Өсімдік тілі - тілсіз тіл
Бір қарағанда олардың сөйлейтін тілі, көретін көзі, еститін құлағы, иіскейтін мұрны, қысқасын айтқанда ешбір сезу мүшесі жоқ болып көрінеді. Сол себепті де оларды таптап өткенде немесе тамырымен жұлып алған кезде жүрегіміз дір етіп, бойымызда аяныш сезімі пайда болмайды. Ал шын мәнінде олардың жасы адамзат жасынан әлдеқайда үлкен. Олар жануарлар эволюциясын, жердің беткі қыртысын өзгерткен. Олар біз біле бермейтін сан түрлі қасиетке ие. Керек болса Сізді емдеп, ыстықтасаңыз — сая, тоңсаңыз жылу сыйлап, қарныңыз ашса азық бола алады. Ал жөнді-жөнсіз „жанын жаралай„ берсеңіз, Сізден өш алып, өлтіреді! Бұл жазба жер планетасының жаны, һәм ақылы – өсімдіктер туралы болмақ.



Британдық актриса Одри Хепберннің кішкентай елігі болған. Қызық қой, ит емес, мысық емес. Ал балет деген сұлу өнердің хас бишісі, аңыз биші Анна Павлованың аққуы болғанын білесіздер ме? Есімін Джек деп қойған екен. Иә, менің де осындай өзгеше бір жануарларды асырағым келеді ғооооооой)) Жарайды, мәселе онда емес, мен бүгін өз блогымда Аннаның есімін жаңғыртқым келеді.
...1881 жылы қаңтар айында Анна дүние есігін ашты. Әлжуаз болып туған Аннаны ешкім осындай танымал биші болады деп әсте ойламаған еді. Он жасынан бастап Петербургтегі би учлищесінде таң сәріден көзін тырнап ашып сабаққа барып, қысқа демалыс, ұзақ жаттығу, кешкі қойылым сияқты тынымсыз еңбектің арқасында Анна «шаруа отбасы» деген ұғым стереотипін бұзды. 1899 жылы Петербург театр училищесін П.А.Гердтің класы бойынша бітіргеннен кейін, Мариин театрына қабылданды. Аданның «Жизель» балетіндегі Жизелъ, Дельдевездің «Пахитасындағы» Пахита, Минкустың «Баядеркасындағы» Никия мен «Дон Кихотындағы» Китри тәрізді үнемі таңдаулы партияларды ойнады.
«Умирающий лебедь» атты шағын би қойылымы Аннаның жұлдызды нөмірлерінің бірі. Сыншылардың бағалауынша аққуды осынша шеберлікпен билеген биші кем де кем. Сахнаға түскен прожектор жарығында асыр салған биші арқасын залға сырт бере билейді. Ал аққу мамығымен көмкерілген биші өзі айтатын «биге адалдық» принципімен бар болмысымен аққу болып айдында жүзеді.

Кеңес Одағындағы стилягалар естеріңізде ме?





























