«Астана» баскетболшыларының алғашқы жеңісі


Рамунас Бутаутас баптайтын астаналық бойшаң ойыншылар бірінші кезеңде қонақтардан 25:16 ірі есебімен басым түсті. Одан кейінгі кезеңдерде «Байзонс» 24:23, 18:15, 22:20 есептерімен алға шықты. Дегенмен жалпы есепте «Астананың» бәсі жоғары болды.
«Астана» құрамында 19 ұпайдан жинап, үздік ойын көрсеткендер – Джерри Джонсон мен Патрик Калатес. Ал, «Байзонс» сапынан Мартин Зено еншісіне 18 ұпай жазды.
Турнир кестесінде «Астана» 4 ұпай еселеп, 11-сатыға жоғарылады. Келесі кездесуі 25 қараша күні сырт алаңда Чехияның «Нимбурк» командасына қарсы өтеді.
Пікір жоқ әзірше