Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті

Сәуірдің 22-23 күндері «Жастар» театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған XVII қалалық «Достық. Бірлік. Тәуелсіздік» атты Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Шара барысында этномәдени бірлестіктер әртүрлі жанрдағы көркем номерлерді көпшілік назарына ұсынды.

– Республикамыздың Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелей отырып, негізі қаланғанына 25 жылдан асып кеткен кейбір этномәдени бірлестіктерді ерекше атап өтпекпіз. Бұл Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін елімізде ұлтаралық келісімге және этномәдени қозғалысты дамытуға көп көңіл бөлінгендігінің белгісі, – дейді Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Фестиваль шымылдығын «Радима» беларусь орталығы ашты. Олар көпшілік назарына вокалдық және би номерлерін ұсынып, өлеңдер оқыды, жас жігітті әскерге шығарып салу салтын көрсетті. Содан кейін Қазақстан Республикасының «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» бірлестігінің өкілдері өнер көрсетті. Олар үйлену тойында өткізілетін салт-дәстүрлермен таныстырды.

Блог - astananews: Қазақстан халқы достығының фестивалі өтті

Екі күннің ішінде «Жастар» театрының сахнасында 22 этномәдени бірлестік өз өнерін ортаға салды. Әр қойылым жарты сағатқа созылады және түрлі жанрлардан көркемдік номерлер көрсетіледі: хор және вокалды топтар, жеке орындау, хореография, дәстүрлі музыкалық-хореографиялық композиция, сондай-ақ, бейнелеу өнері, графика мен қолөнер туындыларының көрмесі.

– Фестивальдың негізгі мақсаты – ана тіліндегі еркін шығармашылыққа жағдай жасау, төл мәдениетке, салт-дәстүр мен әдет ғұрыпқа деген сүйіспеншілікке баулу, оған құрмет көрсету, мәдени жетістіктерді сақтап, көбейту, — деді Л. Құсайынова.

Этномәдени бірлестіктердің қатысуымен өтетін шара жалғасын тауып,Қазақстан халқы достығы фестивалінің гала-концертіне ұласты. Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыс өкілдерінің өнерін паш еткен концерт «Жастар» театрында өтті.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше