ҚАРТ СЕНЬОРА ТАҒЫ ДА ЧЕМПИОН!!!

Еуропада футбол маусымы аяқталуға жақын қалды. Енді бір 10-15 күнде барлығы да белгілі болады. Ал кейбір біріншіліктердің чемпиондары белгілі болды. Егер ПСЖ ең бірінші болып, «Лига 1» чемпионы атанса, енді скудетто(Италия) иесі де белгілі болды.
Ювентус былтырғы жылғы атағын қорғап қалды. Массимилиано Аллегри шәкірттері қатарынан бесінші мәрте «А» Сериясында жеңіске Романың арқасында жетіп отыр.
35 турдың соңғы кездесуінде Спалетти шәкірттері өз алаңында Наполиді қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті. Бұл нәтиже Ювентусті отыз екінші мәрте Италия чемпионы жасады.
Маусым қарт сеньора үшін жақсы басталды деп айта алмаймыз. Бірақ естерін дер кезінде жинаған Буффон бастаған жігіттер 11 турдан бастап, жеңілістің не екенін білмей келеді. Оның үстіне қақпашы Джанлуиджи Буффон қақпасын голдан 974 минут(11матч) аман сақтап тұрып, «А» Сериясында жаңа рекорд орнатты.
Енді қалған матчтарды тек жанкүйерлер үшін өткізу қалды. Жарайсыңдар Аллегри шәкірттері!!! Forza Juvenus!
Әрі қарай

Жалпықалалық сенбілікке 4 мыңнан астам медицина қызметкерлері қатысты

Жалпықалалық сенбілікке Астаналықтар белсенді қатысты. Соның ішінде денсаулық сақтау қызметкерлері де қалыспады. Дәрігерлер үшін жыл сайын сенбілікке қатысу өзіндік дәстүрге айналды. Сондықтан 4 мыңнан астам медицина қызметкерлері, соның ішінде денсаулық сақтау ардагерлері қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға және тазартуға өз үлестерін қосты.

Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілікке 4 мыңнан астам медицина қызметкерлері қатысты

«Адамның денсаулығы негізінен оның өмір салтына байланысты деген қағидатты ұстанып, қоршаған орта мен оны күтіп ұстаудың денсаулығымызға тікелей әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Жинаған жер емес, қоқыс тастамаған жер таза деп бекер айтпайды ғой. Сондықтан барлық қала тұрғындарын табиғатты аялауға шақырамыз», — деді Астана қаласы денсаулық сақтау саласының ардагері Алтын Сүлейменова.

Сенбілік барысында 3500 қаптан артық қоқыс шығарылды, 5000 жуық ағаш пен 20 мың метрден астам жолдың жиегі әктелді. Бұл қорытынды нәтиже емес. Астанада экологиялық айлық 18 мамырға дейін жалғасатындықтан бұл көрсеткіш әлі де салмақты цифрлармен, тамаша нәтижелермен толығады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Жасын да кәрісін де жұмылдырған сенбілік

Астаналық жастар мен ардагерлер 200 жуық ағаш отырғызды

Жалпықалалық сенблік аясында Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері мен оқушылар қаланы көгалдандыруға белсене қатысты. Олар Қорғалжын тас жолының бойында 200 жуық көшет отырғызды.

— Жасы мен жағдайына қарамастан өз қаласына қамқорлықпен қарау – әр азаматтың борышы, сондықтан біз жолдастарымызбен бірге қаланы көгалдандыруға, оны көркейтуге атсалысу үшін осында келдік. Астана – керемет гүлденген қала, оны мақтан етіп, күтіп ұстауымыз керек, — деді социалистік еңбек ері Леонид Картаузов.

Ардагердің пікірінше, өскелең ұрпақтың қандай болып өсетіні ересектерге байланысты, сондықтан балаларға жақсы үлгі көрсетіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үйретіп, еңбекке баулу керек.

Астана жаңалықтары: Жасын да кәрісін де жұмылдырған сенбілік

Өз кезегінде қалалық мектеп оқушылары ағаш отырғызуға, аумақты тазартуға қатысып, ардагерлердің әңгімелерін тыңдады, олармен өздерінің болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

— Біздің №69 мектепте сенбіліктер жиі өткізіледі, оған қуана қатысамыз. Ал бүгін ҰОС ардагерлерімен кездесіп, уақытты тиімді өткізу мүмкіндігіне ие болдық. Әрине, оларға көмектесіп, бәрін өзіміз істеуге тырыстық, ал ардагерлер бізге қызықты әңгімелерін айтып берді, — дейді Гүлсезім Хасен.

Шараға 10 ардагер мен 48 оқушы қатысты. Естеріңізге сала кетейік, жалпықалалық сенбілікке 100 000 астам адам шықты, қала бойынша 16 000 ағаш отырғызу жоспарланған.
Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті

Сәуірдің 22-23 күндері «Жастар» театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған XVII қалалық «Достық. Бірлік. Тәуелсіздік» атты Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Шара барысында этномәдени бірлестіктер әртүрлі жанрдағы көркем номерлерді көпшілік назарына ұсынды.

– Республикамыздың Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелей отырып, негізі қаланғанына 25 жылдан асып кеткен кейбір этномәдени бірлестіктерді ерекше атап өтпекпіз. Бұл Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін елімізде ұлтаралық келісімге және этномәдени қозғалысты дамытуға көп көңіл бөлінгендігінің белгісі, – дейді Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Фестиваль шымылдығын «Радима» беларусь орталығы ашты. Олар көпшілік назарына вокалдық және би номерлерін ұсынып, өлеңдер оқыды, жас жігітті әскерге шығарып салу салтын көрсетті. Содан кейін Қазақстан Республикасының «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» бірлестігінің өкілдері өнер көрсетті. Олар үйлену тойында өткізілетін салт-дәстүрлермен таныстырды.

Блог - astananews: Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті

Екі күннің ішінде «Жастар» театрының сахнасында 22 этномәдени бірлестік өз өнерін ортаға салды. Әр қойылым жарты сағатқа созылады және түрлі жанрлардан көркемдік номерлер көрсетіледі: хор және вокалды топтар, жеке орындау, хореография, дәстүрлі музыкалық-хореографиялық композиция, сондай-ақ, бейнелеу өнері, графика мен қолөнер туындыларының көрмесі.

– Фестивальдың негізгі мақсаты – ана тіліндегі еркін шығармашылыққа жағдай жасау, төл мәдениетке, салт-дәстүр мен әдет ғұрыпқа деген сүйіспеншілікке баулу, оған құрмет көрсету, мәдени жетістіктерді сақтап, көбейту, — деді Л. Құсайынова.

Этномәдени бірлестіктердің қатысуымен өтетін шара жалғасын тауып,Қазақстан халқы достығы фестивалінің гала-концертіне ұласты. Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыс өкілдерінің өнерін паш еткен концерт «Жастар» театрында өтті.
Әрі қарай

Жолды жөндеу жұмыстарына орай жартылай шектелген көшелер

Астанада жол жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге байланысты 24 сәуірден 15 мамырға дейін Абылай хан даңғылының Мұстафин көшесінен Мүсірепов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жартылай шектелетін болады.

Астана жаңалықтары: Жолды жөндеу жұмыстарына орай жартылай шектелген көшелер

Сонымен қатар, 23-25 сәуірде Арай көшесінің Ғарышкерлер көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі бөлігінде көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылады.

23-25 сәуір аралығында Ғарышкерлер көшесінің Арай көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігіндегі жол жабылады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Ауылдың құрт-майын сағынсаңыз

Астаналықтардың көңілінен шыққан, қалтасы көтеретін, қыс бойы сағынған ауыл шаруашылық жәрмеңкелер маусымы басталды, Қала тұрғындары сағынған ауыл дәмін мұнда төмендетілген бағамен сатып ала алады. «Думан» ОСО алдында елордалық, Ақмола және Қарағанды облыстарының жақын аудандарының 150 жуық жеткізушісі мен тауар өндірушісі азық-түлік өнімдерін ұсынады. Ал 29 сәуірден бастап әлеуметтік маңызды тауарларды Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионның жанынан да сатып алуға болады.

Астана жаңалықтары: Ауылдың құрт-майын сағынсаңыз

Жәрмеңкелер 8 қарашаға дейін әр жұма, сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-18.00 өткізілетін болады. Қазіргі кезде сатып алушылар Ақмола және Қарағанды облыстарынан әкелінген тауарларға өз бағасын беріп үлгерді.

— Біздің отбасымыз үлкен, дүкенге жиі баруға тура келеді. Жәрмеңкеде өнімдер қалалық базарға қарағанда арзанырақ, ал сапасы мен дәмі бірдей, — деді елорда тұрғыны Мария Кондрикова.

Жәрмеңкеде азық-түлік тауарларының 500 астам түрі сатылады – ет, балық, сүт пен шұжық өнімдері, жемістер мен көкөністер, ұн, жарма, май және т.б. Жалпы, 200 тоннадан астам тауар әкелінген.

Астана жаңалықтары: Ауылдың құрт-майын сағынсаңыз

— Біз әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына баса назар аударамыз, олардың бағасы нарықтағыдан 10-15% төмен. Мысалы, қала бойынша картоптың орташа бағасы 65-70 теңге болса, мұнда — 55, қырыққабат — 250 теңге, бізде — 175. Қызанақ пен қияр бағасы 850 және одан жоғары. Ал жәрмеңкеде оны 700 теңгеге алуға болады, — дейді қалалық Ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Риза Қайкенова.

Ауылдың сүр еті мен сары майын, балдай тәтті қымызы мен айранын сағынсаңыз, жәрмеңкеге келіңіз!

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.

Жалпықалалық сенбілік нәтижесі

Астанада экологиялық айлық аясында «Таза қала — бақытты қала!» жалпықалалық сенбілігі өтті. Қала тұрғындары бұл шараға белсенді қатысты. Қалалық басқармалардың өкілдері, жеке меншікті ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ, елорда тұрғындары таңертең қала көшелерін жинауға, абатттандыруға атсалысты.

«Алматы» ауданында тиісті жұмыстарға 47 493, «Сарыарқа» ауданында — 33 856, «Есіл» ауданында — 19 852 адам жұмылдырылды. Қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына 191 тиегіш техника мен 431 жүк көлігі тартылды. Аудандар аумақтарында терек, тал, шетен, арша және т.б. ағаштар отырғызылды. Сенбілік аясында Астанада 16 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Астана жаңалықтары: Жалпықалалық сенбілік нәтижесі

Сенбілік аясында 163 мыңға жуық ағаш сыланды, парктер мен саябақтар жиналды. Сонымен қатар, студенттер мен әскери бөлімшелердің әскери қызметкерлерінің күшімен Есіл, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендерінің арналарын тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізілуде.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Мен тамашалаған Тараз!

Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!
Тарихы тереңде жатқан көне, киелі, қасиетті əрі қазақи Тараз қаласына жолым түсіп, барып қайттым. 22-24 наурыз аралығында 6-шы рет өткізіліп отырған «Блогқұрылтай — : Тараз» алғаш рет қатысып, тамашаладым. Тараз бізді жылы ауа-райымен, жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Біраз Тараздың тарихынан жəне алған əсеріммен бөліскім келіп отыр. Ендеше бастайық!
2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласы туралы айта берсек көп. Сонау VI-VII ғасырдан бастау алады. Қазіргі уақытқа дейін өзінің құнды лығын, мəдениетін жоғалтпай одан əрі үдете түсті. Талай ханның астанасы, шаһарына айналған, талай елдің палайтын жері болған.
Тарих сабағында оқып, ауыз толтырып айтатын Қарахан, Тектұрмас, Айша-бибі жəне Бабаджа хатун кесенелерінде көрдім. Көргенімде басқаша бір сезімде болдым. Мың рет естігенше, бір рет көрген дұрыс екен. Қарахан мен Айша-бибінің махаббаты, Айша-бибі мен Бабаджа хатун арасындағы сыйластық, достықты еске түсірді. Талас өзенің бойында орналасқан Тектұрмас кесенесі де өзіндік əсер қалдырды. Қарахан кесенесінің қасында елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың жазған, жылы ашылаты «Болашаққа хаты» бəрімізді ойландырып қойды. Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!
Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!
Көне Тараз тарихи- мəдени орталығына саяхаттадық. Мұражай, мұнара, аяқталуға аз қалған тарихи қазбалар, салынып жатқан құрылыстар. "Қарауыл мұнарасы" биіктігі қателеспесем 16 мерт ғой деймін. Сырттан қарасаң аспанмен таласып тұрғандай. Ал биіктен қарасаң Тараз «алақандағыдай» көрінеді. Анық əрі айқын.
Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!
Жалпы қала, адамдар тынымсыз, қайнаған қызу өмір. Мұражай ішіне кіргенде тап бір тас дəуірінен бастап, қазіргі кезеңге дейін сапар шеккендей болдым. Сол заманның заттары, ыдыс-аяқтары мен нəрселері бəрі-бəрі бастан-аяқ еш кемшіліксіз сақталған. Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!Блог - AyauIbrahimova: Мен тамашалаған Тараз!
Қаланы 3 күн аралап, талай жермен танысып, естіп білдік. Расымен тарихи десе тарихи қала екен. Аз күн болсада біраз мағұлмат жинадық.
Тараз — алтын əріппен ойып тұрып орын алған қала. Табиғаты, ауасы бəрі де жанға жайлы жəне өте таза.
Əрине Тараздың тарихы туралы толық əрі нақты жазуға болатын еді, алайда оны білмейтін адам кемде кем. Сондықтан тамашалаған жерлердің пайда болуы туралы бір-екі ауыз сөзбен болса да жеткіздім деп ойлаймын. Барғаннан бастап қайтқанға дейінгі уақытым жылдам əрі сəтті болды. Сол аралықта басқа бір əлемде жүргендей сезіндім. Халқы қонақжай əрі сыпайы екен. Тіпті қайтарда бізді қимады ма, кетіп бара жатқанымызға көңілі түсті ма, əйтеуір кешке жақын дəл қайтар уақытта жаңбыр жауып кетті. Жақсылыққа жорып, қаланы қимай қоштасып, жолға шықтық.
Әрі қарай

Елбасы жалпықалалық сенбілікке қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев «Таза қала – бақытты қала» жалпықалалық сенбілігіне қатысып, ағаш отырғызды. сондай- ақ сенбілікке шыққандармен және қала жастары өкілдерімен әңгімелесті.

Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифингте таяуда бірқатар шет мемлекеттерге жасаған сапары жөнінде айтып берді.

Астана жаңалықтары: Елбасы жалпықалалық сенбілікке қатысты

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорданы көгалдандыру аясында қаланың айналасында 70 мың гектар ағаш отырғызылған, ал оның ішкі бөлігінде жыл сайын саябақтар мен гүлзарлар пайда болып жатқанын атап өтті.

– Қазақстанмен бірге Астана да ажарланып келеді. Оны бүкіл әлем жұрты біледі. Келер жылы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қарай қаламыздың халқы 1 миллионға жетеді деп ойлаймын. Бұл – елорда ғана емес, бүкіл республика бойынша туу көрсеткішінің жоғары болуының нәтижесі. Астанада тұрғындар саны 3-4 миллионға жетсе, ғылым мен білімнің, технологияның, медицинаның одан әрі дамуына бұдан да зор үлес қосылады, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды абаттандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Егер әрбір азамат, әсіресе жастар елді мекендерді тазарту және ағаш отырғызу жұмыстарына қатысатын болса, онда әр ауыл, аудан, қала және олармен бірге бүкіл еліміз де көркейе түседі. Тұрмысы төмендер мен жетімдерге көмек көрсету де аса маңызды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын біз осындай нақты іс-қимылмен қарсы алуға тиіспіз. Біздің керемет байтақ еліміз бар, оның жеріне ағашты көп егуіміз қажет, ол халықтың денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Өз елін сүйетін адам оның игілігі үшін жұмыс істеп, болашағын ойлайды, – деді Мемлекет басшысы.

***

Сенбілік қаланың санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі экологиялық айлығы аясында өткізіліп отыр. Оған 4 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйымнан, 200-ден аса денсаулық сақтау және білім беру мекемесінен, 130 мемлекеттік мекеме мен ведомстводан және ұлттық компаниялардан 100 мыңнан астам адам қатысты.

Сенбілік барысында 16 мыңдай ағаш егілді. Сонымен қатар Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендері арналарын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту мақсатымен экологиялық акция өткізілді.

Қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі экологиялық айлық 18 сәуірден 18 мамырға дейін жалғасады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай