Іле Алатауына саяхат

Бүгінгі күн әдеттегіден өзгеше болды. Тілшілер қауымы болып ертемен Іле Алатауына қарай жолға шықтық.Мақсатымыз мақала қылып жазатын дүиелерді суретке түсіру. Бұрын соңды бұл тауды жақыннан көрмеген екенмін.

Әркім өзі жақсы білетін өсімдіктері жайлы жарыса айтып келе жатқанда бірталай жерге келіп қалыппыз…

Бір кезде бәріміздің назарымыз бір жаққа қарай бұрылды…






Бұлардың иесі кім екен деген қызығушылықпен ауласына қарай беттей бастағанымыз сол еді алдымыздан орыс шалы шықты.Есімі Петя екен. «Мұның барлығы да табиғи мен өз қолымнан жасаған жоқпын тек құрастырдым» — дейді.
Бір сөзінде «Мен осы жерге күзетші болсам, мына киллер маған күзетші» дегенді айтып қалды.
Табиғат бізді қашанда өзінің небір таңғажайыптарымен тамсандырып келеді. Кейде көзге көрінбейтін әлдекім қыл қаламмен адам баласының қолынан келмейтін құдіретті оп-оңай сала салатын тәрізді көрінеді.
Таңғажайып табиғаттың құпия сырларына үңіле түскен сайын оның құпиялылығы толассыз бола беретін секілді… Онымен қоса беймәлім сырлары ашылып, құмар ойындай қызықтыра түседі екен.
Бөлісу:

65 пікір

Beytanis
Мақала — табиғат, экология хақында ма?
Abilakim
+ қойып отырып сұрағаның менің «Мына кино қазақша ма орысша ма?» деп кино көріп отырып сұрағанымдай екен. Бала кезімде әрине
Beytanis
Нақтылап алайын дегенім де. Әйтпесе, сайқалсып Я ақымақтанып сұрап отыр деймісің?!
estetika91
Мақала бір күндік саяхат жайлы… Сондағы көрген дүниелер хақында. Алатаудың баурайында тұрсақ та, (КазГУ қалашығы)бір қызығы, соған бірде-бір рет барып көрмеген екенмін. 6-8 суреттер мені қатты ойландырды… Кейде көзге көрінбейтін әлдекім қыл қаламмен адам баласының қолынан келмейтін құдіретті оп-оңай сала салатын тәрізді көрінеді.
Таңғажайып табиғаттың құпия сырларына үңіле түскен сайын оның құпиялылығы толассыз бола беретін секілді… Онымен қоса беймәлім сырлары ашылып, құмар ойындай қызықтыра түседі екен.
Пікір түзетілген: 9 шілде 2011, 11:30
saken
Мақала бір күндік саясат жайлы…
саясат? әлде саяхат па?
estetika91
)))))))) Әрине, саяхат…
monti
Іле Алатауына қарай
көлшік БАО ұқсайд кен? немен қалай бардыңдар? жаяу? әлде әтейі тур.операт.мен бе?
estetika91
Іле Алатауының нақ өзі. Тапсырма бойынша, редакцияның жеке көлігімен.Жартылай жаяу жүрдік…
Пікір түзетілген: 8 шілде 2011, 11:02
TERISKEY
кәрі орыс шалы))))
estetika91
Эх, Теріскей мырза, Теріскей мырза, қашан болсын әйтеуір бір нәрсені тауып аласыз!))))))
estetika91
Кәрі орыс шалы деген тіркес болмайды деп есептейсіз бе сонда?
AKY
жас қазақ шалы
estetika91
)))))))) Аки ханымға ештеңке ұнамай-ақ қойды…
alisha
шал дегеннің өзі-ақ оның «кәрі» екендігін білдіреді ғой
estetika91
Негізі, кәрі шал, жас бала деп айтыла береді ғой. Басында қаусаған қарт деп жазған болатынмын, кейіннен сол қолданысты өткенде «Ойлар… Ойлар...» атты жазбамда пайдаландым ғой, олай деп алмай-ақ қояйын деп шештім. Ойланып отырсам, сіздердің сөздеріңіздің жаны бар. Жақсы! Түзеп қойдым… Пікіріңіз үшін рахмет!
alisha
Негізі, гәп сөздердің орын тәртібінде… орыстың кәрі шалы — дұрысы; ал кәрі орыстың так и так шал екені белгілі  Түзетсін деп емес, жәй пікірімді білдіріп жатқаным ғой.

Кейде сөздерді артық қолданып жатамыз: мысалы,
10 балабақшалар, 20 үйлер пайдалануға берілді
деп жазады газеттер, саны көрсетілгеннен кейін оларға көптік жалғауын жалғау қате ғой негізінде. Айтсаң, кете береді.
estetika91
Солай болатыны рас. Жақсы. Келесіде сабақ болатын болды. Рахмет сізге!
saken
кәрі орыс шалы — ))))
Бірақ есімі Петя болғаны жасартып көрсетеді екен. )
estetika91
Өзін солай деп таныстырды ғой, енді))))))))))
saken
көңілі жас орыс шалы екен онда ше )))
Әйтпесе жасы 40тан асқандарды Әкесінің аты+вичпен (отчествосымен) атаушы еді ол сабаздар.
estetika91
Ол кісін өзіңіз, көрсеңіз бар ғой сексеннің сеңгіріне шығып қалған дер едіңіз… Келесі жолы барғанда, суретін түсіріп әкеп салып қоймасам. Сонда айтатын едіңіздер, Назира бекер кәрі орыс шалы демеген екен деп…
saken
  жоғарыдағы қызықты жазбаңыздан кейін, ол орыс шалмен өзім барып танысып қайтатын шығармын )(қалжың ғой).

Жалпы ол шалмен таныспасамда, сол жақтың табиғатын көріп қайту жоспарымда бар.
estetika91
Рахмет! Әрине, Алатаудың баурайы кез келген жанды қуана қарсы алады! Табиғаты деген сөзбен айтып жеткізуді қажет етпейді… Оны көңілдің көзімен көру керек…
meirzhan
Тақырып «Табиғат таңғажайыптары» болғанымен, постта кәрі орыс шалдың өнері туралы баяндапсың.
Адамның қолмен жасаған жасанды мәдениеті туралы.
estetika91
Рецензентімнің пікіріне сәйкес, "Іле Алатауына саяхат" деп ауыстырып қойдым)))))))) Енді қалай?..
meirzhan
Оқырманыңызға сыйлы көзқарасыңыз үшін рахмет.
estetika91
Оқасы жоқ! «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген…
satibaldi
Бір кезде бәріміздің назарымыз бір жаққа қарай бұрылды…

Аса қадірменді детектив жанрының мэтрінен, бәріміздің есімдігіне арқау болып отырған адамдардың ең болмаса арқасын көрсетуін сұраймын.
estetika91
Сатыбалды мырза, өкінішті-ақ, бәріміздің түскен суретіміз жоқ екен. Әйтпесе, сізден аямас едім…
Пікір түзетілген: 9 шілде 2011, 14:11
satibaldi
Ең алғашқы тұрған кісіні — Сіз деп топшыласам — ақиқаттың ранчосынан қаншалықты алыс кеткен болар едім?
estetika91
Егер, ең бірінші тұрған суретті көріп мен деп топшыласаңыз, ақиқаттың ауылына дөп түскен болар едіңіз, Сатыбалды мырза!
satibaldi
Екі бетің алмадай тым жақсы бала екенсің…
estetika91
)))))))))))) Айтпайтыныңыз жоқ Сатыбалды мырза!
Beytanis
Алатауды тек пойыз терезесінен көргенім болмаса барып көрмегем
estetika91
Сәті түскен күні көресіз… Алатаудың баурайы кез келген жанды қуана қарсы алады! Табиғаты деген сөзбен айтып жеткізуді қажет етпейді… Оны көңілдің көзімен көру керек…
Beytanis
Қашан сені көрер екем, Айдай сұлу Алатау!?
estetika91
Бұйыртқан күні…
Beytanis
Айтсын, айтсын.
estetika91
Нені айтасыз, «Айтсын, айтсын» деп?..
Beytanis
Айтқаның келсін деген мағынада ғой.
estetika91
Түсінікті. Техникалық қателік ме?
Beytanis
Жоқ, өзімше әдеби тілде жазғаным ғой, жаным!
estetika91
Түсінікті. Осы сіздің есіміңіз кім? Бейтаныс мырза деген құлаққа тосындау естіледі екен))))))))))) Вордпрестегі блогыма «Белгісіз жан» деген никтегі бір кісі үнемі пікір қалдыратын еді, сол сіз бе?
Beytanis
Жоқ, мен Уордпресте Белгісіз деген никпен жүргенмін, ол кезде сен туылмағансың онда жоқ болатынсың. Кейін блогсымағымды өшіріп тастап, ол жаққа аяқ баспай кеттім. Менен соң неше түрлі Белгісіз жан, Белгісіз жануарлар қаптап кетіпті-міс дегенді естігем. Бейтаныс деген меніңше романтикаға толы секілді, Зорро дегендей. Келем кәмент тастаймын, зып етіп шығып кетем. Ұнатқандар «О, Бейтаныс, неткен жан едіңіз» десе, ұнатпайтындар «Ху из ит?» дер, кейбіреулер тіпті көңіл де бөлмес. Бәрібір. Бейтаныс дей бер, айып етпей.
estetika91
))))) Сіздің тіліңіз бар ғой өзгеше. ЖЫлап жатқан баланы жұбататындай…
estetika91
Сіздің жазғандарыңызды оқығанда, екі езуіме күлкі үйіріледі.Жұмыстағылар маған «бір нәрсе» болған деп ойлайды бар ғой… «Кім ол біздің қызды риза қылып отырған» деп қояды да, менімен қоса күледі.
Beytanis
Мә-ә-ә-ә-ә, менің күнәға толы пендешіл жазбаларым біреулерге шаттық сыйлайды деп 100 ұйықтасамда түсіме кірмепті. Көңілім босады, жыладым ыңхым-ыңхым…
estetika91
)))))))))) ЖЫламаңыз!
Beytanis
Қуаныштан ғой қуаныштан!
estetika91
)))))) Эх, Бейтаныс мырза, Бейтаныс мырза! Қашан сіздің азан шақырылып қойылған есіміңізді біледі екенбіз?..
Beytanis
«О, Палома! Қашан мендік болар екенсің?!» дегендей болды мынауың.
estetika91
))))) Айтады екенсіз! Бейтаныстың шын есімін білгісі келіп, сұраулы жүзбен қарап тұрған Эстетиканың стмайлигі)))
Beytanis
Маймыл.ру майл.ру миріңізге достық жібердім.
Пікір түзетілген: 9 шілде 2011, 17:46
estetika91
Достық қолын ұсынып тұрғаныңыз үшін рахмет, қазір қабылдаймын))))))))) Поштамды қайдан тауып алдыңыз?)))
Beytanis
Назөк деп жазып, сүф-сүф деп ем, тауып берді!
estetika91
Іздеген жетер мұратқа деп, менің маймыл руыма қарай топ ете қалдыңыз!))))
Beytanis
Ғаламтордың жан-жақтылығы
estetika91
Озық технология, ғасыр жетістігі…
JAKO
Таудағы көріністер деген керемет қой, шіркін! Бабаларымыз
«Тамаша көргің келсе тауға бар, азап көргің келсе құмға бар»-бостан-бос айтпаған-ау деп ойлайсың.
estetika91
 Иә, кең тыныстап, бір демалып қаласыз Міне, көктем де шықты, енді тауға жиі шығатын шығармыз деп ойлап жүрміз)) сол жақтан көреміз көп өсімдіктерді тәжірибе жүзінде))
KILYZAMAN
Әркім өзі жақсы білетін өсімдіктері жайлы жарыса айтып келе жатқанда бірталай жерге келіп қалыппыз…
— дәл осы жерінен бастап айғағы көөөөөөп материалдарда болар деген үміт жоқ емес!