжілісі барысында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті деп, хабарлады Bnews.kz сайты
Әрі қарай

«Астана» баскетболшыларының алғашқы жеңісі

Астана жаңалықтары: «Астана» баскетболшыларының алғашқы жеңісіЖақында ғана сайтымызда «Астана» баскетбол клубының құрамы тәжірибелі ойыншылармен жаңарғанын, жаңа маусымға тас-түйін дайын екендігін хабарлаған едік. Команда өз алаңында финляндиялық «Байзонс» клубын қабылдап, 83-80 есебімен жеңіске жетті. Бұл «Астананың» – ВТБ Бірыңғай лигасындағы алғашқы ұпайы.

Рамунас Бутаутас баптайтын астаналық бойшаң ойыншылар бірінші кезеңде қонақтардан 25:16 ірі есебімен басым түсті. Одан кейінгі кезеңдерде «Байзонс» 24:23, 18:15, 22:20 есептерімен алға шықты. Дегенмен жалпы есепте «Астананың» бәсі жоғары болды.
Әрі қарай

«ЭКСПО» көрмесіне дайындық жұмыстары пысықталды

Астана жаңалықтары: «ЭСКПО» көрмесіне дайындық жұмыстары пысықталды
Қалалық әкімдіктің кеңейтілген жиналысында елорда басшысы Әділбек Жақсыбеков пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасы Ахметжан Есімов еліміз үшін үлкен сын болғалы тұрған алдағы халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындықтың жай-күйін және оны өткізуге байланысты туындайтын мәселелерді талқылады деп, хабарлады «Астана ақшамы» газеті.
Әрі қарай

Астана мен Алматы арасын жалғаған әуежол

Астана жаңалықтары: Астана мен Алматы арасын жалғаған әуежол

Елімізде жолаушылар үшін күннен күнге әуе қатынастары қолжетімді бола түсуде. Астана мен Алматы арасында аптасына 100-ден астам әуе рейстері орындалуда. Бұл туралы кеше Астанада әуежай мәселелеріне арналған ИАТА конференциясында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті деп, хабарлады today.kz ақпараттық сайты.
Әрі қарай

Мемлекеттік тілді меңгеруге ниеттілер көбеюде

Астана жаңалықтары: Мемлекеттік тілді меңгеруге ниеттілер көбеюде

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту бағытында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы жүйелі жұмыстар жүргізуде. Басқармаға қарасты «Руханият» орталығында тіл оқыту курстары тұрақты ұйымдастырылады. Биыл маусым айында қаланың 36 мекемесінен 691 тыңдаушы, 12 этномәдени орталықтан 100 тыңдаушы дәріс алса, ал қыркүйек айынан бастап 66 мекемеден 809 тыңдаушы мемлекеттік тілді үйрену курсын одан әрі жалғастыруда.
Әрі қарай

ҚЫЗ СӨЗі

Блог - maratamirov: ҚЫЗ СӨЗі
Менен артық бола алады саған кім,
Осы сөзді қайталаймын қанша рет?
Атқан таңның шуағымен тарандым,
Сен күн сайын ғашық болып қалса деп!

Менсіз өмір күнсіз әлем сен үшін,
Оны жақсы білесің ғой өзің де!
Қыстан қалған қырау-мұңым
Әрі қарай

Аяғы сынған бозбала

Қытай ойшылы Лао Цзудың әңгімесі:

Бір ауылда жасы егде тартқан, самайын қырау шалған қарт кісі тұрыпты. Тұрмысы жұпыны, күнкөрісі төмен кедей екен. Бірақ оның атырапқа жүйріктігімен аты шыққан сәйгүлігі болыпты. Әлгі дүлдүл атқа патшаның да қатты
Әрі қарай

Елорда тұрғындары арасындағы флюрографиялық тексерілудің жалпы жоспары 9,5% артты

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласының мемлекеттік жоспарын жетілдіру аясында Астанада 4 алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін мекеме және 2 көпсалалы стационар салынды.
Әрі қарай

Астанада өткен патриоттар форумына 2 мыңға жуық адам қатысты

Астанада «Мәңгілік ел — болашағы біртұтас ел» атты республикалық патриоттар форумы өтті. Форумға қатысуға барлық өңірлерден шамамен 2 мыңға жуық делегат келді. Олар өз ісінің үздік мамандары – дәрігерлер, әскерилер, өнеркәсіп жұмысшылары, ғалымдар, жас көшбасшылар, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, спортшылар, талантты актерлер, мәдениет майталмандары.
Әрі қарай

Астанада қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен «Мәңгілік ел — Қазақстаннның жалпыұлттық идеясы» тақырыбына «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті мәжілісі өткізілді.
Әрі қарай