Мені бақыт аспанына көтердің

Бөлек менде сен дегенде шығар жан,
Жалт еткенде тайып беріп қылаң ой.
Әр демімді ішке жұтып шығарған
Сәттерімде сені ойлап тұрам ғой!

Сенің сыңар аққу құсың мен деп біл,
Сені іздеп шарқ ұратын тараптан.
Тәңсәріде шырқау көктен мен деп біл,
Жанып-күйіп, өліп-өшіп баратқан.

Шырқалып боп көкіректің қанша әні,
Жанарымды суалдырып жылап боп.
Терезеңнің алдындағы таңсәрі
Сөніп бара жаттым түнгі шырақ боп.

Құйқылжыта ән салатын бағыңда,
Бұлбұлыңмын жаңылмайтын ырғақтан.
Сары гүлді аралайтын сағына,
Ол мен едім көбелек боп зыр қаққан.

Кейде күліп, кейде дегбір қашты да,
Күн түлетті, түн сөндірді неше үміт?!
Сенің жұмсақ табаныңның астына
Көк майса боп жатқан менмін төселіп.

Жырым — Жайық, Есіл менің өлеңім,
Өзің барда бекер қайғы, шекер мұң!
Шексіз, шетсіз қуанышқа бөледің,
Мені бақыт аспанына көтердің!

Керім желдей кербездене өбейін,
Алыс па екен құшағыңды сезер күн?!
Шерге толып көкірегім, көмейім,
Сені ойлап шөліркедім, кезердім.

Мен болайын жанарыңның ішінде,
Көрші мені, мені ғана байқашы!
Енсем етті тағы, тағы түсіңе,
Кірпіктерің кеткенінде айқасып!

Ақсұлу Сүттібай
Әрі қарай

Сені аямай құшақтағым келеді!

Әкетпесе мені ертіп жыр−әлем,
Сенің әлі шырағың боп тұрар ем!
Күнің болып, күншығыстан
шығар ем,
Дегеніңді екі етпей қылар ем.

Ақ сүтіңді еміп сенің мына мен,
Қойыныңнан шыққан шұбар
жылан ем!
Әуеніңе төңкерілмей, тыңдамай,
Өлең жазып кеткеніме кінәлі ем!

Делқұлымын, емеспін мен сірә, сау,
Неткен ұят сенен кешірім сұрамау?!
Ауыл жақтан үйірілген қап-қара
Қошқыл бұлттар менің күнәм
шығар-ау!

Жарық көріп, сені алғаш танығам,
Жақсы көрем, баяғыдай сағынам.
Жүрмін қазір, жетім бұлбұл секілді
Қалыс қалған, аласталған бағынан.

Мені әкеткен ақын күннің өлеңі,
Жүрегіме жырдың гүлін егеді.
Бірақ та мен үйге барған кезімде,
Сені аямай құшақтағым келеді!

Кешірші мені!
Әрі қарай

Зуқа батырдың 150 жылдығы

Блог - KabidenKuanyshbayuly: Зуқа батырдың 150 жылдығыҚР қарлу кұштерінің Әскери-тарихи музейіне қойылған Зуқа батырдың көрмесі несімен ерекшеленеді.
Бүгінде 11 мемлекетте аталып өтіп жатқан Зуқа батырдың 150 жылдығы ұлан-асыр тойға ұласып отыр. Азаттық арқасында, еркіндік үшін ерегіскен батырларымыздың рухы Тәуелсіз елдің көгінде қалықтады бүгін.
Астана төрінде орналасқан ҚР қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы төрінде Тәуелсіздік арманы және Зуқа батыр«атты xалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтумен бірге Зуқа батыр Сәбитұлының көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Әрине Зуқа батырдың Азаттық үшін арпалысқан ерлігін ғалымдарымыз зерттеп, зерделеп бүгінгі жаңа тарихтың келбетін қалыптастырып келеді. Ал, менің айтқым келіп отырғаны Зуқа батырдың көрмесі туралы.
Зуқа батырдың 1904-1906 жылдар аралығында қажыға барғаны туралы бірі білсе бірі біле бермес, Парсы, араб, орыс, түрік тілдерінде жетік Батыр Түркияға барғанда кедендік бақылау кезінде түсіп қалған фотосы бар екен. Сол фотоны Гималай асып, қытайдан жансауғалап кеткен батыр ұррпақтары Түркия жеріне жеткенде тауып алған деседі. Қытаймен атысып жүргенде киген батыр бөркі де көрмеге қойылған.
Бүгінде Қытай иелігіне өткен қазақ жері Көктоғайдағы Зуқа батыр кесенесінің суретінде көре аламыз. Мазарда 53 адамның мүрдесі жатыр дейді көрме туралы түсінктеме берген туыстары. Себебі сол тұста батырдың қанатының астына кірген халықты жау аямаған екен. Бұл мазарда тіпті бесігімен көмілген балар да бар екен.
Бұдан бөлек батыр туралы жазылған кітаптардың да тұсауы кесіліп көрмеге қоса қойылды»
Әрі қарай

Ержүрек- ер.

#БекжанӨмірСүр #ТаразПолиция #BekzhanZhivi #БекжанЖиви

Таразда атыс кезінде жарақат алған полицейге жеті сағатқа созылған ота жасалды, алайда ол әлі де ауыр жағдайда жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі № 1 қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ербол Ордабековке сілтеме жасап.
«Кеше шамамен сағат 18.00-де бізге оқ тиген жарақатымен екі адам түсті. Олардың бірі полиция қызметкері. Екеуіне де ота жасалды. Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінде жатыр. Полицейдің жағдайы ауыр», — деді Ербол Ордабеков. Ауруханадағылардың айтуынша, полицейге мойны мен кеудесіне екі оқ тиген.

Ендігі ол полицей кім? Есімі — Бекжан Мамырұлы Тленчиев. Вк Әлеуметтік желісінде да жеке парақшасынан суретін алдым. Тыныш заманда қасқойдың кесірінен мүгедек болып қалу қаупі бар.

Құрметті Қазақстандықтар! Осы постқа респост жасап, Бекжанның жанұясына көмек берейік. Ер азамат, xалық тыныштығын қорғау кезінде ауыр xалде. Бекжан Мамырұлын «Халық қаһарманы» мемлекеттік наградаға ұсынуын сұраймын.
Рамазан айында дұға етейік, мұсылман бауырлар!

Ел тыныштығын сақтайтын полицейлерді қолдау көрсетейік.Блог - IslambekDastan: Ержүрек- ер.
Әрі қарай

Астанада «Сахнадан сәлем» театр апталығы басталады

Дәстүр бойынша елорданың туған күніне орайластырылған мерекелік шаралар «Сахнадан сәлем!» IVХалықаралық театрфестивалінен басталады. Фестиваль аясында Қазақстан мен таяу шет мемлекеттерінің үздік әртістерінің орындауындағы көрнекті қойылымдар көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Астана жаңалықтары: Астанада «Сахнадан сәлем» театр апталығы басталады

Астанадағы театр апталығының шымылдығы 20 маусымда елордалық «Жастар» театрының әртістерінің орындауындағы«Моцарт» мюзиклімен ашылады. Келесі күні Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры режиссер Б. Ұзақовтың «Бір кем дүние» драмасын ұсынады.

Фестивальдің үшінші күні театр сүйер қауым Батыс Қазақстан облыстық қазақ дарама театрының (Орал қ.) «Жалт еткен бір сәуле», сондай-ақ, Өскеменнен келген қонақтардың Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының «Үйлену» қойылымдарын тамашалайды.

23 маусымда көрермендер елордалық М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының жаңа «Пробуждение» треш-драмасын және Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры шымкенттік әртістердің орындауындағы «Бас» драмасын көре алады.

Бұдан басқа, келесі күні С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық-драма театры тарихи драмаларды ұнататындарға «Құлан қыпшақ – Кейкі батыр» қойылымын ұсынады. Ал фантастикаға әуес жандар елордаға «Зверь» фантастикалық хикаясын ала келген Ф. Достоевский атындағы орыс драма театрының (Семей қ.) қойылымын тамашалайды.

Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Алматы қазақ мемлекеттік академиялық театрының қонақтары астаналықтардың назарына «Қара шекпен» мысалын ұсынбақ.

Сонымен қатар, фестивальге Ресей мен Украина әртістері де қатысады. 25 маусымда «PaperWall» Киев театрыкөрермендергережиссер М. Назаренконың«ОнОнаЖизнь»визуалды-пластикалық спектаклін көрсетеді. Театр апталығы «Театр Луны» мәскеулік театр әртістерінің орындауындағы «Антракт» драмасымен аяқталады.

Фестивальдің тұсауы 2013 жылы кесілген. Бұл уақиға Астананың 15 жылдық тойы аясында өтті.

Жыл сайын «Сахнадан сәлем!» халықаралық фестивалінің ауқымы кеңейе түсіп, оған қатысатын қалалар мен мемлекеттердің саны артып, Қазақстанның театр әлеміндегі айтулы оқиғаға айналды. 2013 жылдан бері фестивальге Қазақстанның барлық өңірлерінің, сондай-ақ, таяу және қиыр шетелдердің: Ресей, Литва, Түркия, Дагестан, Грузия театрлары қатысты. Биыл бағдарламада 11 театр өнер көрсетпек.

Фестивальдің құрметті қонақтары әрі қазылар алқасы құрамында танымал драматург, театр сыншысы Еркін Жуасбек бастаған өнер қайраткерлері болады. Атап айтсақ, Қазақстанның Халық әртісі, еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Гүлжахан Әспетова, Қазақстанның Халық әртісі, Шәкен Айманов атындағы ха¬лық¬аралық сыйлықтың иегері, профессор Талғат Теменов, сондай-ақ шетелдік қонақтар – театр және кино актері, режиссер, Ресей театр менеджерлері гильдиясының мүшесі, «Мәдениет қайраткерлерінің астаналық цехі» Кеңесінің мүшесі Игорь Краснопольский, театртанушы, «Балтық үйі» жобасының үйлестірушісі, ТМД және Балтия елдерінің «Ресейдегі кездесу» Халықаралық театрлар фестивалінің жетекшісі Мария Юрьева келеді.

Қаланың барша тұрғындары мен қонақтарын «Сахнадан сәлем» фестиваліне шақырамыз. Билеттер Конгресс-холл, «Жастар» сарайы, «Қазақстан» ОКЗ, «Мега», «Сарыарқа», «Керуен» ойын-сауық орталықтарында сатылады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада заңсыз қоқыс орындарын анықтау бойынша кезекті тексеріс жүргізді

Елордада заңсыз қоқыс орындарын анықтау және жою мақсатында апта сайынғы тексеріс өткізілді. Құрамына «Астана-Тазарту» ЖШС инспекторлары және бақылаушылары енген комиссия тексеру барысында қаланы абаттандыру, санитарлық күтіп ұстау, қала аумағын тазарту және тазалықты қамтамасыз ету ережелерін бұзып келген нысандарды анықтады.

Астана жаңалықтары: Астанада заңсыз қоқыс орындарын анықтау бойынша кезекті тексеріс жүргізді

Тексеру барысында комиссия Балқантау к-сі 94 мекен-жайы бойынша барып, бірнеше нысанды анықтады, оның иелерінде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға келісім болмай шықты.

— Аталған мекен жай бойынша қонақ үй, жатақхана, дәмхана орналасқан, жеке тұлғалардың атына берілген немесе заң бөлімі арқылы жасалған құжат жоқ. Сәйкесінше, олардың қоқысты қайда тастайтыны түсініксіз. Қоқысты өздері шығаратындарын айтады, бірақ қолдарында арнайы келісім жоқ, ал оларда полигонмен келісім болуға міндетті, — деп мәлім етті «Астана-Тазарту» ЖШС-інің бас директоры Иван Лавриненко.

Астана жаңалықтары: Астанада заңсыз қоқыс орындарын анықтау бойынша кезекті тексеріс жүргізді

Жатақханада тіркелген тұрғындардың саны іс жүзінде тұратын адамдар санымен сәйкес келмейді. Мұндай қоғамдық тұрғын үйдің тұрғындары жақын маңдағы контейнерлерді пайдаланады, бірақ қоқыс шығарғандары үшін төлем жасамайды.

Мысалы, Қосалқа, 4 мекен жайы бойынша орналасқан жатақханада бір тұрғын ғана тіркелген. Алайда ғимаратта 60-қа жуық бөлме бар. «Астана-Тазарту» ЖШС өкілдері онда іс жүзінде тұрып жатқан адамдардың нақты санын біле алмады.

Толстой, 32 мекен-жайы бойынша да осыған ұқсас жағдай анықталды. Құжат бойынша мұнда 24 адам тұрып жатыр. Құрылыс шамамен 110 бөлмеге есептелген алты қабатты ғимарат болып табылады. Ал Уәлиханов 22/9 көшесіндегі жатақханада 30 тұрғын тіркелсе, іс жүзінде ғимарат 60-70 бөлмеге есептелген.

Осындай жағдайлар анықталған соң аталған құрылыстардың иелері онда тұратын адамдардың нақты санын көрсете отырып, келісімге қайта отыруға мәжбүр болды.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Елордада ХII Дельфий ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Бірнеше күн бойы 10-25 жас аралығындағы жас дарындар өзара жарысты. Бұл жолы Дельфий ойындары «Болашаққа тәуелсіздікпен!» ұранымен өтті. Қазылар алқасының шешімімен Аида Қажмаханның бейнеролигі үздік деп танылды. Ал Ирина Гураева креативті сурет жасаған. Жансая Беспайдың «Тұмар Ханым» коллекциясы ерекше атап өтілді.

«Прима қобыз» номинациясында Наргиз Бақтығалиева топ жарса, домбырада ойнаған Асанәлі Әшімов пен Табыс Құдайберген көпшілікті тәнті етті. Фортепианода Мария Шавтельская үдік атанды. «Номад» би ансамблі және «Самұрық» би мектебі «Халық биі» номинациясында көш бастады.

Астана жаңалықтары: Елордада ХII Дельфий ойындарының жеңімпаздары марапатталды

Ойындар аясында музыка жекпе-жектер өткізілді. Халық әндерін орындауда Маржан Әбдірахманова және Набира Рақымжан үздік болды. «Эстрадалық ән» аталымында Әйгерім Русланова жеңіп шықты, академиялық ән салуда әділ қазылар алқасын Талғат Аллабиринов пен Құдайберген Әбілдин таң қалдырды. Мишель Слобода үздік диджей атанды.

Биыл алғаш рет «Ымдау тілі әні» номинациясы енгізілді. Оған 16-дан 25 жасқа дейінгі Астана тұрғындары қатысып, Алмат Теңізбай жеңіске жетті.

«Театр» номинациясы қатысушылардың да, көрермендердің де қызығушылығын оятты. Қазақ ұлттық өнер университетінің «Драма театры және киноактер» мамандығы бойынша студенттері ең үздік қойылым көрсетті. «Бейнелеу өнері» санатында Дәулет Досмағанбетов жеңіске жетті.

Барлығы конкурсқа 200 астаналық қатысты. Ойындар жас таланттарды анықтауға және дамытуға, өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеуге көмектеседі, тұлғаның рухани қалыптасуына қолдау көрсетеді.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада жасыл технологияларды енгізу мәселелері талқыланды

Елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың төрағалығымен елорданың экологиялық жағдайына қатысты мәселелер бойынша кеңес өтті. Оған қалалық департаменттер мен басқармалардың, табиғат пайдаланушы және коммуналдық кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Астана жаңалықтары: Астанада  жасыл технологияларды енгізу мәселелері талқыланды

Астана қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Абзал Егембердиев қаланың экологиялық жағдайы туралы баяндап, туындаған мәселелерді шешудің жолдарын ұсынды. Атмосфералық ауаға шығарылатын лас заттарды азайту, қалдықтардың шығарылуы мен өңдеуді төмендету, көгалдандыру аудандарын ұлғайту бойынша ұсыныстар жасалды, сондай-ақ, қаланың экологиялық ортасын сақтауға және жақсартуға мүмкіндік беретін басқа да шаралар енгізілді. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту, экологиялық таза көлік түрлеріне, көлікті отынның баламалы түрлеріне ауысу, көлік құралдары мен қаланы жылытуды экологиялық таза отын – газға ауыстыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Велосипед қозғалысын одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

Кеңес барысында қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов көтерілген экологиялық проблемалардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, экологиялық жағдайды өзгерту үшін елордада экологиялық таза жасыл технологияларды енгізу, сондай-ақ, барлық мүдделі тараптардың: мемлекеттік органдардың, ғылыми мекемелердің, ҮЕҰ, қалалық кәсіпорындардың өзара іс-әрекетін дамыту қажет.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kzдеректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай