Абзалмен кездесу

Бір қалада жүріп бір адаммен кездеспей жүре беруге болады. Бір қалада тұратындардың барлығының бірін-бірі тануы шарт емес және мүмкін емес. Бірақ, бір қалада тұрып «Керекинфо» секілді бірегей сайтта жүріп бір-бірімізді танымасақ ұятта ел-жұртан. «Тіфу, қарабет» демей ме кездескенде. Ел-жұртты айтам.
Әрі қарай

Picasaweb ашылмаса

Менде көптен бері жұмыста Picasaweb ашылмайтын еді. Google Plus-ке қосылған кезімде суреттер сол арқылы екен, яғни ол жерде де менде суреттер ашылмады. Сосын гуглдетіп отырып, жақсы бір шешім тауып алдым.

Мына папканы ашамыз: C:\Windows\System32\drivers\etc\
Әрі қарай

Фатмагүлдің кінәсі не?



31-каналда болып жатқан жаңа сериалды қарап жатқандар бар ма? Басқа сериалдарға ұқсамайды сюжеті, сценарийі қызық сериал. Түркияда 1 ай бұрын алғашқы маусымы аяқталған екен. Сериалдың соңғы бөлімдерінің қысқаша мазмұнын оқып алдым, енді оқып қойғасын қарау шарт болып тұр
Әрі қарай

ПЕШЕНЕ


− Адамзат баласы, қасірет! Қасірет!
Халық түсінбей тұр. Аса таяғы шошаңдаған дәруіш олардың арасында жүгіріп жүр. Мен де мектептен шыққан болатынмын. Елдің бәрі мәдениет үйінің алдына жиналып қалыпты. Жолым осылардың үстін басып өтетін болғандықтан жиылып тұрған жандардың санын көбейтіп, қастарына келіп тұрдым.
− Қарғыс атты бізді! Қарғыс атты! Ұғасыңдар ма пенделер, бізді қарғыс атты!
Пенделер! Адамзаттық ақыл-ой дәрежесінің шыңына шығып алып тырбаңдаған тіршіліктен арыла алмаған пенделерге төбеден қарап тұрған не қылған әулие екен деген қызығушылықпен үлкендерді итере-митере ортаға кірдім. Көрдім.
Қайдан тауып алғаны белгісіз, дәруіш басына шошақты киіз қалпақ, үстіне етегі тозған сұрғылт шапан киіпті. Бет-бейнесі бұрынғы бақсыларды елестеткендей.
− Не, не боп қалды, түге?, − деді жақында ғана зейнетке шыққа математика пәнінің мұғалімі Зейнеп апай. Дәруіш екіленіп сөйлей жөнелді.
− Ақырзаман болмайтын болды! Болмайды! Қасірет адамазат! Қасірет! Соры қалың сормаңдай адам!
Әрі қарай

Іле Алатауына саяхат

Бүгінгі күн әдеттегіден өзгеше болды. Тілшілер қауымы болып ертемен Іле Алатауына қарай жолға шықтық.Мақсатымыз мақала қылып жазатын дүиелерді суретке түсіру. Бұрын соңды бұл тауды жақыннан көрмеген екенмін.

Әркім өзі жақсы білетін өсімдіктері жайлы жарыса айтып келе жатқанда бірталай жерге келіп қалыппыз…

Бір кезде бәріміздің назарымыз бір жаққа қарай бұрылды…
Әрі қарай