Павлодар мен Қарағандыда футбол мейрамы. Жарайсыңдар жігіттер!


УЕФА Еуропа лигасының алғашқы раундының реванш матчтарында Ертіс пен Шахтер қарсыластарынан басым түсіп, келесі раундқа жолдама алды.

Бірінші матчын Польшада 1-0 есебімен жеңіліп қалған Ертіс бүгін өзіне керек екі доп айырмасымен жеңісін ала алды. Есеп 2-0. Келесі раундта Ертістің қарсыласы: былтыр Ақтөбеден жеңілген Олимпи Рустави (Грузия)

Ал, Қарағандының Шахтеры Словенияның Коперынан ұтылып жатып жеңіп кетті. Есеп 2-1. Екі голды да Керекинфолықтарға Германия матчындағы «Білә зайбал» репликасымен таныс Ұлан Қонысбаев соқты. Шахтердың келесі қарсыласы бүгін түнде белгілі болады, ИБВ (Исландия) — Сент-Патрикс (Ирландия) жұбының жеңімпазы.

Командаларымызға келесі турларда да сәттілік тілейміз!

сурет: sports.kz
Бөлісу:

20 пікір

meirzhan
Ұлан Қонысбаев босқа боқтамапты.
Бұны жалпы қазақ үшін мейрам деп қабылдайық.
asaubota
әрине мейрам. былтыр жалғыз Ақтөбеден басқа барлық командалар алғашқы турдан ақ ұшып кетті, ең болмаса бір ұпай да ала алмай. ал мына бүгінгі жеңістер УЕФА рейтингіімізге ұпайлар қосуда. алдағы апта келесі раунд басталады және Чемпиондар лигасында Тобыл ойнайды. Тобылдан үміт жоқ, бірақ, Ақтөбе, Ертіс, Шахтерлар тағы біраз ұпай жинайды деп сенемін.
konvict
Шахтердің алғашқы ойыны қандай болып еді
patick
Қазақстанда тұңғыш рет шығар мынадай қос команданың екінші раундқа өтуі. Әлі Ақтөбе бар.
asaubota
келесі турдағы қарсыластары да қиын емес былай
patick
Грузияның клубын жеңуге болады, әлсіз команда.
Nurgisa
Әлсіз демес едім, Патеке… Осындай алдын-ала "өзіңді-өзің" программалау құртады көбіне  Грузиндердің чемпионаты негізінен жаман емес сияқты.
patick
Мен былтырғы ойынын көрген соң айтып отырмын. Биыл да аса өзгере қоймаған шығар. Біздің Тараз, Оқжетпес деңгейіндегі команда.
Nurgisa
Бір өкініштісі, Тараз да, Оқжетпес те кейде ішкі біріншіліктегі лидерлерді шаң қаптырып кетіп жатады…
konvict
Біздің Тараз, Оқжетпес деңгейіндегі команда.
 Амалсыз
asaubota
Ертіс — Ягеллония 2-0





екінші гол мықты екен
konvict
Біздің футболшыларға қарасаң барлығы кәрілер секілді көрінеді екен
meirzhan
 Күтім жоқ шығар.
Бұрында Литвиненко деген футболист полеға насыбай атып шығатын.
satvaldo
ендi Ақтөбе мен Тобыл да тасты екенiн дәлелдеуі тиiс.
saken
жақсы жаңалық екен!
Құттықтаймын барлықтарыңызды!
omarbirat
Базззар жоқ. Мұндай бірінші рет болып отыр ма? Бұрын естімеген екенмін.
asaubota
бұрын 1 тур өтудің өзі мұң еді. қазір қатысқан 2 командамыз да өтіп кетті. Ақтөбе рейтингі жоғары болғандықтан бұл турға қатыспады, келісісінен бастап қатысады.
asaubota
Шахтердың қарсыласы анықталды, ол — ирландиялық Сент-Патрикс. өтуге болады. алғашқы ойын 14 шілдеде Қарағандыда.
patick
исландиялық болғанда тіпті ыспакойны ұтуға болатын еді.