Блогер деген кім, Блог-Құрылтай деген не?

BlogCamp: Блогер деген кім, Блог-Құрылтай деген не?

Таразда Блог-Құрылтай атымен өткен іс-шарадан кейін кей түсініктерді қайтадан қарау керек деген ойға келдім. Жиын өтті. Жақсы өтті. Бірақ, формат басқа, қатысушылар басқа, блогерлер аз. Неге бұлай болды, бізден қандай қателер кетті, енді не істейміз деместен бұрын алдымен негізгі терминдерді бір шолып шығайық.

БЛОГ
Адамның интернеттегі жеке күнделігі, түрлі тақырыптарда ойларын жазатын алаңы. Бұл алаңқай дербес стенделон домендегі блог немесе КерекИнфо, Массагет, Айтабер, Блогтайм, Wordpress.com, Blogspot, ЖЖ, Ювижн сияқты блог-платформаларда ашылған блог. Әлеуметтік желілердегі жеке апарақшалармен шатастыруға болмайды. Ол әр адамның виртуал әлемдегі паспорты. Ал, блог — күнделігі, дәптері.

БЛОГЕР
Алдыңғы пункттен түсінгеніңіздей Блогер — блог жүргізетін адам. Оны стилінен, никнеймінен, тақырыптарынан көпшілік онлайн немесе оффлайн танитын адам. Көбіне блогер бірнеше жерде емес, тек бір платформада жазады.

БЛОГГИНГ
Блог жүргізу, пікір жазу, блогосфера өміріне белсене қатысу.

БЛОГОСФЕРА
Блогерлердің тіршілік аймағы. Блогерлер ортасы. Блогерлер жиыны, түрлі іс-шаралары.

БЛОГКЕМП
Блогерлер жиналатын қала сыртындағы лагерь жиыны. Түрлі мастер-класстар және демалыс. Еркін форматта пікірталас. Негізгі мақсат — блогерлерді бір жерге жинап, һәм дәріс, һәм демалыс өткізу. Қатысу үшін жарна төленеді.

БЛОГ-ҚҰРЫЛТАЙ
Жылына бір рет өтетін кең көлемдегі жиын. Мақсат — танысу, білісу, тәжірибе алмасу, бірге қыдыру, қаламен танысу. Қатысу үшін жарна алынбайды, шығындары демеушілер тарапынан жабылады, сәйкесінше олардың да талаптары орындалады. Мысалы блог-турлар, экскурсиялар, пиар мақалалар, репортаждар арқылы.

БЛОГ-ТУР
Блогерлер арқылы жарнама жасауды көздейтін экскурсия түрі. Тапсырыс беруші жақтың талаптары бойынша блогерлер көрген білгендерін репортаж, сұхбат форматында жазады.

БЛОГИАДА
Берілген тақырыптар бойынша арнайы жүлде үшін жазылатын посттар жарысы.

Енді бастапқы тақырыпқа оралайық. Тараздағы Құрылтай Жамбыл облысы әкімдігінің демеушілігімен өтті, ұйымдастыру да олардың мойнында болды. Біз тек қонақ қатысушы ретінде бардық. Сондықтан қонақ «дастарханын» сынап кетуден аулақпыз. Тек блогерлікті өмір стилі ретінде ұстанатын топ ретінде негізгі түсініктердің өзгеруі, негізгі форматтан алшақтануы әлбетте жанымызға батты. Бұлай бұларын алдын ала білдік те. «Бұл кең көлемдегі соңғы құрылтай болуы мүмкін» деп жаздым да. Бірақ, бардық, көрдік, өз ортамызда жиналдық, өз құрылтайымызды да өткіздік. Бұл тұрғыда өте жақсы жиын болды. Көптен көрмеген достармен бас қостық, тәжірибе бөлістік, білмегенімізді үйрендік, бірге қыдырдық. Біздің негізгі мақсат та осы еді.

Жанымыз ашитыны — блогерліктің сөз ретінде де, іс ретінде де қадірі кете бастағаны. Ойлап қарасақ шын Құрылтай 2011, 2012 жылдары Алматы мен Астанада ғана өтіпті. Блогерлік те осы жылдардан кейін ұйқыға кете бастады. Басты себеп ретінде әлеуметтік желілердің танымал бола бастауын айтамыз. Сол жылдары Твиттерге тіркеле бастаған саясаткер, қоғам қайраткерлеріне блогер аты беріле бастауы осы үрдістің басы болды. Блогосфераны жандандыру мақсатында 2014, 2015 жылдары Блогиада жарысы өткізілді. Бірақ, бұл да тек уақытша нәтиже берді. Жарыстан соң қайтадан сылбырлық басталды. Керісінше адамдар тек ақшалай мотивация болмаса жазғысы келмейтіндей болып қалғандай болды.

Бірақ, бәрі өз қолымызда. Блогосфераны қайтадан тірілту үшін бір әрекеттер жасауымыз керек. Ең алдымен мына постта жазған негізгі түсініктерді өз орындарына қойып, әр нәрсені өз атымен атау керек. Блогерлікті қайтадан тренд, престиж ұғым қылуымыз қажет. Блогерлік өлді, бұрынғылар енді жазбайды, қазір жазатындар жастар деген оймен келіспеймін. Керісінше блогерлік 30 жастан кейін басталады деп ойлаймын. Адамның ойы да, тәжірибесі де қалыптасқан кез. Нағыз сапалы мақала, тұшымды ой жазатын кез. Ендеше не тұрыс? Кеттік, блогтарымызды қайтадан қолға алайық!
Әрі қарай

20 наурызда Астанада қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді

Астана жаңалықтары: 20 наурызда Астанада қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетеді

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

2016 жылғы 20 наурызда – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және Астана қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау күні Елордадағы барлық қоғамдық көліктер азаматтарға тегін қызмет көрсететін болады.

Астана қаласының әкімдігі
Әрі қарай

"Аң-таң таң" еркін видеоблогы. Превью, 1-3 сериялар.

Кез-келген тақырыптағы, әсіресе, қоғамда қызу талқыланып, қазнетте тұздық болған оқиғалар мен мәселелер жайлы көзқарасты-деректі сериялар. Кез-келген уақытта шығуы мүмкін жеке еркін блог әлеуметтік желіде мәтіндік ой білдіруден бас тартып, көрнекі видео нұсқамен ой айту әдісі болып табылады.
Автордың көзқарасы кейде жалпы қалыптасқан ұстанымдарға сай келмей жатады. Сонымен, сапасы түрлі, темпі орташа видеороликтерді қарап, пікір білдіріп тұрыңыздар!


Леонардо ди Каприо, «Оскар» сыйлығы, әлемдік және отандық кинематограф жайлы

8 наурыз, тарих, қазақ сайттары, стереотип ақпарат хақында

Макдональдс пен ММА шеберлері туралы


p.s. Youtube каналыма жазылып қойсаңыздар, тіпті риза болар едім!
Әрі қарай

ҚПЛ-2016 маусымына болжам

12 наурыз күні футболдан Қазақстан Премьер Лигасының кезекті маусымы басталады. Формат бұрынғыдай: 12 команда, кейін алтылықтарға бөліну. Маусым алдында командалардың алатын орындарын шамалап көрейін. Нақты орындарын айту оңай емес, тек 2 лидер мен 2 аутсайдерді анық деуге болады, сондықтан 12 команданы 3 топқа бөлейін: Лидерлер, Ортанқолдар, Аутсайдерлер.

Футбол, тек қана футбол!: ҚПЛ-2016 маусымына болжам
Астаналық жанкүйер Астана — Қайрат матчын тамашалауда. Сурет: fca.kz

Лидерлер: Астана — Қайрат — Тобыл — Ордабасы
Чемпиондыққа биыл да Астана мен Қайрат таласады. Екеуінің бюджеті де, ойыншылар құрамы да жақсы. Бұл екеуіне тең келер ешкім бола қоймас сірә. Қазақстандық Лестер әзірше шыға қоймайды. Бұл екеуіне биыл біраз жақсы трансфер істеген Тобыл мен былтыр 4-орын алып, Еуропа Лигасына жолдама алған Ордабасыны қостым. Егер командалық ойындары жақсы қалыптасса Тобыл қиналмай үштікте болады, ал, шымкенттіктерден биыл да жақсы старт күтемін.

Ортанқолдар: Атырау — Ертіс — Оқжетпес — Жетісу
Бұл төртеуінің бюджеттері де, құрамдары да шамалас. Алтылыққа кіру — басты мақсаттары болады деген ойдамын. Атырау сәл тырысса төрттікке де таласа алатын күште. Ал, жалпы бұл төрттіктегілер күштілерден жеңіліп, әлсіздерді жеңіп, өзара ұпай бөлісіп, ортада жүретін командалардан. Биыл үлкен бір секіріс күтпеймін.

Аутсайдерлер: Тараз — Шахтер — Ақтөбе — Ақжайық
Футболымызда өкінішке қарай барлық нәрсені ақша белгілейді. Соңғы төрттіктегілер бюджеті төмен клубтар. Маусымарасында үлкен трансферлері болды деп айта алмаймын. Тараз бен Шахтер биыл да үміттенбейтін сияқты алғашқы алтылықтан. Оралдықтар өз күштеріне сенуде, жастарға жақсы тәжірибе болмақ биылғы маусым. Ал, Ақтөбенің бюджеті бұрынғыдан азайса да жалпы қарағанда басқа командалармен шамалас бюджеті бар. Бірақ, командадағы жаңа басшылық сол бюджетті дұрыс қолдана алмауда. Командада бұрын ересектерді баптап көрмеген жаңа бапкер, Ресейдің 2-лигасы мен дубльдерінен әкелінген төменгі сортты жас футболшылар және қазақстандық ешкімге керек емес болып қалған ойыншылар. Мұндай жаңа құрам нәтиже әкеле ме? Сену қиын.

Жалпы, ойым осы. Ешқандай командадан тосынсый күтпеймін. Таза, реалистік ой ;)
Әрі қарай

Minecraft ойыны мектеп бағдарламасына енгізілсе...

Блог - asaubota: Minecraft ойыны мектеп бағдарламасына енгізілсе...

Minecraft — қазіргі танымал ойындардың бірі. Үлкендердің де, кішкентайлардың да сүйікті ойыны. Жалпы, компьютер ойындары тарихындағы үздік ойындардың бірі болып саналады. 2015 жылдың жазына дейінгі есеп бойынша барлық платформалардағы сатылым саны 70 миллионнан асқан, оның 20 миллионы дербес компьютерлерге арналған, тіркелген ойыншы саны 100 миллионнан астам. Mojang компаниясының бұл өнімін 2014 жылы Microsoft 2,5 миллиард долларға сатып алған.

Minecraft-тағы мақсат — ойын ішіндегі әлемде өмір сүру, бәрін өзің тауып, қиялыңдағы нәрсені құрастыру. Бұл әсіресе балалардың қиялын, фантазиясын дамытуға жақсы. Шығармашылыққа, шешім қабылдауға, ізденімпаздыққа баулиды.

2011 жылы мектеп бағдарламаларымен айналысатын TeacherGaming компаниясы Mojang-пен бірге MinecraftEdu атты нұсқасын шығарады. Бұл нұсқа мектептерге арналған. Яғни, Minecraft ойынының мұғалімдерге арналған нұсқасы. Мұғалімдер балаларға осы ойын арқылы тапсырмалар беріп, олармен бірге ойнайды. Осылайша алдымен Финляндия мектептерінде басталған бұл жоба Еуропаның басқа елдеріне де тарай бастайды. Кей мектептерде үйірме ретінде оқытылса, кей елдерде мектеп бағдарламасына енгізіледі. 2015 жылы Солтүстік Ирландияның барлық мектептерінің оқу бағдарламасына кіргізілген.

Қазір балалар компьютер, планшеттен түспейтін болып кетті дейміз. Бірақ, ешқандай шара қолданылып жатқан жоқ. Қандай ойындар ойнайтындары да бақыланбайды. Балаға тыйым салғанша оған дұрыс альтернатив ұсыну керек деп ойлаймын. Мысалы, осы ойынды Қазақстанда да мектептерге енгізсе немесе арнайы компьютер клубтары ашылып, жүйелі түрде жарыстар өткізілсе. Осы мәселеге Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырза назар аударса — біз стартап ұсынуға дайынбыз.
Әрі қарай

Кірді жала, микробты сүй! (97+)

ЕСКЕРТУ! БҰЛ 97+ МАҚАЛА!
Менде бір керемет сюжет бар...: Кірді жала, микробты сүй! (97+)97-ДЕН АСҚАН ҚАРТТАР ҒАНА АТА-АНАЛАРЫНЫҢ РУХЫМЕН ОҚУҒА БОЛАТЫН МАҚАЛА!

Қадірлі ата-ана немесе бала тәрбиесіне жауапты кез келген тұлға (өгей әке, өгей шеше, интернат тәрбиешісі, балабақша директоры, аға, әпше, әжесс, т.б.)!
Әрі қарай

Джан Аманиидың ертегілер әлемі - балаларға тамаша сыйлық!

Блог - asaubota: Джан Аманиидың ертегілер әлемі - балаларға тамаша сыйлық!

Жақында қолыма балалар жазушысы һәм психолог Джан Аманиидың 2 кітабы тиді. Jan Amany брендымен шыққан бұл кітаптарды толықтай заманауи деуге болады. Кітаптың мұқабасы, қағазы, безендірілуі, иллюстрациялары, шрифті өте тамаша! Ал, мазмұны да көркіне сай әлбетте. Профессионал команданың жұмысы екені көрініп тұр. Кітаптар 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) және жанында аудио дискі бар. Бір жағынан тіл үйрену үшін де жақсы құрал.

Сайттары да сапалы жасалған. Кітаптарды сайт арқылы онлайн тапсырыс беріп, алуға болады. Бағасы да қымбат емес. Балаларыңыз үшін керемет сыйлық болары сөзсіз.

janamany.com

Даниялдың ғажайып әлеміБлог - asaubota: Джан Аманиидың ертегілер әлемі - балаларға тамаша сыйлық!

Психолог Jan Amanyдің өзінің сүйікті ұлы Даниялға арнап шығарған «Даниялдың ғажайып әлемі» атты ертегі кітабы – отандық жас жазушының тырнақалды әдеби шығармасы. Жергілікті балалардың ұғымына түсінікті, жанына жақын келетін осындай қазақстандық заманауи авторлар жазған ертегілердың жетіспейтіндігі сөзсіз. Мұндай ертегілер бүлдіршіндердің бойында жақын-жуықтарына, туған жеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелейді.

Бағасы: 1000 тг

Бақыт балықтары және Дария

Блог - asaubota: Джан Аманиидың ертегілер әлемі - балаларға тамаша сыйлық!Отандық жас жазушы-психолог Jan Amanудің «Алуан түсті балықтар және Дария» деген ертегі кітабы – бұл бойжеткен қыздың – қазақ Золушкасының әдемі хикаясы. Жақсылық атаулының жамандық пен жауыздықты жеңетін жасампаздығы жырланады.

Бағасы: 1000 тг
Әрі қарай

Муха Мухырлыч. "Телодвижение"

Муха Мухырлычтың әңгімелері жарық көргелі мыңдаған хаттар келіп түсті. Міне, солардың бірі:
«Привет, я стало юрист твоей дяди Веллингтоне живет который. Дело в том, что он умер, и оставил наследство в размере двести тысяч фунтов. Пожалуйста, свяжитесь со мной для оформления денег.».
Әрі қарай